Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі в Болашақ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық деңгейде екі шетел тілін меңгерген, білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің кешенді міндеттерін шешу үшін қажетті құзыреттерге ие, көптілді қоғам жағдайында және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес тиімді коммуникацияға қабілетті білім беру саласында білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы «Bolashaq» академиясы
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Аударма теориясы мен практикасының негіздері
Базалық шетел тілі
Қарым-қатынас жағдайындағы негізгі шетел тілі бойынша практикум (В1 деңгейі)
Негізгі шетел тілінің практикалық курсы (В1 деңгейі)
Тіл ғылымының негіздері
Экономика және құқық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Мәдениетаралық қарым-қатынас мәнмәтініндегі базалық шетел тілі
-
2 Оқу жылы
Педагогика
Лингвистикалық типология
Қарым-қатынас жағдайындағы негізгі шетел тілі бойынша практикум (В2 деңгейі)
Психология
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Негізгі шетел тілінің практикалық курсы (В2 деңгейі)
Шетел тілінің тарихы (негізгі тіл)
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Қатысым жағдаятындағы екінші шетел тілі (А2 деңгейі)
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Шеттілдік білім берудің әдістемесі
Жасанды интеллект негіздері
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Екінші шетел тілі бойынша практикум (А2 деңгейі)
-
3 Оқу жылы
Шеттелдік оқыту әдістемесі бойынша практикум
Шетел тілін оқытудың қазіргі әдістемесінің өзекті мәселелері
Негізгі шетел тілінің практикалық курсы (C1 деңгейі)
Өлкетану
Екінші шетел тіліндегі ауызша және жазбаша коммуникация
Қарым-қатынас жағдайындағы негізгі шетел тілі бойынша практикум (C1 деңгейі)
Қолданбалы лингвистика
Дәйекті және жазбаша аударма практикумы
Аналитикалық оқу және жазу
Шетел тілдерін оқытудың арнайы бағытталған әдістемесі
Сыни оқу және жазу
Екінші шетел тіліндегі функционалды коммуникация
Оқытылатын тіл теориясының негіздері (негізгі тіл)
Инклюзивті білім беру
Кәсіби бағытталған екінші шетел тілі (В1 деңгейі)
Шетел тілін aкадемиялық мақсатта оқыту
Мәдениетаралық коммуникацияға кіріспе
Академиялық жазу стилі
Іскерлік хат аудармасы
Оқытылатын тіл елінің әдебиеті (негізгі тіл)
Іскерлік шетел тілі
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Педагог пен білім алушының зерттеу және жобалау қызметі
Шеттілдік білім берудегі мәдениетаралық қақтығыстар
Екінші шетел тілі бойынша практикум (В1 деңгейі)
Елтану (негізгі тіл)
Теориялық және эксперименттік зерттеулер әдіснамасы
-
4 Оқу жылы
Келіссөздер мен дебаттар жүргізу (шет тілінде)
Педагогикалық шеберлік
IELTS арналған ағылшын тілі
Кәсіби бағытталған екінші шетел тілі (В2 деңгейі)
Қарым-қатынас жағдайындағы негізгі шетел тілі бойынша практикум (C2 деңгейі)
Екінші шетел тілінің практикумы (В2 деңгейі)
Педагогикалық риторика (шет тілінде)
Аудармадағы IT-технологиялар
Негізгі шетел тілінің практикалық курсы (C2 деңгейі)
Мамандандырылған кәсіби шетел тілі
TOEFL арналған ағылшын тілі
Мінез-құлықты қолданбалы талдау негіздері
Шет тілдерін оқытудағы IT-технологиялар
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақ мәдениеті мен тілінің, Қазақстан халқының басқа да мәдениеттері мен тілдерінің, шет тілдерінің байлығын оқыту мен тәрбиелеу процесіне біріктіреді; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен академиялық адалдықты сіңіреді; өзекті әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайларға бағдарлана отырып, экология, экономика, құқық және қаржылық сауаттылық саласындағы міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект құралдары мен кәсіпкерлік білімді пайдалана отырып, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын, оның ішінде цифрлық ортада қорғауды қамтамасыз етеді.
- Шетел тілінің құрылымы (фонетика, лексика, грамматика) туралы жүйелі білімді көрсетеді, тіл құбылыстарының ерекшеліктерін қазіргі лингвистика тұрғысынан түсіндіреді. Фонетика, грамматика және лексика бойынша теориялық және практикалық білімді шетел тіліндегі мәлімдемелерді талдау, түсіндіру және қалыптастыру үшін қолданады. Ана тілі мен шетел тілі арасындағы ауызша және жазбаша тілдік интерференция құбылыстарын анықтайды, түсіндіреді және еңсереді. Шетел тілін үйрену мен оқытуда лингвистикалық әдістерді (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, семантикалық талдау) қолданады. Әдістемелік және оқу материалдарын әзірлеу және бейімдеу кезінде тілдік және лингвистикалық білімді пайдаланады.
- Оқушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлайды және іске асырады. Білім беру стандарттарына және білім алушылардың жасына сәйкес келетін оқыту әдістері мен технологияларын таңдайды және қолданады. Жеке, метапәндік және пәндік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында білім алушылардың қызметін ұйымдастырады. Білім беру процесінде цифрлық және инновациялық технологияларды қолданады. Өзінің педагогикалық қызметінің нәтижелерін талдайды және бағалайды, кәсіби даму траекториясын құрады.
- Екі шетел тілін жазбаша және ауызша нысанда тұлғааралық, академиялық және кәсіби қарым-қатынас барысында еркін қолданады. Зерттелетін тілдің нормалары мен стиліне сәйкес дәлелді, логикасы қисынды мәлімдемелер жасайды. Коммуникативті жағдайға және адресатқа байланысты тиісті сөйлеу және дискурстық стратегияларды қолданады. Білім алушылармен, әріптестермен және қарым-қатынастың басқа да қатысушыларымен өзара қарым-қатынас жүргізу барысында педагогикалық және сөйлеу этикасының нормаларын білуін мен сақтай алатындығын көрсетеді. Сөйлеуді ұлттық-мәдени және прагматикалық ерекшеліктерге бейімдей отырып, мәдениетаралық ортада сенімді түрде өзара қарым-қатынасқа түседі. Тұрақты және икемді тілдік конструкцияларды пайдалана отырып, академиялық, тұрмыстық және кәсіби дискурста жазбаша және ауызша коммуникацияны жүзеге асырады.
- Білім беру стандарттары мен оқу мақсаттарына сәйкес келетін бағалау критерийлері мен шкалаларын қолданады. Оқу нәтижелерін диагностикалаудың заманауи әдістері мен құралдарын пайдаланады. Бағалау нәтижелерін талдайды және түсіндіреді, оқытудағы мәселелерді анықтайды, түзету жұмыстарын жүргізеді және оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдайды. Оқушылардың жетістіктерінің динамикасын мониторингтеп, педагогикалық талдау жүргізеді, жеке қиындықтарды анықтап, даму бағыттарын белгілейді. Диагностика нәтижелері негізінде жеке және топтық оқу траекторияларын әзірлеп, жүзеге асырады. Оқушылар және ата-аналармен объективті бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұйымдастырады. Өзінің педагогикалық қызметін сын көзбен бағалап, бағалау деректеріне сүйене отырып, оқытудың тиімділігін арттыру үшін алынған қорытындыларды пайдаланады.
- Әр түрлі мәдени мәнмәтіндерге сәйкес келетін коммуникативті стратегияларды біледі және қолданады. Қарым-қатынастың мәдени ерекшеліктерін, соның ішінде ым-ишара, мимика және бейвербалды сигналдарды түсінеді және түсіндіреді. Тілдің бейвербалды және вербалды коммуникация ерекшеліктерін ескере отырып, шетел тілінде қарым-қатынас жасайды. Оқылатын тілдің елдері туралы білімдерін мәдениетаралық өзара қарым-қатынас мәнмәтінінде қолданады. Профессионалдық және іскерлік коммуникацияда әлеуметік - мәдени мәселелерді шешуге арналған тәсілдерді анықтап, бейімдейді. Мәдени айырмашылықтарды құрметтейді және толеранттылық пен мәдениетаралық диалог құндылықтарын қалыптастырады.
- Критикалық ойлауды дамыту технологиясының практикалық негіздерін және критикалық ойлау деңгейін бағалаудың негізгі критерийлерін біледі. Лингвистика саласындағы зерттеу және практикалық жұмыс әдістері мен тәсілдерін меңгерген. Лингвистикалық, әлеуметтік тілтанымдық, ақпараттық-талдаушылық және коммуникативтік аспектілерде кәсіби қызметті атқарады. Мәтіндерді талдау және интерпретациялау үшін критикалық ойлау технологияларын қолданады. Лингвистика саласындағы зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгерген. Шетел тілінің құрылымын біледі және тілдік құралдарды әртүрлі қарым-қатынас жағдайларында қолданады. Академиялық стандарттарға сәйкес жазбаша және ауызша мәтіндер құрастырып, ұсынады. Оқылатын тақырыптар бойынша мәтіндердің мазмұнын тыңдай отырып түсінеді. Шетел тілінде әртүрлі мәтін түрлерін (эссе, баяндама, хат) жазады. Мәтіндерді лексико-грамматикалық талдайды, оның ішінде полисемия, омонимия және сөзжасам мәселелерін қарастырады.
- АКТ және медиаресурстарды білім беру мен өзіндік оқу үдерісінде қолданудың дидактикалық мүмкіндіктерін анықтап, негіздейді. Оқу процесін ұйымдастыру, қолдау және бағалау үшін цифрлық құралдар мен онлайн - платформаларды пайдаланады. Оқушылардың деңгейін, оқу мақсаттарын және педагогикалық дизайн принциптерін ескере отырып, цифрлық білім беру контентін жасайды және бейімдейді. Цифрлық дерек көздері мен медиаконтенттің сенімділігін, сапасын және педагогикалық тиімділігін бағалайды. Цифрлық этика, авторлық құқық және ақпараттық қауіпсіздік нормаларын сақтайды. Оқытудың үдерісінде кері байланыс технологияларын, онлайн-коммуникацияны және бірлескен жұмысты цифрлық ортада қолданады. Цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесін рефлексиялайды, цифрлық саладағы кәсіби өсу бағыттарын анықтайды.
- Жас ерекшеліктері, тілдік және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік материалдарды, тапсырмаларды және оқыту технологияларын әзірлейді және бейімдейді. Шетел тілін оқытуда заманауи тәсілдерді, оның ішінде коммуникативтік, ісәрекеттік, компетенттілік және басқа тәсілдерді қолдана отырып оқу сабақтарын жоспарлайды және жүзеге асырады. Шетел тілінде білім беру мәселелері бойынша педагогикалық зерттеулер жүргізеді, мәліметтер жинау және талдау үшін сапалы және сандық әдістерді қолданады. Зерттеу және педагогикалық қызмет нәтижелерін жинақтап, түсіндіреді, қорытындылар мен ұсыныстар тұжырымдайды. Өзінің әдістемелік тәжірибесіне рефлексия жүргізеді, даму аймақтарын анықтап, оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын анықтайды.
- Аударма теориясы мен практикасының негізгі ұғымдарымен және негізгі категорияларымен жұмыс істейді. Әр түрлі мәтіндердің жазбаша және ауызша (дәйекті) аудармасын шетел тілінен және шетел тіліне дәлдік пен сәйкестік нормаларын сақтай отырып орындайды. Жанрға, мақсатқа және коммуникативті жағдайға байланысты аударма стратегиялары мен трансформацияларын қолданады. Аударылған мәтіндерді өңдейді және бейімдейді, олардың логикасын, стилистикалық бірлігін және аударма тілінің нормаларына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Кәсіби аударма қызметінде мамандандырылған құралдарды (электрондық сөздіктер, анықтамалық жүйелер, автоматтандырылған аударма бағдарламалары) пайдаланады.
Ұқсас БББ
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B01702 Шетел тілі (IP)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі
Сулейман Демирель атындағы университеті
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01702 Шетел тілі
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті
6B01702 Шетел тілі: екі шетел тілі
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (БҚИТУ)
6B01702 Шетел тілі (IP)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi