Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі в Мұртаза ат. ХТУ

Пәндер

  • Практикалық фонетика

    Пән сөйлеу дыбыстарын дұрыс айтуды, дыбыстарды сөз бен сөз тіркестерінде үйлестіру ережелерін, ауызекі сөйлеуде екпін қою ережелерін, фонетикалық орфографияның ерекшеліктерін және оның барлық тілдік функциялардағы интонация құрылымдарымен таныстырып, үйретеді, сонымен қатар, сөйлеу дағдыларын автоматтандыру, тыңдау, кәсіби оқыту элементтерін меңгеру дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Базалық негізгі шет тілі (А1 деңгей)

    «Базалық негізгі шет тілі (А1 деңгейі)» пәні оқытылатын шет тілі грамматикасының негізін ауызша және жазбаша сөйлеуде қолданудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған және шет тілінің морфологиялық және синтаксистік нормаларын және грамматикалық құрылымдарын қарастырады. Бұл пән сөздік қорды кеңейтуге, тілдік және аймақтық құзыреттілік негіздерін қалыптастыруға, шетел тілінде коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілінің авторлық фонетикасы (В.Д.Аракин)

    «Ағылшын тілінің авторлық фонетикасы (В.Д.Аракин)» пәні ағылшын тілінің фонетикалық негіздерін меңгеруге бағытталған. Бұл пән сөйлеу аппаратының құрылымын, артикуляция және олардың функцияларын, интонацияның коммуникативті рөлін, сөз, сөз жасау тәсілдері, тілдің фонетикалық құрылымы, фонема, буын, екпін және интонация сияқты фонетиканың негізгі ұғымдарын қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық грамматика

    Бұл курс қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған; қазіргі ағылшын тілінің грамматикалық құрылымының морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін түсіндіру және оларды түсінудің дұрыстығын қамтамасыз ету; оқытылатын негізгі тілді (ағылшын тілін) оның әдеби түрінде, ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынастың әртүрлі түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін еркін меңгеруді қамтамасыз етеді, ауызша және жазбаша түрде грамматикалық дұрыс сөйлеудің практикалық дағдыларын дамыту қалыптсатырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Базалық негізгі шет тілі (А2 деңгей)

    «Базалық негізгі шет тілі (А2 деңгей)» пәні сөйлеу дағдыларын біртіндеп күрделендіре отырып дамыту арқылы айтылымды қалыптастыруға бағытталған. Бұл пәнді оқу барысында шынайы оқиғаны бейнелейтін мәтіндер қолданылады, сонымен қатар, мәтіннен кейін фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстарды меңгеруге негізделген ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін лексикалық және фонетикалық түсініктемелер мен жаттығулар қолданылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Н.Голицинский әдісі бойынша практикалық грамматика

    Оқылатын тілдің грамматикалық құрылымы. Дәстүрлі грамматика. Грамматика негіздері жүйелі түрде жаттығулар негізінде берілген. Артикльден бастап, яғни жеңіл тақырыптан бастап күрделене түседі. Жаттығу алдында грамматикалық түсінік пен қолдану тәсілі көрсетілген. Әр тақырып көптеген жаттығулармен қамтамасыз етілген. Арнайы мақсаты тақырыпты игеру және дағдыларды арттыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі В1 деңгейі (бастапқы деңгейі)

    Бұл курста оқу, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларын дамыту жалғасады. Қалыптасқан ауызекі сөз тіркестері мен коммуникативті клишелер енгізіледі, бұл сөйлеуді шынайы етуге көмектеседі. Курстың соңында студенттер контекстке сүйене отырып, әртүрлі тақырыптардағы түпнұсқа мәтіндерді түсінеді, өз жоспарлары туралы айта алады, пікірлерін дәлелдей алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілі В1 (бастапқы деңгейі)

    Бұл курста қытай тілінің негіздері оқытылады, қытай грамматикасын тереңдетіп оқыту жалғасады, сөйлеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлінеді, жаңа лексикалық бірліктермен таныстырылады. Курс барысында студенттер жалпы тақырыптар бойынша (танысу, өзі, отбасы, жұмысы туралы және т.б.) әңгімелеседі, шағын хабарлама құрастырады, иероглифтерді пайдалана отырып, мәтін жазады, әртүрлі тақырыптарда сөйлеседі, мысалы, сатып алу немесе өнімдердің құны, маусым немесе ауа райы туралы диалог жүргізе алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы В1

    «Негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы В1» пәні студенттердің тілі оқытылып жатқан елдер туралы білімдерін қалыптастыруға, әлеуметтік, тұрмыстық, мәдени және білім беру кәсіби салаларында тілді жеткілікті деңгейде және жоғары деңгейде білуге, олардың ана тілдерімен сөйлесу барысында жеке, жалпы және кәсіби тақырыптар бойынша тікелей қатысуға мүмкіндік беретін білімін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Aғылшын тілінің aуызша және жазбаша тәжірибесі B1

    «Aғылшын тілінің aуызша және жазбаша тәжірибесі B1» пәні студенттерді шетел тілінің негіздерімен таныстырады, оларды іс жүзінде қолдану білімдері мен дағдыларын тереңдетеді, әр түрлі талдау әдістерін, практикалық шетел тілін салыстыруды, диалог пен шетел тіліндегі әдебиеттің көркемдік және идеялық мазмұнына әр түрлі тәсілдерді үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Педагогика

    «Педагогика» пәні жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым, ол аға буынның әлеуметтік тәжірибесін кіші буынға табысты беру заңдықтарын зерттейді. Бұл пән студенттерге іс жүзінде педагогикалық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің неғұрлым жеңіл жолдарын, тәрбиені, білім беруді, оқыту жүйесін тиімді пайдалануды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Психология және адамның дамуы

    Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі В1 деңгейі (негізгі деңгейі)

    «Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі В1 деңгейі (негізгі деңгейі)» пәні екінші шетел тілінің тілдік нормаларын, грамматикалық, фонетикалық негіздерді тереңірек қарастырады. Ауызша және жазбаша сөйлеуде тілдік нормаларды тиімді, орынды қолдану жолдары айқындалып, соған бағытталған жаттығулар, сөйлеу әрекетінің түрлеріне негізделген (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түпнұсқадағы мәтіндер қолданылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Білім берудегі менеджмент

    «Білім берудегі менеджмент» пәнінің мақсаты студенттердің білім беру жүйесінің құрылымындағы менеджменттің теориялық негіздерін зерттеу болып табылады. Пәнді оқу студенттің білім беру саласындағы басқарудың негізгі қағидаттарын, әдістері, пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде болашақ педагогтардың кәсіби қасиеттерін арттыруға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби өсуіне көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы В2

    «Негізгі шетел тілінің тәжірибелік курсы В2» пәні өмірлік және әлеуметтік салалары туралы қарапайым ақпаратты ұсыну дағдыларын дамытады, көп кездесетін стандартты қарым-қатынас жағдайларында нақты коммуникативті тапсырмаларды шешуге, қарым-қатынастың негізгі бағыттары мен тақырыптарына сәйкес қысқа хабарлама жасауға үйретеді, ақпараттық, сипаттамалық және прагматикалық сипаттағы қысқа түпнұсқадағы мәтіндерді қабылдау және түсіну, әртүрлі жанрдағы жеңіл түпнұсқадағы мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсінуге үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарды бағалау және оның түрлері жайлы біліммен қаруландырып, критериалды бағалаудың моделі, жиынтық және қалыптастырушы бағалаудың мән-мағынасымен таныстырып, критериалды бағалауды әдістемелік қамтамасыздандыруды дайындай алу білігін арттырып, критерийлік бағалауды жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Aғылшын тілінің aуызша және жазбаша тәжірибесі B2

    «Aғылшын тілінің aуызша және жазбаша тәжірибесі B2» пәні шет тілі мен оның халықаралық тілмен, ауызекі сөйлеу тілімен арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық-практикалық негізін ұғындыру, тілді еркін, грамматикалық түрде дұрыс және тиімді пайдалану, нақты ұстанымдарды бөліп көрсете отырып, жүйелі түрде дамыған мәтіндерді шығарып, идеяларды дамыту

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Екінші шетел тілі В1(негізгі деңгейі)

    Бұл курста сөздік қор 1500 лексикалық бірлік пен 1100 иероглифтік таңбаға дейін артады. Дағдыларды жетілдіру жалғасады. Студенттер күрделілігі орташа бейімделмеген мәтіндерді оқиды. Сөйлеу жылдамдығы артады, сөйлей алу қабілеті толықтырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік-саяси, экономикалық-құқықтық және экологиялық білім модулі (Ғылыми зерттеу әдістері және жасанды интеллект/ Тіршілік қауіпсіздігі, экология және тұрақты даму/ Инклюзивті білім беру/ Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері/ Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)

    Модуль білім алушылардың қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси, экономикалық-құқықтық және экологиялық үдерістер туралы тұтас түсінігін қалыптастыруға бағытталған. Модуль аясында қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерліктің негіздері, құқықтық жүйе мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзия мәселелері, тұрақты даму, экология және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі қарастырылады. Ғылыми зерттеу әдістері мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға ерекше назар аударылады. Білім алушылар сыни ойлау қабілетін, құқықтық және экологиялық жауапкершілікті дамытып, ғылыми талдау мен цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Студенттердің жалпы тәрбие теориясы туралы білімдерін кеңейту, болашақ мұғалімнің оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі, технологиясы саласындағы кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру, сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлауды, кәсіби-педагогикалық білім, дағдыларды игеруге студенттердің көзқарасын, өзін-өзі дамыту қажеттілігін жүзеге асыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі В2 деңгейі (бастапқы деңгейі)

    Курс В2 (бастапқы) деңгейінде екінші шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеудің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс күнделікті және оқу қарым-қатынасына қажетті негізгі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар тілдің грамматикалық және лексикалық құралдарын біртіндеп меңгеруді қамтиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауызша және жазбаша ағылшын тілінің тәжірибесі С1 (бастапқы деңгейі)

    «Aғылшын тілінің aуызша және жазбаша тәжірибесі C1 (бастапқы деңгей)» пәні студенттердің болашақта кәсіби қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыруға, дамытуға және жетілдіруге бағытталған. Сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін, лексикалық және грамматикалық материалды меңгеруді көздейтін, оқытылатын шетел тілінде коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру арқылы, сондай-ақ оқу және кәсіби мәселелерді шешу үшін шетел тілінен ақпарат алу, бағалау және қолдану үшін шетел тілін пайдалануға дайын болу мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілі В2 (бастапқы деңгейі)

    Курс В2 (бастапқы) деңгейінде екінші шет тілінде негізгі коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған. Курс сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамытуға бағытталған: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым, сонымен қатар негізгі грамматика мен сөздік қорды меңгеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шеттілдік білім берудің әдістемесі

    Білім мен әдіснаманың негіздерін қолдануға, дүниені түсіндіруге, дəлелдерге негізделген мəселелер мен тұжырымдарды анықтауға, өздерінің білімін жəне əдістерін кәсіби проблемаларды шешу үшін қолдануға; Пән шет тілді білім берудің жаңа концепциясына негізделген. Ұлттық білім беру жүйесінің халықаралық стандарттары мен шарттарын ескере отырып, шет тілді білім беру бағдарламасы түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту С1 (бастапқы деңгей)

    Пән студенттерге жеке, әлеуметтік өмір тақырыптары туралы қарапайым ақпаратты түсінуге, көп кездесетін стандартты қарым-қатынастағы нақты коммуникативті мәселелерді шешуге бағытталуға, салт-дәстүр тақырыбында диалог жүргізуге, қарым-қатынастың негізгі бағыттары мен тақырыптарына сәйкес қысқа хабарлама жасай білуге, қабылдау мен түсінуге мүмкіндік береді, ақпараттық, сипаттамалық және прагматикалық сипаттағы қысқа түпнұсқадағы мәтіндер, әр түрлі жанрдағы жеңіл түпнұсқадағы мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсінуге негізделген.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    «Инклюзивті білім беру» пәні студенттерде инклюзивті білім беру ортасын құрудың теориялық негіздері, практикалық тетіктерін түсінуді қалыптастыру, психологиялық, әлеуметтік ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды, педагогты, отбасын педагогикалық сүйемелдеу міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С1 (негізгі деңгей)

    Пән болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекетінің әртүрлі аспектілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби шет тілінде сөйлеуді қалыптастыруға. және студенттердің мәдениетаралық коммуникативті және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша тәжірибесі С1 (негізгі деңгейі)

    Курс студенттерге әлеуметтік-мәдени сала мен мәдениетаралық бірлікте орын алатын тілдік және сөйлеу грамматикалық жүйесі, нормативтік және функционалдық грамматиканың, мәдениетаралық және кәсіптік, филологиялық бағдарлануды тереңдетуді, C1 деңгейінде шет тілін меңгерудің халықаралық деңгейіне жетуді қамтамасыз етуге бағытталған

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі В2 деңгейі (негізгі деңгейі)

    Курстың мақсаты студенттердің жеке, қоғамдық өмір салаларының тақырыптары туралы қарапайым ақпаратты түсіну қабілеттерін қалыптастырады, әдеттегі коммуникативтік орталарда нақты коммуникативтік тапсырмаларды шешуге бағытталған, салттық диалог жүргізуге, негізгі бағыттар мен байланыс тақырыптарына сәйкес қысқаша хабарлама жасауға, Мәтінге негізделген қысқаша түсініктеме түрінде ақпараттылық, сипаттама және прагматикалық сипаттағы қысқа түпнұсқа мәтіндерді тыңдап, түсіну.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Екінші шетел тілі В2 (негізгі деңгейі)

    Бұл курста тілді меңгеру тереңдей түседі. Өтілген лексикалық, фонетикалық, грамматикалық материалға және оның белсенді қолданылуына көңіл бөлінеді. Қытай тілінде сөйлеу еркіндікке бола бастайды, неғұрлым көлемді және күрделі мәтіндер түсінуге қол жетімді болады. Іс әрекетте тіл сенімді түрде қолданылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел тілін арнайы мақсатта оқыту С2 денгейі

    Тілдік және грамматикалық жүйе туралы нормативтік және функционалдық грамматиканың жалпыға ортақ көзқарасын, әлеуметтік-мәдени саладағы, мәдениетаралық бірлікте және әсіресе, коммуникацияның және субъектілердің кәсіби саласының шеңберіндегі мәдениетаралық және кәсіптік, филологиялық бағыттағы білімін тереңдетеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оқытылатын шетел тілдері теориясының негіздері (лексикология, тіл тарихы)

    Курс соңында болашақ мұғалімдер оқытылатын тілдердің құрылымдық жүйесі, морфологиялық, лексикалық, графикалық және сөз жасам жүйесі туралы түсінік алады. Студенттер лексикологияның негізгі принциптерін және оқытылатын шетел тілдерінің тарихын, соның ішінде тілдердегі лексикалық бірліктердің құрылымы мен дамуын, олардың тарихи тамырлары мен эволюциясын біледі, бұл оларға лексикалық аспектілерді тереңірек түсінуге және талдауға мүмкіндік береді. Оқытылатын шетел тілінің қазіргі жүйесінің қызметін зерттеу негізінде болашақ мұғалімдердің лингвистикалық, лингвомәдени, коммуникативтік, зерттеушілік және кәсіби құзыреттіліктері қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Функционалдық стилистика

    Бұл курстың мақсаты болашақ мұғалімдерді сөйлеу коммуникациясының әртүрлі салаларындағы тіл қызмет ету заңдылықтарымен таныстыру, стилистиканың негізгі терминологиясын меңгеру және барлық деңгейдегі ағылшын тілінің әртүрлі функционалдық стильдерінің әлеуметтік-лингвистикалық және прагматикалық аспектілерін ұсынуды дамыту (фонетикалық, лексикалық-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік бірліктер). Курстың өзектілігі – ағылшын тілі стилінің негізгі мәселелерін көрсету, тілдік экспрессивтік құралдарды дұрыс қолдану. Болашақ мұғалімдер ағылшын тілінің функционалдық және стильдік жүйесін біледі, лингвистикалық зерттеу әдістерін меңгереді, мәтіннен экспрессивтік құралдарды тауып, олардың қызметін анықтай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілінің теориялық фонетикасы мен грамматикасы

    Пән шет тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылымын олардың теориялық және практикалық аспектілері бойынша зерттеуге бағытталған. Курста ана тілімен салыстырғанда фонетикалық бірліктердің (дыбыс, буын, екпін, интонация) және грамматикалық категориялардың (морфология, синтаксис) қызмет ету заңдылықтары ашылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Екінші шет тілі C1

    Бұл курста 1500 жаңа лексикалық бірлік пен 650 иероглифтік таңба меңгеріледі. Жоғары кәсіби тақырыптар бойынша мәтіндер оқылады, ақпарат түпнұсқадағы дереккөздерден алынады. Курс соңында студенттер иероглифтік жазу жүйесін меңгереді, қытай тілінде сөйлейтіндермен әртүрлі тақырыптарда әңгімелесу кезінде қиындықтарға тап болмайды. Грамматика, тыныс белгілері толық түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінің ауызша және жазбаша тәжірибесі С2 деңгейі

    Бұл пәннің оқу материалы зерттелетін тақырыптардың мазмұнын және қарым-қатынас салаларын, аса маңызды тарихи оқиғалармен, мәдени-тарихи бірлестіктермен байланысты шынайы оқиғаларды көрсететін түпнұсқадағы мәтіндерді, бейне және аудио материалдарды пайдалануды қарастырады. Филологиялық сипаттағы оқытылатын тіл елдері мен Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің, мемлекеттік құрылымы мен экономикасының ерекшеліктері, кәсіби-бағдарлы мәтіндерді қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі С1

    «Ауызша және жазбаша екінші шетел тілінің тәжірибесі C1» пәні студенттердің болашақта кәсіби қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жалпы мәдени, кәсіби және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлерін, лексикалық және грамматикалық материалды меңгеруді, оқытылатын шетел тілінде коммуникативтік құзыреттілікті, сондай-ақ оқу және кәсіби мәселелерді шешу үшін шетел тілінен қажетті деңгейде меңгеру мәселелерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі лексикасын оқудың негіздері

    Берілген пән теориялық және қолданбалы лексикология, лексикологияның тіл білімінің басқа бөлімдерімен байланысы, сөздің лексикалық жүйесінің негізгі бірлігі, тілдегі номинацияның негізгі әдістерін қарастырады. Курс студенттердің сөздік құрамының этимологиялық негіздері және сөз құрылымының ұлттық-мәдени ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық ағылшын тілі

    Курс барысында болашақ мұғалімдер 4 тілдік дағдыны дамытады: академиялық оқу, академиялық жазу (эссе, іскерлік хат және т.б.), сөйлеу, академиялық мәтіндер негізінде тыңдау, сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлауды дамытатын практикалық оқыту құралдары. Болашақ мұғалімдер академиялық коммуникацияның негізгі ұғымдарын, түрлерін, формалары мен функцияларын зерттейді. Олар академиялық стильдің жанрлық түрлерін және академиялық қарым-қатынас мәдениетін зерттейді. Сондай-ақ олар академиялық дискурстың құрылымы мен мазмұнын ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, баяндау формаларымен, сондай-ақ талдау және дәлелдеу әдістерімен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілін оқытудың арнайы бағытталған әдісі

    Пән шетел тілін оқытудың заманауи әдіс- тәсілдері және оқыту технологияларының теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Бастауыш және жоғары сыныптарда ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістерін қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқытылатын шетел тілдері теориясының негіздері (фонетика, грамматика)

    Курс соңында болашақ мұғалімдер оқытылатын тілдердің құрылымын жүйе ретінде біледі және фонетика мен грамматикалық жүйелер туралы түсінікке ие болады. Дыбыс құрылымымен дыбыстардың артикуляциясын білу, тілдер арасындағы айтылу айырмашылығын түсіну, негізгі грамматикалық ұғымдар мен сөйлем құрылымдарын білу. Олар қарым-қатынас құру және үйреніп жатқан тілдің нормаларына сәйкес келетін дұрыс сөйлеу тәртібін көрсету үшін бар негізгі білімді қалай пайдалану керектігін біледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту әдістемесі

    Пән меңгерген білімді орта мектепте ағылшын тілін оқыту тәжірибесінде қолдануға бағытталған; Курсты оқу барысында студенттер шет тілі сабағының жұмыс бағдарламасы мен жоспарын әзірлеуге үйренеді. Ағылшын тіліндегі іс-шаралар; техникалық оқу құралдарын пайдалануды, олардың сабақ мақсатына сәйкестігін; метапәндік байланыстарды жүзеге асыру және студенттердің қарқынды сөйлеу тәжірибесін ұйымдастыру үшін оқу іс-әрекетінің әртүрлі формаларын пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Лингвостилистика

    Болашақ мұғалімдер әртүрлі стильдер (сөйлеу стильдері, жанрлық стильдер, жеке авторлық стильдер), тілдік бірліктердің экспрессивті, эмоционалды және бағалау қасиеттері туралы өз ойларын қалыптастырады. Олар көркем әдебиеттің шығу тегінің негізгі теорияларымен, мәтін жүйесінің құрылымдық бөлінуімен, фондық білім, салдарлар, тілдік деңгейлер мен нұсқалар, дискурс, стиль және жанр сияқты шетел мәтінінің ең маңызды ұғымдарымен танысады. Үйретілген мұғалімдер тілдердің пайда болу, даму және қызмет ету жолдарын түсіндіру дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазу

    Курс студенттердің шет тілінде ғылыми және академиялық жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс академиялық жазудың негізгі жанрларымен (эссе, реферат, рецензия, ғылыми мақала, тезистер, зерттеу жұмысы), ғылыми мәтіннің құрылымы мен стильдік ерекшеліктерімен таныстырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Сөйлем құруға, қарапайым сұрақтар құрастыруға қажетті грамматика және фонетика негіздерін, сонымен қатар ауызша және жазбаша сөйлеуде өмірдің негізгі салаларына қатысты сөз тіркестерін қолдану дағдыларын меңгереді
  • Кәсіби қызметте тілдің фонетикалық құрылымдарын: фонетикалық базаны, синтагманы, фоностилистика қолданады.
  • Тілдің құрылымы, оның жүйесі, ерекшеліктері, ана тілімен ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білімдерді меңгеру, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін пайдалану, тиімді грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдану дағдыларын көрсетеді.
  • Жазбаша және ауызша сөйлеуде грамматика мен фонетика негіздерін сауатты пайдалана отырып, нақты тақырыптар бойынша күрделі мәтіндердің, оның арнайы мәтіндердің жалпы мазмұнын түсінеді.
  • Шет тілін ғылыми және оқу қызметін жүзеге асыру құралы ретінде қолдануды, сондай-ақ халықаралық сертификаттарды (IELTS) алу үшін шет тілін қолдану дағдыларын көрсетеді.
  • Шетел тілін оқытудың инновациялық әдістері мен студенттердің жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, олардың тілдік дағдыларын бағалау стратегияларын жобалайды және кәсіби-педагогикалық сөйлеу дағдыларын игереді.
  • Екінші шет тілінің (қытай, түрік, корей тілдері) грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және стилистикалық құбылыстарын қолданады және дамытады.
  • Педагогикалық қызметті тиімді қамтамасыз ету үшін сөйлеудің әртүрлі функционалдық стильдерін, тілдік және стилистикалық нормаларды, шетел тілінде ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын меңгереді.
  • Оқыту сапасын арттыру мақсатында мәтінді лексикологиялық талдау, лингвистикалық әдістерді зерттеу және рефлексия дағдыларын қолданады.
  • Оқу үдерісі мен тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін педагогика және психология саласындағы теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қолданады.
  • Оқушылардың өз бетінше даму және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған оқу үдерісін және критериалды бағалау жүйесін тиімді басқару дағдыларын көрсетеді.
  • Қаржылық сауаттылық пен кәсіпкерлік, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзивті білім беру, экологиялық тұрақтылық және тіршілік қауіпсіздігі салаларында алынған білім мен құралдарды қолданып, қолданбалы міндеттерді талдау және шешу үшін заманауи ғылыми әдістер мен жасанды интеллект технологияларын пайдалану.
Top