Пәндер

  • Экстремизм және терроризм психологиясы

    Бұл пән экстремистік және террористік мінез-құлықтың психологиялық негіздерін терең зерттеуге бағытталған. Курста тұлғалық радикалдану себептері, идеологиялық манипуляция әдістері, әлеуметтік оқшаулау, топтық қысым, сенім жүйесіне әсер ететін факторлар қарастырылады. Студенттер экстремистік ұйымдардың адам санасына әсер ету тетіктерін, жалдау стратегияларын және психологиялық тұрақтылықты бұзатын факторларды талдайды. Пән радикалдануға қарсы профилактикалық жұмыс жүргізудің психологиялық әдістерін меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, қауіп-қатер топтарымен жұмыс істейтін мамандардың эмоционалдық шыдамдылығы мен кәсіби этикасы да назарда болады.

    Несиелер - 5
  • Салыстырмалы діндер теологиясы

    Діндердегі сенім,құлшылық, дүниетаным, діни мәтін түсініктеріне салыстырмалы түрде талдау жасай алады. Әр діннің өзіне тән маңызды ерекшеліктерін, құндылықтарын, өзгешеліктерін ашып көрсетеді. Теологиялық танымның маңызды әдістерінің бірінен саналатын текст талдау әдіске мән беру арқылы, білім көкжиегін кеңейте түседі. Студент діни салалардың айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктерін саралай алуға қабілетті болады.

    Несиелер - 5
  • Орта Азиядағы христиандық тарихы

    Бұл пән теологияның генезисін және оның өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасу және даму тарихына қатысты мәліметтерді қарастырады. Христиан теологиясы өзінің тарихи қалыптасуы мен өмір сүруінде еуропалық философия тарихымен тығыз байланысты. Бұл әсіресе осы теологияның «спекулятивтік» құрамдастарына қатысты. Бұл философиямен байланыс қажеттілігі мен мүмкіндігін жоққа шығаратын христиандық теологияның әртүрлілігіне де қатысты. Христиан сенімі туралы мәліметтерді қазіргі заман талабына сай зерттеуге бейімделеді.

    Несиелер - 5
  • Инклюзияға кіріспе

    Пәннің мақсаты: инклюзивті білім беру негіздерінің ғылыми-теориялық білімдер жүйесін меңгеру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалармен өзара әрекеттесуді ұйымдастырудың құндылық бағдарларын қалыптастыру, инклюзивті ортада кәсіби қызмет саласындағы құзыреттерді меңгерту

    Несиелер - 5
  • Дін психологиясы

    Дін психологиясының қалыптасуы мен қарастыратын сұрақтарын, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдарын, өзге ғылымдар жүйесіндегі орыны мен мәнін қарастырады. Діни сана, діни тәжірибе мен дінді ауыстыру мәселелеріне қатысты психологиялық талдау жасау осы ғылымның басты қарастыратын мәселелері болып табылады. Дін психологиясы әртүрлі діни дәстүрлерге, руханияттың формаларына, діндар және дін ұстанбайтын тұлғаларға психологиялық зерттеу әдістері мен түсіндіру үлгілерін қолдану.

    Несиелер - 5
  • Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениеті

    Пән тарихта болған Темір империясы, Мамлюк Египеті, Ұлы Моғолстан мемлекеті, Осман империясы сияқты мұсылман түркі мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетін қарасырады. Бұл ұлы түркі мемлекеттерінің бір бөлігі ғана. Пән оқу арқылы білімгерде Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетіне қатысты талдау жасай алатын қабілет қалыптастыру. Түркі ислам мемлекеттерінің тарихы мен мәдениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесіне ғылыми негізде баға бере алу.

    Несиелер - 5
  • Діни профилактика және оңалту негіздері

    Бұл пән қоғамдағы діни радикализм мен деструктивті ағымдардың алдын алу және олардың әсеріне ұшыраған адамдарды оңалту үдерістерінің теориялық және практикалық негіздерін үйретеді. Студенттер профилактикалық жұмыс жүргізу әдістерін, мақсатты аудиториямен қарым-қатынас жолдарын, діни реабилитацияның психологиялық, әлеуметтік және рухани аспектілерін меңгереді. Пән діни қауіптің алдын алу, сенімге негізделген түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және дерадикализация бағытында кәсіби дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Несиелер - 5
  • Діни конфликт және стресс психологиясы

    Барлық адамдар стресске ұшырайды, бірақ оған реакция әртүрлі. Кейбіреулер мұны өте ауыр сезінеді. Басқалары стреске жақсы ұйқымен, серуендеумен және тәбетінің жоғарылауымен немесе алкогольді ішімдікпен жауап береді. Бұл пәнде қоғам ішіндегі конфликт пен стресстік жағдайларға жеткізетін мәселелердің психологиясы оқытылады. Әлемдік психологтардың конфликт пен стресс жайлы еңбектеріне негізделе отырып, осылардың психологиялық сипаттарын қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Діни мәтінге қатысты араб тілі

    Бұл пәнде студент араб тілінің діни мәтіндерді түсіну және талдау үшін қажет лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін меңгереді. Ол діни мәтіндерді оқу, аудару және мағыналық талдау жасау дағдыларын дамытады. Студент діни терминологияны игеріп, діни мәтіндердің құрылымы мен тілдік ерекшеліктерін зерттейді. Сонымен қатар, пән тарихи және мәдени контексті ескере отырып, діни мәтіндердің маңыздылығын және олардың қолданылу салаларын талдауды қамтиды. Бұл курс теологиялық зерттеулер мен діни коммуникацияда араб тілін кәсіби деңгейде қолдануға мүмкіндік береді.

    Несиелер - 5
  • Қазақ ойшылдарының діни дүниетанымы

    Бұл пән ойшыл, ойшылдық, даналық, данышпан ұғымдарын ашып көрсетеді. Қазақ ойшылдарының діни ой-пікірлерінің қалыптасуы мен ой-тұжырымдарының ерекшеліктеріне тоқталып, алғышарттарымен таныстырады. Қазақ топырағынан шыққан ортағасырлық ғұламалар мен хандық кезеңдегі жыраулар поэзиясы, зар заман ақындары мен соңғы ғасырдағы ойшылдардың шығармаларын негізге ала отырып діни дүниетанымдарының қалыптасуын қарастыру, астарына үңіліп, талдау жасау.

    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік дағдылары

    Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру үшін теориялық білім береді: Кәсіпкерлік түрлері. Бизнес. Қаржы жүйесі. Тайм-менеджмент пен жобаларды басқару. Күйзелісті басқару. Келіссөздер жүргізу дағдылары. Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. Бизнесті басқару дағдылары. Топтық жұмыс және көшбасшылық қасиеттер. Тұтынушыларға қызмет көрсету дағдылары. Қаржылық дағдылар. Аналитикалық және мәселелерді шешу дағдылары. Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары. Стратегиялық ойлау және жоспарлау дағдылары. Техникалық дағдылар. Уақытты басқару және ұйымдастырушылық дағдылар. Брендинг, маркетинг және желілерді құру дағдылары. Бизнесті басқару дағдылары.

    Несиелер - 5
  • Исламдық құқықтық мектептер

    Бұл пән ислам тарихында қалыптасқан құқықтық мектептердің (Мазхабтардың) шығу тарихын, қалыптасу ерекшеліктерін, құқықтық әдіснамаларын және олардың айырмашылықтарын зерттеуге бағытталған. Студент төрт сунниттік Мазхаб (Ханафи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали) пен басқа да құқықтық бағыттардың даму жолын, құқықтық үкім шығарудағы ерекшеліктерін, фиқһ (ислам құқығы) негіздерін салыстырмалы түрде үйренеді. Пән мазмұны діни құқықтың тарихи, мәдени және әлеуметтік контекстегі қолданысын түсіндіруге көмектеседі. Сонымен қатар, қазіргі заманғы құқықтық мәселелерге қатысты әр Мазхабтың ұстанымдарын талдауға мүмкіндік береді. Бұл пән исламдық құқықтың теориялық негізін терең меңгеруге және құқықтық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Дін әлеуметтануы

    Дін әлеуметтануы дін мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін әлеуметтанудың саласы. Дін әлеуметтануы діни тәжірибелерді, дін мен қоғамның өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін, әмбебап тақырыптарды және діннің әлеуметтік процестердегі рөлін зерттейді. Қазіргі дін социологиясын үш білім деңгейінің қосындысы ретінде көрсетуге болады: әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық. Дін әлеуметтануы діннің классикалық және қазіргі теорияларын, эмпирикалық зерттеулердің әдістері мен маңызды нәтижелерін қарастырадыі.

    Несиелер - 5
  • Ислам және логика

    Бұл пән ислам ойлау жүйесіндегі логиканың орнын, маңызын және тарихи дамуын зерттейді. Студенттер ислам философиясы мен теологиясында қолданылған логикалық категориялармен, дәлелдеу тәсілдерімен және рационалдық дәстүрмен танысады. Пән барысында классикалық логика ұғымдары мен ислам ғұламаларының еңбектеріндегі логикалық құрылымдар салыстырыла қарастырылады. Сондай-ақ логиканың Құран тәпсірі, сенім негіздерін дәлелдеу және діни пікірталастардағы қолданысы талданады. Курс студенттің сыни ойлауын, дәлелді ой айту қабілетін және теологиялық мәтіндерді жүйелі талдау дағдыларын дамытады.

    Несиелер - 5
  • Радикалды сана психологиясы

    Радикалды сана психологиясының өзге ғылымдар жүйесіндегі рөлі мен мәнін, оның объектісі, пәні, негізгі ұғымдарын қарастыру. Дін психологиясында радикалды сананың қалыптасуын, осы сана негізінде жаңа мәселелер шешу жолдарын қарастыру мен жағдайларды креативті ойлау арқылы шешуге қабілетті болу. Психология саласындағы әлемдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, радикалды сананың сипаттарын, ерекшеліктерін, өзгерістерін анықтауға біліктілік қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Каллиграфия

    Каллиграфия пәні бойынша студенттер каллиграфия өнерінің пайда болу тарихын, даму кезеңдерін және ислам өркениетінде қалыптасқан негізгі жазу мектептері мен стильдік бағыттарын меңгереді. Білім алушылар тарихи үлгілерді саралап, каллиграфиялық ескерткіштердің мәдени және эстетикалық маңызын анықтайды. Пән студенттердің ғылыми-зерттеу, көркемдік талдау, эстетикалық бағалау және шығармашылық ойлау құзыреттерін дамытады.

    Несиелер - 3
  • Мазһабтар тарихы

    Бұл пән Исламда сенімдік, құқықтық, саяси мәзһабтардың пайда болуын, қалыптасуын, дамуын қарастырады. Құқықтықтық және доктриналдық Мазхабтар арасындағы пайда болу себептері мен қалыптасып дамуы кезеңіндегі ерекшелік пен аймашылықтарды зерттейді. Бұл пән білімгерге исламдағы құқықтық, кәләмдық және саяси мәзһабтардың ілімдік ерекшеліктерін ажыратуға үйретеді. Мазхабтардың қалыптасуына түрткі болған әлеуметтік, саяси, экономикалық, мәдени алғышарттарға тоқталады. Мазхабтар арасындағы ерекшеліктерді ажыратып талдауды меңгерту.

    Несиелер - 5
  • Діни мәтін герменевтикасына кіріспе

    Теологиялық герменевтикада Қасиетті Жазбалар конфессиялық позициялардан қарастырылады. Оның өкілдері, шын мәнінде, өз методологиясы бойынша теологиялық дискурстан философиялық дискурсқа көшті. Олардың концептуалды зерттеулерінің құндылығы олардың қасиетті мәтіндердің қасиетті символизмнің жалпыадамзаттық экзистенциалдық тәжірибемен, адам тәжірибесінің алуан түрлілігімен, адам болмысының өзекті мәселелерімен байланысы сияқты аспектісін зерттейді. Әлемдік және дәстүрлі діндергі діни мәтіндерді салыстыру арқылы анализ жасай алады.

    Несиелер - 5
  • Құран интерпретациясының әдіснамасы

    Бұл пән Құран мәтінін ғылыми негізде түсіндіру мен талдаудың теориялық және практикалық әдістерін үйретеді. Студенттер әртүрлі тарихи дәуірлердегі және түрлі мектептердегі интерпретация тәсілдерін зерттеп, олардың ерекшеліктерін салыстырады. Пән барысында тілдік, контекстуалдық, және діни-мәдени факторлар ескеріле отырып, Құранның мағыналарын ашудың әдіснамалық принциптері қарастырылады. Сонымен қатар, заманауи ғылыми тәсілдер мен классикалық әдістердің интеграциясы, мәтіндік талдау мен экзегетиканың негіздері үйретіледі. Бұл курс студенттерге Құранды жан-жақты түсіну мен талдауға көмектеседі.

    Несиелер - 5
  • Құран ілімдеріне кіріспе

    Құран ілімдеріне кіріспе пәні құранға қатысты ғылым салаларын қарастырады. Құранның түсу себептерін, аяттардың мағынасы мен мақсатына қарай бөлінуін, құранның жинақталуын және құранға қатысты жазылған ғылыми еңбектермен танысу. Құран ілімдеріндегі ерекше маңызды мәселелермен таныстыру, әрбір салаға қатысты классикалық еңбектерге сүйене отырып, жалпы түсінік қалыптастыру. Құран ілімдерінің негіздерін меңгерту. Құранға қатысты ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қажетті жағдайда қолдана білу.

    Несиелер - 5
  • Қазіргі діни қозғалыстар мен культтер

    Бұл пән дәстүрлі діндерден бөлінген немесе синкреттік жолмен қалыптасқан салыстырмалы бертін қалыптасқан діни топтар мен культтерді зерттеу пәні ретінде қарастырады. Білім алушыға жаңа терминдерді біліп, жаңа діни ағымдарға классификация жасауды үйрету . Сонымен қатар жаңа діни ағымдарды зерттей отырып, әлемдік және ұлттық діндердің қоғамдағы рөліне бағалау; Жаңа діни культтерді топтастыра отырып, діндерді «секта», «деноминация», «конфессия» сияқты категорияларға бөліп қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған шет тілі

    Шет тілін кәсіби деңгейде меңгеруге күш салу. Текстерді оқу түсіну және аудару барысында кездесетін қиыншылықтарды шешудің жолдарын үйрету. Білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдай және пайдалана алу. Әртүрлі тақырыптар аясында коммуникативтік біліктіліктер қалыптастыру арқылы, шет тілін кәсіби түрде сауатты сөйлеуге және тілдік шет тілінің стандарттық ерекшеліктерін меңгеруге бағыттау.

    Несиелер - 5
  • ҚР дін саласындағы нормативтік құқықтық актілер

    Бұл пән Қазақстан Республикасындағы дін саласын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерді кешенді түрде талдауға арналған. Студенттер «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды, Конституциялық нормаларды, әкімшілік және қылмыстық заңнамадағы діни мәселелерге қатысты баптарды зерттейді. Пән барысында дін мен мемлекет арасындағы қатынастар, діни бірлестіктердің құқықтық мәртебесі, діни қызметті реттеу тетіктері, сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу саласындағы құқықтық құралдар қарастырылады. Бұл курс дінтанушылар мен құқық саласындағы мамандар үшін маңызды құқықтық білімнің негізін қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Экономика және құқық негіздері

    Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл экономика және құқық саласы бойынша теориялық білім береді: Қоғамдық өнеркәсіп. Капиталдың болмысы, үлгілері, құрылымы. Нарықтық экономикадағы өнеркәсіптің шығындары мен табыстары. Бизнес. Қаржы жүйесі. Ресурстарды үнемдеу. Экономикалық дамудың циклділігі. Әлемдік экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі Қазақстан. Нарықтың пайда болуы. Бизнестің дамуындағы мемлекеттің рөлі. Ата Заң, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының негізгі ережелері. Мемлекеттік басқару институттарының жүйесі, олардың уәкілеттіліктерінің аясы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, әдістері. Экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлі. Қаржылық құқық және қаржы. Материалдық және іс жүргізу құқығының әрекеттесу тетігі.

    Несиелер - 5
  • Постсекулярлы қоғамдағы дін

    Пән діннің мазмұны мен функцияларының постсекулярлылы қоғамның жаңа жағдайында қалай өзгеретінін зерттейді. Одан әрі жаһанданудың сакральды қоғамдық кеңістікке қайта оралуына және бір мезгілде өзгеруіне де әсері талданады. Діннің бұрынғы формалары тығыз ынтымақтастық үлгілерінің көрінісі болғанын қаратырады. Қазіргі қоғамдағы діннің орны мен азаматтардың діндарлық деңгейіне қатысты дін әлеуметтануындағы жаңа зерттеулер арқылы Қазақстан қоғамындағы діннің орны мен рөлін анықтау.

    Несиелер - 5
  • Ислам философиясы

    Ислам философиясы – ислам дәстүрінен шыққан философиядағы даму. Ислам әлемінде дәстүрлі түрде қолданылатын екі термин кейде философия деп аударылады – фәлсафа, ол философиямен қатар логика, математика және физикаға да қатысты; және Ислам теологиясының рационалистік формасын білдіретін калам. Ислам өркениетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесін ғылыми негізде бағалау . Ислам философиясы қарастырған кәләм ілімі, сонымен қатар перипатетикалық идеяларды пайымдау негізінде қалыптасқан сенім мәселесіне қатысты ілімдерін зерттейді.

    Несиелер - 5
  • Қасиетті мәтіндер экзегетикасы

    Бұл пәнде студент діни мәтіндерді түсіндірудің теориялық негіздері мен практикалық әдістерін меңгереді. Пән мазмұнында мәтінді тарихи және мәдени контексте оқу, мағына қабаттарын ашу, тілдік құрылымды талдау және символдық мәндерді саралау тәсілдері қарастырылады. Студент экзегетикалық мектептер мен тәсілдердің әртүрлілігін зерттей отырып, діни мәтіндерге сыни және талдамалы көзқарас қалыптастырады. Бұл курс мәтіннің мәнін терең ұғынуға, оның қазіргі замандағы маңызын пайымдауға және дінтанулық зерттеулерде ғылыми тұрғыда қолдануға мүмкіндік береді.

    Несиелер - 5
  • Қазіргі ислам құқығының мәселелері

    Замануи фиқһ мәселелері биліктің ұйымдастырылуы мен іс-әрекетінің негізінде жатқан, мұсылмандардың мінез-құлқын реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын қарастырады. Қазіргі ислам құқығындағы өзекті проблемаларды қарастыра отырып, басты тақырыптары негізінде адамгершілік сияқты рухани құндылықтарды зерттейді және адамдарға оң әсер ету жолдарын қарастырады. Қазіргі заманғы діни мәселелерді ислам құқығындағы тақырыптармен салыстыра отырып зерттеуге алады.

    Несиелер - 5
  • Сопылық ілімі мен философиясы

    «Сопылық ілімі мен философиясы» пәнін меңгерудің мақсаты студенттерді сопылық ілімнің пайда болу және даму тарихымен таныстыру. Курс дүние жүзіндегі сопылық ілімнің даму тарихын, сопылық ілімнің көрнекті тұлғалары ұсынған философиялық білімдерді, сондай-ақ кітап дәстүрі, сәулет өнері, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ислам институттары сияқты мәдени құбылыстарды тереңдетіп оқытуға бағытталған. Сопылықтың тарихи даму курсы аясында зерделеу ислам тарихындағы сопылық рөлін неғұрлым толық және объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда сопылық дәстүрдің маңызды бөлігі болып табылатын ислам мәдениетінің сындарлы қағидаттарына көңіл бөлу мұсылмандардың әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесіне объективті баға беруді қалыптастыруға ықпал етеді.

    Несиелер - 5
  • Діни оңалту жұмысын жүргізудің теориялық негіздері

    Бұл пән радикалды діни көзқарастардың алдын алу және олардан арылту бағытындағы оңалту жұмыстарының теориялық негіздерін қарастырады. Студент діни оңалтудың мақсаттары, әдістері мен түрлерін, сондай-ақ оның психологиялық, әлеуметтік және құқықтық аспектілерін зерттейді. Пән аясында сенім жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіру модельдері, дерадикализация және ресоциализация үдерістері талданады. Студент радикалды топтармен жұмыс істеудің этикалық және мәдени ерекшеліктерімен танысып, діни оңалту бағдарламаларын ғылыми тұрғыда бағалауға үйренеді. Бұл курс теологиялық, дінтанулық және қолданбалы салаларда тиімді оңалту стратегияларын қалыптастыруға негіз болады.

    Несиелер - 5
  • Эстетика және діни өнер

    Эстетика және діни өнер ғылымының хронологиялық шекарасы бастапқыда 1-2ғғ. 7-8 ғасырлар аралығын қамтыса, бүгінде қазіргі діни өнерді де қамтиды. Пәнді діни тәжірибеге эстетикалық тәсілді қолдану ерекшеліктерін түсіну үшін қалыптасқан әдістемелерді қолдануды қарастырады. Білім алушыға діни өнер туындыларын қабылдап, оны интерпретациялауға қабілетті болуды үйрету. Әлемдегі діндердің түрлі өнер салаларына әсерін, ықпалын зерделеп, соның негізінде өнер туындыларындағы діни мотивтерді айқындап, сипаттау.

    Несиелер - 3
  • Деструктивті ағымдармен күрес және оңалтудың әдіс-тәсілдері

    Бұл пән қазіргі қоғамда таралған деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ерекшеліктерін, олардың әлеуметтік-психологиялық әсерін және олармен күресу жолдарын зерттеуге бағытталған. Студенттер радикалданудың себептері мен кезеңдерін, радикалды топтардың тарту әдістерін және оларға қарсы ақпараттық, құқықтық, психологиялық тәсілдерді меңгереді. Сонымен қатар, оңалту (реабилитация) жұмысының негізгі принциптері, мақсатты топтармен жұмыс істеу әдістері және радикалды көзқарастан арылту тәжірибелері қарастырылады. Курс дін мамандары мен идеологиялық салада жұмыс істейтіндерге практикалық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Экология және өмір қауіпсіздігі бұл адамның қоршаған ортамен (өндірістік, тұрмыстық, қалалық, табиғи) қауіпсіз әрекеттесуі және төтенше жағдайлардың теріс факторларынан қорғану мәселелерін біріктіретін элективті пән. Адам өміріндегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын игереді. Табиғи және техногенді апаттардан қорғанудың негізгі тәсілдерін біледі; қазіргі заманғы зақымдану құралдары мен олардың зардаптарын жою шараларын ұйымдастыра алады, сондай-ақ тіршілік қауіпсіздігінің шарттарын бағалауды меңгереді.

    Несиелер - 5
  • Орта Азиядағы ислам тарихы

    Пән Орта Азиядағы ислам тарихын және қазіргі мәселелерін оқып-зерттеу негізінде ислам дінінің аталған аймаққа таралу ерекшеліктерін кең көлемді қарастырады. Исламның дінінің Орта Азияға таралуын кең көлемді түсіндіру арқылы исламның аталған аймаққа таралу кезіндегі ерекшеліктері мен мәселелерін оқу арқылы талдау қабілетін меңгерту. Орта Азиядағы ислам дінінің, қалыптасуы және таралуына тоқталу барысында исламның осы географиялық аймаққа тән ерекшеліктерін көрсету.

    Несиелер - 5
  • Дерадикализация және профилактика методикасы

    Бұл пән радикалданудың алдын алу және радикалды көзқарастағы тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеу (едерадикализация) үдерісінің теориясы мен тәжірибесіне арналған. Студенттер дерадикализация бағдарламаларының құрылымы, психологиялық және әлеуметтік жұмыс әдістері, сондай-ақ алдын алу шараларының тиімді тәсілдерімен танысады. Пән радикал идеологияның таралуына әсер ететін факторларды, қауіп топтарын анықтау, тәуекелді бағалау және уақтылы әрекет ету әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл курс қауіпсіздік, дінтану және әлеуметтік жұмыс салаларында маманданатын болашақ мамандар үшін маңызды практикалық және аналитикалық негіз қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Түркілердің байырғы наным-сенімдері

    Бұл пән түркі халықтарының исламға дейінгі кезеңдегі дәстүрлі наным-сенім жүйесін, дүниетанымын және рухани тәжірибесін зерттейді. Түркілердің табиғатпен тығыз байланыста қалыптасқан сенімдері, киелі жер мен уақыт ұғымдары, тәңірлік түсінік, шамандық тәжірибе және табыну ритуалдары пәннің негізгі мазмұнын құрайды. Студент осы сенімдердің қоғамдағы орны, моральдық-этикалық нормаларға, билік жүйесіне, әскери құрылымға және мәдениетке ықпалын жан-жақты қарастырады. Пән ежелгі түркілердің рухани дүниесін түсінуге, олардың дін мен табиғатқа қатынасын бағамдауға мүмкіндік береді.

    Несиелер - 5
  • Исламдағы өнер

    Пәннің мақсаты – студенттерге ислам мәдениетінде қалыптасқан эстетикалық дүниетанымды, көркемдік ұстанымдарды және олардың тарихи даму үдерісін жүйелі түрде түсіндіреді. Исламдағы өнер –Құран мен сүнеттегі эстетикалық, сезімдік және сұлулық қырын үйренеді. Сондай ақ Исламның алғашқы кезеңіндегі поэзия, архитектура ерекшеліктеріне тоқталып әр дәуірдегі өнер генезисімен танысады.

    Несиелер - 5
  • Ғылым және дін

    Пән ғылым мен діннің байланысының негізгі формаларын белгілейді, ғылымның діни-философиялық және теологиялық концепцияларымен таныстырады, ғылыми және экзистенциалдық құбылыстарды салыстыру дағдысын қалыптастырады. Ғылым мен діннің әлеуметтік функциялары мен перспективаларын айқындайды. Ғылымның мәнділігі және прагматикалық құндылығынан аспайтын мәдени парадигма ретінде діни рефлекцияны сыни қабылдауды үйретеді. Ғылым мен діннің мәдени феномендерінен тыс философиялық-аксеологиялық рефлексияны қалыптастыруды мақсат етеді.

    Несиелер - 3
  • Ислам этикасы

    Мұсылмандық этика мейірімділік пен қайырымдылыққа ерекше мән беріп, оларды адамды адамгершілікке тәрбиелеудің және әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы, әртүрлі этностар мен діндерге жататын адамдардан тұратын қоғамды топтастырудың ең маңызды құралы ретінде қарастырады. Исламда мейірімділік пен қайырымдылыққа қатысу Алланың алдындағы парыз деп жарияланған. Исламдағы мораль мәселелерін қарастырып, негіздері мен жолдарын меңгереді, ислам этикасындағы негізгі категориялар мен шарттарды, индивиттің тұлға болып қалыптасуындағы ислам этикасының ролі мен әсерін қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Ислам құқығы

    Ислам құқығы құқықтық пәндердің құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылады. Ислам құқығының бастауы, қалыптасуы мен негіздері құқықтық мектептер мен олардың әдіснамасына қатысты білімге ие болу. Білімгер құқықтық мектептер қарастырған тақырыптар бойынша заманауи мәселелер төңірегінде зерттеу жасау арқылы өзіндік ой қалыптастыра алады. Ислам құқығындағы проблемаларды талдаудың жолдарын салыстыру арқылы шешу жолдарын меңгеру.

    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері

    Бұл курстың мақсаты әлеуметтік, мәдени және азаматтық даму үшін жалпы білім беру құзыреттерін дамыту болып табылады. Бұл курс теориялық білім береді: Жемқорлыққа қарсы мәдениет: түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары. Жемқорлыққа қарсы сана және жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі және функциялары. Шет мемлекеттерде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Жемқорлыққа қарсы мәдениет: даму тетіктері мен институттары. Жеке тұлғаның жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудағы отбасының рөлі. Жемқорлыққа қарсы мәдениеттің ұлттық негіздері. Қоғамдық бақылау жемқорлыққа қарсы күрес тетігі ретінде. Саяси партиялар мен БАҚ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру құралы ретінде. Жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие беру. Жемқорлыққа қарсы заңнама және жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік. Жемқорлыққа қарсы күрестің конституциялық негіздері. Жемқорлық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершілік. Мемлекеттік қызметте және бизнес ортада жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру негіздері

    Бұл пән ғылыми зерттеу жүргізудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жан-жақты қарастырады. Студенттер зерттеу тақырыбын анықтау, мақсат пен міндеттерді нақтылау, зерттеу жоспарын құру, дерек жинау, талдау және нәтижелерді ғылыми тұрғыда рәсімдеу дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ зерттеу процесін жүйелі ұйымдастыру, уақытты басқару, этикалық талаптарды сақтау және ғылыми есеп беру формаларын дайындау жолдарын үйренеді. Пән ғылыми ойлауды дамытуға бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Дін және өнер

    Ұзақ тарихи дәуірден өнер дінмен тығыз байланысты болғаны белгілі. Дін мен өнер контекстіндегі эстетиканың негізгі категорияларын меңгереді, өнердің негізгі түрлерінің діндегі көрінісі, діни өнердегі дəстүрлік жəне жаңашылдық, өнер генезисі, дiни-көркемдiк бiртұтастық мәселесi сияқты тақырыптарды қозғап, олардың түрлерін зерттейді. Дін мен өнердің табиғатын, ерекшеліктерін жəне қызметтерін қарастырады. Діни өнердегі канонның орнын ажыратады.

    Несиелер - 5
  • Әдет-ғұрып құқығы

    Бұл пән қоғамда қалыптасқан дәстүрлі құқықтық нормалар мен олардың тарихи-мәдени негіздерін жан-жақты зерттеуге бағытталған. Әдет-ғұрып құқығы – ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық тәртіп пен мінез-құлық үлгілерін реттейтін, халықтың өмір сүру дағдысымен тығыз байланысты құқық жүйесі. Студенттер әдет-ғұрыптың құқық көзі ретіндегі маңызын, оның ислам құқығымен өзара ықпалдасуын, сондай-ақ әлеуметтік басқару мен реттеу құралы ретіндегі рөлін талдайды. Сонымен қатар, пән қазіргі замандағы құқықтық жүйеде әдет-ғұрыптық нормалардың қолданылу мүмкіндіктерін, нормативтік актілермен байланысын және құқықтық сана мен мәдениетке әсерін қарастырады. Бұл курс құқық, теология, дінтану, әлеуметтану және мәдениеттану саласындағы болашақ мамандарға құқықтық дәстүрлерді терең түсінуге көмектеседі.

    Несиелер - 5
  • ҚР Дін туралы мемлекеттік заңдар

    Адамзат тарихында мемлекет пен діни құрылымдардың қарым-қатынасы, құқық пен діннің арақатынасы сияқты күрделі болды. Дін мен құқық басқа қызметтермен қатар адам мінез-құлқының қуатты реттеушісі қызметін атқарып келеді. Пәннің зерттеу нысаны ҚР діни сенім бостандығын жүзеге асыру теориясы және практикасын, аналитикалық зерттеулерді камтиды. Білімгерге түрлі діни топтардың заң аясындағы қызметі мен заңдық және заңнан тыс құқықтарын талдау қабілетін меңгерту.

    Несиелер - 5
  • Дін және әлеуметтік конфликт

    Дін қақтығыстар тудыруы және қоғамның әртүрлі деңгейлерде, соның ішінде макросоциологиялық деңгейде ыдырауына ықпал етуі мүмкін. Діннің конфликтологиялық теориялары Маркс ілімінен бастау алады. Таптық қоғамда дін әлеуметтік антагонизммен қоректенеді. Билеуші азшылық пен қаналған, құқықтарынан айырылған көпшілік арасындағы таптық күрес мұндай қоғамдар өмірінің барлық салаларын қамтиды. Пән діннің әлеуметтік конфликтіні қоздырушы және тоқтатушы қырларын қарастырады.

    Несиелер - 5
  • Кәсіби бағытталған араб тілі

    Бұл пән араб тілін кәсіби мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студент мамандыққа сәйкес терминдер мен сөйлеу үлгілерін меңгереді, ресми хаттар жазу, кәсіби диалог жүргізу, құжаттармен жұмыс істеу, ауызша және жазбаша хабарламалар дайындау машықтарын дамытады. Пән мазмұны салалық мәтіндермен жұмыс істеуге, нақты кәсіби жағдаяттарда араб тілінде еркін сөйлесуге бейімдейді. Студент тілдік және коммуникативтік қабілеттерін жетілдіре отырып, болашақта халықаралық ортада кәсіби қызмет атқаруға дайындық жасайды.

    Несиелер - 5
  • Дінтанулық сараптама, талдау және мониторинг негіздері

    Бұл пән дін саласындағы ақпараттарды кәсіби түрде сараптау, талдау және мониторинг жүргізудің ғылыми-теориялық және қолданбалы негіздерін үйретеді. Студенттер діни мазмұндағы материалдарды сараптаудың әдіс-тәсілдерін, құқықтық және этикалық талаптарды, сондай-ақ діни ахуалды бағалау мен болжау әдістерін меңгереді. Пән барысында ақпараттық қауіпсіздік, діни радикализммен күрес, діни ұйымдар мен мәтіндердің мазмұндық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл курс дінтанушы сарапшыларды даярлауға, қоғамдағы діни процестерге баға беру және оларға ғылыми тұрғыдан мониторинг жүргізу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.

    Несиелер - 5
  • Күнделікті өмірдегі ағылшын тілі

    Студенттерді шет тілінде оқыған материалдарын толық түсініп, талдай алуға, естіген материалдарын тыңдау арқылы түсініп, ойын еркін жеткізіп, жүйелі түрде монолог, диалог түрінде жеткізе алуға үйрету. Ағылшын тілінде сауатты жаза білуге үйрету. Ауызекі тілде сөйлесу кезінде және баспасөзде жарияланған материалдарды оқу барысында жиі қолданылатын сөздер мен тіркестерді меңгеру арқылы жылдам әрі нақты сөйлеуге машықтандыру.

    Несиелер - 5
  • Қазақстан-Мысыр діни-мәдени қатынастары

    Бұл пәнді оқи отырып, студент Қазақстан мен Мысыр арасындағы тарихи және қазіргі діни-мәдени қатынастарды терең түсінеді. Екі ел арасындағы мәдени және рухани ықпалдастықтың бағыттары мен маңызын талдайды. Пән аясында діни дипломатия, дінаралық диалог, экстремизмнің алдын алу және рухани тұрақтылыққа қатысты ұғымдарды меңгереді. Сондай-ақ, студент халықаралық діни қатынастардағы Қазақстанның ұстанымын бағалай алады. Ғылыми дереккөздермен жұмыс істеу, мәтіндік талдау жасау және салыстырмалы зерттеу әдістерін қолдануды үйренеді.

    Несиелер - 5
  • Ислам тарихы

    Ислам тарихы пәні ислам дінінің пайда болуынан бастап әлемге таралуы кезіндегі ерекшеліктерді кезеңдерге бөліп қарастыра отырып, ислам тарихында династиялық басқару кезеңдері, олардың мемлекеттік құрылымдары мен мәдени деңгейлеріне, таралған аймақтардағы жергілікті мәдени географиялық ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан ислам дінінің тарихын зерттейді. Исламның таралу тарихын оқу барысында ислам тарихында орын алған елеулі оқиғаларға кеңінен тоқталып талдау жүргізіледі.

    Несиелер - 5
  • Дін философиясы

    Дін құбылысын философиялық тұрғыдан түсіну, адамның шындыққа, ең алдымен құдайлық шындыққа деген діни көзқарасы, гносеология және дін философиясының ғылыми концепцияларымен таныстыру. Дін философиясы діни-философиялық жүйелер мен олардың негізінде жатқан дәстүрлі философиялық идеялар туралы теориялық түсініктер беруге бағытталған, студенттердің философиялық мәтіндермен өз бетімен жұмыс істеуге практикалық дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар олардың философиялық және мәдени-танымдық негіздерін қалыптастыруды көздейді.

    Несиелер - 5
  • Діни фундаментализм және модернизм

    Курста студенттерге діни фундаментализм және модернизм ұғымы, басты ерекшеліктері, діни фундаментализм және модернизмге қатысты дін әлеуметтануы зерттеулеріндегі теориялар, тарихи бастаулары ұсынылады. Әлемдік діндердегі діни фундаметализм және діни модернизм құбылыстары талданады. Діни фнудаментлаизм исламофобияны күшейтуші фактор ретінде сараланады. Секуляризация және діни модернистік құбылыстар қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Қаржы сауаттылығының негіздері

    Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Академиялық жазылымдарды жазудың тәртібі мен талаптарын меңгере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің және рәсімдеудің негізгі талаптарын, тәсілдерін үйрету. Академиялық жазу және оның ерекшелігі, қалыптасуы, кәсіби құзыреттілік және коммуникативтілікті кеңейту, аналитикалық мәтіндік әрекетке байланысты құзыреттер қалыптасыру. Студенттердің лингвистикалық және прагматикалық дағдыларын қалыптастыру. Ғылыми басылымдарға зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялаудың жолдарын, талаптарын, кезеңдерін қарастыру.

    Несиелер - 5
  • Еркін ойлау тарихы

    Пән болашақ мамандардың дінге қатысты еркін ойдың қалыптасуы мен даму кезеңдері, адамзат рухани мәдениет тарихындағы еркін ойдың алуан түрлі формалары туралы ой-танымдық мәдениетін қалыптастыруды өз алдына мақсат етіп қояды. Еркін ой тарихы, еркін ойдың түрлі формаларын айқындап көрсетеді. Адамзат тарихындағы еркін ойдың қалыптасуы, даму кезеңдері мен ерекшеліктері; еркін ой рухани мәдениеттің құбылысы ретінде дінге сыни көзқарас екендігін ашып зерттейді.

    Несиелер - 3
  • Араб тілі

    Арабша сөйлемдерге грамматикалық кешенді талдау жасап, сөйлем құрылымының мағынасын араб тілінде түсіне үйрету. Пәндік тарихты игеріп, пәннің жаңашыл заманауи даму барысын қадағалай алу. Бұл пәнді меңгеру аясында студенттер классикалық араб тілінің грамматикасы мен лексикасы туралы терең түсінік алады, осы тілдегі мәтіндерді (Құран, классикалық поэзия және проза) оқуға қажетті дағдыларды меңгерту. Сондай-ақ қазіргі әдеби араб тіліне көп көңіл бөлу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа қатысты араб тілі

    Бұл пәнде студент араб тілінің мамандыққа тән кәсіби лексикасы мен терминологиясын меңгереді. Ол мамандық саласындағы мәтіндерді түсіну және аудару дағдыларын дамытады. Студент кәсіби қарым-қатынасқа қажетті сөйлеу және жазу машықтарын игереді. Сонымен қатар, араб тілінде мамандыққа қатысты құжаттар мен ғылыми әдебиеттерді талдап, оларды қолдана білуді үйренеді. Пән мамандықтағы кәсіби тілдік коммуникативтік қабілеттерді қалыптастыруға бағытталған..

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Діндер тарихы

    Діндер тарихы діндердің даму және өзгеру процестерін зерттейтін білім саласы. Бұл саланың мақсаты әртүрлі діндердің пайда болуын, дамуын және қызметін талдау, сондай-ақ олардың адамзат тарихындағы орнын анықтау. Сонымен қатар наным-сенім түрлері мен құлшылық формаларын зерттеу пәні ретінде қарастырады. Тарихта болған және қазіргі діндер туралы мәліметтерді жинақтау және сақтау болып табылады. Зерттеулер діннің жалпы тарихына, діндер мен конфессиялардың аймақтық тарихына сәйкес жүргізіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Араб тілі 2

    Араб тіліндегі мәтіндерді сараптау барысында араб тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін игеріп, сөз мағынасын ажырата біледі. Тілдік шеберліктерді пән ретінде таңдаудың мақсаты мен міндеттерін игереді. Араб тіліндегі арнайы мәтіндерге практикалық талдау жасай алады. Тәжірибелік мақсат – жоғары деңгейлі студенттерді дамыту, лингвистикалық, коммуникативті және лингвомәдени құзыреттілік. Осы кезеңде тренинг тыңдау, оқу, сөйлеу дағдыларын бекітеді және жетілдіреді, жазбаша сөйлеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ислам теологиясы

    Ислам теологиясы ислам қағидаларын ақылмен түсіндіретін, сенім негіздеріне қатысты сұрақтарды ақыл қолдана отырып қарастыратын пән. Бұл ғылымның мақсаты ислам дінінің сенім негіздерін, ислам теологиясына қатысты негізгі мәселелерді теориялық тұрғыдан қарастыру. Ислам теологиясының пайда болуына түрткі болған себептер мен қалыптасу тарихын, қарастырған мәселелері және ислам теологиясының қарастырған мәселелерін және оны шешудің жолдарын қарастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілінде сөйлемнің дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін шет тілінің фонематикалық жүйесін үйренеді; шет тіліндегі сөздік, терминдер, стильдер мен сөз тіркестерінің қорын қалыптастырады; шет тілін үйренудегі негізгі дағдыларды меңгереді: тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу.
  • Мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңызын түсінуі, негізгі перспективалар мен нақты жұмысын анықтайтын мәселелерді анықтау, мәліметтердің ақпарат базаларын жинауда жасанды интеллект қолдану. Отбасы мүшелерінің құқығын шариғи тұрғыда меңгеріп, мемлекеттік заң шеңберінде сәйкестендіріп, қоғамдағы отбасы институнына қатысты мәселелерді меңгереді.
  • Дінге қатысты деректерді жүйелі түрде талдап, оларды ғылыми тұрғыда қолдана алады, сондай-ақ қоғамның рухани дамуына өз үлесін қоса алатын кәсіби және тұлғалық құзыреттіліктерді қалыптастырады.
  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіруге, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдауға, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми түсінуді, қоғамдық сана мен өнеркәсіптік өндірісті экологияландыруды, табиғатты ұтымды пайдалануды және мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәнмәтінінде қауіпсіз өмір салтын қамтамасыз ететін дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізінде қоршаған болмысты бағалауға қабілетті.
  • Коллективті жұмыс ақтаруға, қоғамдағы актуалды мәселелерді шешуге, нақты ойлап, тұшымды әрі жаңашыл пікір ұсынуға, қоғамдағы шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге әрі заманауи техника-технологияларды және ЖИ жоғарғы денгейде қолдануға қабілетті болу
  • Дінаралық және конфессияішілік қақтығыстардың алдын алу мақсатында дін туралы мемлекеттік заңнаманы кәсіби деңгейде меңгереді; Жаңа діни ағымдарды ғылыми негізде классификациялап, дін саласын мемлекеттік заңнама талаптарына сәйкес реттеу қабілеттерін қалыптастырады.
  • Діни құбылыстарды талдауда ғылыми тәсіл мен әдістерді қолдану дағдыларын меңгереді, сондай-ақ діни-ағартушылық қызметті заңды және тиімді түрде жүзеге асыруды игереді.
  • Қазақстан Республикасының дамуына мүдделі маман ретінде елдік құндылықтарды бағалау. Еліміздің тарихын бағалау, Философиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық, психологиялық білімдерін теория мен қатар практикада өзін-өзі дамытуда, кәсіби шеберлігін жүзеге асыруда, қоғамда мәдениетаралық, ұлтаралық ынтымақтастықты арттыруда, насихаттауда ұтымды қолдану.
  • Тиісті саладағы әлемдік және қазақстандық құзіретті авторлар, мектептер мен бағыттар арасындағы концептуалды айырмашылықтарды және қоғамдық пікірталастардың негізгі мазмұндарын меңгеріп шығады.
  • Мамандыққа қатысты діни мәтіндерді оқу арқылы талдауға машықтанады. Ауызша және жазбаша аудармаларды дұрыс аударуға дағдыланады, аударма теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелерін біледі. Мәтіндерге тексттік талдау жасаудың әдістерін меңгереді. Аударылған ауызша, жазбаша материалдың мәні мен мазмұнын ауызекі тілде жеткізе алады
  • Қоғам мен қоғамдық институттардың жұмысы жайлы, әлеуметтік өзгерістердің алғышарттары мен нәтижелері жайлы, заманауи зерттеулер жайлы білім қалыптастыру арқылы қоғамдағы үдерістерді талдау. Әлеуметтік зерттеулерді, сауалнамаларды жүргізу, нәтижесін талдау, қорытындылау.
  • Қоғамдағы исламның тәжірибелік көріністерін, дәстүрлі діни ұстанымдарын объективті бағалай отырып жұмыс жасай алу
  • Тәуелсіз Қазақстанда зайырлы, діни толерантты қоғамның дамуына бағыттайтын ғылыми жұмыстар, мақалалар, ғылыми зерттеулерді үйренеді. Тұлғаның рухани психологиялық ерекшеліктерін бағалауда, кәсіби қызметін жүзеге асыруда және оңалту жұмыстарында дін психологиясының әдістерін меңгеру.
  • Шетел тілін сол тілмен жақын байланыс орната алатындай, оның интеллектуалдық қырымен, жаңалықтарымен, ақпараттарымен таныса алатын деңгейде меңгереді; Сол тілде сөйлейтін өкілмен еркін түрде қарым-қатынас орната алады;Әдеби мәтіндерді дұрыс және сәйкес стильде аудару үшін тілдік дағдыларды қолдана алады
  • Ислам философиясы, діндер философиясы, сопылық философиясы және діни мазхабтар мен деструктивті ағымдардың шығу себептері мен олардың негізгі ерекшеліктерін меңгереді
Top