6B02202 Дінтану в ЕИМУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дінтану ғылымының теориялық және практикалық білімін терең меңгерген, кешенді зерттеу әдістері мен әдіснамаларын сауатты пайдалана алатын, өз саласы бойынша заманауи қоғамдағы бәсекеге сай, мемлекет және дін қатынасының тұрақтылығына мүдделі, дінтану саласында ғылыми-педагогикалық, сараптамалық-зерттеулік және басқармалық қызметті бакалавр деңгейінде кәсіби жүзеге асыратын дінтанушы кадрларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 241
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B033 Дінтану және теология
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Монотеистік діндер теологиясы
Пәннің мақсаты студенттерді монотеистік діндердің (иудаизм, христиандық, ислам) теологиялық ілімдерімен және олардың тарихи-философиялық негіздерімен таныстыру. Студенттер әр діндегі Құдай туралы түсініктерді, уахи, пайғамбарлық және ақырет туралы ілімдерді меңгереді. Сонымен қатар, курс монотеистік сенім жүйелерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. Пән дінаралық түсіністікке, діни толеранттылыққа және теологиялық ойлауды дамытуға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы дінтану
Бұл пән – діндерді жүйелі әрі ғылыми тұрғыда зерттеуге бағытталған академиялық пән. Ол әртүрлі діни сенімдердің пайда болуы, дамуы, құрылымы мен негізгі ілімдерін салыстырмалы әдіс негізінде қарастырады. Пәннің мақсаты – дүниежүзілік діндер арасындағы ортақ және айрықша белгілерді айқындау, діни құбылыстардың мәнін ашуға, студенттердің діни толеранттылық пен түрлі мәдениеттерді түсінуге және діндерарасы диалогтың маңызын түсінуге бағытталады.
Несиелер - 5
-
Ислам философиясы
Ислам философиясы – ислам дәстүрінен шыққан философиядағы даму. Ислам әлемінде дәстүрлі түрде қолданылатын екі термин кейде философия деп аударылады – фәлсафа, ол философиямен қатар логика, математика және физикаға да қатысты; және Ислам теологиясының рационалистік формасын білдіретін калам. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде бағалау . Ислам философиясы қарастырған кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерін зерттейді.
Несиелер - 5
-
Эстетика және діни өнер
Эстетика және діни өнер курсында діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйретеді. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттайды.
Несиелер - 3
-
Дін философиясы
Дін құбылысын философиялық тұрғыдан түсіну, адамның шындыққа, ең алдымен құдайлық шындыққа деген діни көзқарасы, гносеология және дін философиясының ғылыми концепцияларымен таныстыру. Дін философиясы діни-философиялық жүйелер мен олардың негізінде жатқан дәстүрлі философиялық идеялар туралы теориялық түсініктер беруге бағытталған, студенттердің философиялық мәтіндермен өз бетімен жұмыс істеуге практикалық дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар олардың философиялық және мәдени-танымдық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы діни ұйымдар
Қазақстан үшін ар-ождан және діни сенім бостандығы қағидаттарын дәйекті түрде жүзеге асырудың өзектілігі мен мәні ерекше. Бұл құндылықтар азаматтардың діндар болу құқығына кепілдік беріп, қазақстандық қоғамдағы конфессияаралық татулық пен келісімді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Қазақстан Республикасының заңнамасы қоғамның рухани саласында болып жатқан процестерді көрсетеді. Қазіргі діни ұйымдар формаларының пайда болуы мен дамуымен танысады.
Несиелер - 5
-
ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар
Адамзат тарихында мемлекет пен діни құрылымдардың қарым-қатынасы, құқық пен діннің арақатынасы сияқты күрделі болды. Дін мен құқық басқа қызметтермен қатар адам мінез-құлқының қуатты реттеушісі қызметін атқарып келеді. Пәннің зерттеу нысаны ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Білімгерге түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау қабілетін меңгерту.
Несиелер - 5
-
Батыс қоғамындағы исламофобия
Еуропадағы исламның тарихы. Исламофобияның әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық бастаулары. Батыс қоғамындағы ислам әлеміне деген үрейдің артуында БАҚ рөлі. Жаһандану үдерісінің батыс және шығыс әлемінің жақындай түсуіне әсері. Батыс қоғамындағы исламофбиялық ұстанымдардың мұсылман шығысқа ықпалы. Батыс қоғамында ислам әлеміне деген ұстанымдардың фильмдердегі көрінісі. Ислам әлеміне қатысты батыс әлеміндегі соңғы зерттеулерге шолу
Несиелер - 5
-
Құрантану
Құрантану исламның орталық діни мәтіні Құранның академиялық зерттеуін қамтиды. Ол оның тілін, тарихын және интерпретациясын зерттеу үшін филология, мәтіндік сын және тарихи талдау сияқты әртүрлі ғылыми пәндерді пайдаланады. Бұл сала Құранды оқу, тарих, түсіну және қолданумен байланысты ғылымдарға бағытталған «Улум әл-Құранды» зерттеуді де қамтиды.
Несиелер - 5
-
Инклюзияға кіріспе
Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту
Несиелер - 5
-
Дін феноменологиясы
Дін феноменологиясы дінтанудың әдіснамалық өзіндік рефлексиясы болып табылады, мұнда діни тәжірибенің іргелі танымдылығы, осы саладағы ғылыми білімнің шекарасы туралы мәселелер көтеріліп, басқа да маңызды эпистемологиялық мәселелер қозғалады. Дін феноменологиясын зерттеу студенттің дінтанудағы өзіндік зерттеушілік ұстанымын қалыптастыруға, діни құбылыстарды ғылыми тұрғыдан зерттеудің шекаралары мен мүмкіндіктерін нақтырақ сезінуге, оның негізгі әдіснамалық бағыттарын нақтылауға ықпал етуі тиіс.
Несиелер - 5
-
Эзотериялық ілімдер
Пән эзотерикалық ілім эволюциясының жалпы заңдылықтары мен негізгі кезеңдері, олардың ерекшеліктері мен діни жүйелердегі орны туралы түсінік береді, ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі эзотерикалық ілімдердің тарихи эволюциясының негізгі кезеңдерінің мазмұны туралы зертейді. Қазіргі әртүрлі діндердегі олардың рөлін қабылдау және түсіну үшін қажетті; Пән заманауи эзотерикалық ілімдердің күрделі жүйесін шарлауға, діни ойлау дағдыларын қалыптастыруға және эзотерикалық ілімдермен байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестерді талдауға көмектеседі.
Несиелер - 5
-
Христиан теологиясы
Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық негіздері
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл экономика және құқық саласы бойынша теориялық білім береді: Қоғамдық өнеркәсіп. Капиталдың болмысы, үлгілері, құрылымы. Нарықтық экономикадағы өнеркәсіптің шығындары мен табыстары. Бизнес. Қаржы жүйесі. Ресурстарды үнемдеу. Экономикалық дамудың циклділігі. Әлемдік экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі Қазақстан. Нарықтың пайда болуы. Бизнестің дамуындағы мемлекеттің рөлі. Ата Заң, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі ережелері. Мемлекеттік басқару институттарының жүйесі, олардың уәкілеттіліктерінің аясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, әдістері. Экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі. Қаржылық құқық және қаржы. Материалдық және іс жүргізу құқығының әрекеттесу тетігі.
Несиелер - 5
-
Замануи фиқһ мәселелері
Замануи фиқһ мәселелері биліктің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетінің негізінде жатқан, мұсылмандардың мінез-құлқын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын қарастырады. Қазіргі ислам құқығындағы өзекті проблемаларды қарастыра отырып, басты тақырыптары негізінде адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды зерттейді және адамдарға оң әсер ету жолдарын қарастырады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді ислам құқығындағы тақырыптармен салыстыра отырып зерттеуге алады.
Несиелер - 5
-
Дерадикализация және профилактика методикасы
Бұл пәнді оқыту студенттерді дерадикализация ұғымымен, оның теориялық негіздерімен және алдын алу шараларының тиімді әдістерімен таныстырады. Курста зорлықшыл радикализмге қарсы қолданылатын әлеуметтік, психологиялық және идеологиялық тәсілдер қарастырылады. Студенттер профилактикалық жұмыстың кезеңдерін, мақсатты аудиториямен жұмыс істеу әдістерін меңгереді. Пән конфликтология, коммуникация және кеңес беру салаларындағы дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған кәсіби әрекет етуге қажетті құзыреттілікті дамытады.
Несиелер - 5
-
Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті
Пән тарихта болған Темір империясы, Мамлюк Египеті, Ұлы Моғолстан мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарасырады. Курста білімгерді Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты талдау жасай алуға бағыттайды. Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде меңгереді.
Несиелер - 5
-
Орта Азиядағы ислам тарихы
Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін кең көлемді қарастырады. Ислам дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін оқу арқылы талдау қабілетін меңгерту. Орта Азиядағы ислам дінінің, қалыптасуы және таралуына тоқталу барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсету.
Несиелер - 5
-
Орта Азиядағы христиандық тарихы
Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.
Несиелер - 5
-
Дін және өнер
Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын меңгереді, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісі, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисі, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселесi сияқты тақырыптарды қозғап, олардың түрлерін зерттейді. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады.
Несиелер - 3
-
Араб тілі 2
A2 деңгейіне сай базалық коммуникативті біліктілікті дамыту, тыңдалым, сөйлесім, оқылым және жазылым дағдыларын күшейту, лексикалық қорды кеңейту, жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру. Діни тақырыптағы мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту. Араб тіліндегі сөзжасам (ас-сарф) негіздерін меңгеріп, оларды практикалық жүзінде оқу барысында қолдану. Араб тілін меңгеруін жалғастыруға жетелейтін оң мотивация қалыптастыру.
Несиелер - 5
-
Еркін ойлау тарихы
Пән болашақ мамандардың дінге қатысты еркін ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері, адамзат рухани мәдениет тарихындағы еркін ойдың алуан түрлі формалары туралы ой-танымдық мәдениетін қалыптастыруды өз алдына мақсат етіп қояды. Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Адамзат тарихындағы еркін ойдың қалыптасуы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері; еркін ой рухани мәдениеттің құбылысы ретінде дінге сыни көзқарас екендігін ашып зерттейді.
Несиелер - 5
-
Дін психологиясы
Діни сана, діни тәжірибе мен діни конверсия мәселелеріне қатысты психологиялық талдау жасау дін психологиясының басты қарастыратын мәселелері болып табылады. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына, діндар және дін ұстанбайтын тұлғаларға психологиялық зерттеу әдістері мен түсіндіру үлгілерін қолдану. Дін психологиясы діндар адаммен немесе оң немесе теріс формада дінмен байланысы бар адамды психологиялық тұрғыда қарастырады. Діни сенім мен әрекеттің индивидке әсерлерін және адамның әртүрлі сезімдері мен қалауларының, адамдық тұлғасының, ұстанымдары мен қатынастарының діни сенім мен тіршілікке ықпалын салыстырмалы түрде зерделейді.
Несиелер - 5
-
Діни мәтін герменевтикасына кіріспе
Бұл курстың мақсаты білім алушыларды діни мәтіндердің герменевтикасымен таныстыру. Қасиетті Жазбалардың адамзат тарихындағы түсіндірілуі мен талқылануын талдау. Қасиетті Жазбалармен жұмыстың негізгі принциптерін талдай отырып, діни мәтіндер герменвтикасын жүзеге асырған өкілдердің жұмыстарымен тікелей танысу, әдістерін меңгерту. Курс концептуалды зерттеулердің құндылығы, мәтіндердің қасиетті символизмнің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибемен, адам тәжірибесінің алуан түрлілігімен, адам болмысының өзекті мәселелерімен байланысы сияқты аспектісін зерттейді.
Несиелер - 5
-
Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы
Бұл пән ойшыл, ойшылдық, даналық, данышпан ұғымдарын ашып көрсетеді. Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастыру, астарына үңіліп, талдау жасау.
Несиелер - 5
-
Діндарлықтың цифрлық трансформациясы
Пәннің мақсаты — студенттерді діндарлықтың цифрлық трансформациясының теориялық және практикалық аспектілерімен таныстыру. Студенттер цифрлық технологиялардың дінге және рухани тәжірибелерге әсерін меңгереді. Сонымен қатар, курс дін мен технологияның өзара байланысын талдау және жаңа заманауи рухани тәжірибелер қалыптастыру дағдыларын қалыптастырады. Пән цифрлық дәуірдегі діни құндылықтарды сақтау және нығайтуға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру негіздері
Бұл пән ғылыми зерттеу жүргізудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жан-жақты қарастырады. Студенттер зерттеу тақырыбын анықтау, мақсат пен міндеттерді нақтылау, зерттеу жоспарын құру, дерек жинау, талдау және нәтижелерді ғылыми тұрғыда рәсімдеу дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ зерттеу процесін жүйелі ұйымдастыру, уақытты басқару, этикалық талаптарды сақтау және ғылыми есеп беру формаларын дайындау жолдарын үйренеді. Пән ғылыми ойлауды дамытуға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс теориялық білім береді: Жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары. Жемқорлыққа қарсы сана және жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары. Шет мемлекеттерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлыққа қарсы мәдениет: даму тетіктері мен институттары. Жеке тұлғаның жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудағы отбасының рөлі. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері. Қоғамдық бақылау жемқорлыққа қарсы күрес тетігі ретінде. Саяси партиялар мен БАҚ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде. Жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру. Жемқорлыққа қарсы заңнама және жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік. Жемқорлыққа қарсы күрестің конституциялық негіздері. Жемқорлық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік. Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы
Кәсіби бағытталған араб тілінің практикалық курсы пәнің оқу барысында студентттің кәсіби ойлау ерекшеліктерін ескере отырып, студенттің кәсіптік, іскерлік, ғылыми салаларда және жағдайяттарда қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруды көздейтін пән болып табылады. Кәсіби-бағдарлы білім беру деп студенттердің болашақ мамандығының немесе кәсіптің ерекшеліктерімен байланысты араб тілін меңгерудегі қажеттіліктеріне негізделген оқыту түсініледі. Ол студенттердің тұлғалық қасиеттерін дамытумен қатар, оқытылатын тіл елінің мәдениетін білумен және кәсіби лингвистикалық білімге негізделген кәсіби дағдылардын дамытады.
Несиелер - 5
-
Яһудилік және христиандық тарихы
Діндер тарихының бір саласы ретінде яһудилік пен христиандық тарихы осы аты аталған екі діннің пайда болуы мен таралуын, осы діндердің құлшылығын, бағыттары мен ағымдаррын қарастырады. Діндер тарихындағы зерттеу әдістерін қолдана отырып яһудилік пен христиандық тарихын егжей-тегжейлі қарастырады. Яһудилік пен христиандықтың даму кезеңдерін әлеуметтік, мәдени, саяси, діни факторлар негізінде қарастырады. Аталған екі дінді салыстыра оқып, айырмашылық пен ұқсастықтарды салыстыра зерттей алу.
Несиелер - 5
-
Діни фундаментализм және модернизм
Курста студенттерге діни фундаментализм және модернизм ұғымы, басты ерекшеліктері, діни фундаментализм және модернизмге қатысты дін әлеуметтануы зерттеулеріндегі теориялар, тарихи бастаулары ұсынылады. Әлемдік діндердегі діни фундаметализм және діни модернизм құбылыстары талданады. Діни фнудаментлаизм исламофобияны күшейтуші фактор ретінде сараланады. Секуляризация және діни модернистік құбылыстар қарастырылады.
Несиелер - 5
-
Ислам тарихы
Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған елеулі оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жүргізіледі.
Несиелер - 5
-
Араб тілі
Араб тіліндегі мәтіндерді сараптау барысында араб тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін игеріп, сөз мағынасын ажырата біледі. Тілдік шеберліктерді пән ретінде таңдаудың мақсаты мен міндеттерін игереді. Араб тіліндегі арнайы мәтіндерге практикалық талдау жасай алады. Тәжірибелік мақсат – жоғары деңгейлі студенттерді дамыту, лингвистикалық, коммуникативті және лингвомәдени құзыреттілік. Осы кезеңде тренинг тыңдау, оқу, сөйлеу дағдыларын бекітеді және жетілдіреді, жазбаша сөйлеу.
Несиелер - 5
-
Дін әлеуметтануы
Дін әлеуметтануы курсы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Дін әлеуметтануы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін білім алушыларға кәсіби мамандар призмасы бойынша ұсынады.
Несиелер - 5
-
Еуропадағы ислам өркениеті
Еуропа континентіндегі мұсылмандар сегізінші ғасырда Гибралтар арқылы жүзіп өтіп, қазіргі Испанияның оңтүстік аумақтарын жаулап алған Испанияның алғашқы исламдық жаулаушыларының жорықтарымен пайда болды Пәнді оқыту кезінде Европадағы ислам тарихын кезеңдерге бөлу арқылы қарастыру. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне ғылыми негізде баға беру. Ислам мәдениетінің Европа өркениетіндегі орнын ғылыми негізде тұжырымдап, сараптау.
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, қалыптасуы, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты құзыреттер қалыптасыру. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.
Несиелер - 5
-
Ислам құқығы
Ислам құқығы құқықтық пәндердің құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады. Ислам құқығының бастауы, қалыптасуы мен негіздері құқықтық мектептер мен олардың әдіснамасына қатысты білімге ие болу. Білімгер құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер төңірегінде зерттеу жасау арқылы өзіндік ой қалыптастыра алады. Ислам құқығындағы проблемаларды талдаудың жолдарын салыстыру арқылы шешу жолдарын меңгеру.
Несиелер - 5
-
Мазһабтар тарихы
Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтық және доктриналдық мазһабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуды үйретеді. Мазһабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазһабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдауды меңгерту.
Несиелер - 5
-
Постсекулярлы қоғамдағы дін
Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлылы қоғамның жаңа жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Одан әрі жаһанданудың сакральды қоғамдық кеңістікке қайта оралуына және бір мезгілде өзгеруіне де әсері талданады. Діннің бұрынғы формалары тығыз ынтымақтастық үлгілерінің көрінісі болғанын қарастырады. Қазіргі қоғамдағы діннің орны мен азаматтардың діндарлық деңгейіне қатысты дін әлеуметтануындағы жаңа зерттеулер арқылы Қазақстан қоғамындағы діннің орны мен рөлін анықтау.
Несиелер - 5
-
Қазақстан-Мысыр діни-мәдени қатынастары
Бұл курста студенттер Қазақстан мен Мысыр арасындағы діни және мәдени қарым-қатынастардың тарихы мен қазіргі жағдайымен таныстырылады. Олар екі елдің діни дәстүрлері, мәдениеті және өзара ықпалы жөнінде мәліметтер меңгереді. Сонымен қатар, курс студенттерге халықаралық дінаралық және мәдени диалогты қалыптастыру әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Пән жастар арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Құран ілімдеріне кіріспе
Курс студенттерге Құран Кәрім, оның мәтінінің қалыптасу ерекшеліктері, мұсылмандық Құран ғылымдары, Құранның негізгі мұсылмандық тәпсірлері туралы кәсіби білім беруге арналған. Курстың маңызды мақсаты студенттерді Құрантану ғылымының мәселелерінің ауқымы – Құранды зерттейтін ғылыммен таныстыру және оның әртүрлі зерттеу тәсілдері мен әдістерімен таныстыру болып табылады. Курстың теориялық мақсаты студенттерді Құранның теологиялық мәселелерімен, оның құқықтық нұсқауларымен және діни ережелерімен таныстыру. Курстың практикалық мақсаты студенттерді Құран бойынша анықтамалық әдебиеттерді сауатты пайдалануға үйрету. Курстың аксиологиялық мақсаты – студенттердің барлық қасиетті жазбаларға деген толерантты көзқарасын қалыптастыру.
Несиелер - 5
-
Дін және жасанды интеллект
Бұл пән студенттерді дін мен жасанды интеллекттің тоғысындағы заманауи мәселелермен таныстырады. Студенттер әртүрлі діни дәстүрлердегі адамның жаратылысы, жан, ерік бостандығы және сананың мәні туралы көзқарастарды меңгереді. Сонымен қатар, жасанды интеллекттің дамуына байланысты туындайтын моральдық, этикалық және философиялық сұрақтармен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырады. Пән цифрлық дәуірдегі руханият пен технологияның өзара байланысын түсінуге және жауапты көзқарас қалыптастыруға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Араб тілі
Араб тіліндегі сөйлемдерге жан-жақты грамматикалық талдау жүргізе отырып, араб тіліндегі сөйлем құрылысының мағынасын түсінуге үйрету. Пән тарихын меңгеру және пәннің инновациялық заманауи дамуын қадағалау. Бұл пәннің аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен сөздік құрамы туралы түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгереді. Қазіргі әдеби араб тіліне де көп көңіл бөлінеді.
Несиелер - 3
-
Дінаралық диалог
Студенттерді дінаралық диалогтың теориялық негіздерімен және практикалық маңыздылығымен таныстыру. Студенттер түрлі діндер арасындағы қарым-қатынас мәдениетін меңгереді және өзара түсіністік пен сенім қалыптастыруға қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, пән қатысушыларды толеранттылыққа, сын тұрғысынан ойлауға және даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үйретеді. Бұл курс дінаралық келісім мен бейбіт қоғамды дамытуға бағытталған.
Несиелер - 5
-
Дінтанушыларға арналған ағылшын тілі
Болашақ дінтанушы маман қарым-қатынасының кәсіби және жеке дамуын қалыптастыруда коммуникативті, мәдени міндеттерді шешуге қажетті оқу ақпаратын үйлестіру, талдау, бағалауға; мәдени диалогтық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруға; білім беру және кәсіби қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін тілдік білім жүйесі туралы ғылыми ақпараттарды үйлестіруге; оқудың мәдениетаралық, кәсіби және филологиялық бағытын тереңдетуге бағытталады.
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік дағдылары
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру үшін теориялық білім береді: Кәсіпкерлік түрлері. Бизнес. Қаржы жүйесі. Тайм-менеджмент пен жобаларды басқару. Күйзелісті басқару. Келіссөздер жүргізу дағдылары. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Бизнесті басқару дағдылары. Топтық жұмыс және көшбасшылық қасиеттер. Тұтынушыларға қызмет көрсету дағдылары. Қаржылық дағдылар. Аналитикалық және мәселелерді шешу дағдылары. Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары. Стратегиялық ойлау және жоспарлау дағдылары. Техникалық дағдылар. Уақытты басқару және ұйымдастырушылық дағдылар. Брендинг, маркетинг және желілерді құру дағдылары. Бизнесті басқару дағдылары.
Несиелер - 5
-
Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер
Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан бертін келе қалыптасқан діни топтар мен культтерді зерттеу пәні ретінде қарастырады. Білім алушыға жаңа терминдерді біліп, жаңа діни ағымдарға классификация жасауды үйрету . Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөліне бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастыру.
Несиелер - 5
-
Ғылым және дін
Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксиологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.
Несиелер - 5
-
Дінтану сараптамасы
Дінтану сараптамасы – діни сенім туралы ақпаратты зерттеу, сонымен қатар даулы мәтіндердің, ғибадат ету объектілерінің және діни жоралар мен рәсімдердің орындалуының діни аспектілерін талдауды қарастырады. Дінтанулық сараптама діни ұйымды анықтауға, оның мазмұнын сипаттауға мүмкіндік береді. Дінтанулық сараптама дін саласының қазіргі кезеңдегі мәселелерін, даму бағыттарын зерделеу арқылы маман ретінде дінтанулық сараптама жасау әдістері мен тәсілдерін қарастыруды меңгертеді.
Несиелер - 5
-
Дін және аксиология
Дін және аксиология курсы студенттерді діндегі құндылықтар жүйесімен және олардың философиялық мәнімен таныстырады. Курста діннің адам санасы мен мінез-құлқына, қоғамдық қатынастарға әсер ететін аксиологиялық негіздері қарастырылады. Студенттер діни сенім мен моральдық өлшемдердің байланысын меңгереді. Сонымен қатар, курс әртүрлі діндердегі құндылықтардың ортақ және ерекшелікті тұстарын саралау дағдыларын қалыптастырады. Пән рухани-адамгершілік ойлауды дамытып, тұлғаның этикалық ұстанымдарын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Несиелер - 5
-
Кәсіби бағытталған шет тілі
Бұл курста студенттер кәсіби шет тілінде тілдік терминологияны, мәтіндер мен ақпаратты пайдалана алады, кәсіби және мәдениетаралық қарым-қатынас саласындағы тілдік құбылыстарды және зерттелген шетелдіктердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін біледі. Кәсіби арнаулы мәтіндерді талдау, мамандық бойынша нақты тақырыптар бойынша пікір сайысқа түсуге қабілетті болу және өз ойын ауызша және жазбаша жеткізе білу, қазіргі сөйлеу тілін дамыта отырып, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық материалды дұрыс қолдану мүмкіндігін жаттықтыру.
Несиелер - 5
-
Мораль және дін
Мораль және дін курсының мақсаты бакалавр білімгерлерін дін феноменіндегі моральдың рөлімен таныстыру. Мораль және діннің мәнін, қоғамдағы функциясын анықтау арқылы білімгерлерді кәсіби шыңдау. Діни тәжірибеде моралдық (этикалық) қағидалардың ерекшеліктерін пайымдау арқылы қалыптасқан қарым-қатынастағы әдістемелерді игеру. Мораль және дін қатынастарының даму тарихын, негізгі бағыттары мен принциптерін аша алу. Әлемдік діндердің діни әдептілік қағидаларының этикалық негіздерін талдау арқылы өзіндік таным-түсінік қалыптастыру.
Несиелер - 5
-
Дін және әлеуметтік конфликт
Бұл курста студенттерді дін мен әлеуметтік конфликтінің теориялық негіздерімен және практикалық аспектілерімен таныстырады. Олар әлеуметтік және діни себептерден туындайтын конфликтілерді меңгереді. Сонымен қатар, курс студенттерге конфликттерді талдау және шешу әдістерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пән қатысушыларды әлеуметтік тұрақтылық пен дінаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған дағдылармен және сын тұрғысынан ойлау қабілетімен қаруландырады.
Несиелер - 5
-
Хадис іліміне кіріспе
Хадис ілімінің пайда болуы мен қалыптасу тарихын қарастырады, хадистерді бекіту және жүйелеу ерекшеліктерін зерттейді, иснадтар мен мәтіндерді талдайды. Хадис ілімінің мәні мен маңызын, құрылымын оқып, құран мен сүннетті түсіну мен түсіндіруде хадистің маңыздылығын зерттейді. Хадис мәтіндерінің мәні мен ерекшеліктерін, хадис мәтіндерін зерттеу мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін, мәтіндерді түсіну үшін қажетті терминологиялық аппаратты қалыптастырады. Хадис жинақтарын жіктейді, көрнекті мухаддистердің өмірбаяндарын зерттейді.
Несиелер - 5
-
Орталық Азиядағы суфизм
Бұл пән сопылықтың ислам мәдениетінің үстемдік етуші факторлары – араб тілі мен дінінің әсерінен түрлендірілген негізгі дәстүрлерді, құндылықтарды, дүниетанымдық нұсқауларды қарастырады. Сонымен бірге этникалық жадты сақтау қызметін атқарады. Бұл сопылықтың Орталық Азияда кең тарағанын, олардың исламды қабылдап, жаңа шындықты – ислам мәдениеті әлемін тудыратынын түсіндіреді. Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі сопылық тариқаттарының қалыптасуы мен қазіргі жағдайына қатысты ақпарат жинап, салыстырмалы талдау жасайды
Несиелер - 5
-
Діни радикализм
Бұл пән студенттерді діни радикализм ұғымымен, оның пайда болу себептерімен, тарихи және қазіргі көріністерімен таныстырады. Курста экстремистік идеологиялардың таралу жолдары, олардың қоғамға әсері және алдын алу тетіктері қарастырылады. Студенттер діни радикализмнің әлеуметтік, мәдени және саяси факторларын талдау тәсілдерін меңгереді. Пән діни төзімділік, сыни ойлау және ақпаратты сараптау дағдыларын қалыптастырады. Сонымен қатар, зайырлы қоғамдағы діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын түсінуге ықпал етеді.
Несиелер - 5
-
Діни мистицизм теориясы мен тәжірибесі
Курсты оқыту мақсаты — студенттерді діни мистицизмнің теориялық негіздерімен және тәжірибелік қырларымен таныстыру. Студенттер мистикалық тәжірибелер мен рухани тәжірибелердің маңызы мен ерекшеліктерін меңгереді. Сонымен қатар, курс діни мистицизмнің түрлі дәстүрлердегі көріністерін зерттеуге және оның руханияттағы орнын түсінуге бағытталған дағдыларды қалыптастырады. Пән рухани ізденіс пен терең философиялық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс экология және тіршілік қауіпсіздігі пәні мен әдістемесі туралы теориялық білім береді; популяциялар мен экожүйелердің тұрақтылығын бұзатын себептер туралы; табиғатты ұтымды пайдалану туралы; пәнаралық көзқарас негізінде адам, қоғам және мәдениет арасындағы қарым-қатынас туралы түсінікті дамыту; қоғамдық сананы және қауіпсіз өмір салтын жасылдандыру бойынша: Тірі ағзалардың, әртүрлі ұйымдастыру деңгейлеріндегі экожүйелердің, жалпы биосфераның негізгі өмір сүру заңдары, олардың тұрақтылығы. Биосфера компоненттерінің әрекеттестігі және адамның шаруашылық қызметінің, әсіресе, табиғатты қарқынды пайдалануды жағдайындағы экологиялық салдары. Әртүрлі елдерде және Қазақстан Республикасында тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиялары мен практикалық тапсырмаларының заманауи түсінігі. Өмір сүру қауіпсіздігі, оның негізгі ережелері. Тәуекелдер, төтенше жағдайлар. Тәуекелдерді талдау, тәуекелдерді басқару. Адам қауіпсіздігінің жүйелері. Заманауи тепе—теңсіздік факторлары. Әлеуметтік, діни, саяси, экономикалық қауіптер, күнделікті өмірдегі қауіптер Қауіпсіздік мекемелерінің жүйесі және олардың қызметін құқықтық реттеу.
Несиелер - 5
-
Ислам теологиясы
Ислам теологиясы ислам қағидаларын ақылмен түсіндіретін, сенім негіздеріне қатысты сұрақтарды ақыл қолдана отырып қарастыратын пән. Бұл ғылымның мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастыру. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихын, қарастырған мәселелері және ислам теологиясының қарастырған мәселелерін және оны шешудің жолдарын қарастыру.
Несиелер - 3
-
Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі
Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету. Ағылшын тілінде сауатты жаза білуді үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру.
Несиелер - 5
-
Діндер тарихы
Діндер тарихы курсы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Курста әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтау қамтылады. Білімгерлерді дінтану саласындағы наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларын түсіндіре отырып, діндер тарихын зерттеудің алғышарттары және функциясымен таныстырады. Тарихи және қазіргі діндер туралы мәліметтер жүйеленіп ұсынылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дінтанудағы классикалық және заманауи зерттеулер
Дінтанудағы классикалық зерттеулер дінді наным-сенімдер, рәсімдер мен институттар жүйесі ретінде түсінудің негізін қалады. Заманауи зерттеулер салыстырмалы, социологиялық, психологиялық талдау сияқты жаңа әдістер мен тәсілдер қолданып, жаңа діни ағымдар мен қазіргі әлемдегі діншілдіктің трансформациясын ескере отырып, бұл негіздерді кеңейтті. Түрлі діндерді тарихи тұрғыдан зерделеу, ортақ белгілер мен айырмашылықтарды анықтау, ортақ тамырлар мен даму заңдылықтарын іздеу. Діннің қоғамға, әлеуметтік мінез-құлыққа және қоғамдық институттарға әсерін зерттеу. Жаһандану, секуляризация және басқа да әлеуметтік процестер жағдайында діни тәжірибелер, нанымдар мен институттардағы өзгерістерді зерттеу. Классикалық зерттеулер көбінесе олардың түпнұсқа тілдеріндегі көне мәтіндерді зерттеуді қамтиды, ал дінтану діни мәтіндерді (жазбалар, мифтер және т.б.) әртүрлі көзқарастардан зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Алғашқы наным-сенімдер, әлемдік, ұлттық діндердің және жаңа діни қозғалыстардың пайда болу, қалыптасу және таралу кезеңдеріне қатысты кәсіби біліктілік таныту. Діннің қоғамдағы түрлі функцияларын анықтау, қоғамдағы діни ахуалды бағалау.
- Қоғамдағы діндарлықтың даму тенденцияларын бақылау, діннің ұлттық сананың қалыптасуындағы маңызын түсіндіру, діни сананың радикалдануының алдын-алудың қадамдарын ұйымдастыру, жүзеге асыру. Дінаралық, діни және діни емес көзқарастардың қарым-қатынасында ынтымақтастық орнатуды жоспарлау, іске асыру.
- Әлеуметтік-саяси, экономикалық, құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен кәсіпкерлік дағдылар негізінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және әдеп нормаларына сәйкес өзінің ақылақтық және азаматтық ұстанымын дамытуға, сондай-ақ жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге қабілетті.
- Тұтынушыға әлемдік бәсекеге сай, заманауи қоғамдағы діни мәселелердің ұтымды шешімдерін АКТ құзыреттіліктерін тиімді қолдана отырып ұсыну. АКТ негіздемесі арқылы алынған нәтижелерді сараптау, жіктеу. Заманауи технологияларды ұтымды қолдану.
- Мемлекет және дін қарым-қатынасының тұрақтылығын дамыту. Дінаралық және конфессияішілік конфликттерді болдырмауда дін туралы мемлекеттік заңнаманы білікті қолдану. Жаңа діни ағымдарды классификациялау, мемлекеттік дін туралы заңнамаға сәйкес дін саласын реттеуді жүзеге асыру.
- Дін саласындағы мәселелерді шешуде шетел тіліндегі ғылыми әдебиеттерді, дереккөздерді өз деңгейінде еркін, ұтымды қолдану. Шетел тілінде ойын ауызша және жазбаша сауатты негіздеу, еркін жеткізу. Шетел тілімен қатар мәдениетімен танысу арқылы үздік тәжірибелерді игеру.
- Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді заманауи зерттеулердің негізінде талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.
- Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын дінтанулық ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді білікті әзірлеу, қорғау.
- Діни әдебиеттерді саралау, діни және дінтанулық әдебиеттерді талдау әдістерін қолдану. Сауатты есеп әзірлеу, дайындау, атқарылған қызметін қорытындылау, талдау, нәтижесін бағалау. Белгісіздік режимінде сәйкесінше шешімдерді тез қабылдай білу.
- Дінді тарихи, рухани, мәдени құбылыстармен сабақтастықта түсіндіру. Дінтанулық ақпараттық-түсіндіру қызметін, дінтанулық кеңес беруді жүзеге асыру. Өз ойын еркін тұжырымдау, сауатты жеткізу.
- Ислам тарихын қайнар көздерінен тану арқылы діни адасушылықтың алдын-алу шараларын жүзеге асыру, ұлттық бірегейлікті сақтауға бағыттау, Құранға қатысты кәсіби білікті маман ретінде теологиялық мәселелердің алдын-алу.
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіруге, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдауға, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми түсінуді, қоғамдық сана мен өнеркәсіптік өндірісті экологияландыруды, табиғатты ұтымды пайдалануды және мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәнмәтінінде қауіпсіз өмір салтын қамтамасыз ететін дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізінде қоршаған болмысты бағалауға қабілетті.
- Діни тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін бағалау, кәсіби қызметін жүзеге асыруда дін психологиясының әдістеріне жүгіну. Оңалту қызметінде тұтынушының психологиялық жағдаятын диагностикалау.