Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01702 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті в QYZPU

Пәндер

  • Мәтіннің аудармашылық талдауы (әдебиет)

    Мәтін түрлерін ажырату, олардың түзілімі мен қатысымдық, прагматикалық мәнін сындарлы бағалай білуге көмектеседі. Мәтінтану іліміндегі зерттеу әдістері мен технологияларын жете түсініп, мәтін түзудің заңдылықтарын ашып көрсетеді. Өз зерттеулерінде қолдану мәселелерін шешеді. Өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдануды, мәтін лингвистикасы туралы ғылыми көзқарастарды бағалап, сол арқылы өз пікірін тұжырымдай білуді меңгертеді.

    Несиелер - 4
  • Көркем әдебиеттегі мифологиялық дүниетаным

    Мифтік сананың кезеңдерін, әдеби архетип пен мифтердің архаикалық семантикасын, қазіргі қазақ прозасы, поэзиясы, драматургиясындағы мифтік сарындар мен фольклорлық дәстүрлердің берілу жолдарын анықтау. Көркем әдебиеттегі мифтік туындылардың жанрлық, көркемдік ерекшелігіне мифологема тұрғысынан талдау жасау.

    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Ғылым тарихы мен философиясы пәні магистранттарға ғылыми әдістердің дамуы жағдайындағы ойлау эволюциясы туралы түсінік береді. Магистранттар сыни ойлау және салыстырмалы талдау дағдыларын қолдана отырып, негізгі философиялық ұғымдарды және олардың ғылыми жаңалықтарға әсерін талдайды. Олар ғылыми парадигмаларды қалыптастырудағы идеологиялардың әсерін бағалайды, білімге әртүрлі көзқарастарды салыстыру және бағалау үшін интеллектуалды дағдыларды пайдаланады. Тарихи контексттерді талқылау және зерттеу арқылы магистранттар ақпаратты талдау және синтездеу дағдыларын, философия мен ғылымның байланысын терең түсінуді дамытады.

    Несиелер - 4
  • Әдебиет тарихы дәуірлеуінің теориялық негіздері

    Қазақ әдебиеті тарихының дәуірлеу мәселелерінің жүйесін айқындауға, тереңдетіп оқытуға, ғылыми пайымдаулар жасатуға бағытталған. Магистранттар әдеби мұраны игеру ісіндегі әдебиет тарихын дәуірлеудің ұстанымдарын, үлгілерін, ғылыми тұжырымдарды меңгереді. Түрлі кезеңдерде орын алған дұрыс, сыңаржақ теориялардың әдебиет тарихын жүйелеуге тигізген ілгерішіл немесе кертартпа ықпалдарын зерделейді, дәуірлеудің типологиялық тұрғыдан пайымдау негізінен білім қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың заманауи әдістері

    Пән проблемалы тәсіл арқылы қазақ тілін оқытудың кейбір ерекшеліктері қарастырылады. Магистранттардың шығармашылық ойлауын проблемалық әдісті пайдалана отырып дамыту, сабақ мазмұнын құру, проблемалық міндет қою, білім алушының ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік танымын арттыруға үйрету мақсат етіледі. Қазақ тілін оқытудың негізгі ұғымдары мен әдістері туралы теориялық білім алады.

    Несиелер - 4
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

    Әлем әдебиеттануындағы теориялық ұстанымдар, олардың ұлттық әдебиеттанумен сабақтастығын түсіндіреді, талдайды. Қазіргі әдебиеттану ғылымының жаңа бағыттарынан хабардар болады, оларды әлемдік әдебиеттану ғылымындағы жаңа ізденістермен салыстырады, қазақ поэзиясы мен прозасындағы жанр жаңалықтары бойынша өз білімдерін жинақтап қорыта алады. Әдебиеттанудағы кейбір мәселелеріне қатысты бүгінгі ғылыми көзқарастарды, пайымдауларды айтып, түсіндіре алады.

    Несиелер - 5
  • Ахметтану

    А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына жан-жақты ғылыми талдаулар жасайды. Ғылыми еңбектері мен оқулықтарын зерделеп, бай мұрасын зерттейді. Тіл мен әдебиет, педагогика, әдістеме салаларындағы А.Байтұрсынұлы салған ғылыми негіздерді одан әрі дамытып, қазіргі гуманитарлық білім парадигмалары тұрғысынан ғалымның рөлі мен орнын бағамдайды.

    Несиелер - 5
  • Лингвомәдениеттаным

    Магистрант тілдік бірліктерді прагматикалық аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік тәсілдерін меңгереді. Тілдегі лингвистикалық парадигмада талқыланатын проблемалық ізденістерді жүйелей біледі. Дәстүрлі стилистикадан тыс функционалдық, прагматикалық стильде көріністерін меңгереді. Магистранттарды тiл арқылы халық мәдениетiн танудың теориялық-методологиялық негiздерiмен қаруландыру.

    Несиелер - 5
  • Нейролингвистикалық бағдарламалық зерттеулер

    Тілдің фонациялық, аудициялық (қабылдау), церебрациялық (мида болатын процесс) сипаттарын қарастырады. Неврология мен тіл білімінің өзара байланысын, тіл және мидың құрылымы мен қызметтерінің ерекшеліктерін зерттейді. Нейролингвистикалық зерттеу әдістері мен НЛБ (нейролингвистикалық бағдарламалау) және нейрографика мәселелері қарастырылады.

    Несиелер - 5
  • Қазақ тілін оқытудың әдістемесі және инноватика

    Қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін, даму жолдарын; қазақ тiлiн оқытудың ұстанымдарын, жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешен, заманауи сабақ үлгілерін, қазақ тілі бойынша оқу мақсаттарын, оқу бағдарламасы бөлімдерін қарастырады. Жоспар түрлерін (ҮОЖ, ҰМЖ, ҚМЖ), жазба жұмыстарды жүргізудің әдістемесін, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын жасау әдістемесін меңгертеді.

    Несиелер - 4
  • Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы

    Пән магистранттарға жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы саласындағы терең білім беруге бағытталған. Оқыту барысында оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері, білім беру бағдарламаларын жобалау, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері және көшбасшылықтың психологиялық аспектілерін, оның ішінде мотивация, көшбасшылық, коммуникация және қақтығыстарды басқару мәселелерін талдайды.

    Несиелер - 4
  • Мәтін лингвистикасы

    Мәтін түрлерін ажырату, олардың түзілімі мен қатысымдық, прагматикалық мәнін сындарлы бағалай білуге көмектеседі. Мәтінтану іліміндегі зерттеу әдістері мен технологияларын жете түсініп, мәтін түзудің заңдылықтарын ашып көрсетеді. Өз зерттеулерінде қолдану мәселелерін шешеді. Өз бетімен зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдануды, мәтін лингвистикасы туралы ғылыми көзқарастарды бағалап, сол арқылы өз пікірін тұжырымдай білуді меңгертеді.

    Несиелер - 4
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жүйесіндегі филологтың тұлғасы

    Жаңартылған білім мазмұнында білім беру процесінде заманауи педагогикалық технологияларды, олардың даму тарихын, дәстүрлі оқыту әдістерімен байланысын, педагогикалық технологиялардың түрлерін, әдістері мен қағидаттарын және жаңа білім беру технологияларын тиімді пайдаланып қолданудың жолдарын қарастыру мақсатындағы зерделеу.

    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пән супер-базалық стандарт кемінде (В1) деңгейін меңгеруді қамтамасыз етуге, магистранттардың лингвистикалық емес оқыту бағыттары бойынша мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Магистратураның пәндік саласына сәйкес нақты лексиканы, терминологияны және коммуникациялық стратегияларды зерттеуді қамтиды. Магистранттар болашақ мансабында туындауы мүмкін кәсіби мәтіндермен, құжаттамалармен және коммуникациялық жағдайлармен танысады.

    Несиелер - 4
  • Тілдік тұлға акмеологиясы

    Адамның дамуы барысындағы өзінің тұлға ретінде, маман ретінде қалыптасуының теориялық-әдіснамалық мәселелері, объективті және субъективті факторлары жөніндегі білімдерін тереңдету, сонымен қатар болашақ маман иелерін акмеология ғылымымен таныстыру, оны терең түсініп талдауға мүмкіншілік жасау және өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа қабілетті өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алу саласындағы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді

    Несиелер - 5
  • Сандық зерттеулер және деректерді талдау

    Пәннің мақсаты білім беру және әлеуметтік ғылымдар саласындағы сандық талдау әдістерін меңгеруге бағытталған. Магистранттар сандық зерттеу жоспарлаудың негіздерін, деректер жинау құралдарын (анкета, сауалнамалар) әзірлеу, іріктеу принциптері, сондай-ақ деректерді статистикалық өңдеу әдістерін заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып үйренеді. Арнайы назар гипотезаларды құрастыруға, нәтижелерді түсіндіруге, статистикалық болдамдарды тексеруге және деректерді визуализациялауға бөлінеді.

    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің методологиясы мен технологиясы

    Пән магистранттардың жоғары оқу орны жағдайында оқу процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті терең білім мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Осы пән аясында магистранттар дәстүрлі және инновациялық әдістерді қамтитын қазіргі заманғы оқыту әдістерін, соның ішінде дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, жобалық оқыту, кейс-метод, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және жасанды интеллекті (ЖИ) қолдануды зерттейді. Сонымен қатар, белсенді оқыту әдістерін енгізуге, мәселен, проблемалық, зерттеу және қашықтан оқытуға ерекше назар аударылады. Магистранттар қазіргі заманғы оқыту әдістері мен технологияларын, білім беру процесін басқаруды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және оқу жетістіктерін бағалау әдістерін қолдану дағдыларын, сондай-ақ тиімді білім беру ортасын қалыптастыруды меңгереді.

    Несиелер - 4
  • Академиялық жазылым

    Пән академиялық контексте жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытады. Пән ғылыми мәтіннің құрылымын, зерттеу және дәлелдеу әдістерін, дәйексөздер мен сілтемелер ережелерін зерттеуді қамтиды. Магистранттар ғылыми эсселерді, рецензиялар мен зерттеу мақалаларын жоспарлау, жазу және редакциялау әдістерін, академиялық этика мәселелерін және жұмысты пішімдеу ережелерін меңгереді. Тәжірибелік тапсырмалар мен кері байланыс арқылы магистранттар академиялық пікірталас аясында өз ойларын анық, логикалық және дәлелді жеткізу қабілетін дамытады. Пән зерттеу негізінде магистрант үшін қажетті академиялық жазылым қабілеттері, дағдылары мен құзыреттілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

    Несиелер - 4
  • Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм

    Магистранттар қазіргі қазақ прозасында постмодернизмнің көрініс беру ерекшелігін зерттеп, оның отандық әдебиетке ықпалын анықтай алады.Постмодернизмге тән көркемдік категориялар арқылы еліміздің ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы мәдениетінде елеулі орны бар авторлардың прозасына ғылыми-теориялық зерттеулер жасайды.

    Несиелер - 5
  • Гендерлік лингвистика

    Тіл білімінің соңғы 3-4 онжылдық ішінде даму үстіндегі бағыттардың гендерлік және жалпы әдіснамалық қырларын талдау мен бағалауға, тіл туралы ғылымның тұжырымдамалық деңгейінде көрініс берген тіл білімінің гендерлік негізін талдауға құрылған. Ол тіл арқылы қоршаған ортаны, ер мен әйел тілінің сипаттарын, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің гендерлік негіздерін қарастырады

    Несиелер - 5
  • Әдеби интеграция типологиясы

    ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басына дейінгі аралықтағы әлемдік әрі ұлттық әдебиеттегі негізгі көркемдік әдіс-тәсілдерді, олардың шығу тетігі мен көркемдік, мазмұндық, стильдік ерекшеліктерін талдау арқылы олардың қазіргі кезеңдегі әдебиеттегі өзектілігін сараптауды, жаһандану кезеңіндегі интеграциялық үрдісті ғылыми негіздеуді мақсат етеді.

    Несиелер - 5
  • Зерттеу дизайны және этикалық нормалар

    Магистранттар зерттеу сұрақтарын құрастыруды, әдістемені таңдауды, деректерді жинау құралдарын әзірлеуді және деректерді талдау процедураларын жоспарлауды қоса алғанда, зерттеу дизайнының әртүрлі аспектілерін зерттейді. Сонымен қатар, пән деректердің құпиялылығы, зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен әл-ауқаты сияқты білім беру зерттеулерін реттейтін этикалық нормалар мен стандарттарға баса назар аударады. Оқыту білім беру саласында жоғары сапалы және этикалық зерттеулер жүргізу үшін магистранттарға қажетті дағдыларды бере отырып, ғылыми жобаларды жобалау және жүзеге асыру үшін алынған білімді практикалық қолдануды қамтиды.

    Несиелер - 6
  • Тіл біліміндегі жаңа бағыттар

    Филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады. Тіл білімінің өзекті мәселелері туралы өз беттерінше ой қорытып, ізденуге жол ашады.

    Несиелер - 5
  • Сапалық зерттеулер және деректерді талдау

    Пән білім беру зерттеулерінде қолданылатын сапалы әдістерді тереңдетіп оқытады. Магистранттар сұхбат, фокус-топтар, бақылау және құжаттарды талдау сияқты әртүрлі мәліметтер жинау әдістерімен таныстырылады. Сапалы ақпаратты жинау, жазу және талдау процесін зерттеу, нәтижелерді түсіндіру және сапалы деректерден қорытынды жасау дағдыларын дамытады. Сапалық әдістерді қолдану кезінде зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету принциптерін талдайды және меңгереді. Магистранттар сапалық тәсіл, теориялық негіз, зерттеу сұрақтарын құрастыруды үйрену дағдыларын қалыптастырады.

    Несиелер - 5
  • Әдебиеттерді талдау, білім берудегі теориялық және тұжырымдамалық негіздер

    Пәнді оқу барысында магистранттар ғылыми зерттеулерге сыни талдау жасайды, өзіндік зерттеу тәсілдерін әзірлейді және білім беру саласындағы негізгі тұжырымдамалар мен тенденцияларды түсіну үшін салыстырмалы талдау дағдыларын қолданады. Әрбір тапсырма сыни тұрғыдан ойлау және ғылыми материалдармен аналитикалық жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған, бұл магистранттарға пән саласын тереңірек түсінуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің ғылыми жобаларын жасауға дайындалуға көмектеседі.

    Несиелер - 4

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым мен білім беру үдерісінің өзара байланысын, ғылым тарихы мен философиясының өзекті мәселелерін, сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздерін, білім беру трансформациясы жағдайында этикалық және құқықтық стандарттарды сақтай отырып, жасанды интеллектіні пайдалануда ғылыми нәтижелерді білім мазмұнына интеграциялайды.
  • Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, әр түрлі қабілеттері бар студенттерді ескере отырып, инклюзивті қағидаларға сәйкес оқыту әдістерін, басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын кәсіби қызметінде пайдаланады;
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының барлық кезеңінде этикалық нормаларды сақтай отырып, зерттеу құрылымын, әдіснамасын, деректерін және қорытындыларын академиялық стандарттарға сай ұсынады.
  • Ғылыми зерттеулер үдерісін ұйымдастыруға, жоспарлауға және жүзеге асыруға, зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауға, бағалауға және салыстыруға және қорытынды жасауға, жаңа ғылыми идеяларды алуға және оларды өзінің кәсіби қызметінде пайдалануға, оқулықтар мен оқу құралдарындағы теориялық зерттеулердің қолданбалы аспектілерін әзірлеуге үйренеді.
  • Әдебиет теориясы мен сынын, фольклор жанрларын, поэтикасын, қазақ, түркі, шетел әдебиеті тарихындағы негізгі кезеңдерді, және бағыттарды, мектептерді, оның өкілдерін сын тұрғысынан талдайды.
  • Лингвистикалық зерттеуді, кәсіби мәтіндерді және лингвистикалық сараптаманы жүргізуге қатысты ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемаларды, мәтіндердің әртүрлі типтерін, оның ішінде көркем және жарнамалық және медиатекстерді (құруға, түзетуге, редакциялауға, түсініктеме беруге, түсіндіруге, рефераттауға және т. б.) өңдейді
  • Әдістеме (тәсілдер, принциптер, логика, зерттеу әдістері, деректерді талдау, нәтижелерді тестілеу және т.б.) және ғылыми зерттеулерде этикалық принциптерді сақтаудың маңыздылығы туралы білімін көрсетеді ; қойылған ғылыми тапсырмаға сәйкес сандық немесе сапалық зерттеулерді жобалай алады , болашақ кәсіби қызметтің практикалық мәселелерін шешу үшін әдістемелік білімді (Action Research) синтездейді (Lesson study).
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттануда қалыптасқан жаңа салалардың теориялық негіздерін саралайды, қазіргі білім беру парадигмасындағы жаңа бағыттарда алған білімін кәсіби деңгейде дискурстық зерттеулер жүргізу барысында қолданады.
  • Тіл заңдылықтары мен әдебиеттанудың өзекті мәселелерін интерпретациялайды, интербелсенді әдіс-тәсілдерді педагогикалық тәжірибеде пайдаланады
  • Кәсіби коммуникацияның түрлі саласындағы тіл тазалығын сақтауға, тіл мәдениетін игеруге, іскери міндеттерді шешуге, ғылыми полемикада сандық технологияларды тиімді пайдаланады.
  • Көптілді коммуникациялық ортада кәсіби және академиялық тақырыптарда дискурсқа қатысып, жүргізе білу дағдыларын дамытады.
  • Ғылыми және практикалық саладағы күрделі инновациялық идеяларды жүзеге асыруда көшбасшылық қасиеттерге ие болады.
Top