Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01510 Химия және биология в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Химия мен биология бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды кәсіби ортада таратады
  • Оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруда зертханалық құрал-жабдықтар, қондырғылар, материалдармен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларын көрсетеді, академиялық сауатты эксперименттік және есептік мәліметтерді бағалайды
  • Заманауи оқыту әдістері, критериалды бағалау технологиялары негізінде тиімді оқыту мен оқуды тәжірибеде қолданады, оқу-бағдарламалық құжаттарды ажыратады, педагогикалық іс-әрекетке рефлексиялық талдау жүргізеді, кәсіби ортада қарым-қатынасты педагогикалық сауатты жүзеге асырады
  • Ақпарат пен зерттеу нәтижелерін алу, өңдеу және ұсыну үшін тілдік құзыреттерді, цифрлық ресурстарды, озық инновациялық тәжірибені және жасанды интеллекті пайдалана отырып, педагогикалық зерттеулерді жоспарлау және химиялық экспериментті құру кезінде ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін қолдану
  • Академиялық және кәсіби мақсаттар үшін білім беру ортасындағы тілдерді қолданады, жазбаша және ауызша тілдік қарым-қатынасты басқарады
  • Білім алушыға бағытталған, құзыреттілікке негізделген, инклюзивті көзқарас және салауатты өмір салтын қолдауға бағдарлану қағидаттарын ескере отырып, білім беру ортасының әртүрлі түрлерінде педагогика және психология бойынша білімдерді қолдану
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырады, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетін экологиялық тұрақты даму сауаттылығын бағалайды
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын сауатты жүргізеді, білім алушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін зерттеушілік дағдыларды дамыту жолдарын анықтайды
  • Кәсіби өсу мен өзін-өзі дамыту үшін білім беру жүйесінің дамуы мен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы кәсіпкерлік негіздері және қаржылық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін біледі.
Top