Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01408 Музыкалық білім (Арнайы музыкалық аспап) в Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты көпмәдениеттілікті, коммуникативтікті меңгерген, педагогикалық саладағы әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі заманғы ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және кәсіби түрде шешуге қабілетті, сондай-ақ келесі салаларда кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие жоғары білікті музыка мұғалімін даярлау: жан-жақты дамыған оқушы тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу; музыкалық білім беру саласы бойынша жүйелі білімді жетілдіру; музыкалық білім берудің оқу үдерісін заманауи ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыру; ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру. 1.2 Білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері: 1.2.1 - жалпы білім беру мектептер, лицейлер, педагогикалық колледждер, сондай-ақ қосымша музыкалық білім беру мектептеріне болашақ музыка маұғалімдерін қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес сапалы кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету; 1.2.2 - болашақ музыка мұғалімдерінің негізгі құзыреттілікжүйесін, сондай-ақ жалпы ғылыми және арнайы білімдері, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру; 1.2.3 - физикалық, рухани және зияткерлік өзін-өзі дамыту тәсілдерін меңгерту, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B006 Музыка мұғалімдерін даярлау
  • Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
Top