Пәндер

  • Статистикалық талдау әдістерін терең зерттеу

    Бұл пәннің мақсаты – статистиканың ғылыми зерттеулердегі рөлін түсіндіре отырып, деректерді талдаудың заманауи статистикалық әдістерін меңгерту. Статистикалық талдау түрлі саладағы күрделі міндеттерді шешуге арналған тиімді құрал, сондықтан пән іріктеме негізінде объектілер жиынтығы туралы қорытынды жасау, олардың сипаттамаларын анықтау, айнымалылар арасындағы байланыстарды талдау, болжам жасау және шешім қабылдау үдерістеріне қажетті әдістемелік негіздерді үйретуге бағытталған. Пән аясында докторанттар статистикалық тәсілдерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тиімді қолдануды үйренеді.

    Несиелер - 5
  • Оқыту теориясы мен педагогикалық технологиялар

    Пәннің мақсаты – оқыту процесінің теориялық негіздері мен заманауи педагогикалық технологияларды меңгерту. Пән аясында докторанттар оқытудың дидактикалық жүйесін, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын анықтау тәсілдерін, оқытудың формалары мен әдістерін, сондай-ақ білім беру технологияларының түрлерін талдайды. Сондай-ақ, пән оқытудың инновациялық тәсілдері мен цифрлық білім беру орталарын тиімді пайдалануға бағытталған. Оқу үдерісінің нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік беретін педагогикалық технологиялардың ғылыми-әдістемелік негіздері зерттеледі.

    Несиелер - 6
  • Педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және деректерді өңдеу

    Пәннің мақсаты – педагогикалық эксперименттерді ғылыми негізде жоспарлау, ұйымдастыру және алынған деректерді өңдеу әдістерін меңгерту. Пән аясында докторанттар педагогикалық зерттеулерге тән эксперименттік әдістерді, эксперимент дизайнын, өлшем құралдарын, бақылау және эксперименттік топтарды ұйымдастыру жолдарын, сондай-ақ алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу мен интерпретациялауды үйренеді. Сонымен қатар, пән педагогикалық үдерістердің тиімділігін бағалауға және ғылыми негізделген қорытындылар жасауға бағытталған.

    Несиелер - 6
  • Виртуалды оқыту ортасын басқару

    Бұл пәннің мақсаты – виртуалды оқыту орталарын тиімді басқару, ұйымдастыру және педагогикалық мақсаттарға сай қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пән барысында докторанттар виртуалды оқыту ортасының құрылымы мен компоненттерін, оның дидактикалық мүмкіндіктерін және білім алушылардың оқу әрекетін басқару тәсілдерін меңгереді. Пән виртуалды оқыту ортасын жобалау, мазмұнды енгізу, пайдаланушыларды басқару, бағалау жүйесін орнату және оқу процесін аналитикалық бақылау сияқты практикалық мәселелерге бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пән ғылыми бағыттағы әртүрлі мәтіндерді (ғылыми мақала, баяндама, пікір, әдеби шолу, эмпирикалық зерттеу және т.б.) жазу дағдыларын қалыптастыруға және олардың құрылымы мен ерекшеліктерін терең меңгертуге бағытталған. Пән мазмұнына ғылыми жазылым үдерісінің барлық кезеңдері – тақырып таңдаудан бастап, мақаланы халықаралық басылымда жариялауға дейінгі кезеңдердегі өзекті мәселелер кіреді. Докторанттар сыни ойлау, жүйелі және дәлелді жазу, ғылыми дискурсты қалыптастыру, мәтінді талдау, бағалау және ғылыми стильде оқи білу дағдыларын дамытады. Халықаралық деңгейдегі рейтінгісі жоғары журналдардағы ғылыми мақалалардың құрылымымен, стильдерімен танысады.

    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пән докторантты зерттеу үдерісін түсіндіруге және ғылыми мәтіндерге талдау жасау, әдіснама жазу, зерттеу жоспарын құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән зерттеу дизайны, дерек жинау, сапалық және сандық әдістер, зерттеу этикасы мен деректерді талдау бойынша кешенді білім береді, нәтижесінде докторанттың ғылыми жұмысын жүйелі жазуына негіз қалайды.

    Несиелер - 5
  • Қашықтан оқыту теориясы мен практикасы

    Пәннің мақсаты – қашықтан оқытудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пән аясында қашықтан оқытудың тарихи дамуы, қағидаттары, модельдері, педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи цифрлық платформалар мен құралдарды қолдана отырып, онлайн курстарды жобалау, ұйымдастыру және басқару әдістері үйретіледі. Докторанттар қашықтан оқытудағы коммуникация, бағалау, кері байланыс беру, студенттердің мотивациясын арттыру стратегияларын меңгереді. Пәннің практикалық бөлігі нақты қашықтан оқыту платформаларымен жұмыс істеуге бағытталған.

    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Халықаралық академиялық стандарттарға сай ғылыми мәтіндер құрастырады.
  • Академиялық жазылым талаптары мен өзінің ғылыми саласының ерекшеліктеріне сәйкес жеке зерттеу жоспарын жобалайды.
  • Ғылыми қорытындылар жасау үшін статистикалық әдістерді қолданып, зерттеу нәтижелерін ұсынады.
  • Пәндік зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және педагогикалық эксперименттер жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерген, әр түрлі кәсіби салаларда күрделі статистикалық тапсырмаларды қолданады.
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдаланады.
  • Педагогикалық және психологиялық ғылымды дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін, басқару және игеру процестерін, кәсіби қызметтегі психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын пайдаланады.
  • Виртуалды білім беру ортасында оқытуды жүзеге асыру үшін программалық өнімдер мен оқу курстарын әзірлейді.
Top