Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01510 Физика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Жас ерекшелік психологиясы

    Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математикалық анализ

    Бұл курс білім алушыларға математикалық анализдің негізгі ұғымдары бойынша негізгі теориялық мәліметтерді беріледі, яғни функция түсінігі, оның анықталу облысы, мәндерінің облысы, функцияның шегі, үзіліссіздігі, оның туындысы және анықталмаған және анықталған интеграл ұғымдарын қарастырады. Осы ұғымдарға теориялық мәлімет бере отырып, физикадағы қолданыстары қарастырылады. Пәннен алған білімдері арқылы типтік есептерді математикалық анализ әдістерін қолдана отырып шешуді үйрену қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Физика және физиканы зерттеудің заманауи әдістері туралы студенттердің түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Физика ғылымының тұтас кешенді көзқарасы, қазіргі физиканың дамуы жайлы студенттердің қызығушылықтары және түсініктерін дамыта отырып, физиканы таңдалған саласы бойынша іргелі идеяларды, теориялар мен әдістерді, зерттеулерді, сонымен қатар, физикалық ақпаратты өңдеу, талдау және синтездеу бойынша алған білімдерін практикада қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Механика және АСТ

    Пән қоршаған ортада болып жатқан процестерді терең түсіну үшін қажетті механиканың негізгі заңдары мен қағидаларын үйретеді. Механиканың негізгі бөлімдері кинематика, динамика, статика бойынша игерген білімдерінің нәтижесінде студенттер физиканың өркендеу тарихы мен оның басқа ғылымдармен байланысын, сонымен бірге іргелі әсерлесу заңдылықтары туралы түсініктерін күрделі есептер шығаруда және физикадан эксперимент жүргізуде қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (B2)

    Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Педагогика

    Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгерту нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия

    Бұл курс студенттерге матрицалар мен анықтауыштар теориясын таныстырады. Комплекс сандар өрісінің негізгі ұғымдары туралы түсінікті қалыптастыру. Студенттерге сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) үйрету болып табылады. Курста студенттер координаттық жүйелер және жазықтықтағы түзу теңдеулерін жаза білу қабілетін қалыптастыру. Жазықтықтағы екінші ретті қисықтардың канондық теңдеулеріне байланысты есептерді шығара алуды меңгерту болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика негіздері

    Пән молекулалар қозғалысы мен молекулалардың өзара әрекеттесуі, заттың ішкі құрылымы туралы тәжірибелерден алынған мәліметтерге сүйеніп, жүйе күйі мен онда өтетін процестер жайында студенттерде түсінік қалыптастырады. Құбылыстың физикалық механизмінің мәнін ашып, нақты процестерде орын алатын термодинамикалық параметрлер өзгерісін қарастырады. Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика бөлімі бойынша эксперимент жүргізу мен есептерді шешу үшін алған білімдерін пайдалана білу біліктерін дамытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Аналитикалық механика

    Пән студенттердің бойында теориялық физика және теориялық механиканың бөлімі, механиканың жалпы принциптері тұжырымдалып, оның негізінде қозғалыстың дифференциялдық теңдеулерін шешу дағдылары мен біліктерін қалыптастырады және алынған нәтижелерді кәсіби қызметте пайдаланады. Пәнді меңгеру нәтижесінде механикалық құбылыстарды талдауда жүйелердің тепе-теңдігі мен қозғалысын зерттеу әдістерін меңгеруге, жүйелер мен процестердің есептеу схемаларын құруға және математикалық механика есептерін шешуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Классикалық механика

    Пән классикалық механика теориялық физиканың бөлімі болып, материалдық денелердің қозғалыс заңдылықтары мен қозғалыс себептерін Ньютонның қозғалыс теңдеулерін, Варияциялық принципін, Лагранж, Гамильтон, Гамильтон-Якоби теңдеулерін, Пуассон жақшаларын, кеңістіктің және уақыттың симметриялық қасиеттарін, сақталу заңдары арқылы қарастырады. Студенттер классикалық механиканың негізгі заңдары мен қағидаларын қолдана отырып, табиғаттағы, техникадағы процестер мен құбылыстарды тұжырымдайды, есептер шығарады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Нанотехнология және наноматериалдар

    Нанотехнологияның тарихын, оның салалары мен даму болашағын, наноматериалдардың түрлерін, физикалық қасиеттерін, оларды алудың және зерттеудің әр-түрлі физикалық әдістерін, сонымен қатар наноматериалдарды қолдану салаларын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер белгілі бір құрылымға және қасиеттерге ие наноматериалдарды синтездеу және зерттеу әдістерін, сонымен қатар оларды белгілі бір мақсатта қолдануды біледі, осы салада эксперимент жүргізу және нәтижелерін талдау дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Күн сәулесі және оның қолданбалы бағыттары

    Пән Күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндіктерін, энергияны түрлендірудің технологиялық ерекшеліктерін, Күн энергия көздерін пайдаланудың негізгі технологиялары мен әдістерін қарастырады. Нәтижесінде студенттер негізі жылу станциялары болып келетін Жер энергетикасының жалпы күйі, күн энергия көздерін пайдаланудың негізгі принциптері жайлы зерттеулерді жинақтап, өңдеп, талдауға дағдыланады. Электр станцияларының конструкциясы, Күн энергиясы бойынша энергетиканы дамыту перспективаларын, оларды пайдаланудың әлемдік және отандық тәжірибесі жайлы білімдерді тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Инклюзивті білім беру

    Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тұрақты және айнымалы токтар физикасы

    Пән студенттерді әлемнің қазіргі заманғы физикалық бейнесімен таныстырады. Электромагниттік құбылыстарды тәжірибелік зерттеу дағдыларын меңгерте отырып, оларды талдаудың теориялық және практикалық әдістерін оқып үйретеді. Тұрақты және айнымалы ток тізбектері заңдары мен формулаларын есептер шығаруда қолдана алады, электриктер мен диэлектриктердің қасиеттері, ток энергиясын өндіру және пайдалану технологияларын үйрену, олардың техникада қолданылуын қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мектеп физика курсында ғылыми жоба жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

    Пән білім алушыларға мектеп физика курсы пәндері бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтауды үйретеді. Нәтижесінде студенттер физика пәні бойынша жобалық тапсырмаларды, жобалық тапсырмалары бар сабақтардың үлгілерін, жобалық тапсырмаларды құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеуді, маңызды және күтілетін түпкілікті өнім түрінде рәсімделген тапсырманы шешуге дағыдаланды және өз кәсіби міндеттерін шешуде қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мектептегі физикалық эксперимент техникасы

    Пән студенттерге мектеп физика курсы тарауларын оқытудың эксперименттік әдістерін және оның оқыту әдістері жүйесіндегі орнын, ғылыми және білім беру физикалық экспериментінің құрылымы мен міндеттерін зерттеуге үйретеді. Физикалық процестер мен құбылыстарды тұжырымдай алу үшін орта білім беру ұйымдарындағы оқу экспериментінің жүйесі мен ерекшеліктерін, демонстрациялық, фронтальды, виртуальды зертханалық жұмыстар, ғылыми-педагогикалық эксперименттік зерттеулер жүргізу техникасы мен технологиясын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Физиканы оқыту әдістемесі

    Пән студенттерге орта мектепте физика курсын оқыту теориясы мен әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерін меңгертіп, инновациялық технологияларды қолдану арқылы ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізу тәсілдерін қарастырады. Физикадан оқу - тәрбиелік жұмысын ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептерде физика тарауларының мазмұнын талдау, кәсіби жоспарлау (сабақты жоспарлау), критериалды бағалау, ашық және жабық тапсырмаларды құрастыру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жарық сәулелерінің физикасы

    Пән геометриялық оптиканың заңдары, линзалар мене жұқа линзалардан кескін алу, жарықтың толқындық және корпускулалық табиғаты, интерференция, дифракция, поляризация құбылыстарын қарастырады. Студенттер спектральдық құралдың жарық жіктейтін негізгі элементі болып дифракциялық торды, дифракция және интерференция құбылыстарына физикалық бақылаулар мен эксперименттер ұйымдастырады, жүргізеді және нәтижелерін талдайды. Теориялық және қолданбалы физикалық есептерді шешу үшін алған білімдерін қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физиканы оқытуда функционалдық сауаттылықты дамыту әдістері

    Пән студенттерге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдіснамасы мен мазмұнын жаңарту мәселелерін үйретеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер PISA және TIMSS зерттеулеріне сәйкес оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға әсер ететін факторларды меңгереді, сонымен қатар оқушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ететін физика сабақтарына арналған оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру және бағалауға негізделген тапсырмаларды іріктеу және әзірлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физиканың компьютерлік әдістері

    Күрделі операциялық ортада мәтіндерді өңдейтін қолданбалы пакеттер, ақпараттарды графикалық елестету жұмыстарын жүргізу болып табылады. Студенттер физика есептерін шығаруда, компьютердің көмегіне сүйене отырып онымен жұмыс жасау, физиканың әртүрлі бөлімдерінен күрделі есептер шығарған кезде тәжірибе алу арқылы түрлі құралдарды пайдалану, физика есептерін шығарғанда, физикалық процестерді модельдегенде, ақпараттарды өңдеген кезде компьютерлік әдістерді қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Білімгер өзінің күшті жақтары мен ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, қызметінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнату дағдыларын меңгереді. Оқу курсында басты назар басшылықтың тиімділігін, оның кәсіби мінез-құлқының икемділігі мен барабарлығын арттыру, басқару құралдарын толық пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физикадағы STEAM оқыту

    Пән студенттердің физикадан алған білімдерін STEAM білім беру негізінде табиғат пен техникадағы процестерді жобалауда, инженериялық есептер шығаруда қолдануды қарастырады. Студенттер STEAM негізінде ғылыми зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгереді, зерттеу жобаларын қорытындылайды. Сонымен қатар, болашақ кәсіби қызметінде физиканы оқытудың инновациялық педагогикалық, сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолдана отырып, сабақты жоспарлайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электромагниттік өріс теориясы

    Пән вакуумдағы және заттардағы электромагниттік өріс теориясының негіздерін, электромагниттік өріс теориясындағы негізгі заңдылықтары мен әдістерін қарастырады. Электромагниттік өріс теориясының негізгі ұғымдары мен заңдары бойынша есептер шығару дағдыларын қалыптастырады. Электромагнитизмнің классикалық теориясын, вакуумдағы электростатикалық өрісті, Максвелл теңдеулерін, токтар және олардың өзара әсерін, электромагниттік сәуле шығаруды қарастыра отырып табиғат пен техникадағы құбылыстар мен процестерді тұжырымдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Атом физикасы

    Пән бойынша білім алушылар атом физикасында заттың ең кіші бөлшегін құрайтын молекулалардың құрылымындағы элементтер - атомдардың жеке қасиеттерін оқып үйрене отырып, есептер шығарауға, түрлі эксперимент құруға және жүргізуге дағдыланады. Олар Резерфорд, Франк-Герц тәжірибелерін талдау арқылы планетарлық модельдің, Бор теориясының дұрыстығына көз жеткізеді. Білім алушылар фотон элементтерінің, рентген сәулелерінің, лазер сәулелерінің табиғаты мен қасиеттерін талдайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Электромагниттік теория

    Пән вакуумдағы және біртекті изотропты ортадағы электромагниттік өрістің қасиеттері, таралуы мен түрлену теориясының негіздерін қарастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер электромагниттік теорияның табиғаты туралы, дифракциясы және үйлесімділігі, электриктер, диэлектриктер, заттардың магниттік қасиеттері туралы алған білімдерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады, Электромагниттік теория жарықтың электромагниттік табиғатын дәлелдеуге бағытталған Максвелл теңдеулерін құрудан басталатындығын тұжырымдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Астрономия

    Пән студенттерге алған білімдерін әртүрлі астрономиялық және физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін қолдану қабілеттерін игеруге үйретеді. Күн және күн жүйесі, ондағы ғаламшарларлардың физикалық табиғаты, Жер серігі, Айдың фазалары мен тұтылуын, күнтізбе, жұлдыздар құрылымы мен түрлері, метеориттер, астероидтар, галактикалардың түрлері, әлемнің пайда болуы мен эволюциясы заңдылықтарын оқып игеру арқылы астрономия есептерін шығарып, астрономиялық құбылыстар мен процестерді тұжырымдай біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физика пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі

    Пән студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін, фактілерді, зерттелетін іс-әрекеттің заңдылықтары мен механизмдерін және оны түрлендіруді ғылыми танудың принциптері мен әдістерін меңгертеді. Нәтижесінде физиканы оқытуда зерттеудің әдіснамалық негіздерін, педагогикалық зерттеудің компоненттерін, практикалық және ғылыми - педагогикалық зерттеудің айырмашылығын, зерттеудің бағыттылығын, негізгі сипаттамаларын, тақырыбын анықтау, зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындауды, зерттеу нәтижелерін өңдеу, жинақтауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кванттық механика

    Кванттық механика Планк тұрақтысымен салыстырылатын микро деңгейде болатын физикалық құбылыстарды зерттеуге бағытталған. Әсерлер максималды микроскопиялық деңгейде көрінеді. Кванттық механика атомдардың, ядролардың, фотондардың және басқа элементар бөлшектердің әрекеті мен қасиеттерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушыларда кванттық механиканың әдістерін еркін қолдана алатын, жалпы теориялық жағдайды түсіндіретін, терең мағыналы физикалық мысалдар арқылы талдай алатын икемділік пен практикалық дағдылар қалыптасады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар

    Пән білім алушының жеке және кәсіби дамуы мақсатында инновациялық әдістемелер мен технологияларды әзірлеудің және оларды білім беру процесінде іске асырудың негізгі қағидаларын қарастырады. Студенттер кәсіби педагогикалық қызметті іске асыруға қажетті инновациялық-педагогикалық, әдістемелік құзыреттер мен практикалық дағдыларды игереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент білім беру процесін жетілдіру үшін инновациялық технологияларды пайдаланып, жеке технологиялар негізінде оқу сабақтарын жоспарлай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Статистикалық және кинетикалық физика

    Пән статистикалық физиканың тарихы мен макроскопиялық физикалық жүйелердің іргелі заңдары мен ортақ қасиеттерін түсіндіреді. Макроденелердің құрылымы жөніндегі атом молекулалық көрініс моделі және математикалық статистикаға негізделгені туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады. Макрожүйелердің, жүйені құрайтын бөлшектердің қасиеті бойынша олардың қозғалысының ерекшеліктерінің динамикалық сипаттамаларының мәндері бойынша алған білімдерін табиғат пен техникадағы процестерді түсіндіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадағы жаңартылған білім беру бағдарламасының заманауи мәселелері

    Пән студенттерде физика пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, ондағы оқу мақсатына қол жеткізу барысында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолданады, сабақты жоспарлау және өткізу тәжірибесін меңгереді және қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспар даярлауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кристаллография және жартылай өткізгіштер физикасы

    Пән студенттерге кристалдардың табиғаттағы пайда болу үдерісін, құрылымын меңгеру, кристаллографиялық индекстеу және кристалдарды проекциялау, жартылай және асқын өткізгіштер физикасының негізгі түсініктерін, олардағы фотоэлектрлік және оптикалық құбылыстарды, электрофизикалық зерттеу әдістерін үйретеді. Пәнді меңгеру нәтижесінде студент физика заңдарын білу негізінде аталған курс бойынша есептерді шешеді және алған білімдерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кванттық физика

    Кванттық физика курсы алғашқы кванттық идея пайда болуы және оның негізгі принциптері: толқындық функция және оның ықтималдық сипаты, Де-Бройль болжамы, анықталмаушылық принципі және қозғалыс теңдеуін талдай отырып, кванттық механика және кванттық өрістер теориясының негізгі идеяларын қолданады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар кванттық идеяны, атомдық, ядролық, сұйық және қатты денелер физикасына қолдану әдістерін игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ядро және қарапайым бөлшектер физикасы

    Пән студенттерге ядроның протон-нейтрондық моделі, ядролық күштер, табиғи және жасанды радиоактивтілік, ядролық реакциялардың механизмі, термоядролық реакциялар, ядроның эрнегетиканы қолдану мен келешегі туралы білімдерді игерту арқылы эксперимент жасау, есептер шығару дағдыларын қалыптастырады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер қарапайым бөлшектердің кварктық құрылымы мен іргелі әсерлесу түрлерін қарастыру арқылы табиғат пен техникадағы процестерді тұжырымдай алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Физикадан есептер шығару әдістемесінің негіздері

    Пән студенттердің педагогика, психология, физиканы оқыту әдістемесі курстарында, жалпы физика курсының практикалық сабақтарында физика есептерін шығаруды меңгерту жолында алған білімі мен қабілеттерін қорытындылауға және толықтыруға үйретеді. Студенттер физикалық процестер мен құбылыстарды, ғылыми-педагогикалық зерттеулерді тұжырымдауда практикалық дағдыларын қалыптастыратын физика есептерін (сандық, сапалық, логикалық, графиктік, эксперименттік) шығарудың ортақ амалдары және әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Физиканың тарихы, іргелі заңдары мен қағидалары туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерін шешуде қолданады
  • Физика және физиканы оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін, жаңартылған білім беру бағдарламасының заманауи мәселелерін меңгере отырып, оқу-тәрбиелік және кәсіби міндеттерді шешеді
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
  • Физикадан алған білімдерін табиғат пен техникадағы процестерді, құбылыстарды тұжырымдауда, есептер шығаруда көрсетеді
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
  • Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жинақтау, өңдеу, талдаудың заманауи тәсілдерін меңгере отырып, зерттеу жұмыстарын қорытындылайды
  • Физика саласындағы демонстрациялық, виртуалды және зертханалық эксперименттерді ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын меңгереді
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Физиканы оқытудың инновациялық педагогикалық, сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолдана отырып, сабақты жоспарлайды, жүргізеді
Top