Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06102 Информатика в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
  • Математикалық талдаудың, дискретті математиканың, ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың, ақпарат теориясын, жаппай қызмет көрсету теориясын тиісті математикалық аппаратын пайдалана отырып, кәсіби есептерді шешу, қазіргі есептеу жүйелері мен желілерінің физикалық құбылыстары мен процестерін білу
  • Алгоритм құрудың және программалаудың негізгі тұжырымдамалары туралы білімдерін көрсету, есептерді шешудің алгоритмдерін құру мен олардың программаларын жасау үшін тәжірибелік дағдылар мен қабілеттерге ие болу.
  • Компьютерлік графика және графикалық сүқбаттың инструменталдық құралдарын қолдана білу
  • Деректер базасы теориясы облысында білімінің және деректер базасын жобалаудың практикалық дағдысының болуы, қашықтықтағы деректер базасы мен ақпараттық жүйелердің әр түрлі компоненттерін әзірлеу және жобалау дағдысын игеру
  • Үлкен деректерді талдаудың программалық жүйелері мен алгоритмдерін әзірлеу технологияларын, бейнелерді тануға арналған құрал-жабдықтар мен математикалық аппаратты қолдана білу
  • Ақпараттық жүйелер мен технологиялар деректерінің қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз ету қабілеті
  • Компьютерлік желілерді ұйымдастырып, конфигурациялау, компьютер желісінің модельдерін құрастыру және талдау, әртүрлі тапсырмаларды шешу кезінде компьютерлік желілердің аппараттық және программалық компоненттерін тиімді пайдалану
  • Программалық қамтаманың әзірлеу процесстері (стандарттар, әдістер, құралдар, сенімділік пен қауіпсіздікті қоса алғанда, барлық талаптарды әзірлеу мен сапаны бағалауға байланысты әрекеттер мен міндеттемелер) меңгеру және программаның өмірлік циклының кезеңдерін қамтамасыз ететін аспаптық құралдары мен әдістемесін таңдауды негіздей білуі керек
  • Математикалық логика курсының негізгі ұғымдарын білу: пікірлер логикасы мен есептеулері, предикаттар логикасы мен есептеулері, алгоритмдер теориясының негізгі модельдері; алгоритмдік күрделілік теориясының негіздері; предикатты және пропозиционалды классикалық емес логиканың негізгі түрлері
Top