Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01509 Математика-Информатика мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Алгебра және сандар теориясы

    Классикалық алгебраның матрицалар, анықтауыштар, векторлық алгебра, сызықты теңдеулер жүйесі, сызықты операторлар, көпмүшеліктер теориясы бөлімдері, сандардың бөлінгіштік теориясы, сандық функциялар, салыстырулар мен олардың қасиеттері, индекстер мен алғашқы түбірлер тақырыптарында қамтылған математиканың негізгі ұғымдары, теоремалары, тұжырымдары және дәлелдеулер қарастырылады. Тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Элементарлық математика

    Мектеп математикасындағы сандар, өрнектер, фунциялар, теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері, математикалық анализ элементтері бөлімдерінде қамтылған математиканың негізгі ұғымдары жоғары математикалық көзқарас тұрғысынан талданады, есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары, және есеп шығаруды бағалаудың критерилері қарастырылады. Есеп шығару дағдыларын меңгеруде теориялық және практикалық әдебиеттерді талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Программалау тілі: Python

    Пән мәліметтердің базалық типтерімен, құрылымдық және объектілі – бағытталған программалау (ОБП), GUI программалау модельдерімен, ұғымдарымен таныстыратын сабақтар сериясын қамтиды. Tkinter пакетінің құралдарымен пайдаланушының графикалық интерфейсін құру ерекшеліктері, ойындарды бағдарламалаудың базалық, Pygame кітапхананың негізгі мүмкіндіктері қарастырылады; негізгі функцияларға, кластарға басты назар аударылады; Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы қосымшалар жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аналитикалық және проективті геометрия

    Жазықтықтағы және кеңістіктегі сызықтар мен беттер теориясының негізінде, координаталық жүйе мен векторлық алгебра элементтерін пайдалану арқылы сызықтар мен беттердің теңдеулерін құру және олардың қасиеттерін зерттеу мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, проекциялау элементтері, практикалық қолданулары қарастырылады. Қолданбалы бағыттағы тапсырмаларды құрастыру мәселелерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәнаралық білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Объектіге-бағытталған программалау: С#

    Пәнде Microsoft Visual Studio платформасының негіздері және C# тілінің синтаксисі, C# тілінде ОБП игеру, мұрагерлік және полиморфизм, оқиғаларды жүзеге асыру және пайдалану, класс кітапханаларын және консольдық қосымшаларды құру; .NET ортасында Windows-қосымшаларды дамыту қарастырылады. Жобалық жұмыстарда программалық технологияларды салыстыру арқылы программалық қосымшалар жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Математикалық анализ 1

    Бір айнымалы функциялар, шек, туынды, дифференциал, жоғары ретті туындылар, аудан, көлем есептеудегі анықталмаған және анықталған интегралдар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Шамалар арасындағы тәуелділіктерді сандық қатынастар тұрғысынан зерттеу әдістерін талдау, пәннің ғылымдағы орнын дәйектеу, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Web-программалау негіздері

    Пән Web-интерфейстер мен Web-қосымшаларды құрастыруға арналған НТМL, CSS, JavaScript-тің Web-стандарттары мен технологияларын игеруге, Web-программалау саласында теориялық, практикалық дағдыларды меңгеруге бағытталады. Пәнде сайт құрастыратын танымал конструкторлар, лендинг, визиткалар, бизнеске арналған ресурстарға шолу жасалады. Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы веб-сайттағы ақпаратты құрылымдау, оны интернет желісінде көрсету әдістерін игеру көзделеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Деректер базасы және ақпараттар жүйесі

    Пән деректер базасының объектілерін құру, түрлендіру және деректерді еркін реляциялық деректер базасында басқару үшін SQL тілі моделін үйрену және қолдануға бағытталады. Пәнде ақпарат жүйелерінің реляциялық деректер базасын жобалау кезеңдері, деректерді индекстеудің негізгі әдістері, BigData туралы ғылым саласындағы қазіргі тенденциялары қарастырылады. Жобалық жұмыста ақпараттық жүйелер жасау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Математикалық анализ 2

    Көп айнымалы функциялар теориясы, интегралдар және интегралдау әдістері, жуықтау теориясы және қатарлар бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері және практикалық қолданулары қарастырылады. Пәннің дифференциалдық теңдеулер мен матфизиканың классикалық және классикалық емес есептерін шешудегі рөлін дәйектеу, мәселелерді шешу жолдарын талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер

    Пәнде негізгі логикалық блоктар, операциялық жүйелердің негіздері, командалар жүйелері, мәліметтерді сақтауды ұйымдастыру және басқа да ақпарат беру, енгізу-шығару құралдары, интерфейс жүйесін басқару құрылғылары, компьютер архитектурасының негіздері, дербес компьютер құру үшін фон-Нейман принципі қарастырылады. Жобалау жұмысында қазіргі операциялық жүйедегі үдерістердің бірлескен жұмысын қамтамасыз ететін процестерді игеруге бағытталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математика мен информатиканы оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары

    Жаңартылған білім беру бағдарлама негізінде математиканы/информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары, оқытудың инновациялық технологиялары, қолдану тиімділігін креативті бағалау әдістері қарастырылады. Жаңаша білім берудегі мультимедиа түсінігі; ақпараттық және витруальды білім беру орталарын құру және қолдану мүмкіндіктері мен оларды интеграциялау бағыттары қарыстырылады. Инновациялық оқыту технологияларын жобалаудың принциптері мен ерекшеліктері, оқытуда бұлтты технологияларды және инновациялық-педагогикалық технологияларды қолданудағы оқытушы мен білім алушы арасындағы қарым-қатынасы, МООК құру мен жобалау технологиялары мен қадамдары оқытылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дифференциалдық теңдеулер

    Қарапайым сызықтық дифференциалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешудегі классикалық есептердің қисынды қойылуы және оларды шешудің белгілі әдістері, практикада қолданулары қарастырылады. Сандық әдістер, оптималды басқару, вариациялық есептеу салаларындағы күрделі мәселелерді шешудегі алатын орны, модельдеуді қолдану негізінде проблемаларды талдау, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бағалаудың заманауи технологиялары

    Бағалаудың заманауи технологияларының ғылыми негізін; пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлауды; білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін критериалды бағалау жүйесін; тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін-өзі бағалау механизмін; тұлғалардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері мен әдістері бойынша білім алуға және ғылыми зерттеулерді меңгеруге мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Геометрия негіздері және дифференциалдық геометрия

    Геометрия негіздері бойынша теоретилық білімді игеру, геометрияның логика-аксиоматикалық құрылымдарды талдау және практикада өлшеу теорииларының негіздерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Евклидттік кеңістіктегі сызықтармен беттерді дифференциалдық геометрия әдістерін қолданып зерттеу. Беттің ішкі геометриясына шолу жасау.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Информатиканы оқыту әдістемесі

    Пән мектеп информатикасын оқытудың әдістемелік дайындығын қамтамасыз етеді. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлаудың нормативтік кұжаттарын, мектеп информатикасының мазмұнын, оқыту әдістерін, формаларын, құралдарын жүзеге асыру ерекшеліктерін; информатикадан есептер жүйесінің әдістемелік талаптарын; сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуді, информатика кабинетінің жұмысын, мектептің акпараттық-білім орталарын, осы үдерістегі информатика мұғалімінің қызметтерін меңгертуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математиканы оқыту әдістемесі

    Математиканы оқыту әдістемесі пәні, математиканы мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, теоремаларды дәлелдеу, есеп шығаруға үйрету, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Математикалық логика және дискретті математика

    Логикалық алгебра, дискреттік функциялар, графтар, басқару жүйелерін синтездеуге қатысты негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар, дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Математикалық тілдің әртүрлі берілуі, теорияның қайшылықсыздығын, тәуелсіздігі мен толықтығын дәлелдеу әдістері, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Машиналық оқытуға кіріспе

    Пән машиналық оқытуға қатысты мәселелердің негізгі түрлерін (классификацияны, регрессияны және кластеризацияны) зерттеуге; машиналық оқытудың негізгі әдістері және олардың ерекшеліктерін оқытуға; нақты мәселені шешу үшін үлгілердің сапасын бағалау және оларды Python-ның кітапханалары арқылы деректермен жұмыс істей отырып жүзеге асыруға бағытталады. Жобалық жұмыста программалау технологияларын салыстыру арқылы машиналық оқыту мәселелері зерттеледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

    Ықтималдықтар теориясының оқиғалар алгебрасы, кезейсоқ шамалар, үлкен сандар заңдары, болжау түрлерінің заңдылықтары, математикалық статистиканың бастапқы және негізгі теориялары қарастырылады. Есептің шешімдер жиынын табу жолдары мен комбинаторикалық анализ негіздерін практикада қолдану, танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеу, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлі, пәндік білімді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Еселі интегралдар және өрістер теориясы

    Математиканың классикалық математикалық анализ саласының еселі интегралдар теориясы, қисық сызықты интегралдар, стереометрия, механика, физикадағы беттік интегралдар, өрістер теориясының элементтері бөлімдерінде қамтылған негізгі ұғымдар, теоремалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, практикада қолданулары қарастырылады. Пәннің ғылымдағы орны мен рөлі, модельдеуді қолдану негізінде проблемыларды талдау, пәндік білімді интегрлау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Компьютерлік жүйелер, желілер, телекоммуникация және ақпаратты қорғау

    Пәнде жүйелер мен желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері, терминологиясы, OSI моделі, Internet жүйесіне қосылу әдістері: электрондық пошта (E-mail); UseNet, TelNet, FTP технологиялары мен электрондық байланыс құралдары;ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау мәселелері; электрондық цифрлық қолтаңбаныңрөлі жәнеөмірдегі қауіпсіздік шараларықарастырылады. Жобалық жұмыста Internet жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік зерттеледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • STEM білім беру

    Пән білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістерін; оқытуды ұйымдастыруға пәнаралық тәсілді; ҚР-да STEM-білім беруді іске асыру ерекшеліктерін; мектепте STEM-технологияларды енгізудің негізгі шарттарын және STEM-технологиялардың түрлерін; білім алушыларды ғылыми-техникалық шығармашылыққа тартудың білім беру технологияларын; роботтарды бототехникалық конструкциялау, бағдарламалау және модельдеу негіздерін зерделеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Функциональдық және комплексті анализ элементтері

    Функциональдық және комплексті анализдің негізгі элементтеріне қатысты ұғымдар, бегалар мен тұжырымдар және дәлелдеулер мен есеп шығарудың әдіс-тәсілдері, праткикада қолданулры қарастырылады. Проблемы талдау, дифференциалдық теңдеулер, қысынды, қысынсыз қойылатын классикалық емес есептерін шешуде функционалдық және комплексті анализдің алатын орны және пәндік білімді интеграциилау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Математикалық есептер шығару практикумы

    Жай және құрама есеп түрлерін шығару, сызба, сурет, қысқаша жазба түрінде модельдеу, есепті шешуде тірек сұлбаны талдау, есептерді әртүрлі тәсілдермен, арифметикалық, алгебралық әдістермен шығару қарастырылады. Математикалық білімін практикада қолдануға, пәндерді интеграциялауға, сын тұрғысынан, позитивті ойлауын дамытуға, АКТ-ны пайдалану арқылы оқу үрдісін ұйымдастыруға бағдарланған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Білім беру робототехникасы

    Пәнде LEGO және Arduino негізінде жиналатын және бағдарламаланатын практикалық тапсырмаларды орындау; құрастырылған құрылғылардан,датчиктерден деректердің оқылуы/өңделуі; олардың смартфондардан, компьютерден, интернеттен алынуы және жіберілуі қарастырылады; компоненттерді, схемаларды құрастыру, бағдарлама жазу, диагностикалау әдістері сипатталады. Жобаны жазу, оны жылжыту, IT Startup-ты іске қосуды ұйымдастыру әдістерін меңгеру және робототехниканың өмірдегі рөлін дәйектеу көзделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Математиканы оқыту саласындағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады
  • Критериалды бағалау технологиясы мен оқу стратегияларын пайдаланып оқу бағдарламасының мақсаттарына сәйкес сабақтың қысқа мерзімді жоспарын жасайды
  • Инновациялық технологияларды, АКТ-ны оқытудың мақсат міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес қолданады
  • Программалау құралдарының көмегімен ақпаратты формалау мен құрылымдауды, оларды бейнелеу әдістерін, сондай-ақ өңдеу мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әр түрлі мақсаттағы қолданбалы бағдарламаларды әзірлейді
  • Академиялық адалдық принципі мен мәдениетін ұстана отырып, математика және информатика саласындағы ғылыми зерттеулер, академиялық хаттарды қолданады
  • Инклюзивті білім беру, педагогика, психология ғылымдарының теориясын, оқу-тәрбие әдістері мен құралдарын оқушыны тәрбиелеу және дамыту тәжірибесінде пайдаланады
  • Есептеу жүйелері мен робототехниканың архитектуралық ерекшеліктері мен принциптерін, типтерін, логикалық блоктар жұмысының ұйымдастырылуын сипаттайды
  • Математика және IT-білім беруде алдыңғы қатарлы білімге негізделген математика және информатика бойынша білім мен түсініктерді көрсетеді
  • Кәсіби салада немесе командалық жұмыста тұлғааралық, мәдениаралық толерантты қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде коммуникацияны қолдайды
  • Математиканы оқытуда теорияны, фактілерді және олардың арасындағы тәуелділікті талдайды
  • Одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру қажеттілігін талап ететін математика және информатика саласында жобалау жұмыстарын әзірлейді
  • Кәсіптік салада этикалық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық мәселелер мен міндеттерді түсіндіреді
Top