Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06101 Информатика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды білдіру
  • Философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану және психологияның базалық білімін ескере отырып, тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби коммуникацияның әр түрлі салаларындағы жағдайларға баға беру
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияға кіру
  • жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер пайдалану
  • Дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарлану, өзін-өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойы жеке білім траекториясын қалыптастыру
  • Кәсіби есептерді шешуде жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі ережелері мен әдістерін қолдана білу және жаратылыстану-ғылыми процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын, сондай-ақ информатиканы оқытудың мазмұнды және әдістемелік аспектілерін анықтай білу және оларды осы пәнді әртүрлі деңгейде оқыту процесінде қолдану
  • Физика, электроника және жасанды интеллект жағдайы негізінде модульдік құрылымы бар роботтарды жобалау, құрастыру және бағдарламалау
  • Алгоритмдік және бағдарламалық шешімдерді талдау және қолдану технологиясының теориялық және әдістемелік негіздерін білу негізінде қолданбалы есептерді шешудің бағдарламалық прототиптері мен компьютерлік, мобильді (iOS және Android платформаларында) қосымшаларын құру үшін жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін қолдану
  • Қойылған міндеттерге сәйкес есептеуіш техниканың, компьютерлік желінің архитектурасын талдау және жобалау, желі жұмысындағы іркілістерді жою және қазіргі заманғы компьютерлік желілердегі ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету
  • Ақпараттық технологиялар саласындағы сатуларды ұйымдастыру принциптерін талдау, міндеттері сату бөлімдерін, олардың ұйымдық құрылымының негізгі модельдерін, функционалдық бөлімшелермен, серіктестермен және сыртқы бизнес ортамен жұмыс істеу тәсілдері мен дағдыларын шешу
  • Таңдалған бағдарламалау ортасында графикалық бейнелерді құру үшін алгоритмдер құру, кәсіби қызметте веб бағдарламалау технологиясы, Компьютерлік үлгілеу және сервистер, дайын қолданбалы бағдарламаларды пайдалану
  • Басқару ұйымдары мен бизнес-құрылымдарда, есептеу және компьютерлік орталықтарда ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату үшін қазіргі заманғы модельдерді, компьютерлік дизайн әдістерін, объектілі-бағытталған бағдарламалауды, деректер базасын жобалауды, сондай-ақ бұлтты және мобильді технологияларды қолдану
Top