Действующая образовательная программа

6B01713 6B017 Подготовка учителей по языкам и литературе в КСТУ им. З. Алдамжар

  • Әдебиеттануға кіріспе
    Кредитов: 5

    Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: әдебиет туралы ғылым және оның салалары; әдебиетттану ғылымының қосалқы салалары; әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалыпадамзаттық сипаттары; көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы, сюжеті мен композициясы; көркем бейне оның жасалу жолдары; көркем туынды тілі, өлең құрылысы. әдеби процесс

    Год обучения - 1
    Семестр 1
  • Тіл біліміне кіріспе
    Кредитов: 3

    Тіл білімінің, соның ішінде тіл туралы ғылымның да дамуы бұрын белгісіз тың объектілерді, проблемаларды, зерттеудің жаңа амал-тәсілдерін туғызатыны, осы қағидаға сәйкес 20 ғасырда туып қалыптаса бастаған тіл біліміндегі әдістер, олар жөніндегі әр түрлі көзқарастар жинақталып түсіндіріледі.

    Год обучения - 1
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Кредитов: 2

    Оқытудың мақсаты курс студенттеріне "Сақтандыру" алу болып табылады қажетті білім, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандарға жоғары білікті саласындағы сақтандыру. Негізінде алынған білімдерді студенттер дағдыларды өз бетімен және шығармашылық ойлау қабілетін талдай алу мәселелері бойынша сақтандыру және ұсынуға жолдары проблемалық мәселелерді шешу үшін қазіргі заманғы талаптарға сәйкес сақтандыруды дамыту және көтеру, сапалы жаңа деңгейі сақтандыру ісін біздің республикада

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 1
    Семестр 2
  • Дінтану
    Кредитов: 2

    Діни ұғымдардың даму тарихы Қазақстан мәдениетінің дамуына және өркендеуіне едәуір әсерін тигізді. «Дінтану» пәнінің басты мақсаты — жастар бойында жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 1
    Семестр 2
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
    Кредитов: 4

    Бұл пән бойынша мынанадай теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: фольклор, халық даналығы, ауызша сөз өнері, халық поэзиясы ұғымдары. Фольклор табиғаты, өмір сүру заңдылықтары. Фольклор және ұлт тарихы. Фольклор жанрлары, классификациялау принциптері. Тұрмыс-салт жырлары, Лирикалық өлеңдер, халықтық проза түрлері, эпос, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, балалар фольклоры т.б.

    Год обучения - 1
    Семестр 2
  • Қоғамға қызмет ету
    Кредитов: 1

    зерттеуде ең қиын объектісі – адам қоғамын, оның құрылымын, мінез-құлқын, адамдардың үлкен және шағын әлеуметтік топтар, сондай-ақ себептері әр түрлі ауытқуларды өмір салмайды. Зерттеу нысанасы болып табылады әлеуметтік заңдылықтары, адамдардың өзара қарым-қатынас. Зерттеу, қоғамдық қарым-қатынастар, ролевого мінез-құлық артықшылық топтардың, қауымдастықтар мен тіпті бүкіл қоғам арқылы жүргізіледі білу, бағдарлау, бағалау нақты әлеуметтік индивидтің, яғни жеке.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 1
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы
    Кредитов: 5

    «Фонетика» бұрын өтілетін «Қазіргі қазақ тілі» пәнінде баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды сөздің дыбысталу (фонетика), жасалу (морфология), жаңа сөз пайда болу қағидаларымен тамырлас алып, жан-жақты терең қамтуға тиісті. Зерделеу бағыты: қазақ тіліндегі жаңа сөздердің дыбысталуын лексика-семантикалық, морфология, синтаксис салаларымен байланыста қарап, тілдік бірліктердің үнемі даму үрдісінде екенін ғылыми тұрғыдан терең меңгеру және оны қоғам пайдасына асыра білу.

    Год обучения - 2
    Семестр 1
  • Педагогика
    Кредитов: 5

    Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

    Год обучения - 2
    Семестр 1
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы
    Кредитов: 5

    Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралад��: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады.

    Год обучения - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Кредитов: 5

    Тәрбие теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. Тәрбие методикасы немесе әдістемесі – тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді. Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек. «Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады.Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.» Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап , іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру , олардың айналамен қарым-қатынасын , өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

    Год обучения - 2
    Семестр 1
  • Ежелгі дәуір әдебиеті
    Кредитов: 3

    Бұл пән бойынша мынандай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: Қазақ әдебиеті тарихы пәні, кезеңдері. Әдебиет тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Орхон жазба ескерткіштері. «Қорқыт ата кітабы». «Оғыз – наме» эпосы. Әбу- Насыр әл –Фараби (870-950). Х-ХІІғ.ғ. Ислам дәуірі әдебиеті. Махмуд Қашқари «Диуани лұғат ат – түрік». Жүсіп Баласағұн «Құтты білік». Ахмет Иүгінеки «Хибатул хақайық». Қожа Ахмет Йассауи «Диуани хикмет». ХІІІ – ХҮғ.ғ. Алтын Орда дәуірінің әдебиеті. «Кодекс куманикус». Хорезми «Мухаббат – наме» дастаны. Құтб «Хұсрау- Шырын» дастаны. Саиф Сараи «Гүлстан бит – түрки». Дүрбек «Жүсіп – Зылиха» дастаны. Тарихи тақырыптағы көркем шежірелер. Әбілғазы «Шежіре-и-түрік». Қ.Жалаири «Жамиғат-тауарих». М.Х.Дулати «Тарихи-и-Рашиди». Бабыр «Бабыр-наме».

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 2
    Семестр 1
  • Қазақ хандығы дәуірінің әдебиеті
    Кредитов: 5

    Қазақ хандығының құрылуы. Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасуы. Жыраулар мұрасының зерттелуі. Қазақ жырауларының тарихи сахнаға шығуы. Жырау және жыршы. Толғау жанры. Сыпыра, Кетбұға, Жұмақұл жыраулар. Қазақ эпостарындағы Сыпыра бейнесі. Асан қайғы Сәбитұлы (1380-1450), Қазтуған Сүйінішұлы (ХҮғ.), Доспамбет жырау (ХҮІ ғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді Сарыұлы (1675-1788 ж.ж), Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706-1778 ж.ж.), Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781), Тәтіқара ақын (ХҮІІ ғ.), Көтеш ақын Райымбекұлы (1745-1818 ж.ж.), Шал ақын Құлекеұлы ның(1748-1819 ж.ж.) өмірі мен шығармашылығы.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Кредитов: 5

    «Бағалау өлшемдері технологиясы» курсы болашақ педагог- психологтарды кəсіби даярлауда маңызды орын алады. Бұл құзыреттілік тəсілге негізделетін қазіргі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың сенімді, валидтік жəне технологиялық жүйесін қалыптастыру мəселесінің маңыздылығының өсуімен дəлелденетін жаңа білім беру стандарттарының енгізілуімен негізделеді. Пəнді оқыту үрдісінде меңгерілген білім, білік, дағды студенттерге білім беру үрдісіндегі бағалаудың орны мен рөлі, оқушылардың оқу жетістіктерінің негізгі тəсілдері, оқушыларды критериалды ��аға��ау жүйесін ұйымдастыру, оны жүзеге асыру тəсілдері, формалары мен құралдары мəселеге бағдарлануға мүмкіндік береді. Бұл курсты оқу оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын меңгеру үшін, психоллогиялық-педагогикалық іс-əрекет мақсаттары мен мазмұнына сəйкес бағалау құралдарын игеру мүмкіндіктерін ашады

    Год обучения - 2
    Семестр 2
  • Өзін-өзі тану
    Кредитов: 5

    Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді. Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және өзінің бағыттылығын сезініп, түсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, м��мкіндіктер тудырады.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Кредитов: 5

    Тәрбие теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды. «Білім берудегі менеджмент» пәнінің негізгі мақсаты менеджменттің педагогикалық негіздерін түсіндіру және қазіргі жалпы білім беретін мектепті басқарудың тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау. Болашақ мамандарға педагогикалық менеджмент жайлы білім, білік, дағдылармен қаруландырудың қазіргі нарықтық жағдайда маңызы өте зор. Пәннің мазмұны «Білім» тобындағы мамандықтарға жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартындағы білім берудің ең аз мөлшеріне сәйкес құрастырылады. Онда болашақ мамандарға қажетті педагогикалық менеджмент ауқымындағы білім, білік, дағдылардың ең аз мөлшері қамтылады. Бұл курстың алдында «педагогика», «педагогика тарихы», «тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістемесі» сияқты педагогикалық пәндер оқытылады. Курста көтеріліп отырған теориялық мәселе педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару проблемаларымен студенттің алған білімдерін мамандық талаптарына сай толықтыра түседі. «Білім берудегі менеджмент» пәні маман дайындаудың психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік гуманитарлық мамандықтың кәсіби пәндермен тығыз байланысты оқытылады.

    Год обучения - 2
    Семестр 2
  • Тілдік қатынас негіздері
    Кредитов: 5

    Аталмыш пән тілдік қатынастың негізгі сипатын, құрамы мен басты қағидаларын, оны қолданудың әдіс-тәсілдерін қарастырады. Тілдік қатынас негіздері жеке пән ретінде ұсыныла отырып, студенттердің теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын тереңдетіп, сөйлеу мәдениетіне байланысты іскерлігін қалыптастырады

    Год обучения - 2
    Семестр 2
  • Инклюзивті білім беру
    Кредитов: 5

    Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы. Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату. Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселе��і бойынша Үйлестіру кеңес��н құру.Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу��а құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы. Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу

    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
    Кредитов: 5

    «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәнін оқыту барысында студенттерге сол кезеңдегі тұтас процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселелер жайында әр кезде қалыптасқан түрлі дұрыс-бұрыс түсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдау ұсынылады, сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешіп, қалам тербеген, осынау күрделі де жауапты тұста ұлт әдебиетінің ауыр жүгін арқалаған талантты ақын-жазушылар мен олардың көрнекті-көрнекті шығармалар, жалпы әдеби мұралар жөнінде кең көлемді мағлұматтар берілді

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
    Кредитов: 5

    «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ЖОО да әбден қалыптасқан, негізгі объектісі, ішкі мазмұны, зерттеу әдістері мен тілге қатысты басқа пәндерден шекарасы біршама айқындалған арнаулы ғылыми курс. Студент бұл курстан теориялық білім, ғылыми бағыт, практикалық бағыт алуға, бұл салада келешек зерттеушілік қабілетін де ұштай түсуге тиіс.

    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • ХІХ ғасыр қазақ әдебиеті
    Кредитов: 5

    Пәнге берілген қысқаша сипаттама: XIX ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті атты пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері-Асан қайғы,Қазтуғаннан бастап Көтеш шығармаларын қамтып,ежелгі түркілік поэзия мен жыраулар поэзиясының сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері сөз болады.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
    Кредитов: 5

    Курс ЖОО қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлайтын факультеттерде оқытылатын ғылыми-теорялық пән. Пән қазақ тілінің шығу тегі, атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесінен мағлұмат беретін кіріспе бөлімнен, қазақ тілінің сөздік құрамы, фразеологиясынан мәлімет беретін теориялық бөлімнен және лексикологияның лексикография, этимология т.б. өзекті мәселелерінен тұрады.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
    Кредитов: 5

    «Сөзжасам» бұрын өтілетін «Қазақ тілі грамматикасы» пәнінде баяндалып кететін ұғымдар мен категорияларды сөздің жасалу жолдары, жаңа сөз пайда болу қағидаларымен жан жақты терең қамтуға тиіс. Зерделеу бағыты: қазақ тіліндегі жаңа сөздердің пайда болуын лексика семантикалық, морфологиялық, синтаксис салаларымен байланыста қарап, тілдік бірліктердің үнемі даму үрдісін меңгеру.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
    Кредитов: 5

    Бұл пән бойынша мынадай манызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: тілдің грамматикалық единицалары (морфема, сөз), тілдің грамматикалық құрылысы, негізгі грамматикалық ұғымдар (грамматикалық мағына, форма, категория, тәсілдер), сөздің тұлғалық құрамы (негізгі туынды сөз), қосымшалар (жұрнақ, жалғау), олардын түрлері, сөз, оның түрлері (жалан, күрделі) және сөздердің лексика- грамматикалық топтары.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 2
  • Когнитивтік лингвистика
    Кредитов: 5

    Когнитивті лингвистика - жоғары оқу орындарының филология мамандығында өтілетін пәндердің бірі. Пәннің негізгі мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін, оның басты тұжырымдары және негізгі қағидаларын үйрету. Когнитивті лингвистика пәні тілді таным мен ойлау құралы ретінде қарастырады. Пәнді оқу барысында студенттер когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдары мен зерттелу тарихы жайында мағлұмат алады. Қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттағы пікірлермен танысып, когнитивті лингвистиканың басқа ғылым салаларымен байланысын меңгеріп, тіл мен ��аным, тіл мен сана сабақтастығынан, тілдің концептік аясы мен ғаламның тілдік моделі мәселелерімен танысады.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 2
  • Қазіргі қазақ әдебиеті
    Кредитов: 5

    Бұл кезеңдегі әдебиеттте бұрынғы ескі сараппен ауыл шаруашылығының немесе өндірістің даму заңдылықтарын, заман, уақыт ұсынған әлеуметтік құбылыс, проблемеларды, тарихи жағдайды есте ұстау. Қазақ әдебиетіне қосылған жаңа есімдерді, тың проблема көтерген шығармаларды, поэзия, драматургия, сын сияқты белді жанрлардың даму ерекшеліктерін айқындау.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиеті сынының тарихы
    Кредитов: 5

    Қазақ әдебиеті сынының тарихи пәні - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сыншыл көзқарастар тарихи - әлеуметтік жағдайлар, ішкі қайшылықтар тұрмыс – тіршілікке байланысты туындайтыны белгілі. Соның мәні мен әлеуметтік қызметі халық өмірімен тікелей байланысты.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 3
    Семестр 2
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
    Кредитов: 5

    «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» ЖОО да әбден қалыптасқан, негізгі объектісі, ішкі мазмұны, зерттеу әдістері мен тілге қатысты басқа пәндерден шекарасы біршама айқындалған арнаулы ғылыми курс. Студент бұл курстан теориялық білім, ғылыми бағыт, практикалық бағыт алуға, бұл салада келешек зерттеушілік қабілетін де ұштай түсуге тиіс.

    Год обучения - 3
    Семестр 2
  • Көркем мәтінді лингвистикалық талдау
    Кредитов: 4

    Бұл пән бойынша мынадай маңызды теориялық және практикалық мәселелер қарастырылады: Мәтін туралы түсінік. Көркем мәтін, оның басқа мәтіндерден айырмашылығы.«Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» курсының мазмұны мен мақсат, міндеттері.Тілдік құралдарды таңдау, оларды мәтін құру үшін ұйымдастыру. Бұларға әсер ететін факторлар.Көркем мәтінге лингвистикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері.Көркем шығарма тілін талдаудың негізгі аспектілері мен бағыт-бағдарлары, т.б.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
    Кредитов: 5

    Тарихи грамматиканың материалдарын меңгеру нәтижесінде ертеңгі жоғары білімді маманның санасында тарихи таным қалыптасады. Бүкіл мәдениет теңізінің негізгі қайнар бастауы саналатын тілдің тарихи даму жүйесі мен желісін меңгереді. Ал мұның өзі болашақ тіл маманының білімімен бірге білігі мен парасатын, сезімі мен түйсігін де айқындауға көмектеседі.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Тәуелсіздік жылдарының қазақ әдебиеті
    Кредитов: 5

    Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Балалар әдебиеті
    Кредитов: 4

    Ал басты міндеті – аталған сала бойынша ғылыми-теориялық білім беру нәтижесінде тыңдаушыларды ізденіске баулу, шығармашылық ой пікірін жетілдіріп отыру

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
    Кредитов: 3

    Қалыпты грамматика - ЖОО Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша дәстүрлі оқытылатын келе жатқан дербес пән. Ол қазіргі қазақ тілінің толық курсымен тікелей байланыста қарастырылады. Пәнді оқып үйренудің негізгі міндеттері: қалыпты грамматика ерекшеліктерін жан - жақты меңгерте отырып, оларды жаттығулар арқылы бекітіп отыру.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Қазіргі қазақ тілі стилистикасы
    Кредитов: 5

    Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұнын стилистиканың негізгі байлығына жататын тілдік құралдар, олардың стилистикалық мағыналары мен бояулары, қолданылатын орындары және қазақ тілінің функционалды стильдері құрайды. Көркем әдебиет тілі де стилистикалык нормаларды реттеуші маңызды сипатқа ие, сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндерімен тығыз байланысты.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Әдебиет теориясы
    Кредитов: 4

    Курс мәселелік-бағдарлы дәрістер курсынан, ол пән мазмұнын түсіндіру-ойалмасуға негізделеді. Оқу курсын осылайша құру студенттерден төмендегі тақырыптар мен курстың көрсетілген мәселелерімен және алда болатын лекцияда талқыланатын мәселенің аргументті болуы үшін алдын-ала ақпараттық дайындықты қажет етеді. Ол үшін оқытушы студенттерді алдағы лекцияның мәселелік сұрақтарымен және пайдаланатын әдебиеттер тізімімен алдын-ала қамтамасыз етуі керек. Студенттер материалдарды әрбір лекция алдында оқып дайындалуы керек.

    Селективная дисциплина
    Год обучения - 4
    Семестр 1
  • Код ON1

    Гуманитариялық пәндер аясындағы негізгі базалық білімді меңгеру.Осы ғылыми тұрғыда әдіс-тәсілдерді пайдалану және маңызды мәселелермен процестерге сараптама жасай білу;

  • Код ON2

    Логикалық жағынан өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс жеткізе білу,мәдени ойлау қабілетінің заңдылықтарын қалыптастыру;

  • Код ON3

    Ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыру арқылы білім берудің заманауй технологиясын пайдалану және жаңа білімді өз еркімен меңгере алу;

  • Код ON4

    Өз мамандығы бойынша өзінің жеке білім беру және оны жетілдіру;үздіксіз білім беру қабілетілігі мен қажетілігін қалыптастыру;

  • Код ON5

    Әлеуметтік жеке тұлға ретінде мінез құлығын қалыптастыру арқылы жүйелі –мақсатты шешім қабылдауға дайын болу;

  • Код ON6

    Педагогикалық қызмет барысында туындайтын қарама-қайшылықтарды түйсіну, тұжырымдай және шеше білу;

  • Код ON7

    Әлемдік қауымдастықты тұтастай алғандығы және Қазақстан Республикасына қатысты негізгі экономикалық үрдістер мен бағдарламаларды талдай білуі;

  • Код ON8

    Әлеуметтік салада және экономикалық қажеттілік арқылы тығыз байланыста болатын білімін басқарушы - ұйымдастырушылық іс әрекетін сауатты пайдалану;

  • Код ON9

    Қазіргі білім синтезі ретіндегі –қаза тілі мен әдебиеті және оның құрамдас бөлігі болып табылатын –тіл салалар,трихы ,әдебиеттің даму кезеңдері,тарихы және ұйымдастыру –басқарушылық ойлауды туындату арқылы кеңістіктік,экологиялық,жүйелілік және проблемалық құрылғыларға жауап бере отырып өз кезігінде қазақ тілі мен әдебиеті және басқару жайлы білім жүйелерін дамытуда маңызды қызмет атқарады.

  • Код ON10

    Қоғамдық саяси экономикалық мәдени өмірінде халықаралық ортада әр түрлі және мәдени тіл өкілдері арасында жазбаша және ауызша негізінде қарым –қатынас түсінушілігін қамтамасыз ету;

  • Код ON11

    Әр түрлі мекемелерде халықаралық туризм саласында көрме және конференцияларды өткізуді ұйымдастыру ,кәсіби іс- әрекетін іске асыру;

  • Код ON12

    Линвистикалық сараптаманың негізгі әдіс-тәсілдерін меңгеру

  • Код ON13

    Дәстурлі және иновациялық әдіс тәсілдерін қолдана білу;

  • Код ON14

    Пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру сыни тұрғысыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

  • Код ON15

    Заманауи педагогикалық, лингвистика саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;

Top