Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01401 Музыкалық білім в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Философия мен ғылыми таным әдіснамасы арасында байланыс орнатады, жаратылыстану ғылымдарының өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері, ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі рөлі туралы түсінікке ие.
  • Ғылыми танымның дамуындағы қазіргі тенденциялар туралы түсінігі бар, ғылыми қызметті ұйымдастырудың принциптері мен құрылымын, арнайы саладағы және педагогикадағы, психологиядағы ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерін біледі, техникалық пәндерді оқытудың заманауи әдістері мен әдістемелерін қолданады.
  • Кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауға құзыретті, қазіргі заманғы ғылымда пайдаланылатын зерттеу әдістерін, арнайы саладағы жаңа жетістіктерді біледі, ғылыми-зерттеу қызметі мен стандартты ғылыми міндеттерді шешу дағдылары бар.
  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және практикалық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шетел тілін кәсіби деңгейде меңгереді.
  • Кәсіби ақпаратты ғылыми бағытта талдайды, негізделген қорытындылар мен ұсынымдарды аналитикалық шолу түрінде құрылымдайды және ұсынады, жасанды интелект мүмкіндіктерін қолдана біледі.
  • Музыкалық білім беруді дамытудың заманауи үрдістерін бағалайды, ғылыми таным әдістерін өз бетінше игереді, музыкалық, шығармашылық өнер мен заманауи технологиялардың дамуын болжайды.
  • Ғылыми әдістемелерді әзірлеу мен зерттеуді, оқу процесінің сапасын талдауды, синтездеуді жүргізеді.
  • Эксперименттік және статистикалық ғылыми деректерді өңдейді, процестердің математикалық модельдерінің барабарлығын анықтау дағдыларын дамытады;
  • Сандық эксперименттерді жоспарлайды, нәтижелерді түсіндіреді, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде қорытындыларды пайдаланады.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында әртүрлі педагогикалық технологияларды қолданады, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби бағдарлау үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
  • Ғылыми зерттеу қызметінде жоғары оқу орнының, мектеп дидактикасының классикалық ережелерін, орындаушылық өнер тарихын, музыкалық - педагогикалық білім берудің теориясы мен әдіснамасын меңгерген және пайдаланады.
  • Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның құндылықтарын өзіне сіңіре отырып, оларды ғылыми зерттеу негізінде мұраның барлық санаттарының көркемдік-эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында практикада қолданады.
Top