6B01509 Математика в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық және ұлттық еңбек нарығында әлеуметтік тұрақтылықты және сұранысты болуын қамтамасыз ететін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерге ие жоғары білікті математика мұғалімдерін дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B009 Математика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Түрік тілі (А1)
Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сызықты алгебра
Пән матрицалар мен анықтауыштар теориясын, сызықтық теңдеулер жүйелері мен сызықтық кеңістіктерді таныстырады. Білім алушылар сызықты алгебраның негізгі әдістерін (Гаусс әдісі, Крамер ережесі және кері матрица әдісі) қолданып, теңдеулер жүйесін шешуді үйренеді. Математиканың әр түрлі салаларының есептерін шығаруда сызықтық алгебраның әдістері мен заңдылықтарын қолданып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шығаруға дағдыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік психологиясы
Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мамандыққа кіріспе
Пән математика мұғалімі кәсіби қызметінің мазмұны мен оған дайындық жүйесін, сипаттамалары мен негіздерін, маңызды ұғымдарын, теориялық мәселелерін, негізгі бағыттарын қарастырады. Білімгер мұғалім мамандығына қызығушылығы мен оң көзқарасын қалыптастырады. Педагог қызметінің мәні мен ерекшелігін түсіне отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыруға қажетті бастапқы тәжірибе мен дағдысын игереді. Дидактикалық ұстанымдар арқылы оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастырудың алғышарттарын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анализ І
Пән функцияның шегін, функцияның туындысын және оның геометриялық, физикалық мағынасын түсінуге мүмкіндік береді. Білімгерлер бір айнымалының функциясына қатысты есептер шығаруды үйренеді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды іргелі математикалық есептерді шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білу ерекшеліктерін көрсетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі (B2)
Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі академиялық, ғылыми тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, көзқарасты түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогика
Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгерту нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Интегралдық қисап
Пәнді оқып-үйрену арқылы бір айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулерін, интегралдар теориясының геометрияда, физикада, механикада, экономикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Математикалық талдау мен басқа математикалық пәндерді одан әрі зерттеу үшін әртүрлі функцияларды саралау әдістерін игереді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытында теориялық ұстанымдарды бейнелейтін есептер мен жаттығуларды шешуде абстрактілі ойлау мен жеке мәлімдемелерді өз бетінше дәлелдей білуге машықтанады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Анализ II
Пән математикалық талдау теориясымен таныстыруды тереңдетеді. Бір айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері және оның қолданыстары тақырыбында есептер шығаруды оқытады. Білім алушыларды алғашқы функция, анықталмаған интеграл ұғымы және анықталмаған интегралдың қасиеттерімен таныстырады. Білім алушылар бөліктеп интегралдау және айнымалыны ауыстыру, рационалдық бөлшектерді интегралдау, Остроградский әдістері арқылы функцияның алғашқы функциясын табуды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Геометрия
Пән геометрия объектілерді зерттеуде векторлық алгебра әдістерін және координаттар жүйелерін меңгеруді қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушылар векторлардың көбейтінділерін, олардың қасиеттерін, жазықтықтағы және кеңістіктегі түзу, жазықтық теңдеулерін жазып үйренеді. Математиканың ғылыми және қолданбалы бағытындағы кейбір есептерді аналитикалық геометрия элементтерін пайдаланып шешуге машықтанады. Аналитикалық геометрия әдістері мен заманауи ақпараттық бағдарламаларды қолданып, қолданбалы сипаттағы математикалық іргелі математикалық есептерді шешеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Көп өлшемді талдау
Пән еселі интегралды қайталама интегралға келтіру теориясымен таныстырады. Бірнеше айнымалыдан тәуелді функциялардың интегралдық есептеулерін, интегралдар теориясының геометрияда, физикада, механикада, экономикада қолдануларын, қатарлар теориясын зерттеу дағдыларын қалыптастырады. Білім алушыларға есептер шығару барысында Эйлер интегралдарын, өрістер теориясын, рационал функцияларды интегралдау әдістерін, Эйлер алмастыруларын және тригонометриялық функцияларды интегралдау әдістерін меңгеріп, есептер шығаруды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Элементар математика
Пән педагогикалық жоғары оку орындарында орта мектеп пен арнаулы орта оқу орындарында кәсіби қызметке дайындайды және мектеп математика курсына енгізілген бағдарламалық материалдар мазмұнын толық көлемде меңгертеді. Элементарлық математика пәнін оқу барысында білім алушы математиканы оқытудың теориялық негіздерін қолданып, мектеп математика курсының комбинаторика, математикалық статистика, тригонометрия, туынды және интеграл тақырыптарының есептерін шығаруға үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Анализ III
Пән көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулер түсінігін береді. Білім алушылардың көп айнымалы функциялардың интегралдық есептеулері тақырыбында және Эйлер интегралдары, өрістер теориясы бойынша есептер шығару дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар қисық сызықты координаталар туралы білімін, полярлық координаталар жүйесінде еселі интегралдарды есептеу формулаларын қолданып, математиканың ғылыми және қолданбалы бағытындағы сан алуан есептерді шығаруға машықтанады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауитану
Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ата-түрік принциптері
Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Сандар теориясының негіздері
Пән математиканың бүтін, рационал және алгебралық сандардың қасиеттерін зерттейтін саласы екендігін түсіндіреді. Бүтін сандардың бөлінгіштігі зерттеліп, бүтін сандардың жеке түрлері ажыратылды, кемел сандардың құрылымы қарастырылады. Теңдеулерді бүтін сандармен зерттеу және шешу әдістерін меңгереді. Жай және құрама сандардың қасиеттерін, жай сандардың натурал қатарда таралу заңдылықтарын және арифметикалық прогрессияларды, натурал модуль бойынша шегерімдер класының сақина құрылымдарын және салыстыруды шешу әдістерін үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Анализ IV
Пән тригонометриялық Фурье қатары, коэффициенті және олардың ішінара қосындысымен таныстырады. Фурье қатарының комплекстік формасы, жинақталуы және Дирихле ядросы мен интегралы туралы білімін қалыптастырады. Білім алушылар берілген аралықта дәрежелік, көрсеткіштік және тригонометриялық функцияларды Фурье қатарына жіктеп және функцияның Фурье коэффициентін бағлауды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі мемлекеттер тарихы
Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Функционалдық қатарлар
Пән қатарлар теориясымен таныстырады. Білім алушылардың сандық қатарлар, олардың жинақтылығы, функционалдық қатарлардың жинақтылығы және бірқалыпты жинақтылығы туралы білімін, функцияларды дәрежелік қатарларға жіктеу дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар сандық қатарларды жинақтылыққа зерттеуді, функционалдық және дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиустарын табуды және Маклорен және Тейлор қатарларының жіктелуін мысалдармен қарастыруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазбаға кіріспе
Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Математикалық сауаттылық есептерін шешу практикумы
Пән күнделікті өмірдегі математиканың рөлін анықтайды. Білім алушыларға сандық ақпараттарды оқытады, түсіндіріп береді және талдауға негізделген математикалық пайымдаулар айту, математиканы практикалық және танымдық проблемаларды шешуде пайдалану қабілетін дамытады. Білім алушылар өлшеуге, қозғалысқа, қоспаға берілген есептерді, ребустар мен сөзтізбе құрастыру және шығару; түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін білуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Пән әдістемелік ғылымның теориялық және әдіснамалық негіздерін және математика пәнінің әр түрлі функцияларын орындауды қамтамасыз ететін бастапқы әдістемелік шеберліктерін қалыптастырады. Болашақ мұғалімдер математиканы оқыту мәселелерін шешуге шығармашылық көзқарасқа, оқу процесін өз бетінше талдау, әдістемелік мәселелерді зерттеу дағдыларына ие болады. Математиканы оқыту әдістемесінің пәні мен мәселелерін, математиканы оқытудың мақсаттары, мектеп математикасының құрылымы мен мазмұны және математиканы оқыту әдістерінің жіктелулерін үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық есептерді шешу практикумы І
Пән мазмұнды есептердің математикалық модельдерімен таныстырады және математикалық білім берудің құрамдас бөлігі ретінде мәтіндік есеп туралы идеяларды қалыптастырады. Білім алушылардың алгебралық теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардан тұратын жүйелерді шешудің дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар функционалдық алмастыру, функционалдық теңдеулерді шешу, графиктік, векторлық әдістерді қолданып есеп шығаруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Математикалық есептерді шешу практикумы ІI
Пән математикалық есептерді шешу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруды, стандартты емес есептерді шешу әдістертерін үйренуді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды тақырыптар бойынша есептерді жүйеге келтіре білуге жаттықтырады. Білім алушылар бір есепті бірнеше әдістермен шеше білуге үйренеді, мектеп математикасына сәйкестеп, есептерді қиындық дәрежесі бойынша іріктей алуға машықтандырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Математиканы оқыту әдістемесінің таңдаулы тараулары
Пән тек анықтама, теорема, олардың дәлелдеулері, арасындағы байланыс, есептерді шешу тәсілдері сияқты мәліметтерді беріп қана қоймай, оларды өмірмен байланыстыра отырып, нақтылы мәселені шешуге жұмсау, қолдану болып табылады. Сонымен қатар курстың міндетіне білім алушыларға логикалық ойлау мен математикалық мәдениетін дамыту, таным көкжиегін кеңейту жатады. Білім алушы математикалық білім беруде бәсекеге қабілетті, жан-жақты, терең ойлы, зерделі болашақ кәсіби маман болуды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көшбасшылық теориясы
Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Олимпиадалық есептерді шешу практикумы
Пән тапсырмалардың шарттарын талдау, шешімдерді іздеу дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларды күрделілігі жоғары деңгейдегі математикалық есептердің сипаттамалық ерекшеліктерімен таныстырады. Болашақ мұғалімнің математикалық мәдениетін қалыптастырады. Пәнді оқу барысында білім алушылар орта мектепте математика курсының әртүрлі бөлімдері бойынша стандартты емес және күрделілігі жоғары есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін, дағдыларын меңгереді. Оқу курсы күрделілігі жоғары есептерді, оларды шешудің әдістемесі және түрлі тәсілдерін жүйелеудің негіздерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ықтималдықтар теориясы
Пән ықтималдықтар теориясының негізгі түсініктерін түсіндіреді. Білім алушыларды оқиғалар алгебрасы мен дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамаларын, кездейсоқ процестер теориясының элементтерімен таныстырады. Білім алушылар ықтималдық кеңістік, үлкен сандардың және шекті теориялардың заңдарын меңгереді. Ықтималдықтар теориясының негізгі формулаларын қолданып, есептер шығаруға үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геометриялық салу есептері
Пән салу есептері туралы ұғыммен таныстырады. Салу есептерін шешудің негізгі кезеңдерін айқындап береді. Пән білім алушыларға тек екі құралды қолдана отырып, объект құруға көмектеседі: циркуль және сызғыш. Геометриялық орындар әдісін, геометриялық түрлендіру әдістерін және алгебралық әдістерін қолданып, студенттерге есептер шығаруды үйретеді. Білім алушылардың салудың тиімді әдістерін таңдау жасай алуына мүмкіндік жасайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жай дифференциалдық теңдеулер
Пән дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары мен қасиеттерін біртіндеп түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші ретті дифференциалдық теңдеулердің, оның ішінде біртекті теңдеулер, сызықты теңдеулер және толық дифференциалдық теңдеулер ұғымдарымен таныстырады. Білім алушылар жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер, дәрежесі төмендетілетін дифференциалдық теңдеулер тақырыптарына есептер шығаруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Геометрия негіздері
Пән геометрияның даму тарихын және қазіргі жағдайы туралы түсінік береді. Білім алушыларға геометрия аксиомаларын құруды, аксиомалар жүйесін қолданып, есептер шығаруды меңгертеді. Геометриялық есептер туралы білімін жүйелейді және кеңейтеді. Планиметрия мен стереометрия негізгі теоремаларын дәлелдеп, оны қолданып, жазықтыққа және кеңістікте берілген есептер шығаруды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Элементар математиканың қосымша тараулары
Пән элементарлы математика, математиканың концептуалды ғылыми негіздері және оның жалпы білім беру жүйесі мен құндылықтар жүйесіндегі орны туралы білімін кеңейтеді және тереңдетеді. Мектеп математика курсының негізгі бөлімдерін қайталайды және бекітеді. Білім алушылардың математикалық есептерді құрастыру мен шешуде табысқа жетуіне ықпал ететін арнайы және жалпы ғылыми дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дербес туындылы теңдеулерді шешудің әдістері
Пән дербес туындылы дифференциалдық теңдеулерге есептер шығару және негізгі теорияны білу дағдысын қалыптастырады. Пән білім алушыларға дербес туындылы дифференциалдық теңдеулердің классификациясын және оларды канондық түрге келтіруді, Фурье әдістерін, жылу потенциалдарын, жалғастыру әдісін және Грин функцияларын, максимал принципін, Коши есебін, аралас есептер, Дюамель принципін зерттеуді үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика пәнінде педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі
Пән ғылыми-зерттеулер жүргізудің жалпы заңдылықтарын сабақ өту барысында қолдануға үйретеді. Педагогика әдістемесін, педагогикалық зерттеулердің деңгейлері мен түрлерін, сондай-ақ педагогикалық зерттеу әдістерін қарастырады. Педагогикалық-экспериментті ұйымдастыру және өткізудің әдістемесін қалыптастырады. Дидактикалық ойды сыни көзқараспен талдау жасауды меңгертеді. Білім алушылар педагогикалық зерттеулердегі математикалық статистика әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектеп математика курсында ақпараттық технологиялар қолдану
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында көптеген математикалық есептерді шешуді дербес компьютерде автоматтандыру арқылы жеңілдетуге болады. Математикалық есептер шығаруда ақпараттық компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану барысында білімгерлер өз білімдерін шыңдайды, сонымен қатар математиканың көптеген пәндерін зерттейді, ғылыми зерттеулер жүргізеді. Олар ғылыми басылымдармен, мәліметтер қорымен жұмыс істеу принциптерін зерттейді және бағдарламалық кешеннің көмегімен ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық статистика элементтері
Пән математикалық статистиканың негіздерін және оны қолдану әдістерін үйретеді. Пән қазіргі әлемдегі математикалық статистиканың орны мен рөлі туралы түсінік қалыптастырады, ең маңызды статистикалық модельдер мен әдістерді сипаттау үшін қолданылатын негізгі ұғымдар жүйесін және осы ұғымдар арасындағы байланысты ашады. Таңдама бойынша үлестірімнің белгісіз параметрлерін бағалау тақырыбына есептер шығаруды, гипотезаларды статистикалық тексеруді және корреляциялық және регрессиялық талдауды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Элементар геометрияның қосымша тараулары
Пән элементар геометрияға деген қызығушылықтарын жандандыруға көмектеседі. Планиметрия және стереометрияның аксиомаларымен таныстырып, негізгі теоремаларын дәлелдеулерімен түсіндіреді. Геометриялық түрлендіру әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастырады. Білім алушыларға векторлық алгебра элементтерін есептер шығаруда қолданады. Білім алушылар жазықтықтағы салу есептерінің негізгі түсініктері мен әдістерін есептер шешуде және дәлелдеуде қолдануды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерді кіріктіре оқыту әдістемесі
Пән мектептегі білім мазмұнын құрылымына қойылатын қазіргі заман талаптарының бірі – дүние мен адам жөніндегі тұтас білімді жан-жақты қайта жасаумен сипатталатыны туралы ұғым қалыптастырады. Жаратылыстану пәндері арасындағы үздіксіз өзара байланыс нәтижесінде ондағы биологиялық, физикалық, химиялық, экологиялық ұғымдардың байланысын өзара сабақтастыра отырып, математикалық білімдегі маңыздылығына қарай қолдануды үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық талдаудың таңдамалы тараулары
Пән математикалық біліктілікке қойылатын осы заманғы талаптар: іргелі математикалық дайындық деңгейін көтереді, математика курсының қолданбалы бағытын күшейтеді, білім алушыларға қолданбалы есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдануға үйренуге бағыттайды, білім алушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамытуға, математикалық білімді өз беттерінше кеңейтуге және тереңдетуге қол жеткізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Математикалық физиканың әдістері
Пән бірқатар нақты физикалық және техникалық есептерге әкелетін екінші ретті дербес дифференциалдық теңдеулерді интегралдаудың классикалық әдістерімен таныстыруды үйретеді. Білімгерлер математикалық білімдерін математикалық физика есептерінің кейбір қосымша шарттарды қанағаттандыратын дербес дифференциалдық теңдеулердің шешімдерін табуда қолдануды үйренеді. Математикалық және статистикалық модельдерді құру үшін заманауи математикалық аппаратты қолдану мүмкіндігі, статистикалық әдістер мен алгоритмдерді жетілдіру, сонымен қатар нәтижелерді қолданады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Комплекс айнымалы функциялар теориясы
Пән комплекс сан, комплекс айнымалы функция және олардың қасиеттерін түсінуге мүмкіндік береді. Пәнді оқу барысында білімалушылар комплексті айнымалы функцияларды зерттеу тәсілдерін меңгереді. Білімалушылар математикалық объектілерді зерттеу үшін комплексті айнымалы функцияларға алгебралық амалдарды қолдануды үйренеді.Комплекс айнымалы функцияның әдістерін іргелі математиканың есептерін шығаруда қолданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары геометрия
Пән үшбұрыштар және қасиеттері туралы түсінік береді. Үшбұрыштың периметрін және ауданын есептеуде оқушылардың білім деңгейін көтереді. Білім алушылар тіктөртбұрыштың қасиеттері, тікбұрыштың периметрі мен ауданы, көпбұрыштар, шеңбер тақырыптарына есептерді шешуде математикалық әдістерді қолдануға үйренеді. Білім алушылар стереометрия бойынша білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге қол жеткізеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
- Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
- Білім беру ортасында ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
- Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
- Критериалды бағалау жүйесін әзірлеп, оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді.
- Математиканың әртүрлі бағыттарының есептерін зерттеуде теориялық және математикалық-статистикалық әдістерді қолданады.
- Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады.
- Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
- Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
- Математиканың негізгі әдістері мен заңдылықтарын қолдана отырып, математиканың іргелі және қолданбалы есептерін шешеді.
- Қолданбалы практикалық есептерді шешуде, процестер мен құбылыстардың математикалық модельдерін жасайды.
- Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, пән бойынша оқу-әдістемелік материалды әзірлейді.
Ұқсас БББ
6B01509 Математика-Информатика мұғалімін даярлау
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (ОҚМПУ)
6B01509 Математика-Физика (көптілді білім беру)
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B01509 Математика
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
6B01509 Математика
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B01509 Математика-Физика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті