Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05449 Математика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән академиялық жазбаның жанрлық ерекшеліктері мен құрылымын меңгеруге бағытталады. Білім алушылардың жазбаша ойды сауатты және жүйелі жеткізу, түрлі форматтағы академиялық мәтіндер (эссе, есеп, т.б.) құрастыру дағдылары дамытылады. Жазбаша тілдің лексикалық, грамматикалық және стилистикалық нормаларын сақтау, ресми-академиялық стильде жазу құзіреттіліктері қалыптастырылады. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, халықаралық ғылыми дерекқорларды және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдылары игеріледі. Академиялық жазбалармен жұмыс барысында жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәсілдері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Алгебра І

    Пән білімалушыларға матрицалар мен анықтауыштар теориясын, сызықтық теңдеулер жүйелері мен сызықтық кеңістіктерді таныстырады. Білімалушылар сызықты алгебраның негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) қолданып, теңдеулер жүйесін шешуді үйренеді.Математиканың әр түрлі салаларының есептерін шығаруда сызықтық алгебраның әдістері мен заңдылықтарын қолданып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шығаруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық геометрия

    Пән білім алушыларға геометрия объектілерді зерттеуде векторлық алгебра әдістерін және координаттар жүйелерін меңгеруді қалыптастырады. Курсты оқу барысында білімалушылар векторлардың көбейтінділерін, олардың қасиеттерін, жазықтықтағы және кеңістіктегі түзу, жазықтық теңдеулерін жазып үйренеді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытындағы кейбір есептерді аналитикалық геометрия элементтерін пайдаланып шешуге машықтанады. Аналитикалық геометрия әдістері мен заманауи ақпараттық бағдарламаларды қолданып, қолданбалы сипаттағы математикалық іргелі математикалық есептерді шешеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық талдау І

    Пән білімалушыларға функцияның шегін, функцияның туындысын және оның геометриялық, физикалық мағынасын түсінуге мүмкіндік береді. Білімгерлер бір айнымалының функциясына қатысты есептер шығаруды үйренеді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды іргелі математикалық есептерді шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білу ерекшеліктерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түрік тілі (А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытады. Курс білім алушылардың тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қарапайым күнделікті әлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математикалық талдау II

    Пәнді оқып-үйрену арқылы білім алушылар бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулерін, интегралдар теориясының геометрияда, физикада, механикада, экономикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Математикалық талдау мен басқа математикалық пәндерді одан әрі зерттеу үшін әртүрлі функцияларды саралау әдістерін игереді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды бейнелейтін есептер мен жаттығуларды шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білуге машықтанады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Алгебра ІІ

    Пән білімгерлерге алгебралық құрылымдар топтар, сақиналар, өрістер, векторлық кеңістіктер туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Білімгерлер алгебралық құрылымдарды математикалық есептерді шешуде қолдануды меңгереді. Пәнді оқу барысында білімгерлер алгебралық есептерді шешу дағдылары қалыптасады. Алгебралық құрылымдардың кейбір элементтерін іргелі математиканың қолданбалы есептерін шешуде қолданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару, сондай-ақ инклюзивті ортада тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сонымен қатар, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды инклюзивті тәсілдерді ескере отырып тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жай дифференциалдық теңдеулер І

    Пән білім алушыларды дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін біртіндеп түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің, оның ішінде біртекті теңдеулер, сызықты теңдеулер және толық дифференциалдық теңдеулер ұғымдарымен таныстырады. Білім алушылар жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер, дәрежесі төмендетілетін дифференциалдық теңдеулер тақырыптарына есептер шығаруды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық талдау III

    Пән білім алушыларға көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулер түсінігін береді. Білім алушылардың көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері тақырыбында және Эйлер интегралдары, өрістер теориясы бойынша есептер шығару дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар қисық сызықты координаталар туралы білімін, полярлық координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу формулаларын қолданып, математиканың ғылыми және қолданбалы бағытындағы сан алуан есептерді шығаруға машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән білім алушыларда адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылы, экологиялық және техногендік тәуекелдер, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары және қоғамның тұрақты дамуы тұжырымдамасы туралы білім жүйесін қалыптастырады. Білім алушы тұрақты даму мақсаттарын, инклюзивті орта ерекшеліктерін ескеріп, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және негіздеуді меңгереді. Төтенше жағдайлар мен тәуекелдерді бақылау, талдау және алдын алу құралдарын қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дискреттік математика және математикалық логика

    Пән білімалушыларға математикалық белгілерді, формальды жүйелерді, математикалық пайымдаулардың дәлелденуін, жалпы математикалық дәлелдеудің табиғатын, есептеу мүмкіндігін және математика негіздерінің басқа аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Білімалушылар жиындар бойынша операцияларды орындау және математикалық объектілерді зерттеу үшін математикалық логиканының негізгі тұжырымдарын қолдану қабілетін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономикалық математикалық модельдеу

    Пән экономикалық процестерді жоспарлаудың математикалық модельдері жүйесін құру және қолдану әдіснамасын меңгереді. Әр түрлі ұйымдастырушылық деңгейлерде аналитикалық- экономикалық жұмыста қолданылатын типтік модельдерді талдай алады. Қолданбалы экономикалық-математикалық модельдерді шешу нәтижелерін зерттеу әдістерін және оларды экономикалық шешімдерді негіздеуде қолданады. Математика, физика, механика, экономика және басқару салаларының қолданбалы есептерін шешудің тиімді математикалық әдістерін жасайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Комплексті талдау

    Пән білімгерлерге комплекс сан, комплекс айнымалы функция және олардың қасиеттерін түсінуге мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында білімалушылар комплексті айнымалы функцияларды зерттеу тәсілдерін меңгереді. Білімалушылар математикалық объектілерді зерттеу үшін комплексті айнымалы функцияларға алгебралық амалдарды қолдануды үйренеді.Комплекс айнымалы функцияның әдістерін іргелі математиканың есептерін шығаруда қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық программалау

    Математикалық бағдарламалау есептері адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында қолданылады.Пән білімгерлерге қандайда бір құбылыстар мен шынайы өмірдегі объектілерді математика тілінде жуықтап есептеу арқылы математикалық моделін анықтауды үйретеді. Қолданбалы сипаттағы математикалық есептерді жуықтап шешуде математикалық әдістерді, инновациялық ақпараттық және цифрлық технологияларды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Сандар теориясы

    Пән білім алушыларға математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы екендігін түсіндіреді. Бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері ажыратылады, күрделі сандардың құрылымы қарастырылады. Білім алушылар Евклид алгоритміне сүйеніп, екі бүтін санның ең үлкен ортақ бөлгішін табуға арналған жүйелі бөлінгіштік теориясын үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқытуда жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері

    Пән білімалушыларға математиканы оқытуда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін үйретеді. Курс барысында білім алушылар математиканы оқыту үдерісінде ЖИ құралдарын қолданудың теориялық негіздері мен практикалық тәсілдерін ғылыми тұрғыда зерделеудің және білім беруде бейімделген оқыту модельдерін іске асыруда ЖИ-дің рөлімен, сондай-ақ математикалық білімді визуализациялау, талдау және автоматты түрде бағалау мүмкіндіктерімен танысады. GeoGebra мен Wolfram Alpha секілді интеллектуалды платформалардың математикалық білім мен дағдыларды қалыптастырудағы әлеуеті қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дифференциалдық геометрия

    Пән қисықтардың, беттердің және басқа геометриялық денелердің қасиеттерін математикалық талдау әдістерімен, атап айтқанда дифференциалдық есептеулермен зерттелетін геометрияның бір саласы. Пән білімалушыларға көптеген қолданбалары бар геометриялық кескіндерді математикалық талдау әдістерімен зерттеуді үйренуге мүмкіндік береді. Білімалушылар дифференциалдық есептеу, интегралдық есептеу және сызықтық алгебра әдістерін қолдана отырып, тегіс коллекторлар деп те аталатын тегіс пішіндер мен кеңістіктердің геометриясын зерттеуге машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жай дифференциалдық теңдеулер ІІ

    Дифференциалдық теңдеулерді оқу барысында білім алушылар сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйелерін оларды шешу әдістері мен орнықтылық теориясы туралы түсінік қалыптастырып, олардың шешу жолдарын үйренеді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды бейнелейтін есептер мен жаттығуларды шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білуге машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық зерттеулерде ақпараттық технологияларды қолдану

    Білім беруді ақпараттандыру жағдайында көптеген математикалық есептерді шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады. Математикалық есептер шығаруда ақпараттық компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану барысында білімгерлер өз білімдерін шыңдайды, сонымен қатар математиканың көптеген пәндерін зерттейді, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Олар ғылыми басылымдармен, мәліметтер қорымен жұмыс істеу принциптерін зерттейді және бағдарламалық кешеннің көмегімен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Нақты талдау

    Пән білімалушыларға нақты айнымалы функцияның теориясымен таныстырады. Білім алушылар нақты талдаудың негізгі бұл пән арқылы нақты талдаудың негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, жиындар теориясының амалдарын үйренеді.Әртүрлі деңгейлі есептерді шығаруда жиын және олардың түрлері мен нақты талдаудың әдістерін қолданады. Математикалық проблемаларды зерттеуде өздігінен талдау жасай білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Функционалдық талдау

    Пән білім алушыларды функционалдар, операторлар және оларды байланыстыратын қатынастарды қарастыру және обьектiлердi жинақтап зерттеу, функционалдық кеңiстiктер мен олардың түрлендiрулерiмен танысуға мүмкіндік береді. Білімгерлер алгебра, дифференциалдық, интегралдық, математикалық физика теңдеулерінің есептерін шешуде жалпы ортақ әдісті қолдануды үйренеді. Ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешу үшін заманауи функционалды талдау аппаратын қолдануға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Пән білім алушыларға ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктерін түсіндіреді. Білім алушыларды оқиғалар алгебрасы мен дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамаларын, кездейсоқ процестер теориясының элементтерімен таныстырады. Білім алушылар ықтималдық кеңістік, үлкен сандардың және шекті теориялардың заңдарын меңгереді. Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың негізгі формулаларын қолданып, есептер шығаруды үйренеді.Статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған математикалық модельдерді пайдалана отырып, әртүрлі процестер мен құбылыстарды болжайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Лебег интегралы мен өлшемдер теориясы

    Пән білімгерлерді әртүрлі табиғи құбылыстардың қолданбалы мәселелерін шешу үшін өлшем және Лебег интегралының теориясының негізгі идеяларымен таныстырады. Білімгерлер Лебег интегралы теориясының негізгі түсініктері мен әдістерін нақты процестерді зерттеуде қолдануды үйренеді. Өлшем және Лебег интегралы теориясының әдістерін қолданып іргелі және қолданбалы математикалық есептерді шығаруға машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қатарлар теориясы

    Пән білім алушыларды қатарлар теориясымен таныстырады. Білім алушылардың сандық қатарлар, олардың жинақтылығы, функционалдық қатарлардың жинақтылығы және бірқалыпты жинақтылығы, функцияларды дәрежелік қатарларға жіктеу дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар сандық қатарларды жинақтылыққа зерттеуді, функционалдық және дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиустарын табуды және Маклорен және Тейлор қатарларының жіктелуін мысалдармен қарастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топология

    Пән үздіксіз деформациялар - созылу, қысу немесе иілу кезінде сақталатын фигуралардың қасиеттерін зерттейді. Білімгерлер жалпы топологияның негізгі түсініктері мен әдістерін математиканың қолданбалы салаларын дамытуға қатысты есептерде қолданыстарын үйренеді. Сонымен қатар білімгерлер топологияның үздіксіз түрлендірулерде өзгермейтін фигуралардың қасиеттерін зерттеуде математикалық білімдерін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бүтін функциялар және олардың қолданылулары

    Пән білімгерлерге іргелі математиканың теориялық сұрақтарында кездесетін бүтін функциялар туралы түсініктерін қалыптастырады. Білімгерлер бүтін функциялар теориясында математикалық талдаудан алған білімдерін шыңдап, бүтін функциялар теориясының негізгі идеяларын басшылыққа алып, математиканың іргелі және қолданбалы бағытындағы есептерді шығаруға машықтанады. Математика саласының тиісті теориясын қолдана отырып, теориялық немесе практикалық есепті шешудің оптималдық әдісін таңдау негізінде математикалық модельдер құрады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық статистиканың қосымша тараулары

    Пән математикалық статистиканың негізгі ұғымдары, статистикалық гипотезаларды тексеру теориясының элементтері, корреляциялық және дисперсиялық анализ туралы түсініктерді біртіндеп түсіндіруге мүмкіндік береді. Білімгерлер статистикалық берілгендердің математикалық сипаттамалары мен үлестіру ықтималдықтарының эмпирикалық функциялары және оның қасиеттерін үйренеді. Сонымен қатар статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған математикалық модельдерді пайдалана отырып, әртүрлі процестер мен құбылыстарды болжайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Операторлар теориясы

    Пән функционалдық кеңістіктердегі функционалдар мен операторларды, сондай-ақ осы объектілер туралы мәліметтер нақты міндеттерге қолданылатын әдістерді зерттейтін сала екендігін түсіндіреді. Білімгерлер сызықтық операторлар теориясының негізгі ұғымдарын, функционалдық талдаудың заманауи қосымшалары және сызықтық операторлар теориясы туралы дүниетанымдық түсініктерін іргелі математикалық есептер шығаруда қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физика

    Пән механиканың негізгі заңдары мен принциптерін, молекулалық физика, термодинамика, атомдық және ядролық физика идеялары мен әдістерін, сонымен қатар тербелістер мен толқындық процестер теориясының негізгі түсініктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер классикалық және заманауи физиканың негізгі заңдарын, принциптерін және әдістерін игере отырып, алған білімдерін әр-түрлі қолданбалы есептерді шешуде қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фурье талдау негіздері

    Пән білім алушыларды тригонометриялық Фурье қатары, коэффициенті және олардың ішінара қосындысымен таныстырады. Фурье қатарының комплекстік формасы, жинақталуы және Дирихле ядросы мен интегралы туралы білімін қалыптастырады. Білімалушылар берілген аралықта дәрежелік, көрсеткіштік және тригонометриялық функцияларды Фурье қатарына жіктеп және функцияның Фурье коэффициенттерін бағалауды үйренеді. Білімалушылар Фурье қатарынматематикалық физика есептерін шешуде қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Векторлық талдау

    Пән білімгерлерге қисық сызықты және беттік интегралдар теориясының негізгі ұғымдарын үйретеді. Білімгерлер векторлық анализдің негізгі ұғымдары мен қисықсызықты және беттік интегралдарды табуды үйренеді. Бірінші және екінші түрдегі қисық сызықты интегралдың, олардың арасындағы байланыс, бірінші және екінші түрдегі беттік интегралдарға берілген есептерді шығаруға машықтанады. Есептер шығаруда білімгерлер іргелі математикалық пәндер мен ерекше ойлауды талап ететін математиканың негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарын қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интегралдық теңдеулер

    Пән білімгерлерді интегралдық теңдеулер теориясын іргелі математиканың негізгі проблемаларын шешуге, математикалық білімді қолдануға үйретеді. Білімгерлер алған білімдерін Вольтерра мен Фредгольмның интегралдық теңдеулер теориясының негізгі түсініктері мен интегралдық теңдеулерді шешудің негізгі әдістерін математикалық есептер шығаруда машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интегралдық түрлендірулер

    Пән математикалық әдістердің ғылым мен техника, экономика және басқару есептерін шешуде, интегралдық түрлендірулердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін біртіндеп түсінуге мүмкіндік береді. Білімгерлер функцияларды Фурье қатарына жіктеу, абсолютті интегралданатын функция үшін спектралды тығыздықты есептеуді, абсолютті интегралданбайтын функциялар үшін спектралды тығыздықты табуды меңгереді. Есептер шығаруда білімгерлер іргелі математикалық пәндер мен ерекше ойлауды талап ететін математиканың негізгі заңдылықтары мен тұжырымдарын қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Теориялық механика

    Курс теориялық физиканың бөлімі болып табылады және үш бөлімен тұрады (кинематика, динамика, статика). Материалдық денелердің қозғалыс заңдылықтары мен қозғалыс себептері, денелер жүйесінің тепе-теңдік заңдылықтары қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер материалдық нүктенің, қатты дененің және механикалық жүйенің тепе-теңдігі мен қозғалысын зерттеу әдістерін меңгере отырып, теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижелерін өңдеу және оларды талдау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Математикалық физика теңдеулері

    Пән білімалушыларды бірқатар нақты физикалық және техникалық есептерге әкелетін екінші ретті дербес дифференциалдық теңдеулерді интегралдаудың классикалық әдістерімен таныстыруды үйретеді. Білімгерлер математикалық білімдерін математикалық физика есептерінің кейбір қосымша шарттарды қанағаттандыратын дербес дифференциалдық теңдеулердің шешімдерін табуда қолдануды үйренеді. Математикалық және статистикалық модельдерді құру үшін заманауи математикалық аппаратты қолдану мүмкіндігі, статистикалық әдістер мен алгоритмдерді жетілдіру, сонымен қатар нәтижелерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Вариациялық қисап

    Пән білімгерлерге вариацияларды есептеу және оңтайландыру әдістері саласында нақты мәселелерді зерттеуде және шешуде математикалық білімді қолдана білуін үйретеді. Білімгерлер ең қарапайым вариациялық есепті шығарады, жоғары туындылары бар вариациялық есептерді, дөңес программалау есептерін, ғаламдық минимум теоремасы, сызықтық және сызықтық емес бағдарламалауға қатысты математикалық есептерді шығарып машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Актуарлық және қаржылық математика

    Пән білімгерлерге математикалық және ықтималдықтар теориясынан алған білімдерін қаржы және сақтандыру мәселелеріндегі есептерді шешуде қолдануды үйретеді. Білімгерлер математикалық әдістер арқылы қаржылық операциялардың негізгі ұғымдары мен әдістерін сандық талдау, қаржы-экономикалық есептеулер, қаржылық аннуитеттер бойынша міндеттерді шеше білуді үйренеді. Статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған математикалық модельдерді пайдалана отырып, әртүрлі процестер мен құбылыстарды болжайды. Пәнді игеру арқылы білім алушылардың қаржылық сауаттылығы дамиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы математиканың қазіргі заманғы мәселелері

    Пән білім алушылардың қарқынды дамып келе жатқан цифрлық және инновациялық технологиялар жағдайында қолданбалы математиканың қазіргі заманғы үрдістері, міндеттері мен әдістері туралы терең түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Курс аясында ғылым, техника, экономика, қаржы, биомедицина, ақпараттық технологиялар және басқа да салалардағы қолданбалы мәселелерді модельдеу, талдау және шешу үшін қолданылатын өзекті математикалық тәсілдер қарастырылады.Білім алушылар математикалық модельдерді қолдану тәжірибесімен танысып, заманауи бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді және нақты қолданбалы есептердегі математикалық шешімдердің тиімділігін сыни тұрғыдан бағалау қабілетін дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Сақтандырудағы математикалық әдістері

    Пән білімгерлерді сақтандырудың, актуарлық есептеулердің даму тарихы және олардың негізгі ұғымдарымен таныстырады. Пәнді оқыту барысында сақтандырудың барлық түрлерінде актуарлық есептердің негізгі түсініктерін, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру тарифтері мен резервтерін есептеу, актуарлық модельдерді құру, бонустық-малус жүйелері, демографиялық статистика негіздері, қаржылық математика негіздері, сақтандыру шарттарының негізгі түрлері, өмірді қайта сақтандыру негіздері және т.б. маңызды қолданбалы есептерді шешудің әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы статистика

    Пән студенттерді қазіргі заманғы қолданбалық статистиканың негізгі ұғымдары, нәтижелері және бірқатар практикалық тұрғыдан аса маңызды мысалдары және есептерімен жан-жақты таныстырады. Сонымен бірге пән материалдарын баяндау барысында негізгі актуарлық математикаға қатысты мәселелерге шешуді үйретеді. Білімгерлер қолданбалы статистика әдістерін қолдану техникасы бойынша есептерді шешуге машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде, инклюзивті қағидаттарды ескере отырып, өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметте ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазу негіздерін меңгереді, академиялық адалдық принциптерн негізге ала отырып жасанды интеллект технологияларын тиімді қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын, тұрақты даму мақсаттарын ұстанып, экономикалық, инклюзиялық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін шешу үшін математиканың ережелерін, заңдары мен әдістерін қолданады
  • Іргелі математикадан алған теориялық білімдерін математиканың әртүрлі салаларындағы процестер мен құбылыстарды сипаттауда қолданады
  • Іргелі және қолданбалы есептерді шешуде математиканың классикалық әдістерін қолданады
  • Іргелі және қолданбалы практикалық есептерді шешу үшін математикалық модельдеу әдістерін қолданады
  • Іргелі математиканың классикалық есептерінің қойылымдарын дұрыс қоя отырып, есепті шешеді
  • Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін зерттеуде теориялық және математикалық-статистикалық әдістерді қолданады
  • Математиканың әртүрлі салаларының практикалық есептерін шешуде компьютерлік бағдарламаларды және жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалана алады
Top