6B01509 Физика және информатика в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Пән саласында және қазіргі білім беру талаптары жағдайында оқу үрдісін тиімді ұйымдастыра алатын, білім беру кеңістігінде кәсіби құзыреттілігі жоғары, білікті, физика және информатика мұғалімдерін даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B010 Физика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Сандық құрылғылар архитектурасы және теориялық информатика
Білім алушы компьютерлік техниканың даму тарихы, компьютер архитектурасы, ішкі құрылғылардың физикалық қасиеттерімен танысады; ақпараттың сандық көрінісі және компьютердің арифметикалық, логикалық, алгоритмдік негіздерін игереді; формальды тілдер мен автоматтар теориясы, есептеу теориясының негізгі принциптерін іс жүзінде қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Механика
Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер кинематика, динамика негіздерін, статика және гидростатиканы, сақталу заңдарын, тербелістер мен толқындарды және материалдық денелердің қозғалысын қарастырады. Олардың арасындағы өзара байланысты зерттеу жолын меңгереді. Олар сондай-ақ алынған теориялық білімге негізделген дағдыларын дамытады, бұл механикалық объектілердің қасиеттерін зерттеу мәселелерін шешу үшін физикалық модельдерді шығармашылықпен құруға және қолдануға мүмкіндік береді. Білім алушылар өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады, соның ішінде механика есептерін шешуге қажетті алгоритмдерді және физикалық құрал-жабдықтардың жұмыс принципін үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Жоғары математика
Білім алушы математиканың негізгі ұғымдары, ережелері мен әдістерін сипаттайды; математикалық білім жүйесіндегі қазіргі заманғы математиканың рөлін анықтайды; анықтамалар мен теоремаларға тұжырымдамалар жасайды; математиканың әртүрлі бөлімдерінің тәжірибелік сипаттағы есептерін шешу дағдысы қалыптасады; алған білімдерін математиканың басқа салаларында пайдаланады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Болашақ мұғалімдер психиканың қалыптасуымен, оның қызметімен және даму заңдылықтарымен танысады. Болашақ мұғалімдер білім алушылардың даумын бақылай алады және соған сай жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу үрдістерін жоспарлап, жүзеге асыра алады және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере алады. Болашақ мұғалімдер әр түрлі жағдайларда шығармашылық тұрғыда және жағдаятқа сай әрекет ете алады және жалпы білім беру мен білім алушылардың игілігін сақтай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Курстың мақсаты Python алгоритмдік тілдің құрылымын, тілдің мүмкіндіктерін, бағдарламалау ортасында алгоритмдер құру принциптерін сипаттайды; Python-ның басқару құрылымдарын, алгоритм түрлерін, циклдерді, тізімдер, кортеждер, жиындар мен сөздіктерді, массивтерді, алгоритмнің трассировкасын игереді; Python-ғы негізгі стандартты модульдерді, қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау әдістерін, алгоритмдер мен бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны пайдаланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Болашақ мұғалімдер заманауи психологиялық теориялар мен үлгілер, сондай-ақ тұлғаның қызметі және оның жеке қасиеттері туралы білімге ие. Олар бұл білімді әртүрлі білім беру мән мәтінінде мұғалімдік қызметінде қолдана алады. Болашақ мұғалімдер білім беру үрдісінде диалогты, өзара әрекеттесу мен коммуникацияны дамыта отырып, білім алушылардың қолайлы дамуына ықпал етеді. Олар білім алушылардың отбасыларымен, сондай-ақ серіктестіктің басқа да түрлері шеңберінде қарым-қатынас жасауға, өзара әрекеттесуге және ынтымақтасуға және өздерінің педагогикалық қызметін дамытуға қолайлы жаңа өзара байланыстар жасауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім беру жүйесіндегі жасанды интеллект
Білім алушылар білім беру процесінде жасанды интеллект пен нейрожелілерді қолданудың негіздерін біледі; нейрондық желілердің принциптерін, олардың архитектурасын, алгоритмдері мен ассоциативті жад желілерін түсінеді; ЖИ тілдік моделдерін тиімді промпттар арқылы басқарады; білім беру деректерін визуализациялайды және талдайды; ЖИ көмегімен геймификация әдістерін қолданады; қолданбалы мәселелерді шешуде ойлау процестерін модельдеу мен нейрожелілерді қолданудың практикалық аспектілерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Молекулалық физика және термодинамика
Курсты оқу барысында болашақ мұғалімдер молекулалық-кинетикалық теория және термодинамиканың негіздерімен танысады. Олар молекулалық физиканың негізгі модельдерін, идеалды және нақты газдардың модельдері мен заңдылықтарын, газ заңдарын, сұйықтар мен қатты денелер қаситеттерін сондай-ақ молекулалардың классикалық таралуын зерттейді. Олар сонымен қатар термодинамика әдістерін, негізгі термодинамикалық қатынастарды және термодинамика мен молекулалық физикадағы заманауи зерттеулерді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Болашақ мұғалімдер орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті негізгі оқыту теорияларын, білім беру тұжырымдамаларын және заманауи оқыту технологияларын меңгерген. Болашақ мұғалімдер педагогикалық ғылымның негіздерін, адамның табиғаты туралы тұжырымдамалық көзқарастарды қарастырады. Оқытудың теориялары мен педагогикалық модельдерді зерттейді. Теориялық тұжырымдамаларды түсіну негізінде болашақ мұғалімдер әртүрлі оқу жағдайларына сәйкес педагогикалық таңдау жасай алады. Мұғалімнің кәсіби қызметіндегі оқыту технологиялары ,білім беру технологияларының түрлері (дәстүрлі, инновациялық, цифрлық) меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Инклюзивті білім беруде физика және информатиканы оқыту әдістемесі
Бұл пән инклюзивті ортада физика және информатика пәндерін оқытуға қажетті теориялық негіздер мен әдістемелік тәсілдерді меңгертеді. Білім алушы инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін, оқыту әдістері мен технологияларын, бейімделген оқу мазмұнын және есептерді шешу әдістемесін игереді. Физика және информатика сабақтарын әртүрлі білім алушылардың қажеттіліктеріне сай жоспарлап, оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Web бағдарламалау
Білім алушылар HTML, CSS және JavaScript негіздерін иегереді; веб-беттердің құрылымы мен әрекетін түсінеді; интерактивті интерфейстер жасап, Веб-эргономиканың ереекшеліктерін, клиент-сервер өзара әрекеттесулерін талдайды; код сапасы мен өнімділігін бағалайды; заманауи фреймворктар мен технологияларды қолдана отырып, толық жұмыс істейтін веб-қосымшаларды әзірлейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Машиналық оқыту
Курстың мақсаты білім алушылар машиналық оқытудың негізгі түрлерін, олардың қолдану салаларын біледі; деректерді дайындау, тазалау, масштабтау және бөлудің маңызын, модельдерді құру, оқыту, бағалауды практикада пайдаланады; машиналық оқыту жобаларын ұйымдастыруды кәсіби саласында көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылық
Курс студенттердің бизнесті жүргізу, қаржыны басқару және ұтымды экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын дамытады, бұл олардың нақты экономикалық ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді. Бұл пән студенттердің кәсіпкерлік саласындағы білімдері мен дағдыларын, экономика негіздерін, қаржы менеджментін және негізделген қаржылық шешімдерді қабылдауға бағытталған. Курс барысында студенттер қаржылық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін талдайды. Олар жеке қаржыны басқару және отбасылық бюджетті ұстау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Бұл курстың мақсаты зерттеу тәсілдері. Индуктивті және дедуктивті әдістер. Сапалық, сандық, аралас зерттеу әдістері. Бастапқы және қосымша зерттеулер. Action research. Зерттеудің дизайны – сипаттамалық, корреляциялық, эксперименттік, квазиэксперименттік, көлденең қималық, бойлық, case study, этнографиялық, ізденімпаздық, түсіндірмелі. Айнымалылар мен гипотезалар. Зерттеудің сенімділігі мен негізділігі. Орындалу және қайталану. Кездейсоқ және жүйелі қате. Триангуляция. Іріктеу. Іріктеуді қалыптастыруға қосу және алып тастау критерийлері. Іріктеу әдістері. Мәліметтерді жинау – сауалнамалар, сұхбаттар, тәжірибелер, бақылау зерттеулері, жүйелі шолу. Мәліметтерді тексеру. Сұхбаттың транскрипциясы. Мәліметтерді талдау – статистикалық талдау, мазмұнды талдау, дискурс-талдау, тақырыптық талдау, мәтінді талдау. Зерттеу этикасы. Алқалық рецензиялау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп физика курсындағы демонстрациялық эксперименттер
Білім алушы мектептегі физика курсындағы демонстрациялық эксперименттерінің негізгі түсініктерін сипаттайды; білім жүйесіндегі қазіргі заманғы физикалық рөлін анықтайды; физикалық шамаларды және олардың математикалық өрнектері мен өлшем бірліктерін анықтайды; демонстрациялық эксперимент жүргізудің және өлшеулер нәтижелерін өңдеудің кең таралған әдістерін қолданады; орта мектеп физика курсы бойынша демонстрациялық тәжірибелерді салыстырады; арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Электр және магнетизм
Курс барысында білім алушылар электрлік, магниттік және электромагниттік құбылыстармен танысады. Электр және магнит өрістерінің табиғатына, электромагниттік өріске және электромагнетизмнің негізгі заңдарына заманауи ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Электр және магнетизм мәселелерін шешуге қажетті алгоритмдерді, құралдарды және құрылғыларды зерттеуді, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Электр өлшеуіш құралдарының жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстарды жасайды, негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектептегі физикалық эксперименттің әдістемесі мен техникасы
Бұл курста мектеп физика курсы бойынша жасалатын эксприменттердің әдістемесі мен техникасының негізгі мақсат, міндеттері айқындалады, Физикадан демонстрациялық эксперименттік жұмыстарды сипаттайды, зертханалық жұмыстарды жасайды, оқу үрдісінде демонстарциялық құралдардың қолданылуын біледі, мектептегі физиканың құрал - жабдықтарымен жұмыс істейді және арнаулы приборлардың көмегімен физикалық процестерді демонстрациялап, салыстырмалы қателіктерін есептеп шығарады, студенттерді жаңашылдыққа қабілетті болуға бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 7
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін тарихи және қазіргі контексте қарастырады. Сыбайлас жемқорлықтың әмбебап мәнін, шығу сипатын, себептерін ашумен қатар, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, моральдық-этикалық аспектілері де талданады. Курс азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мәселелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және ашықтық институттарын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Курстың мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және құқықтық құндылықтарды дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Курстың мақсаты тіршілік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ету үшін экологиялық сауаттылықты дамыту жолдарын және тіршілік қауіпсіздік негіздерін үйренуге бағытталған. Студенттер адамның қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін сыни тұрғыдан бағалайды, төтенше жағдайларда іс-әрекеттерді жүзеге асырады және экологиялық құзыреттілікті дамыту үдерісін белсенді ұйымдастырады. Сонымен қатар, студенттер табиғатты қорғау мен табиғатты пайдаланудың экологиялық принциптерін қисынды түрде анықтайды, қоршаған ортаның ластануына зерттеу жүргізеді, экожүйенің бір бөлігі ретіндегі адамның рөлін сипаттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика және 3D модельдеу
Білім алушылар компьютерлік графика мен 3D модельдеудің негіздерін біледі; 3D объектілердің модельдерін, графикалық примитивтерді, векторлық кескіндерді жасау, векторлық кескіндерді құруды игереді; графикалық жобаларды құрастыру кезінде дизайн принциптері мен композицияны қолданады; Blender, Sweet Home 3D, Scultris, SketchUp Make, nanoCad free бағдарламаларында кәсіби жобалар мен шығармашылық тапсырмаларды орындауды жүзеге асыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Информатиканы оқыту әдістемесі
Бұл курста - ҚР Білім беру саласындағы нормативтік актілерін, мектептегі іс жүргізу әдістерін, бағалаудың негізгі тәсілдерін біледі; информатиканы оқытуда қолданылатын дәстүрлі және заманауи әдіс-тәсілдерді, цифрлық білім беру ресурстарын қолданады; әртүрлі оқу контенттері мен АКТ құралдарын пайдаланып, оқушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сай оқыту әдістерін талдайды;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқыту әдістемесі
Курс барысында білім алушы мектеп физика курсының жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері мен құрылымын, физиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын қарастырады; физиканы оқытудың ғылыми әдістерін, припциптерін, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау ерекшеліктерін ажыратады; қазіргі заманғы талаптарға сәйкес физикадан сабақты жоспарлай алады; оқушының үйлесімді қолайлы білім беру алаңың құра отырып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады; заманауи сандық білім беру технологияларын, физикадан есептерін шығарудың жалпы әдістемесін қолданады; сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, қалыптастырушы және жиынтық бағалау құралдарын (критерий, дискриптор, рубрикатор) қолданады;
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім беру ортасы
Бұл курста болашақ мұғалімдер оқу процесінде оқушылардың әртүрлілігін түсінеді және оларды оқу жағдайында ескереді. Болашақ мұғалімдер тиісті ақпараттық-коммуникациялық технологияны, оқу және ассистивті технологияларды қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға білім беруге қолдау көрсетуді үйренеді. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық және этикалық әл-ауқатын қолдау үшін қауымдастықтармен (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар/қамқоршылар) ынтымақтасады. Курс болашақ мұғалімдерді инклюзивті білім беруде ерекше білім беру қажеттіліктері бар бар білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған қажетті кәсіби құзыреттермен қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Педагогикалық зерттеулер және инновация
Курстың мақсаты кәсіби қызметін тұрақты дамыту мүмкіндігін қолдау үшін болашақ мұғалімдер ғылыми зерттеулер негізінде жаңа білім алады және білім беру мен педагогикалық кәсіпті дамытуға, оқытудың инновациялық тәсілдеріне және оқытушы студенттер мен көшбасшыларға қатысты әртүрлі салаларда этикалық тұрғыдан практикалық зерттеулер жүргізеді. Болашақ мұғалімдер дамыту тұрғысынан ой қорытады, осы ретте қоғамдағы және білім беру ортасындағы үздіксіз өзгерістер контекстінде инновациялық тәсілдер мен оқыту технологияларын әзірлеуге, енгізуге және қолдануға қабілетті болады. Болашақ мұғалімдер өздерінің педагогикалық жұмысындағы ғылыми негізделген өзгерістер туралы түсінік алу үшін шағын зерттеу жобасын әзірлейді. Олар зерттеу тақырыбын, мәселесін анықтайды, әдебиеттерге шолу жасайды және зерттеу үшін этикалық ойларды қоса, деректерді жинау және талдау әдістемесін әзірлейді. Курс аяқталғаннан кейін болашақ мұғалімдер этикалық тұрғыдан жүргізілген зерттеулер мен әзірлемелер негізінде өздерінің педагогикалық тәжірибелерін дамыта және жаңарта алады, сондай-ақ ғылыми жобаларды орындай алады немесе қатыса алады. Олар сондай-ақ әртүрлі кәсіби әдістер мен арналар арқылы өздерінің зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін ұсына алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бағалау және дамыту
Мақсаты: оқу процесінде бағалаудың маңыздылығын түсіну және оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде этикалық тұрғыдан сындарлы бағалауды қамтамасыз ету және бағалауға қатысты түсініктер мен тәжірибелерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау мүмкіндігі Студенттер, мүмкін: • бағалау мен кері байланыстың әртүрлі әдістерін жақсы түсіну (мысалы, қалыптастырушы және қорытынды бағалау) • оқушылардың білім беру құзыреттілік деңгейлерін анықтау және тану бойынша педагогикалық принциптерді қолдану
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Компьютерлік желілер және желілік технологиялар
Курстың мақсаты, білім алушылар желілер мен хаттамалардың негіздерін біледі; компьютерлік желілерді ұйымдастыруды түсінеді; Cisco Packet Tracer ішінде желілерді модельдейді; конфигурациялар мен маршруттарды талдап, шешімдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бағалайды; берілген шарттарға сәйкес оңтайландырылған желілік архитектураларды жобалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физиканың цифрлық зертханалары
Бұл курста физикалық экспериментің негізгі мақсатын айқындайды; механика және молекулалық физика бөлімдерінің зертханалық жұмыстарын таңдап, дайындап нәтижесі бойынша оқу жобалау жұмыстарын жасауда цифрлық құралдар қолданылады; электродинамика бөліміндегі цифрлық микросхемалармен танысады; оптика және астрономия бөлімдері бойынша жоба жасайды; арнайы цифрлық құрылғылардың көмегімен зертханалық жұмыс жасайды; студенттерді зерттеу жұмыстарын жасауға қабілетті болуға бағыттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы
Курстың мақсаты физикадағы элементар бөлшектер теориясының қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және атом, атом ядросының құрылысы, радиоактивтілік, элементар бөлшектер қасиеттерін меңгереді, атомдық және кванттық физиканың негізгі принциптерін, заңдылықтарының логикалық мазмұнын ажыратады; математикалық өрнектермен анықтап, негізгі құбылыстарды сипаттайды; қазіргі заманғы теориясының эксперименттік негіздерін, теорияның салдарын және практикалық қолдануларын түсіндіреді; тапсырмалар орындау барысында әдістердің ерекшелігін салыстырады; ойлау әрекетіне қажетті практикалық мәселерді меңгереді; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. Заманауи физика заңдарын, нанотехнология және наноматериалдармен танысады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оптика
Курстың мақсаты геометриялық, толқындық оптика заңдарын меңгереді. Жарықтың шағылу, сыну, жұтылу, сәуле шығару заңдылықтарымен және оның материямен өзара әрекеттесуімен байланысты физикалық құбылыстармен танысады. Жарықтың бір-бірлерімен табиғатта әсерлесу құбылыстарын қарастырады және зерттеулерде алған білімдерін қолданады; күрделі мәселелерді талдауға қажетті шешім таба білуге дағдыланады, оптикалық құралдардың жұмыс істеу принциптерімен таныса отырып зертханалық жұмыстарды жасайды, негізгі теорияны пайдаланып есептер шығару барысында анализ жасап талдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп физика курсы
Курсты оқу барысында мектепте оқытылатын физикалық идеяларды сипаттайды, физикалық аспаптарды қолданып өлшеулер жүргізеді; нақты практикалық міндеттерді шешу үшін алынған теориялық базаны қолданады; жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ғылыми әдебиеттермен сауатты жұмыс жасайды; алынған нәтижелерді өңдеп саралайды; студентердің абстрактілі ойлау қабілеті және абстрактілі ұғымдармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; есептер шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға қажетті әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ІТ жобаларды басқару
Курстың мақсаты студенттер ақпараттық технологиялар саласындағы ІТ жобаларды басқарудың теориялық негіздерін, әдістерін, құралдарын, кезеңдері мен модельдерін біледі; Жобаны жоспарлау әдістерін, жүйелеу дағдыларын көрсетеді; жобаны іске асыру үшін қажетті Crowdfunding платформаларды және ұйымдастырушылық ресурстарды талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім мен дағдыларды бағалау практикумы
Курс физика және информатика пәндері бойынша жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасына сәйкес оқу материалдарына кәсіби даярлығын жетілдіруге, педагогикалық құзыреттіліктің маңызды салаларын дамытуға бағытталған. Курс білім алушылардың педагогикалық тест тапсырмаларымен жұмыс істеу арқылы өздерінің білімін, кәсіби дайындық деңгейін және оқыту нәтижелерін бағалау қабілеттерін арттыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Информатикадан олимпиадалық есептерді шығару
Курстың мақсаты бағдарламалау тілдерінің алгоритмдері мен деректер құрылымдарын біледі; Олимпиадалық форматтағы есептерді талдайды және шешу стратегиясын құрастыра алады; бағдарламалау тілдері бойынша олимпиадалық есептерді шешу дағдыларын көрсетеді; алған білімдерін кәсіби саласында оқу-практикалық қызметіндегі мәселелерді зерттеу және шешу үшін қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Радиоэлектроника және интегралды микросхемалар
Курстың мақсаты білім алушы электр тізбектеріндегі тұрақты және өтпелі процестерді есептеудің негізгі әдістері, олардың күшейткіштер, түзеткіштер, тұрақтандырғыштар, триггерлер және басқа құрылғыларды қоса алғанда электронды тізбектерге қолданылуы, микропроцессорлық жүйелерді қарастырылады. Жартылай өткізгіш элементтердің қасиеттері мен сипаттамалары салыстыра алады: диодтар, биполярлық және өрісті транзисторлар, тиристорлар, операциялық күшейткіштер, қарапайым логикалық элементтерді. алынған нәтижелерді өңдеп схемаларды жинақтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоғары деңгейлі программалау негіздері
Курстың мақсаты жоғары деңгейлі программалау тілдерінің негізгі синтаксисі мен семантикасын біледі; көптеген мәселелерді шешуге инкапсуляция, мұрагерлік, полиморфизм принциптерін практикада іс жүзінде қолданады; күрделі жүйелерді модельдеу үшін объектілік тәсілді және жоғары деңгейлі бағдарламалау тілі арқылы нақты жоба пайдаланады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Робототехника негіздері
Курс барысында пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер робототехника негіздерін игереді; сенсорлардың жұмыс жасау принципін түсінеді, EV3 негізіндегі модельдерді бағдарламалайды; робот әрекетін талдап, алгоритм жұмысын бағалайды; қолданбалы есептерді нақты немесе имитацияланған ортада шешу үшін өз шешімдерін құрады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Big Data технологиялары
Білім алушылар Big Data технологияларының негізгі ұғымдарын, құралдарын және әдістерін біледі; SQL тілінде сұраныс жасап, деректерді өңдеудің тиімді әдістерін қолданады; мәліметтерді визуализациялау және талдау үшін заманауи құралдарды пайдалана алады; үлкен деректер негізінде аналитикалық шешімдер қабылдап, деректердің сапасын бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Космология мәселелері
Бұл курста ғаламның біртұтастығын қарастыратын және астрономиялық бақылаулар арқылы танылған бөлім космологияны қарастырады. Ғаламның құрылымы, шығу тегі және эволюциясы туралы негізгі сұрақтарды қамтиды. Үлкен жарылыс, қараңғы материя және энергетика, популяция мен ғарыштық құрылымдардың қалыптасуы туралы теориялар қарастырылады. Білім алушылар космологияның өзекті зерттеулері мен философиялық аспектілерін зерттеп, біздің ғаламдағы орнымызды түсінуді кеңейтеді
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика есептерін шығару практикумы
Бұл курс есептерді шешу арқылы физика курсын тереңірек зерттеуге, физикалық есептерді шешуде әдіснамалық білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Болашақ мұғалімдердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға және тұрақты бақылауға бағытталған; есептерді шешудің әртүрлі әдістерін (аналитикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.) меңгереді. Курс барысында мектеп физика курсының есептерін талдап, шығару жолдары мен шешімдерін айқындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі
Бұл курста мектептегі ғылыми зерттеу және оның әдіснамалық принциптерін, жұмыс бағыттарын анықтайды; ғылыми ізденістің алғашқы кезеңдерін, ғылыми зерттеу жүргізілудің процесін және қорытындылау кезеңдері қарастырылады; зерттеу нәтижелерін жинақтайды және ғылыми зерттеуге өз ұсыныстарын береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Теориялық физика негіздері
Курстың мақсаты классикалық және кванттық механиканың, арнайы салыстырмалы теорияның, электродинамиканың, термодинамиканың және статикалық физиканың негізгі заңдылықтарын меңгереді; теориялық білімдерін пайдалана отырып, оларды тәжірибе жүзінде дәлелдейді; алған білімдерінің нәтижесінде теориялық физиканың негізгі заңдарын қалыптастырады; Физикалық заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін, табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестердің физикалық мәнін, салыстырмалылық негіздерін, кеңістік – уақыт өлшемі туралы білімді арттырады; қазіргі математика мен физиканың проблемалары мен жетістіктеріне қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Астрономия
Курстың мақсаты болашақ мұғалімдер Жер және ғарыш; астрофизика элементтері, Астрономия негіздері, жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі, әртүрлі географиялық ендіктегі аспан шырақтарының көрінерлік қозғалысы, жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт, Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары, Күн жүйесі денесіне дейінгі ара қашықтықты параллакс әдісімен танысады, меңгереді. Күн жүйесінің құрылымы және онда болып жатқан құбылыстар, Галактиканың, ғаламның құрылымы туралы, астрофизика және астрономиялық зерттеу әдістері туралы алғашқы ақпаратты зерттейді. Болашақ мұғалімдер Ғалам туралы идеялардың даму тарихымен де танысады. Олар Ғаламның құрылымы мен астрономияның даму тарихы туралы қазіргі ғылыми түсініктерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Виртуалды және кеңейтілген шындық және IoT
Курстың мақсаты VR/AR негізгі ұғымдарын, айырмашылықтары, даму тенденциялары, IoT тұжырымдамасы мен негізгі компоненттерін біледі; IoT құрылғылары арқылы деректерді жинау, өңдеу және бұлттық жүйелерге жіберу алгоритмдерін, қарапайым VR/AR қосымшаларын құру негіздерін нақты есептер шешуде практикалық дағдыларды көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Физикадан олимпиадалық есептер шығару практикумы
Білім алушы әртүрлі деңгейдегі физикалық есептердің түрлерін сипаттайды; есептерді шешудің мазмұнын анықтайды; олимпиадалық және ғылыми зерттеу есептерін қарастырылады; стандартты емес олимпиада есептерін шешуге классикалық идеяларды дұрыс ажыратады; күрделі есептерді шешуге дидактикалық және дамытушылық қызметін жүзеге асырады; есеп шығару барысында ойды жүйелеп, оның жүйелілігін арттыруға тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
STEM-білім
Курстың мақсаты білім алушы табиғи құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсінеді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланады, робототехниканы модельдеу барысында қозғалыс теректориясын анықтайды, зертханалық жұмыстарда жай механизмдерден бастап күрделі механизмдерді құрастыра алу дағдысы қалыптасады, математикалық түсініктер мен әдістерді логикалық, сыни ойлау арқылы есептер шығара алады. Жаңа идеялар ұсына отырып, инновациялық шешімдер ғылыми тұрғыда қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Криптография және деректерді қорғау
Білім алушылар курс осңында деректерді қорғау әдістері мен криптографияның негіздерін біледі; шифрлау және декодтау тәсілдерін түсінеді; ЭЦҚ, деректердің тұтастығын қамтамасыз ету жолдарын, ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері мен криптоталдау әдістерін қолданады; стандарттарға сәйкес ақпаратты қорғау құралдарын тиімді пайдаланады; қауіпсіздік жүйелерін талдайды және ақпараттық қауіпсіздік шешімдерін синтездейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Курстың мақсаты студенттер ақпараттық жүйелер мен мәліметтер қорының негізгі ұғымдары мен түрлерін біледі; реляциялық мәліметтер қорының құрылымын және жұмыс принциптерін түсінеді; SQL тілінде деректер қорын құру, мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу, есептер құрастыруды іс жүзінде қолданады; мәліметтер қорының құрылымын бағалап, ақпараттық жүйелерді жобалау шешімдерін синтездейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Жалпы және теориялық физика заңдылықтарын, аспан денелерінің табиғатын біледі, құбылыстар мен процестерді талдай алады, математикалық ұғымдар мен әдістерді қарастырады;
- Отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, физикадан зертханалық, демонстрациялық, эксперименттік зерттеулердің, математикалық өңдеудің, талдаудың және синтездеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданып, есептерді шешу кезінде сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- Ақпараттық және есептеуіш жүйелердің архитектурасын, теориялық негіздерін және алгоритмдік модельдерін талдап, оларды күрделі практикалық есептерді шешуде қолдана алады.
- Программалау тілдерін, деректер құрылымдарын және заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, қолданбалы жүйелер мен шешімдерді жобалайды.
- 3D моделдеу принциптерін, ақпараттық қауіпсіздік, өнімділік, тиімділік және инновациялық аспектілер тұрғысынан ІТ-жобаларды, оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздерін кәсіби салада белсенді көрсетеді;
- Кәсіби стандарт талаптарына сәйкес меңгерген құзыреттіліктерін, физика және информатика пәнін оқыту әдістемесін, бағалау негіздерін, олимпиадалық және физикалық есептерді шешудің тиімді әдістерін, ШЖМ, қашықтықтан оқыту, инклюзивті білім беру жағдайындағы инновациялық технологияларды меңгергендігін көрсетеді;
- Қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын тұрақты дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін көрсетеді;
- Білім алушының жетістіктерін саралай отырып, педагогикалық зерттеу әдістері мен инновациялық технологияларды талдайды;
- STEM және цифрлық білім беру ресурстарын қолдану, компьютерлік модельдеу дағдыларын, ғылыми зерттеу сауаттылығын, көшбасшылық қаблетін көрсетеді;
- Жасанды интеллект пен нейрондық желілердің негіздерін, деректерді талдау және геймификацияны қолдану мүмкіндіктерін көрсетеді;
- Кәсіби салада білім алушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, экологиялық мәдениеттің теориялық және практикалық негіздерін, тіршілік қауіпсіздік принциптерін қолданады;