Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01711 Қазақ тілі мен әдебиеті в Баишев Университеті

Пәндер

  • Нормативтік қазақ тілі

    Білім алушы әдеби тіл, оның нормалары, тілдік нормалардың түрлері туралы жан-жақты білім алады. Фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис, пунктуация, стилистика бойынша талдау түрлеріне арналған түрлі жаттығуларды орындау барысында тілдік нормалардың негізгі заңдылықтарын меңгереді. Тіл білімі салалары бойынша өз бетінше фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жүргізіп, алған білімдерін жүйелей алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы және фразеологиясы

    Курсты оқу барысында білім алушылар тіл біліміндегі қазақ тілі лексикалық жүйесінің ғылыми теориялық негіздерін меңгереді, сөз байлығы жетіліп, ой-өрісі кеңейеді. Тілдік материалды талдай алады, мәтінді дыбыстық ерекшелігіне сай мәнерлеп оқи алады, тілдік бірлікті тілдесім жағдайы мен қолданылатын аумағына сәйкес түрлендіре алады, тілдік материалдың ғылыми қолданысы туралы өз пікірі мен ұсынысын дәлелдейді

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің терминологиясы

    Пәнді оқыту барысында терминология жөніндегі түсінігі қалыптастырылады, қазақ терминологиясының қазіргі міндеттері, термин сөздер туралы мәселелер қарастырылады. Қазіргі қазақ тіл білімінің лексикологиясындағы қолданысы шектеулі сөздердің қатарына жататын термин сөздердің жасалу тәсілдері, заман талабына сай әр саладағы терминдерді қолданылу ерекшеліктері қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тіл білімі мен әдебиеттануға кіріспе

    Бұл пән білім алушыларға тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы және оның салалары туралы білім беріп, олардың негізгі ұғымдарын түсіндіруге бағытталған. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының айырмашылығы түсіндіріледі және олардың зерттеу нысандары таныстырылады, білім алушылар тіл ғылымының өткені мен қазіргі деңгейі туралы ақпаратты шығармашылықпен байланыстыра игереді, ғылыми әдебиеттер талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ әдебиетінің ежелгі тарихы және рухани мұра

    Ежелгі дәуір әдебиеті түркі халықтарына ортақ ойшылдар мен ғалымдардың, ақындардың шығармашылығы арқылы түсіндіріледі. Қазақ халқының көне әдеби ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктері, олардың түркі халықтарының көне әдебиетімен ортақтастығы, өзара байланысы қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің фразеологиясы

    Қазақ тілі фразеологиясының көркем әдебиетте ұлттық мәдени аспектіде қолданылуы, мәтін құрастырудағы рөліне талдау жасалады. Фразеологизмдердің түрлері, зерттелуі, сөз таптарына қатысы, ұлттық мәдени сипаты, құрылымы, аударылуы, шығуы туралы мәселелер қарастырылады. Пәнді игеру барысында білім алушылар қазақ фразеологиясы бойынша лексика-семантикалық, функционалды-стилистикалық заңдылықтарды қолдана алу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Балалар фольклоры, Риторика)

    Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы және тағы басқа өзіндік ерекшеліктері зерделенеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Педагогика

    Курс болашақ мұғалімдердің педагогикалық қызметі туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға, олардың қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін білім жүйесін меңгеруіне, білім беру парадигмасын, білім берудің жаңа стандарттарын ауыстыру жағдайында оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Шешендік өнер, Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті)

    Курсты оқыту барысында шешендік өнердің тарихы, дамуы, жанрлық ерекшеліктері, риториканың поэтика, логика, стилистика және грамматиканың дамуына әсері зерделенеді. Іскерлік қатынасты жүзеге асырудың теориялық мәселелерімен, халықаралық іскерлік этикетпен, хаттама және оны жүзеге асырудың, ұйымдастырудың амал-тәсілдерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Жас ерекшелік физиологиясы

    Пән оқушылар ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, функционалдық мүмкіндіктерін,олардың танымдық және оқу қызметінің негізгі психофизиологиялық механизмдерін, гигиеналық нормаларын зерттейді. Курс оқушылардың жеке ерекшеліктерін түсінуге, оларды оқу процесінде ескеруге және оқушының жеке басының үйлесімді дамуына ықпал ететін қолайлы білім беру ортасын құруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • «Экономикалық-құқықтық, экологиялық білім және ғылыми зерттеу әдістері» модулі (Ғылыми зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері, Экономика және кәсіпкерлік негіздері, Қаржылық сауаттылық, Экология және тіршілік қауіпсіздігі)"

    Модуль ғылыми зерттеудің әдіснамалық базасын, құқық, экономика, кәсіпкерлік, экология және орнықты даму негіздерінің базалық ұғымдарын, қоршаған ортаны қорғау, тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру ерекшеліктерін қамтиды. Модуль білім алушышыларда кейстерді, зерттеу және практикалық тапсырмаларды шешу сияқты белсенді әдістерді қолдана отырып, ғылыми талдау, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономикалық ойлау, қаржылық жауапкершілік, экологиялық сана және қоршаған ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдылары саласындағы пәнаралық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер және балалар әдебиеті модулі (Мәнерлеп оқу, Балалар әдебиеті)

    Балалар әдебиетіне тән көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы, көркем бейне оның жасалу жолдары, көркем туынды тілі, өлең құрылысы, әдеби процесс, әдебиеттің тектері мен түрлері, көркемдік әдіс, ағым, бағыттар, мәнерлеп оқытудың ерекшеліктері, дауыс ырғағы құрылысы, іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің ерекшеліктері оқытылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Әдебиет теориясы

    Курс әдебиеттің өзекті теориялық мәселелерін қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры, лирикалық жыр үлгілерінде кездесетін теориялық элементтер қамтылады. Әдебиет теориясындағы әдебиеттің даму заңдылықтары, шығармаларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілері айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Қазақ әдебиетін дәуірлеу

    Курс еліміз егемендік алғаннан кейінгі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелерін, әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті мәселелерін қарастырады. Қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулерді, пайымдалған оң тұжырымдарды жеткізу пәннің негізі мақсаты болып саналады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім беру

    Пән студенттерді білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру мен басқарудың негізгі ережелерімен таныстыруға бағытталған және мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне қосуды модельдеу схемаларын бөліп көрсетуге, жалпы және арнайы білім берудің маңызды әлеуметтік-мәдени құбылысы ретінде интеграцияланған оқыту туралы түсінік беруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Абайтану

    Пән мазмұнында Абайтану ғылымының қалыптасу және даму тарихы, Абайтануды қалыптастырушылар және олардың негізгі еңбектері мен зерттеу салалары, Абайтану ғылымының библиографиясы қарастырылады. Абай мұрасының жазылу тарихы, себебі, ақын мақсаты, идеясы, шығарма құрылымының жүйесі, көркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігі, мектеп бағдарламасы көлемінде алған түсініктері негізінде тереңдетіліп, болашақ мамандарға қойылатын талап деңгейінде абайтану ғылымының қыр-сыры меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Өлең сөздің теориясы

    Пәнде өлең сөздің теориясы, ұйқас түрлері мен жанрлық түрлері сипатталады. Сонымен қатар бұл пән әдебиеттің түрлі кезеңдеріндегі қалыптасқан өлең жүйелерін, тармақ, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін қамтиды. Өлең сөздің теориясы бойынша жаңа теориялық ұғымдар қалыптастырылады, өлең құрылымын, теориясын қазіргі ғылымның озық жетістіктері негізінде жан-жақты, тарихи тұрғыдан қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Грамматика модулі (Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы)

    Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы тіл дыбыстары жүйесін, жасалу ерекшеліктерін, әртүрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу заңдылықтарын, орфография мен орфоэпия, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі туралы нақты ғылыми түсінікті қарастырады. Сөзжасам теориясы, аталым теориясы, сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық ұя, есім сөздің сөзжасамы, зат аталымы, сын аталымы туралы түсініктер қалыптастырылады. Қазақ тілінің морфологиялық құрылысының теориялық негіздерімен, грамматикалық мағыналар мен олардың берілуімен, амал-тәсілдерімен таныстырады және қазақ тіліндегі сөздердің лексика-грамматикалық топтары, тілдегі грамматикалық мағыналар мен формалар туралы ғылыми-теориялық білім жайында мәлімет береді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 15
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Бұл пән қазіргі лингвистика, педагогика, психология және әдістеме ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, болашақ маманды тілді меңгертудің әдіснамалық, ғылыми-практикалық негіздерімен таныстырады, қазақ тілін оқытудың әдістемелік жүйесін үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілінің стилистикасы

    Тілдік элементтердің дұрыс қолданылуын өзінің объектісі санайтын стилистика тіл білімінің барлық салаларымен тығыз байланысты. Стиль түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтары, бір-бірімен байланысы, жүйелілігі түсіндіріліп, білім алушылар мәтіндер бойынша жұмыс түрлерін жүргізу арқылы оларды стильдік ерекшелігі бойынша ажырата білуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркітану

    Пән түркі тілдерінің зерттелуін, түркітану ғылымының негізгі бағыттары, өзге халықтар тілдерінің зерттелуі, қазақ тіліне аударылу дәрежесі, жариялануы және жетістіктерін қарастырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

    Пән мазмұнында әдебиетті оқытудың дамуы, оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің, сондай-ақ, жеке әдістемелердің кіріктірілуі, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым мен мәдениеттің даму барысына жан-жақты келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру, оқытудың жаңа түрлерін іздестіру мәселелері қамтылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Хандық дәуір әдебиеті

    Хандық дәуір әдебиетінің мазмұндық, жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері, қазақ жырауларының тарих сахнасына шығу себептері, хандық дәуір әдебиетінің қазақ әдебиеті тарихындағы орны, осы дәуірдегі әдебиет шығармаларының тәрбиелік мәні, аңыз әңгімелер мен тарихи жырлардағы, нақтыланған жыраулар мен ақындар шығармаларындағы хандық биліктің ерекшеліктері қарастырылады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Стилистика және әдеби тіл

    Қазақ тілінің стилистикалық жүйесін, тілді стиль түрлеріне сай қолданудың және әдеби тілдің өзіндік заңдылықтары мен ерекшеліктерін меңгереді. Стилистика ғылымының ұғымдары мен категориялары туралы түсініктерді, стилистикалық коннотация, функциональдық стилистика, грамматикалық стилистика, ауызекі сөйлеу тілі, ресми стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі туралы білім-дағдыларды игеріп, мәтіндерге талдау жасауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Едігетану мәселелері

    Бұл пәнде түркі халықтарына ортақ «Едіге» эпосының өзінен бұрынғы эпостарға қатысы, дәстүр сабақтастығы, тарихи негіздері оқытылады. Жыр-дастандардың жазылу тілі, жанры, стилі, поэтикалқ сипаты, «Едіге» жыры туралы білім негізінің қалыптасуы, оның сюжеттік-композициялық ерекшеліктері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тілінің семантикасы

    Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мен олардың өзгешеліктері: лексикалық мағына, грамматикалық мағына және сөзжасамдық мағына, сөз мағынасының лексика-семантикалық топты анықтаудағы ролі мен маңызы, сөздің лексикалық мағынасының анықталу шегі мен орны, сонымен қатар сөз мағынасы мен контекст, сөздердің тіркесуіндегі семантикалық факторлары мен құбылыстары қамтылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы тіл білімі

    Курсты оқыту барысында ежелгі заман лингвистикасы, көне Қытайдағы, көне Грециядағы, көне Римдегі, Армениядағы, Ирандағы тіл білімі және парсы лексикографиясы қарастырылады. Түркі тілдерінің зерттелу тарихы туралы мәліметтер беріледі. Тілдің анықтамасы, тілдің таңбалық, функциялық сипаты анықталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы

    Әдеби сын әдеби туындыны жан-жақты талдап, оның көркемдік құнын белгілеу, өз кезеңінің эстетикасы үшін мән-маңызын анықтау арқылы жазушыға туындыларының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей септігін тигізеді, оқырманға шығарманы жете түсініп, дұрыс бағалауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазба

    Бұл пән академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық мәселелерін қамтып, академиялық мәтін құрастырудың жолдары мен әдістеріне үйретеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жазу кезеңдері сипатталып, ғылыми мәтіннің басты жанрлары, оларды ресімдеу тәртібі, эссе жазу ережелері меңгертіледі. Сонымен қатар білім алушыларды сауатты ғылыми мәтін жаза білуге дағдыландырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 2
  • Әдеби сынның қазіргі кезеңі

    Әдеби сынның қазіргі кезеңі пәнінде берілген шығарманың мазмұнына сыни тұрғыдан қарау, басқа туыстас халықтардың әдебиеттерімен байланысы, ұлттық әдеби сынның тарихын жасаудағы заңдылықтары қарастырылады. Қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы, бағыттары, даму деңгейі қамтылып, әдеби сын тұрғысынан талданған ғылыми еңбектер зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • XIX ғасыр әдебиеті

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақын-жыраулар поэзиясы оқытылып, өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер), әнші-ақындар шығармашылығы кеңінен қамтылады. Сондай-ақ, ағартушылық, демократиялық көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының дамуы, олардың реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалдары жөнінде терең мағлұматтар беріледі

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи поэтика және әдеби сын

    Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері талданып, оның әдебиет тарихы және әдебиет теориясымен байланысы ұғындырылады. Сынның эстетикаға, журналистикаға жақындығы, әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын орны көрсетіледі. Сыншылық өнер мен сыншының берік ұстанымы, әдебиет классиктерінің сын туралы пікірлері, сын тарихы сипатталады. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған еңбектер талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жас ерекшелік психологиясы

    «Жас ерекшелік психологиясы» курсының басты мақсаты-онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде адамның психикасы мен тұлғасының даму заңдылықтарын ашу. Курстың негізіне отандық психологияда адамның, баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы үрдісінде әлеуметтік практика ретінде психикалық даму туралы қалыптасқан түсінік алынған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары

    Бұл пән қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері мен инновациялық технологияларын үйретуге бағытталған. Қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері, мақсаттары мен міндеттері жан-жақты ашылады, оқу-тәрбие үдерісінде жасанды интеллектіні қоса алғанда, оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары қарастырылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Грамматика теориясының тарихы

    Бұл курсты оқыту барысында құрмалас сөйлемдердің қалыптасу, даму жолдары қарастырылып, құрмалас сөйлемніңжай сөйлемнен айырмашылықтарын танытатын жасалу жолдарына қарай түрлері, құрмалас сөйлем сыңарларының арасына қойылатын пунктуация түрлері, құрмалас сөйлем құрамында кездесетін бөгде сөздер, олардың тыныс белгілері қамтылады. Көп компонентті құрмалас сөйлемнің басқа құрмаластардан айырмашылығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

    Пәннің мазмұны бойынша қазіргі қазақ тілі синтаксисі мен оның салалары, атап айтқанда, сөз тіркесі синтаксисі, сөйлем синтакисін (жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі), мәтін синтаксисін, пунктуация туралы теориялық білім мен ұғымдар игеріліп, синтаксистік талдау жасау дағдыларына машықтандырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (ХХ ғасыр қазақ әдебиеті, Қазіргі қазақ әдебиеті)

    ХХ ғасыр қазақ әдебиеті тарихындағы жанрлардың дамуы, өрлеу кезеңі, даму бағыттары сипатталады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады.Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі мазмұнында кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданады. Қазіргі қазақ әдебиеті курсында тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің жаңа ағымдағы жанр түрлері талданады.ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі

    «Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі» пәні қазақ тіліндегі сөз тіркесі, сөздердің тіркесу формалары, есімді және етістікті тіркестер, олардың ерекшеліктері, мағыналық қатынастары, сөйлем мүшелері, сөйлемді тану принциптері, сөйлемнің, сөйлем мүшелерінің қатынасына қарай түрлері, сөйлемнің оқшау сөздер арқылы күрделенуі, олардың тыныс белгісі жайлы теориялық материалдарды қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Тарихи романдар, Қазақ әдебиетінің парадигмалары)

    ХХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі роман жанрының қалыптасуы, туу себептері, жанрлық ерекшелігі, эпикалық тектің айырмашылығы қарастырылады. Роман жанрын жан-жақты қарастыру кейінгі дамуды бағамдап, айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады. Қазақ әдебиетіндегі жарық көрген және әдебиеттің тарихы мен даму процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің ғұмырнамасы, шығармашылық ізденістері, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектер тереңдетіліп қарастырылады. Сондай-ақ, аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесім дәрежесіне жіті назар аударылады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Жаңартылған білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері

    Бұл пән білім беру саласындағы заманауи әдістемелік тәсілдер мен жаңартылған білім беру жүйесінің негізгі қағидаларын үйретуге бағытталған. Пән оқыту процесіндегі инновациялық технологиялар мен педагогикалық әдістерді зерттеп, оларды тиімді қолдану жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту мен сапасын арттыруға арналған теориялық және практикалық мәселелерді қамтиды. Пән студенттерді қазіргі заман талабына сай кәсіби педагогикалық қызметке дайындайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиеті модулі (Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті, Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті)

    Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдеби көркем шығармалар, олардың образдар жүйесі, шығармалар тілі талданып, осы тарихи кезеңдегі әдебиеттің көркемдік даму арналары айқындалады. Кеңес дәуіріндегі көркем әдеби шығармалардың қалыптасуы, заман талабына сай жазылуы, шығарма тілі, образдар жүйесі талданып, тақырыбы жағынан өз дәуіріне сәйкес ерекшеленетіндігі көрсетіледі, сонымен бірге жекелеген жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып, кемелдену процестері айрықша көрініс табады

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Лингвокомпаративистика

    Лингвокомпаритивистика – салыстырмалы-тарихи тіл білімін, тілдердің туыстық жағын зерттейді. Қазақ тілінің тарихына қатысты тайпалық одақ тілі мен түркі халықтарының тарихында белгілі қағанаттардың ресми тілі дәрежесіне көтерілген көне түркі тілі мен орта ғасыр түркі тілдері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

    Пәннің мақсаты бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күнгі даму деңгейіне жету жолын, эволюциясын тарихи-салыстырмалық әдіс негізінде түсіндіру болып табылады. Бұл пәнде тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік бірліктер, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі әдебиеті

    Пәнді оқыту барысында түркі халықтары әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері, шығармалары, көркемдік ерекшеліктері талданып, түркі әдебиетінің тарихы мен таңдаулы әдеби нұсқалары, түркі халықтары әдебиеттерінің тақырып, идея, сюжет пен композиция, көркемдік стиль тұрғыдан талдануы, түркі әдебиеті мұраларын оқыту қамтылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Батыс әдебиеті

    Батыс Еуропа елдерінің әдебиетінің ерекшеліктері, эстетикалық құндылықтары сипатталып, шығармалардың көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты қарастырылады. Батыс Еуропа әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен талдана отырып, көркемдік ерекшеліктеріне сипаттама беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әлем әдебиеті

    «Әлем әдебиеті» пәні антикалық дәуірдегі грек әдебиетінен бастап, бүгінгі шетел және шығыс әдебиетінің түрлі кезеңдеріндегі әлем әдебиетінің даму бағытын, сипатын қарастырады. Бүгінгі таңдағы әлем әдебиетінің жауһар туындылары таныстырылады, оларға баға беріледі, талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шығыс әдебиеті

    Пәнді оқыту барысында дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын шығыс елдерінің әдебиеті қарастырылады. Шығыс шайырлары шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, жанрлық қалыптасуы, нәзиралық дәстүрдің дамуы туралы талдаулар жасалады. Шығыс әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары кеңінен сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы

    Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы пәні бойынша түркі тілдері тобындағы туыстық, өзара орналасу аймағына байланысты салыстырулар талданып, түркі тілдерінің жүйесіне, сөзжасамдық бірліктеріне, заңдылықтарына, амал-тәсілдеріне, сөздердің жасалу жолдарына, әр сөз табының сөзжасамына талдаулар жасалынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Антикалық дәуір әдебиеті

    «Антикалық дәуір әдебиеті» курсында осы дәуірдегі көркем туындыларды қазақ әдебиетімен салыстыра білуге үйрету, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білім алушылардың білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраны бағалай білу қарастырылып, антикалық дәуір әдебиеті шығармаларының көркемдік және тілдік ерекшеліктері, қалыптасу тарихы, жанрлық сипаты талданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шетел әдебиеті

    Бұл пәнде дүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілерін құрайтын Батыс Еуропа елдерінің әдебиеті, өзге халық туындыларын қазақ әдебиетімен салыстыру, әдебиеттің тәрбиелік, эстетикалық құндылықтары туралы білімдерін жетілдіре отырып, жалпы әдеби мұраның қалыптасуы туралы мағлұматтар беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • ғылыми зерттеу әдістері, экономика және кәсіпкерлік, экология, тұрақты даму және тіршілік қауіпсіздігі, құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласында білімі бар; жеке қаржы ресурстарын тиімді басқара алады
  • оқушылар физиологиясын ескере отырып, оқыту үдерісіндегі ынтымақтастыққа бағытталған тәрбиелеу мен оқытудың білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға бейімделген оқыту технологияларын қолданады
  • ақпаратты-коммуникативтік, цифрлық технологияларды, жасанды интеллектті өз кәсіби саласында түрлі ақпараттарды іздеу мен мәтіндерді өңдеуде, салыстыруда, іріктеуде қолданады
  • оқытудың түрлі педагогикалық технологияларын таңдауда дербес кәсіби шешімдер қабылдауға дайын және оны негіздей отырып қорғай алады
  • білім алушылардың мәдени және тілдік сұраныстарын қанағаттандыруда жаңартылған білім беру және пәндік-тілдік оқыту технологияларын оқу сабақтарында өз бетінше жоспарлауға қабілетті
  • филологиялық пәндер бойынша жинақтаған білімдерін өз бетімен толықтыруға, оларды оқу үдерісінде және практикалық қызметінде қолданады
  • заманауи мұғалім тұлғасы талаптарына сай оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың психология-педагогикалық теориясын кәсіби мақсаттарға бейімдеп, қолдана алады
  • қазіргі қазақ тілінің теориялық құндылықтары мен практикалық маңыздылығын білім алушы білім, икем, дағды арқылы игеріп, қол жеткізген академиялық білімінің қызметтік өрісі мен қолданыстық аясын болашақта тәжірибеде қолдана алады
  • кроссмәдени құндылықтарды ұлттық мәдениетпен сабақтастырып, өз кәсіби қызметінде қолдана алады
  • оқыту қағидаттарына, әдістемелік нұсқаулық, ұсынымдарға сай сабақтарды жоспарлап, оқыту және тәрбиелеу үдерісінде кәсіби мәселелерін өз бетімен шешуге, ғылыми зерттеу бағытын таңдап, ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау, өңдеуге қабілетті
  • оқытудың лингво-коммуникативтік негізінде тілдік бірліктерді, әдеби шығармаларды талдап, түрлі жанрдағы мәтіндерді синхрондық және диахрондық аспектіде өңдеуге, әдеби сын жасауға қабілетті
Top