Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B02303 Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика в KAZGUU

Пәндер

  • Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы

    Бұл курстың мақсаты ағылшын тілінің грамматикасы бойынша білімдерін жетілдіру және студенттердің осы білімді кәсіби контекстте қолдану қабілетін арттыру болып табылады. Курс бағдарламасы сөйлем мүшелері, сөйлем құрылымы, шақ, аспект, модальділік, ауыспалылық сияқты тақырыптарды қамтиды. Сондай-ақ, бұл курс студенттерге мәтіндерге грамматикалық талдау жасау арқылы олардың аналитикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік

    Курс жеке қаржыны басқару және кәсіпкерліктің негізгі қағидаттарын меңгеруге бағытталған. Бюджеттеу, жинақтау, инвестициялау, несиені басқару және қаржылық тәуекелдерді бағалау қарастырылады. Сонымен қатар бизнес-идеяны әзірлеу, нарықты талдау және кәсіпті іске қосу негіздері оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі кездегі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

    Курс Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жалпы стратегиясы мен принциптерін, сол сияқты осы бағыттағы құқық қолдану тәжірибесін игеруге бағытталған. Курс аясында заң шығарушылық және құқық қолдану практикасындағы коррупциогендік факторларды анықтау әдістері мен тәсілдері зерттелетін болады. Курсты табысты меңгеру тәлімгерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық және халықаралық заңнамада еркін бағдар алуына мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыни ойлау

    Курс болашақ мамандарға қажет танымдық міндеттерді дамытуға және оңтайландыруға бағытталған; негізгі сипатқа ие, өйткені мамандыққа қатысты пәндерді сәтті игерудің негізін қалайды. Курс толығымен практикалық ойлау дағдыларын дамытуға, оның ең жақсы техникалары мен әдістерін игертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Құқық негіздері

    Пәннің мақсаты – мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру. Бұл пәннің оқу пәні мемлекет пен құқықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтарын, негізгі құқықтық ұғымдарды анықтауды, сондай-ақ қазақстандық құқықтың мынадай негізгі салаларының негізгі ережелерін қамтиды: конституциялық, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық. Пәнді оқу нәтижесінде студент өзінің таңдаған кәсібіне қарамастан азаматтық өмір бойы бірге жүретін құқықтық қатынастарда кейінгі бағыт-бағдар алу үшін құқықтық мәдениет дағдыларын және білімдерін көрсете алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және адам өмірінің қауіпсіздігі

    "Экология және адам өмірінің қауіпсіздігі" табиғат пен қоғамның өзара байланысы туралы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың мәліметтерін синтездейтін күрделі пән. Бұл курс экологияның теориялық және практикалық білімдерін меңгеруге, адамның қоршаған ортаға антропогендік әсер етуінің нәтижесінде пайда болған қазіргі заманғы экологиялық мәселелер туралы түсінікті дамытуға, табиғи және төтенше жағдайлардағы қауіпті және төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз мінез-құлық негіздерін зерделеуге бағытталған. Курста сонымен қатар адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері мен экологиялық мәселелерді шешудің жолдары қарастырылады. Бұл курсты оқу экологиялық қауіптің негізгі көздері мен түрлерін, олардың пайда болу себептерін түсінуге, сонымен қатар өмірге қауіп төндіретін жағдайларда дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Базалық шет тілі ІІ (A2-B1)

    Курс білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін грамматикалық, лексикалық құрылымды контекстілік талдауды қолданып зерттеу арқылы дамытуға бағытталған. Курс аясында білім алушылар практикалық тәжірибе арқылы жазылым, оқылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын заманауи және түпнұсқа материалдар негізінде дамытады, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жағдаяттық тілдік құрылымдарды коммуникацияның мақсаты мен функциясына орай қолдануды үйренеді. Курс соңында студенттер ағылшын тілінің B1 деңгейін толықтай меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Әділеттілік, инклюзия және тұрақты даму

    Курс тұрақты дамудың заманауи тұжырымдамаларын және әлеуметтік әділеттілік пен инклюзия қағидаттарын қарастырады. Студенттер теңдік пен әділеттіліктің айырмашылығын, осал топтарды қолдау механизмдерін, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының (SDGs) қоғам мен ұйымдар деңгейінде іске асырылуын зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы лингвистика саласында жасанды интеллект

    Курс екі модульден тұрады. Бірінші модуль жасанды интеллекттің негізгі ұғымдары мен оның әртүрлі салалардағы қолданылу аясымен таныстырады. Екінші модуль лингвистика студенттеріне арналған және жасанды интеллект (AI) құралдарын тілдік білім беруде практикалық тұрғыда пайдалануға бағытталған. Курста оқытуды жекелендіру, бағалауды жетілдіру және тілдік өнімділік дағдыларын қолдау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Студенттер жасанды интеллектті тіл оқытуда қолдануды, сондай-ақ оқу үдерісінде пайдалануға арналған AI негізіндегі оқу материалдары мен тапсырмаларды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономикалық теория негіздері

    Бұл курс барысында студенттер экономикалық жағдайды және экономикалық факторлардың өзгеруін талдау дағдыларын дамытады. Курс аяқталғаннан кейін студенттер қазіргі ақпараттық ағымды бағдарлай алады және тез өзгеретін экономикалық ортаға бейімделе алады; осы талдау нәтижелері негізінде өз қызметін жоспарлап, жүзеге асыра алады; экономикалық мәселелер бойынша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің фонетикасы

    Курс барысында студенттер аймақтық айтылым материалдары негізінде қазақ тілінің фонетикасын, оның процестері мен құбылыстарын (дыбыстық заңдылықтар, фонологиялық сипаттамалар) зерделейді. Курс студенттердің фонетикалық талдау және фонологиялық сипаттама жасау дағдыларын меңгертуге бағыталған. Білім алушылар курс соңында графикалық жүйелердің қызмет ету ерекшеліктерін біліп, түсінетін болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Базалық шет тілі ІІI (B1-В2)

    Курс аясында студенттер ағылшын тіліндегі академиялық мәтіндерді оқуды, дәрістерді дұрыс қабылдауды және талдауды үйренеді. Білім алушылар эссе түрлерін жазуды; таныстырылым жұмыстарын жасап, оларды көпшілік алдында қорғауды үйренеді.Студенттер сыни ойлауларын дамытып, дәрістерді конспектілеуге және өздігінен оқуға бейімделеді. Курс соңында студенттер ағылшын тілінің В2 деңгейін толықтай меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Қазіргі әдеби процесс

    Курс аясында студенттер қазақ ақын-жазушыларының туындыларымен, классикалық және заманауи шығармалардың тарихымен танысады. Курс студенттің сыни ойлауына, ой-өрісінің кеңеюіне, сөйлеу мәдениетінің дамуына септігін тигізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтін стилистикасы (қазақ тілі)

    Курс барысында білім алушылар түрлі стильде жазылған қазақ мәтіндерін грамматикалық, стилистикалық, функционалдық тұрғыдан талдау әдістемесін меңгереді. Алынған білім студенттің мәтіндегі негізгі ойды анықтауына, автордың сөз қолданысындағы ерекшеліктерді зерделеуіне көмектеседі. Сол арқылы білім алушы өзінің сөздік қорын, сыни ойлауын дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Морфология, синтаксис, лексикология (қазақ тілі)

    Курс барысында қазақ тілінің морфологиялық, лексикалық және синтаксистік жүйенің ерекшеліктері оқытылады. Білім алушылар пәнді оқу кезінде алған теориялық білімдерін лингвистикалық талдау жасауда қолдана алады. Студенттер түрлі лексикалық және стилистикалық құралдарды орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Морфология, синтаксис, лексикология (ағылшын тілі)

    Курс барысында ағылшын тілінің морфологиялық, лексикалық және синтаксистік жүйесінің ерекшеліктері оқытылады. Аталмыш курсты меңгеру студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытып, мәтінді лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тұрғыда талдауға қажетті теориялық және практикалық білімдерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық коммуникация

    Аталмыш курс аясында студенттер жаһандану және интернационалдыру дәуірінде маңызды сұрақтардың бірі болып табылатын мәдениетаралық қатысым құбылысымен танысады. Білім алушылар заманауи мәдениетаралық қатысымның теориясы болып табылатын негізгі түсініктері мен категорияларын біле алады. Сонымен қатар білім алушылар әртүрлі мәдениетті ұстанушылар арасында өзара тиімді әрекеттесудің амалдары мен ерекшеліктерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілінің функционалды грамматикасы

    «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» – болашақ лингвистерлді тіл білімі пәндеріне баулудың алғашқы баспалдағы. Студенттер қазақ тіл білімінің салалары бойынша білім алумен қатар қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен танысып, антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің ерекшелігін түсінеді; сөз таптарын, категорияларды жіктеуде тілдің когнитивті және коммуникативті қызметін негіз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық ағылшын тілі

    Аталмыш курс академиялық сөздік қордың дамуы мен толықтырылуына, академиялық мәтіндерді оқу (ғылыми-зерттеу жұмыстары), сондай-ақ эссе түрлерін (argumentative, problem-solution, comparison and contrast, cause and effect) жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Студенттер жұмыстарын академиялық адалдық ұстанымдарын ұстануға септігін тигізетін APA стилінде рәсімдеуді үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 10
  • Тіл біліміне кіріспе (ағылшын тілі)

    Аталмыш курс ағылшын тілінің лингвистикасы туралы іргелі ақпаратты игертуге бағытталған. Білім алушылар тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис және лексика салаларымен танысады, сондай-ақ тілдің маңыздылығы және заманға сай өзектілігі сияқты мәселелерді зерделеу дағдыларын меңгереді. Жүйелі талдау тәсілдерін қолдана отырып, жазба тілдің ерекшеліктерін, тілдің өзгеру құбылыстарын және олардың түрлену себептерін анықтайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зерттеу әдістері I

    Аталмыш курс заттардың табиғатын терең тануға бағытталған және "неге?", "қалай?" деген сұрақтарға жауап беретін әлеуметтік зерттеулердің сапалы әдістерін оқуды қарастырады. Курс бағдарламасы сапалы ақпаратты жинақтауға қажетті негізгі құралдармен танысуды, оларды талдауды және нәтижені түсіндіруді қамтиды. Курс алған білімді тәжірибе жүзінде қолдануға және зерттеулер жүргізуде сыни ойлау дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін тәжірибелік құрылымнан тұрады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Фонетика және фонология (ағылшын тілі)

    Аталмыш курс ағылшын тілінің фонемалар жіктелімін, буынға бөлуін, акцентологиясы мен просодиясын; тілдің фонетикалық сипаттамасы мен айтылымының аймақтық ерекшеліктерін қамтитын фонетика пәнін, оның мақсаты мен міндеттерін қарастырады. Курс барысында студенттер аналитикалық қабілеттерін дамытып, мәтіндегі сөздерге фонологиялық және фонетикалық талдау жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • БАҚ және қоғам

    Аталмыш курс білім алушыларды БАҚ-пен және оның қоғамға деген әсерімен таныстырады. Аталмыш курс аясында білім алушылар қоғамның түрлі ақпараттық дереккөздерінен алынған мәліметтерді қолданудың жағымды және жағымсыз жақтарын қарастырады. Білім алушылар БАҚ мәліметтерін сандық сауаттылық тұрғысынан дербес және кәсіби мақсаттарда қалай қолдануға болатынын, әрі қоғамның өкілдері арасында құзыретті, этикалық және стратегиялық өзара ықпалдасуды жүзеге асыру үшін әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарын қалай қолдануға болатынын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі

    Курс барысында білім алушылар қазақ тілін оқытудың классикалық және заманауи әдістері мен тәсілдерімен, сондай-ақ әртүрлі білім беру контексттерінде қолданылатын тілдік педагогиканың теориялық және практикалық негіздерімен танысады. Курста оқу материалдарын іріктеу және бейімдеу, практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды таңдалған оқыту әдістеріне, оқу мақсаттарына және білім алушылардың тілдік деңгейіне сәйкес әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, білім алушылар тиімді оқыту тәжірибелерін талдайды, сабақ жоспарлау қағидаттарын меңгереді және қазақ тілін оқытуда өзекті педагогикалық тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби шығармалар арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі

    Курс барысында студенттер қазақ тілін әдеби шығармалар арқылы оқытудың креативті әдістемесін меңгеріп, инновациялық әдістерді және оқу үдерісін ұйымдастыруды оқиды,классикалық және заманауи шығармаларды пайдаланып оқу әдістемелерін жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінің тарихы

    Курста тіл тарихының мақсаты, міндеттері мен тілтанымды зерттеудің басқа да салаларымен байланысы оқытылады. Курс аясында студенттер ағылшын тілінің негізгі даму кезеңдерін және тілдің дамуымен байланысты тарихи оқиғаларды оқып біледі. Сонымен қатар көне ағылшын және ортағасырдағы ағылшын тілдеріне салыстырмалы талдау жүргізу арқылы білім алушы іс жүзінде ағылшын тілінің дамуын түсініп, бақылауға мүмкіндік алады. Ол өз алдына талдаушылық машықтарды дамытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл үйренудің теориясы және әдісі

    Аталмыш курс студенттерді тілді оқытудың негізгі теориясымен, сонымен бірге тілді оқыту үрдісімен таныстырады. Студенттер тілді оқытудың әдістері мен тәсілдерін, бірінші тіл мен екінші тіл үйренудің арасындағы ерекшеліктерді оқып біледі. Білім алушылар екінші тілді оқып білудегі үрдістерді түсіндіру мақсатындағы болжамдарды ұсына отырып, тестілеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL)

    Аталмыш курс тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқыту ұғымының негіздерін қамтиды. Білім алушылар тілдік емес пәндерді ағылшын тілінде тақырыптық-тілдік кіріктіріп оқытудағы негізгі тәсілдерін оқып біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жаңалықтар журналистикасы

    Бұл курс студенттерге нақты, әділ және сапалы жаңалықтар репортажын жасауды үйретеді. Студенттер репортаждың негізгі элементтерін: оқиғаларды шолу және сұхбат жүргізу әдістерін үйренеді. Студенттер заманауи БАҚ құралдарын пайдалануды, баспа, хабар тарату және онлайн репортаждарды қоса алғанда, түрлі медиа-платформалар үшін жаңалық сюжеттерін құруды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Зерттеу әдістері II

    Аталмыш курс статистикалық талдау көмегімен өлшенетін үдерістер мен құбылыстардың эмпирикалық зерттеулері болып табылатын әлеуметтік зерттеулердің сандық әдістерін оқытады. Курс бағдарламасы зерттеу этикасын, сандық ақпаратты жинақтаудың негізгі амалдарын оқып білуді, сандық мәліметтерді статистикалық талдаудың түрлері мен нәтижелерді түсіндіруді қамтиды. Курстың алынған білімді іс жүзінде қолдана білуге және зерттеу нәтижелеріне сын тұрғысынан қарауға мүмкіндік беретін практикалық құрамдас бөлігі бар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Фактчекинг

    Осы курс аясында білім алушылар ақпараттың дұрыстығын анықтауға және тексеруге мүмкіндік беретін теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Студенттер дезинформация, насихат, популизм, конспирология және медиа манипуляцияның басқа да түрлерімен байланысты медиа теориясының негізгі ұғымдарымен танысады. Сонымен қатар, білім алушылар Қазақстанда және әлемде фактчекинг тәжірибесінде қолданылатын халықаралық және ұлттық дерекқорлармен, арнайы сервистермен және өзге де ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қарым-қатынас этикасы

    Бұл курс білім алушыларды қоғамдағы мінез-құлықтың этикалық нормаларымен таныстырады және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері кездесетін қарым-қатынас этикасына байланысты заманауи мәселелерді талдауға мүмкіндік береді. Курс шындық, құпиялылық, мүдделер қақтығысы, әлеуметтік әділеттілік сияқты ұғымдарды ашады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Курстар және оқу материалдарды әзірлеу

    Аталмыш курс аясында студенттер білім алушылардың түрлі қажеттіліктері мен дербес ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ материалдарын әзірлеуге үйренеді. Студенттер сонымен бірге пән мақсаты мен оқыту нәтижелеріне сәйкес силлабустарды, Блум таксономиясына сай оқыту нәтижелерін дұрыс әзірлеуді, пән мазмұнын анықтап, құрастыруды, материалдарды таңдап, әзірлеуді, курс бойынша тапсырмалар құрастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілін оқытудағы технологиялар

    Аталмыш курс аясында білім алушылар тілдерді үйренуге әрі оқып білуге арналған түрлі электронды ақпараттық қорлар мен бағдарламаларды пайдалана білуге үйренеді. Білім алушылар өздерінің жеке электронды қорларын және шет тілдерін үйретуге қажетті материалдарын әзірлеуге үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ретті аудармаға кіріспе

    Аталмыш курс ретті аударманың негізгі техникаларын, ретті аударма жасауды әзірлеу машықтарын оқып-білуге бағытталған. Білім алушылар ретті аудармамен жұмыс істеуге қажетті дағдыларды дамытып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасымен танысады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Тілдік білімді бағалау әдісі

    Бұл курс тілдік тестілеу мен бағалау мәселелеріне арналған және стандартталған тестілеуді, тілдік құзыреттілікті бағалауды, сондай-ақ рецептивті (тыңдалым, оқылым) және продуктивті (айтылым, жазылым) дағдыларды бағалауды теория мен практиканы ұштастыра отырып қарастырады. Теориялық әдебиеттермен жұмыс, тест құрастыру тапсырмалары және зерттеулерді талдау арқылы білім алушылар тиімді бағалау құралдарын әзірлеудегі қиындықтарды зерделейді, тестілеуде технологияларды қолдану сияқты заманауи мәселелерді қарастырады, сондай-ақ оқу мақсаттары мен әртүрлі білім беру контексттеріне сәйкес тілдік тестілерді сыни тұрғыда талдау, әзірлеу, жүргізу және бағалау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Стилистика (ағылшын тілі)

    Аталмыш курс студенттерді түрлі типтер мен жанрлар арасында стилистикалық талдау жүргізуге ықпалдасатын негізгі стилистикалық амалдармен, әдістермен таныстырады. Білім алушылар әдеби және әдеби емес шығармаларды түсіндіруде қолдана алатын әдеби және лингвистикалық амалдарды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Терминология: теория және практика (қазақ тілі)

    Бұл курс студенттерді "терминология" ұғымымен, оны аударма жасау, редакциялау және медиа хат барысында қолданудың теориялық және практикалық аспектілерімен таныстырады. Курс аясында студенттер түрлі сөздіктермен жұмыс істеуді, глоссарий құрастыруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Корпустық лингвистика

    Бұл курс ағылшын тілінің мәтіндік корпусын және оның лингвистикалық талдауда (графематикалық, лексика-грамматикалық деңгейде) қолданылуын зерттеуге бағытталған. Курс аясында студенттер Британия ұлттық корпусы секілді мамандандырылған іздестіру жүйелерін қолдану арқылы тілдік деректердің құрылымдалған жиымымен жұмыс істеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Коммерциялық аударма

    Аталмыш курс студенттерде жазбалар, есеп және ауызша таныстырылымдар сияқты кәсіби және ресми бизнес құралдарының көмегімен ағылшын тілінде негізгі қарым-қатынас жасаудың дағдыларын дамытуға бағытталған. Білім алушылар коммерциялық құжаттарды ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне және керісінше аударма жасау әдістерімен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік лингвистика

    Курс аясында тіл мен қоғамның байланысындағы ерекшеліктер, қазақ және ағылшын тілдеріндегі гендерлік, аумақтық, әлеуметтік және мәдени айырмашылықтар қарастырылады. Студенттер қоғамның тілдік мәселелерін талдап, әлеуметтік-лингвистикалық зерттеу жүргізеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Психолингвистика

    Курстың мақсаты студенттерді қолданбалы психолингвистикамен таныстыру, студенттерге ми қызметі, сөйлеу функциясының бұзылуы, балалар аудиториясында да, ересектерде де тілдік процедуралар туралы түсінік беру. Студенттер тілдің, сөйлеудің негізгі зерттеулерімен, осындай бұзушылықтары бар клиенттерге кеңес берудің міндеттері мен әдіснамасымен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Креативті жазылым (қазақ тілі)

    Аталмыш курс студенттердің медиа саласында жұмыс істеуіне қажетті қазақ тілінде креативті жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында студенттер мақсатты аудиторияға байланысты мақала, рецензия, блог-жазба, аннотация, пресс-релиз секілді жазбаша мәтіндерді жазудың техникаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқықтық бағыттағы аударма

    Курстың мақсаты — заң саласындағы кәсіби коммуникация аясында екіжақты диалог жүргізу, сондай-ақ жазбаша және ауызша аударма жасау бойынша практикалық дағдыларды дамыту. Курс аяқталғаннан кейін білім алушылар заң терминологиясын талдай алады және орынды қолдана отырып, заңдық мәтіндер мен ауызша сөйлеулерді терминологиялық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып аудара алады. Курс кәсіби-аудармашылық, коммуникативтік және аналитикалық құзыреттерді, сондай-ақ заң саласындағы кәсіби өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Креативті жазылым (ағылшын тілі)

    Аталмыш курс студенттердің медиа саласында жұмыс істеуіне қажетті ағылшын тілінде креативті жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс барысында студенттер мақсатты аудиторияға байланысты мақала, рецензия, блог-жазба, аннотация, пресс-релиз секілді жазбаша мәтіндерді жазудың техникаларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ілеспе аудармаға кіріспе

    Аталмыш курс ілеспе аударманың негізгі техникаларын үйренуге, аударма жасауға қажетті арнайы құралдарды пайдалану машықтарын дамытуға бағытталған. Білім алушылар ілеспе аудармада жұмыс істеуге керек машықтарды ала отырып, білімдерін тереңдетеді, сонымен бірге аудармашы этикасы туралы ақпаратпен танысады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Сыни тұрғыдан ойлау және кәсіби міндеттер мен мәселелерді шешу дағдыларын меңгереді.
  • Редакциялау және спичрайтинг дағдыларын игереді.
  • Лингвистика және пәнаралық ғылымдарда ғылыми-зерттеу және жоба жұмыстарын ұйымдастырып, өткізеді.
  • Оқыту, аударма жасау және медиа салаларында кәсіби және зерттеу этикасы нормаларын ұстанады.
  • Қазақ тілінен ағылшын тіліне (және керсінше) жазбаша және ауызша аударма жасаудың әдістері мен стратегияларын меңгереді.
  • Қазақ/ағылшын тілдеріндегі практикалық және теориялық білімін әдеби және ғылыми мәтіндерді лингвистикалық талдауда қолданады.
  • Кәсіби және тұлғааралық қатынаста эмоционалды интеллектіні басқарады.
  • Қазақ/ағылшын тілдерін оқытудың заманауи әдістерін қолданады.
  • Әр түрлі тілдік ортада аудиторияның ерекшелігіне бейімделе отырып өз ойы мен идеясын қазақ/ағылшын тілдерінде (ауызша және жазбаша) сауатты тұжырымдап жеткізеді.
Top