Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01114 Радиология в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Адам денсаулығын түзету және тиімді емдеу үшін ересектер мен балалардың ағзалдар мен жүйелер ауруларының радиологиялық диагностикасы бойынша кәсіби құзіреттілікке ие, тәжірибе және ғылымда алдыңғы қатардағы заманауи технологияларды қолданатын және дамытатын, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай халық денсаулығын нығайтатын білікті радиолог маманын даярлау
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R014 Радиология
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Пәндер

  • Балалар рентгенологиясы

    Пән балалардағы ағзалар мен жүйелердің рентгенологиялық зерттеулерінің жүргізу және нәтижелерін талдау,дифференциалды рентгенодиагностика жүргізу, радиациялық қауіпсіздік қағидаттарын сақтау, балаларда ең тиімді әдісті пайдалана отырып, рентгенологиялық әдістердің қаупін бағалау, шұғыл көмек көрсету, пациентпен және оның қоршаған ортасымен тиімді жанашырлық қарым-қатынас орнату, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 12
  • Ультрадыбыстық диагностика

    Пән балалар мен ересектердегі ультрадыбыстық зерттеу әдістерін жүргізу мен қорытындысын талдау, дифференциалды ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу, ғылыми негізделген қорытынды жасау, ультрадыбыстық кабинеттің медициналық құжаттарын жүргізу, науқас пен және оның қоршаған ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен қарым-қатынас орнату,ғылыми зерттеулер жүргізу, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне қатысу бойынша дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • Рентгенология

    Пән рентгендиагностикадағы білім мен нормативті-құқықтық база дағдыларын, қалыпты және патологиялық жағдайлардағы, соның ішінде профилактикалық рентген әдістерін жүргізу мен қорытындысын талдау, дифференциалды рентгендиагностика жүргізу, ғылыми ақпараттар базасына негізделген қорытынды жасау, радиациялық қауіпсіздік ережелерін сақтау рентген әдістерінің қаупін бағалай отырып ең тиімді әдісін таңдау, шұғыл көмек көрсету, медициналық құжаттарды рәсімдеу, тұлға аралық қатынас, науқаспен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 30
  • Ағзалар мен жүйелер ауруларының кешенді сәулелік диагностикасы-1

    Пән кардиоторакалды, тірек-қимыл жүйесі, эндокриндік патологиясы, дәнекер тін аурулары бар науқастардың кешенді рентгенологиялық зерттеу нәтижелерін интерпретациялау, ғылыми деректер базасы негізінде радиологиялық нәтижені құрастыру, радиологиялық әдістердің қаупін бағалау және олардың ең тиімдісін қолдану және көпсалалы топтар құрамындағы жұмысын дамыту бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Өкпе қатерлі ісігінің ерте сәулелік диагностикасы

    Электив өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтау, дифференциалды сәулелік диагностика жүргізу және халықаралық стандарттарға сәйкес қорытынды жасау, радиологиялық әдістердің, соның ішінде компьютерлік томографияның қаупін бағалау бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Онкологиядағы дифференциалды сәулелі диагностика

    Электив ересектер мен балалардағы онкологиялық патологияны ерте анықтау, дифференциалды радиологиялық диагностика жүргізу және халықаралық стандарттарға сәйкес қорытындыны жасау, радиологиялық әдістердің қауіп-қатерін бағалау, кешенді радиологиялық зерттеу жүргізу бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Фтизиатриядағы дифференциалды сәулелі диагностика

    Электив ағзалар мен жүйелердің туберкулезін ерте анықтау үшін кешенді радиологиялық зерттеу жүргізу мен оның нәтижесін талдау, дифференциалды радиологиялық диагностика жүргізу, рентгенологиялық әдістердің қауіп-қатерін бағалау бойынша білім мен дағдыларын қалыптастырады, соның ішінде профилактикалық тексерулер кезінде.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Магниттік резонансты томография

    Пән МРТ кабинеттерінің нормативтік-құқықтық базасы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады, балалар мен ересектерге МРТ жүргізу және оның нәтижелерін интерпретациялау, дифференциалды МРТ диагностикасын жүргізу, шұғыл медициналық көмек көрсету, мультидисциплинарлық топтарға қатысу, зерттеу сұрақтарын құрастыру арқылы ғылыми деректер базасын талдау, үздіксіз кәсіби даму формаларына қатысуды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • Радиолог-резиденттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негіздері

    Электив резидент радиологтың ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізе отырып, ғылыми дерекқорларды талдау бойынша білімін, іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ядролық медицина

    Пән ядролық медицина әдістерінің нәтижелерін жүргізу және интерпретациялаудың нормативтік-құқықтық базасы туралы білім мен дағдыларды, ұсыныстарды әзірлеумен кешенді радиологиялық сараптама жүргізу дағдыларын, радиациялық қауіпсіздік ережелерін сақтауды, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, медициналық құжаттаманы рәсімдеу, пациент пен оның айналасындағылармен өзара әрекеттесуді, ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу, зерттеу тобының жұмысына қатысу, үздіксіз кәсіби даму формаларына қатысуды қалыптастрады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Травматологиядағы дифференциалды сәулелі диагностика

    Электив ағзалар мен жүйелердің жарақаттық зақымдануы бар науқастардың кешенді радиологиялық зерттеулерінің нәтижесін талдау, диференциалды диагностика жасау және ұсынымдар әзірлей отырып, радиологиялық әдістердің қауіп-қатерін бағалау, жарақат кезінде ең тиімді радиологиялық әдісті пайдалана білу туралы білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Компьютерлік томография

    Пән балалар мен ересектерде компьютерлік томография жүргізу, оның нәтижелерін талдау, дифференциалды диагностика жүргізу, ғылыми мәліметтер базасы негізінде қорытынды тұжырымдау, радиациялық қауіпсіздік ережелерін сақтау, әдістің қауіп-қатерін бағалау, шұғыл көмек көрсету, көпсалалы топтардың құрамында жұмыс істеу, өз бетінше оқыту және басқаларды оқыту дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • Маммологиядағы радиология

    Пән маммографиялық скрининг қағидаттарын қолдану, сүт бездерінің радиологиялық зерттеуін жүргізу, оның ішінде профилактикалық және кешенді зерттеулерді жүргізу және оның нәтижелерін талдау, сүт бездерін радиологиялық зерттеудің қауіп-қатерін бағалау, медициналық құжаттаманы рәсімдеу, пациентпен, денсаулық сақтау мамандарымен өзара іс-әрекет жасау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 10
  • Ағзалар мен жүйелер ауруларының кешенді сәулелік диагностикасы - 2

    Пән нейрохирургиялық және абдоминальды патологиясы бар пациенттерді кешенді радиологиялық зерттеудің нәтижелерін түсіндіру, радиологиялық әдістердің қаупін бағалау және олардың ең тиімдісін пайдалану, ғылыми дерекқорларды талдау негізінде радиологиялық қорытынды жасау, көпсалалы топтар құрамындағы жұмыс дағдыларын дамыту бойынша білімі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Вирусты пневмонияның дифференциалды сәулелік диагностикасы

    Электив вирустық пневмония кезінде радиологиялық зерттеулерді, оның ішінде кешенді радиологиялық зерттеулер жүргізу, дифференциалды радиологиялық диагностика жасау және ғылыми дерекқорларды талдау негізінде қорытынды жасау бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Нақты бір клиникалық жағдайда өздігімен жүргізген радиологиялық зерттеу әдісінің нәтижесін талдау және дифференциалды диагностика жүргізу
  • Нақты бір науқасқа жасалған кешенді радиологиялық зерттеудің қорытындысын талдай отырып, емдеуші дәрігерге арналған ұсыныстарды даярлау
  • Науқаспен, оның қоршаған ортасымен және денсаулық сақтау мамандарымен тиімді қарым-қатынас орнату
  • Аурулардың профилактикасы және диагностикасы үшін, радиологиялық зерттеу әдістерінің қаупін бағалау және радиациялық қауіпсіздік ережелерін қолдану
  • «Радиология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың құқықтық және ұйымдастырушылық саласының шеңберінде әрекет ету
  • Медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес радиологиялық тексерулер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету
  • Медициналық құжаттаманы рәсімдеу, радиология бөлімшелерінің медициналық және статистикалық ақпаратына талдау жасау
  • Зерттеу сұрақтарын құрастыру, ғылыми ақпараттар базасын талдау, қорытынды жасау және нәтижелерін өзінің клиникалық тәжірибесінде қолдану, зерттеу тобының жұмыстарына қатысу
  • Өз бетінше оқуға және кәсіби топ мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және өзге де үздіксіз кәсіптік дамудың нысандарына белсенді түрде қатысу
Top