Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D05401 Математика в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Оқыту нәтижелері

  • зерттеу нәтижелерін жоспарлау, үйлестіру, іске асыру және болжау, әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру;
  • математиканың іргелі бөлімдері бойынша терең және жан-жақты білімдерін көрсету, соның ішінде Соболев кеңістіктерінің теориясы, операторларды коммутативті емес талдау, стохастикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер жүйелерінің келтірімділік теориясы, динамикалық жүйелер теориясы бойынша;ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді меңгеру, заманауи математика саласындағы өзекті мәселелерді шешу барысында ғылыми зерттеу әдістерін қолдану;
  • векторлық өрістің бағыттары бойынша жүйелерді, локалды емес шартты гиперболалық типті теңдеулерге арналған шеттік есептерді, параболалық типті теңдеулерге арналған қолданбалы есептердің көппериодты және периодты дерлік шешімдерін зерттеу үшін дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер жүйелері саласындағы теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулер әдістерін қолдану;
  • өзінің жаңа ғылыми идеяларын түрлендіру, ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстардың нәтижелерін докторлық диссертация түрінде жинақтау, кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда құзіретті болу;
  • дифференциалдық және интегралды-дифференциалдық теңдеулердің периодты шешімдерін көп өлшемді уақытпен табу әдістерін қолдану, көп периодты шешімнің тұрақтылығы және кіші параметр бойынша голоморфтылық туралы мәселені шешу; дифференциалдық теңдеу және жасанды интеллект теориясындағы ғылыми зерттеулер контекстінде жаңа идеяларды қалыптастыру;
  • математика бойынша заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдай және шеше білу, таңдап алынған бағыт бойынша зерттеулер, эксперименттік-зерттеулер жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
  • өзінің болашақ кәсіби дамуын жобалап және жоспарлай білу; арнайы салада, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі саласында жаңа білім алу дағдыларына ие болу; білім беру процесінде заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды, оның ішінде оқытудың цифрлық технологияларын, жасанды интеллект технологияларын қолдана білу;
  • заманауи ақпараттық және инновациялық технологияларды пайдаланып, ғылыми ақпаратты іздеу, жинау, өңдеу, сақтау және беру дағдыларын көрсете отырып, деректерді талдаудың заманауи әдістерін пайдалану;
  • динамикалық жүйелердің фазалық портреттерін құру және бағалау, детерминантталған хаос пен детерминантталмаған жүйелерді ажырату; динамикалық жүйені сапалы зерттеу мәселелерін шешу.
Top