7R01114 Радиология в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Визуализацияның медициналық әдістері арқылы аурулар мен жарақаттардың диагностикасын өз бетінше жүргізуге қабілетті, медициналық ұйымдарда жұмыс істеуге жоғарғы білікті мамандарды дайындау
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R014 Радиология
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Маммологиядағы радиология
Сүт бездерінің ауруларының клинико-рентгенологиялық диагностикасы. Синдромдар: түйін тәрізді түзіліс, диффузды өзгерістер, емізіктен патологиялық бөлінділер, сүт бәзінің ісінуі. Скрининг. Жастық және қызметтік ерекшеліктер. Маммография. Сандық ақпараттық технологиялар. Сүт бездерін зерттеудің заманауи жүйесі.УДЗ.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Рентгенология
Рентгенологиялық қызметтерді ұйымдастыру және директивті құжаттар: бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер. Рентген сәулелерінің биологиялық әсері. Сәулелік диагностикалық зерттеулердің регламентациясы. Рентгенологиялық зерттеу әдістері: флюорография, рентгеноскопия, рентгенография, томография. Рентген сәулеленуін қолдана отырып кейбір зақымданулар мен ауруларды анықтау, ағзалар мен тіндерді зерттеу. Тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту, зәр шығару және тірек-қимыл жүйесінің ауруларындағы жалпы рентгеносемиотика және рентгенодиагностика.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 30
-
Ультрадыбыстық диагностика
Ультрадыбыстық қызметті ұйымдастыру және директивті құжаттар: бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, УДЗ бөлімдерінің есеп беруі. УДЗ әдістемелері – бірөлшемді эхография, доплерография, дуплексті сонография. Ересектер мен балалардағы аурулардың жүйелік ультрадыбыстық диагностикасы. Сүт бездерінің УДЗ. Нәрестелердегі УДЗ ерекшеліктері Нейросонография.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Ядролық медицина
Радионуклидті препараттарды қолдану. Радионуклидті зерттеулердің әдістері: сканирлеу, сцинтиграфия, бірфотонды және позитронды эмиссионды томография. Эндокринді, жүрек-қантамыр, сүйек-буын жүйесінің, бауыр мен бүйрек патологиясының радионуклидті диагностикасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 10
-
Онкорадиология
Онкологиялық аурулардың сәулелік диагностикасы және семиотикасы, ісіктердің ерте диагностикасы, онкологиялық аурулардың скринингі, анықталған онкологиялық өзгерістердің диагностикасы мен ажыратпалы диагностикасы, позитронды эмиссионды томографияның(ПЭТ) қолданылуы кейінгі КТ немесе МРТ-мен, ісіктік процестің бүкіл ағзаға таралу деңгейін анықтау үшін.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Ағзалар мен жүйелер ауруларының кешенді сәулелік диагностикасы
Құрсақ қуысының тамырларын түстік доплерлік зерттеу. Өңештің әртүрлі патологияларының КТ және МРТ. Өңеш ісіктерінің КТ. Асқазанды зерттеу әдістері: рентгенография, рентгеноскопия. УДЗ және жергілікті метастаздарды анықтау үшін МСКТ. Крон патологиясы кезіндегі КТ және МРТ. Бауырдың УДЗ және МРТ (контраст - гадолини) .
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Компьютерлік томография
Емханалар мен стационардағы компьютерлік томографияны ұйымдастыру. КТ физико-техникалық негіздері – әдіс қағидаты, технологиясы, және сканирлеу хаттамасы, контрастілеу технологиясы, томограммалардың реконструкциясы, қайта құрылуы.Тірек-қимыл, жүрек-қантамыр, тыныс алу, асқорыту және зәршығару жүйелерінің және кіші жамбас ауруларының КТ диагностикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Кардиорадиология
Жүрек-қантамыр ауруларының сәулелік диагностикасы мен семиотикасы: жүрек ақаулары( туа біткен жіне жүре пайда болған), жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, перикардиттер, жүрек жеткіліксіздігі, инфаркттер, аорта аневризмалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Балалар рентгенологиясы
Балалар емдеу мекемелерінде рентгенологиялық қызметті ұйымдастыру. Рентген сәулелерінің биологиялық әсері. Балалардағы ағзалар мен жүйелерді рентгенологиялық зерттеу әдістемелерінің ерекшеліктері. Тірек-қимыл, тыныс алу, жүрек-қантамыр, асқорыту және зәр шығару жүйелерінің ауруларының рентгеносемиотикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 12
-
Магниттік резонансты томография
Емханалар мен стационардағы магниттік-резонанстық томографияны ұйымдастыру. МРТ-ның физико – биологиялық негіздері – әдіс қағидаты, тағайындау түрлері, технологиялар, және сканирлеу хаттамасы, контрастілеу технологиясы, томограммалардың реконструкциясы, қайта құрылуы. Ересектер мен балалардағы барлық ағзалар мен жүйелердің ауруларының МРТ диагностикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 20
-
Нейрорадиология
Жүйке аурулары кезіндегі визуальді әдістердің маңызы. Тамырлық және тұқымқуалайтын аурулардың сәулелік диагностикасы. Шашыранды склероздың визуальді диагностикасы. Жедел бассүйек-ми жарақаттарының және олардың салдарларының визуальді диагностикасы. Бас миының ісіктерінің визуальді диагностикасы. Балалар мен жасөспірімдердегі неврологиялық аурулардың визуальді диагностикасы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Рентгеноэндоваскулярлық диагностика және ем
Жүрек-тамыр, онкологиялық, нейрохирургиялық, гинекологиялық, урологиялық, кардиологиялық және хирургиялық аурулармен ауыратын науқастарды тексеру үшін эндоваскулярлық әдістерді қолдану мүмкіндіктері туралы білімдерін дамыту. Рентгендік эндоваскулярлық диагностика және емдеу әдістерін қолдана отырып мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі принциптері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Интервенционды радиология
Интервенционды радиология туралы түсінік. Даму тарихы. Ангиографияны өткізуге материалдар. Тамырларға негізгі түсулер. Артериялық және венозды жүйенің ангиографиясы. ӨАТЭ және жүрек-қантамыр аурулары кезіндегі интервенционды радиология.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 2
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Пациентті тексеру: тексеру жоспарын тағайындауға, зерттеу жүргізуге және берілген мәліметтер негізінде медициналық қорытындыны интерпретациялауға қабілетті
- Коммуникация және коллаборация: пациент үшін жақсы нәтижелерге жету мақсатында визуализацияның медициналық әдістеріне мұқтаж пациентпен, оның айналасындағылармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді әрекет етуге қабілетті
- Қауіпсіздік және сапа: медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін қауіпті бағалауға және анағұрлым тиімді визуализацияның медициналық әдістерін қолдануға қабілетті.
- Қоғамдық денсаулық: өзінің мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық аймағы шегінде әрекет етуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін салаларалық құраммен жұмыс жасауға қабілетті
- Зерттеу: адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, визуализацияның медициналық әдістері бойынша кәсіби әдебиетті сыни бағалауға , өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті.
- Оқу және даму: өздігінен оқуға және кәсіби құрамның басқа мүшелерін оқытуға, үздіксіз кәсіби дамудың пікірталастарында, конференцияларында және басқа да түрлерінде белсенді қатысуға қабілетті
Ұқсас БББ
7R01114 Радиология
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01114 Радиология
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01114 Радиология
Астана медицина университеті
7R01114 Радиология
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
7R01114 Радиология
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті