Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01510 Физика пәнінен мұғалімдер даярлау в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Оқыту мен тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде оқыту технологиялары мен білім беру ресурстарын, соның ішінде цифрлық технологиялар мен контент қолдану.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, қаржылық заңдар мен ережелерді, цифрлық және қаржылық технологияларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық тәртіпке кепілдік беретін заманауи қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі, физикалық есептерді шешуде ғылыми әдістерді, тәсілдер мен әдістерді қолдану.
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау, тіршілік қауіпсіздігі жағдайларын ұйымдастыра білу, сондай-ақ орнықты даму стратегияларын әзірлеу және енгізу, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін бағалау, тәуекелдерді болжау және жаһандық экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер жағдайында оларды төмендету жөнінде шаралар әзірлеу.
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • Білім алушыларды оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асыру, сондай-ақ өзінің болашақ кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын сезіну, кәсіби қызметті жүзеге асыруға ынталандыру, оқу және тәрбие жағдайында оқушының даму заңдылықтарын білу, теориялық білімді практикалық қызметпен және инновациялық әдістермен интеграциялауды жүзеге асыру.
  • Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін қолайлы әдістемелер мен бағалау құралдары негізінде білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыру, инклюзивті мәдениеттің негізгі принциптері мен тәсілдерін меңгеру дағдыларын қолдану, әлеуметтік теңдік принциптеріне негізделген күнделікті және кәсіби қызметте коммуникация стратегиясын таңдау.
  • Білім алушыларды критериалды бағалау жүйесін қолдану, білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне тұрақты мониторинг жүргізу, бағалау құралдарын әзірлеу, оқыту тәжірибесін жақсарту үшін бағалау нәтижелерін қолдану, тақырыптық сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстарын өткізе білу, ата-аналарға кеңес беру, оқушыларға мектепте және ұжымда бейімделуге көмектесу.
  • Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту мен бағалаудың тиісті әдістерін меңгеру, білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдалану, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлауды жүзеге асырады.
  • Физикадағы классикалық бөлімдердің негізгі қағидаларын, негізгі идеялар мен әдістерді меңгеру, сабаққа қажетті оқу материалдарын, оның ішінде ақпаратты іздеу, сүзу және сыни бағалау негізінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып әзірлеу, сандық сәйкестікті басқару және цифрлық этикетті сақтау, бейне, теледидар сабақтарын әзірлеу, цифрлық контент жасау, соның ішінде жасанды интеллект элементтерін пайдалану.
  • Қажеттіліктерді диагностикалау негізінде кәсіби даму траекториясын жүзеге асыру, оқытудың инновациялық білім беру технологиялары мен стратегияларын таңдау, меңгеру қиындықтарын ескере отырып бағалау, оқытудың интеграцияланған процесін, практиканы зерттеу нәтижелерін ескере отырып бағалау стратегияларын іске асыру, білім алушылардың үлгерімі журналын және жеке істерін жүргізуін білу, ата-аналарымен/заңды өкілдерімен өзара байланыс орнату.
  • Жобалық оқыту әдістерін, сондай-ақ зерттеу жүргізу дағдыларын меңгеру, сабақты зерттеуді жүзеге асыру, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, бейне, теле сабақтар әзірлеу, қазақ мәдениеті мен мұрасының байлығын интеграциялау.
Top