7M05303 Химия (1 жыл) в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Химия өнеркәсібі үшін терең кәсіби даярлығы бар, қоғамның қарқынды ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз ете алатын басқарушы кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 1 год
-
Кредиттер көлемі 60
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M089 Химия
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Пәндер
-
Радиофармпрепараттарды алу технологиясы
Пән магистранттарды медициналық мақсаттағы радионуклидтерді алудың және олардың негізінде радиофармацевтикалық препараттарды синтездеудің заманауи әдістерімен таныстырады. Білім алушыларда радиоактивті элементтердің пайда болуының негізгі заңдары туралы білім қалыптастырады. Радиоизотоптарды алу әдістері, әсер ету механизмі және оларды практикалық қолдану саласы бойынша жіктеулуі зерттелінеді. Бұл курс аналитикалық бақылау және синтезделген радиофармпрепараттардың көрсеткіштерін түсіндіру мәселелерін қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиохимия және радиохимиялық анализ әдістері
Пән радиохимияның теориялық негіздері, сонымен қатар зерттеудің радиохимиялық әдістері туралы іргелі ұғымдарды қалыптастырады. Бұл курста радиоактивті ыдыраудың заңдылықтары, түрлері мен кинетикасы, изотоптардың бөлінуі жан-жақты қарастырылады. Радиоактивті элементтердің химиясы, сондай-ақ ядролық түрлендіру өнімдеріндегі радиоизотоптардың құрамын сандық және сапалық анықтау әдістерінің негіздері зерттелінеді. Радиоактивтілік пен активацияға негізделген зерттеу тәсілдері туралы сұрақтар егжей-тегжейлі ашылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Физикалық химияның теориясы мен мәселелері
Пән физикалық химияның маңызды теориялық және қолданбалы аспектілерін қарастырады. Бұл курс статистикалық термодинамика заңдарын, электрохимиялық процестер мен химиялық кинетика теориялары мен мәселелерін қарастыру арқылы қазіргі физикалық химияның күрделі мәселелерін шешу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Негізгі мәселелерді игеру магистранттарды өз бетінше заманауи ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зерттелетін химия саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін синтездеуге және сыни талдауға үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоршаған орта химиясының өзекті мәселелері
Пән қоршаған ортадағы заттар мен энергия айналымының физикалық және химиялық құбылыстары туралы түсініктерді қалыптастырады. Атмосферадағы, литосферадағы, гидросферадағы және биосферадағы химиялық қосылыстардың табиғи және техногендік миграциясы мен трансформациясын зерттейді. Қоршаған ортадағы химиялық заттардың сапа стандарттарын, нормаларын және залалсыздандырылуын қарастырады. Тірі организмдерді, топырақты, ауаны және суды ғылыми зерттеуде химиялық білімнің рөлі мен қолданылуын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қоршаған орта объектілерінің радиоактивтілігін талдау
Бұл пән радиация көздері мен қоршаған ортаның радиоактивтілігі мәселелері туралы терең түсінік қалыптастырады. Экожүйелердегі радионуклидтердің таралу ерекшеліктері қарастырылады. Радиациялық-экологиялық мониторинг және ядролық оқиғалардың салдары туралы мәліметтер келтірілген. Семей сынақ полигоны ауданында радиоэкология туралы деректер көрсетілген. Әртүрлі табиғи нысандар үшін сәулеленуді тіркеу тәсілдері, дозиметрия негіздері сонымен қатар радиоактивті индикаторлар әдісі сипатталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиофармацевтикалық химия
Аталған пән магистранттарды радиофармацевтикалық химияның теориялық негіздерімен, радиоактивті химиялық элементтердің жіктелуімен және практикалық қолдану салаларымен, радиодиагностикалық аспаптардың құрылымы мен жұмыс принципімен, сондай-ақ радиофармпрепараттарды алу тәсілдерімен таныстырады. Таллий, йод, калий және бром радиоизотоптары негізінде фармацевтикалық радио препараттардың синтездері қарастырылады. Диагностикалық және емдік радионуклидтерді құрастыру әдістері, сонымен қатар радиометриялық өлшеулерді жүргізу ерекшеліктері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Радиациялық қауіпсіздік және радиaциялық бақылау
Пән радиоактивтілік туралы жалпы түсініктерді және иондаушы сәулеленудің дозиметриясын зерттейді. Табиғи және жасанды радионуклидтердің биологиялық объектілермен әрекеттесу механизмдерін зерттейді. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануының табиғи және техногендік көздерін қарастырады. Радиациялық бақылау әдістерін және радиоактивті сәулелену көздерімен қауіпсіз жұмыс істеу шарттарын оқытады. Білім алушыларға радиациялық қауіпсіздік және радиациялық бақылау саласындағы білім, білік және дағдылардың қажетті деңгейлерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Магистратурадағы шетел тілі курсы сабақтастық талаптарына жауап береді және үш сатылы жоғары білім буындарының бірі болып табылады.Магистратурада шетел тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптардың негізіне білім беру мекемелерінің барлық түрлері үшін тілдерді үйрету деңгейлеріне талаптарды бірыңғайландыратын шетел тілдері бойынша жалпы еуропалық стандарт алынған. Тыңдау және оқу дағдыларын дамытуға, кәсіби әдебиеттерді аударуға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Менеджмент және басқару психологиясы
«Менеджмент және басқару психологиясы» курсының мәні кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен ашылуындағы оның жетекші рөлімен анықталады.«Басқару психологиясы» негізгі пән болып табылады. Ол қоғамдық ғылымдар мен адамтану саласы ғылымдарының арасында маңызды рөл атқарады және мәнді орын алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Радиохимиядағы жасанды интеллект
Пән магистранттарда радиохимия саласында міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект және машинамен оқыту әдістерін қолдану бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады. Пән радиохимияның іргелі принциптерін де, радиохимиялық процестерді өңдеу, модельдеу және талдау үшін заманауи цифрлық технологияларды да зерттейді. Эксперименттік деректерді талдау, радионуклидтердің әрекетін болжау, зертханалық процестерді автоматтандыру және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллекттің рөлі мен практикалық қолданылуын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Радиоактивті қалдықтар айналымы
Пән радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу процесінің теориялық және практикалық негіздерін зерттейді. Табиғаты, жіктелуі және белсенділігі мен формасы бойынша негізгі сипаттамалары қарастырылады. Ядролық циклдің әртүрлі кезеңдеріндегі түзілуі туралы, сондай-ақ өңдеу, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату технологиялары туралы мәліметтер келтірілген. Негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар баяндалған. Әр түрлі елдерде өндеудің принциптері, жоспарлары мен практикасы ұсынылған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұнайхимияның қазіргі мәселелері
Пән мұнай химиясының қазіргі жағдайы мен проблемалық сұрақтарын қарастырады. Мұнай өндіру, мұнайды тазарту және парафинсіздендіру, мұнай тасымалдау, төменгі алкандарды өңдеу, ауыр мұнай қалдықтарын құнды өнімдер мен жартылай өнімдерге өңдеу мәселелерін зерттейді. Мұнайдың реологиялық қасиеттерін жақсарту тәсілдерін, мұнай-химия өндірісінің экологиялық міндеттерін, мұнай өнімдерін бөлу және талдау қиындықтарын, дамудың перспективалық бағыттарын, жаңартылатын табиғи шикізатты пайдалануды қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Шет тілінде ғылыми материалды мазмұндау; тандаған мамандығы бойынша түпнұсқа әдебиеті еркін оқып аудару, алынған ақпаратты өңдеу, өз түсінігінше пайдаланып, бағалау; кәсіби қызметте шетел тілінде іскерлік хат алмасуды жүргізу
- Мультимәдениетті командаларды басқару, көшбасшылықтың негізгі тәсілдемелерін бағалау, ынталандырудың замануи тәсілдемелерін қолдану, дағдарыс жағдайда коммуникацияларды іске асыру, бақылау мен сапаны кешенді басқару
- Химиялық бейіндегі пәндер бойынша білім беру үдерісіне іргелі химиялық ұғымдарды, негізгі ережелер мен базалық пәндердің теорияларын интеграциялау
- Химия саласындағы зерттеу, тәжірибелік және эксперименталды есептерді шешудің көп нұсқалы тәсілдерін генерациялау
- Химиялық саланың ағымдағы бағыттарында жаңа практикалық қосымшалар жасау үшін химиялық заттар, сонымен қатар радиофармацевтикалық препараттар өндіріс технологиясын басқару
- Химия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің теориялық негіздері мен әдіснамасын меңгеру
- Зерттеу әдістерін таңдауды жүзеге асыру, химия саласындағы ғылыми бағыттың міндеттері мен әдіснамасына сәйкес ғылыми зерттеуді жүзеге асыру және бағалау
- Жаңа қолданбалы контексте қолдану мақсатында физика-химиялық процестер мен оларды бағалау әдістерін моделдеу
- Сапаның сәйкестігін зертханалық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында химиялық және физика-химиялық сынақтар мен өлшеулер жүргізуді ұйымдастыру