7M04101 Экономика в Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті магистр маманын даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M070 Экономика
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
Экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясаттың мазмұны. Жаңа экономикалық саясатты қабылдау. Экономикалық саясаттың басты бағытын анықтау. Экономикалық процесстердің халықаралық нарықтағы орны, оның ұлттық дүниежүзілік экономикаға ықпалы, экономиканың макро жəне микро деңгейінің даму тенденцияларын сипаттайтын саяси экономикалық категорияларды, заңдылықтар мен заңдарды жүйелі оқыту арқылы олардың жаңа, қазіргі сипаттағы экономикалық,саяси ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілін халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме дайындауды қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жобалау мен ұйымдастыру
Ғылыми мақаланы жазу процесінде филологиялық және пәнаралық білімді синтездеу және трансформациялау. Әлем әдебиетінің өзекті сұрақтары бойынша ғылыми мақаланы құру үрдісін жоспарлау және іске асыру. Ғылыми зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырып, олардың шешімін табуға және ғылыми жарияланымда көрсетуге, фактілерді жинау, өңдеу, талдау, филологиялық және ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылым тарихы мен философиясы
"Ғылым тарихы мен философиясы" курсы және қазіргі әдіснамасының негізгі модельдері, принциптері, идеялары. Генезис және ғылым дамуының негізгі тарихи кезеңдері. Логостан ғылымға дейін. Ғылымның мәртебесі. Ғылыми критерийлер. Ғылыми білім формалары. Ғылым динамикасы. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері оқып игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
ҚР-ның қазіргі экономикалық саясаты
Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық саясаты туралы түсінік , оның географиялық орналасуы негізгі экономикалық аудандарды сипаттайды, оның сыртқы саудасын, салалар бойынша өндірісті: көлік жасау, қара металлургия, түсті металлургия,химикалық өндіріс, құрылыс материалдары өндірісі, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы. ҚР қаржылық жүйесін қарастырады. «ҚР-ның қазіргі экономикалық саясаты» курсы– таңдау бойынша пəн, оқу жоспарының бір бөлшегі болып табылады жəне экономиканың əртүрлі салаларындағы магистранттармен оқуға қарастырылған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Жеке тұлғаның жалпы және әлеуметтік психологиясы Тұлға құрылымына теориялық көзқарастар. Жеке тұлғаның психикалық процестері мен қасиеттері жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері: Темперамент және мінез. Шағын топ пен топты басқару психологиясы Топ туралы ұғым, топтық өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері көшбасшылық және көшбасшылық психологиялық әсер іскерлік қарым-қатынастағы жеке тұлғаны қабылдау. конфликтология негіздері және қиын адамдармен байланыс жасау әдіс-тәсілдерін оқып үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және нәтижелерді коммерциализациялау
Ғылыми зерттеу-ғылым мен практиканың, сондай-ақ проблемалық жағдаяттың өзара қарым-қатынасының жемісі ретінде. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың принциптері. Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Зерттеушінің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы мен негізгі кезеңдері. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерциализациялау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі категорияларының сипаттамасы, педагогикалық процестің құрылымы мен компоненттері және оны басқару, оқыту әдістері, құралдары мен формалары. Жоғары білім мазмұны. Жоғары мектептегі заманауи білім беру технологиялары. Педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретінде отбасы мәселелерін және білім беру жүйесін басқару аспектілерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Экономиканы талдаудың әдістемесі мен практикасы
Кешенді экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру. Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттерімен таныстыру және өндіріс ырғақтылығына талдау жасау. Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндеттері. Өнім өндіру мен сатуды талдау. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды талдау. Еңбек ресурстарын пайдалануды талдау. Өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнын талдау. Айналым капиталын талдау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау. Маржиналды табысты талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Микро-макроэкономикалық талдау
Микро-макроэкономикалық талдау» қазіргі экономикалық теорияның құрылымдық бөліктерін жалғастырып, математика жəне вербальді, кестелік, талдау жəне графиктік формаларда экономикалық үлгілерді қолданумен жоғары деңгейде меңгеруді жалғастыру. Макроэкономикалық категориялардың негізгі түсінігіне талдау жасай білу. Сұраныс және ұсыныс теориясын талдау негізі. Тұтынушының таңдау теориясын талдау. Өндірістің ресурстық факторлары. Ресурс нарығында баға белгілеу. Өндіріс шығыны және экономикалық пайда. Жалпы тепе-теңдікті, экономикалық тиімділікті және қоғамдық игілікті талдау. Бәсекелес және бәсекелес емес нарықтар шартында өндіріс көлемін, бағасын және шығынын анықтау. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инновациялық бизнесті дамытудың ұйымдастыру формасы
Осы курс студенттерге инвестицияны экономикалық бағалау туралы кең спектрлық көрініс береді: инвестиция экономикалық санат ретінде, инвестициялық қвзметін мемлекеттік реттеу т еориясымен практикасы, инвестициялық жоба, оның негізі мен іске асыру сатылары, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау принциптері мен əдістері;инвестициялық ұсыныс жəне талдау; кəсіпорын мінездемес жəне инвестиция үшін болжамды бағыттар; жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздерін қалыптастыру; инвестициялардың экономикалық талдау əдісі, пайдалылық əдісі(кіріс индексінің есебі); дисконтталған мерзімде инвестиция шығынының орны толтыру; кірістің ішкі нормасының əдісі. Жобаның қаржылық тиімділігінің салыстыру-талдау көрсеткіштерін қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инновациялық жобаларды бизнес- жоспарлау
Кəсіпорынды инновациялық жобалармен қамту, ойлап шығару білімін ұштастыра білу, инновациялық стратегияның мазмұнын кешенді ұсыну, инновациялық қызметте инновациялық жобаның іс қызметін ұйымдастыруын замануаи жағдаймен мазмұндай білу, бизнес жобасын құру үшін тəжірибиелік жаңашылдылықты енгізу, инновациялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалау, экономиканың барлық бағытынды анрайы басқару қызметін инновациялық айнасын тұжырымдау, қазіргі экономиканы дамыту бағыттарын мен қатар негізгі заңнамалық тұстарын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өнеркәсіп экономикасы
Аталған білім беру бағдарламасының пəндерін оқу шаруашылық процесін модельдеу жəне кəсіпорын қызметіне кешенді диагностика жүргізуге, ауылшаруашылық өндірісін жəне шағын бизнесті ұйымдастыру, еңбекті мөлшерлеу жəне еңбекақы, менеджмент, маркетинг, баға белгілеу, компьютерлік технология жəне интернет-шешім төңірегінде қазіргі терең теориялық білім мен тəжірибелік дағдыны иеленуге, кəсіпорын шығындарын болжау жəне жоспарлауды, оңтайлы басқара білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Кәсіпорынның инновациялық және инвестициялық қызметін ұйымдастыру
Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру. Инвестицияға деген қажеттілік . Инновациялық жобалаудың экономикалық тиімділігі. Инвестициялық қызметті басқару. Инвестициялардың өтімділігін анықтау. Инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін анықтау және оларды қаржыландыру көздерін іздестіру Инвестицияларды қаржыландыру. Инвестициялық жоба мәні мен мазмұны. Инвестициялық жобаларды қаржылық талдау. Инновациялық қызметтің ғылыми негізі. Иннновациялық сферадағы меншік қатынастарын ұсыну. Нарық қатынастары жағдайында инновациялық сфераның дамуы және қалыптасуы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кəсіпорынды экономикалық талдау
Кəсіпорынды экономикалық талдау" курсы- таңдау бойынша пəн, экономика саласының əр түрлі бағыттағы магистранттарының игеруіне арналған оқу жоспарының негізгі құрамының бөлігі болып табылады. Бұл пəн экономикалық мамандыққа мамандарды əзірлеудің деңгейін анықтауда, Қазақстан экомикасының нарықтық жүйеге айналуының иституционалдық дамуының ерекшеліктерін зерттейтін экономикалық пəндердің ішіндегі маңыздыларының бірі болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инновацияны басқарудағы статистикалық әдістер
Инновациялық басқарудың теориялық негіздері. Инновациялық басқарудың функциялары. Статистиканың ғылым ретіндегі теориялық негіздері . Статистикалық бақылау мәліметтерін жинақтау және топтау. Статистикалық әдістер сапаны пайдалы басқарудың маңызды шарты. Экономикалық индекстер. Әлеуметтік – экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Тауарлар өндіру мен қызметтер көрсету нәтижесінің статистикасы. Инновациялардың енеуіне кедергі болатын факторлар, инновациялық шешемдерді қабылдау процессі. инновациялық жобалар қызмет етуінің экономикалық механизмін оқытуда магистранттардың экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Стратегиялық және индекативтік жоспаролау
Стратегиялық және индекативтік жоспарлаудың мәні мен принциптері. Стратегиялық мақсаттылық. сыртқы ортаны стратегиялық талдау. Ішкі ортаны стратегиялық талдау. Стартегиялық позициялар. Стратегияны таңдау және бағалау. Индекативті жоспарлаудың түсінігі. Стратегияны жүзеге асыру үрдісі. Стратегия және ұйымның басқару потенциалы. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өндіріс экономикасы және ұйымдастыру
Кəсіпорынның өндірістік жəне жалпы құрылымы. Өндіріс саласының экономикасы Қазақстанның өндірістік саласындағы салалық құрылыстың бәсекеге қабілеттілігі. Өндірістік процесс жəне оны уақытында ұйымдастыру. Өндірісті ұйымдастырудың типтері мен формалары. Ғылыми-техникалық дайындықты жəне өндірісті жетілдіруді ұйымдастыру. Кəсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру. Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды рационалды пайдалануды ұйымдастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Институционалдық экономика
Бұл пəн экономикалық мамандыққа мамандарды əзірлеудің деңгейін анықтауда, Қазақстан экомикасының нарықтық жүйеге айналуының иституционалдық дамуының ерекшеліктерін зерттеу, институционалдық экономика жəне оның қазіргі экономика теориясындағы орны.Институционалдық емес экономикадағы адам іс-əрекетінің үлгісі. Меншік мінездемесі жəне Коуз теорияасы.Трансакция жəне трансакциялық шығындар. Трансакциялық шығындар жəне келісім-шарттық қатынастар. Фирма экономикалық ұйым ретінде. Институтционалдық концепциядағы мемлекет. Институтционалық өзгерістер. Қазақстандық шаруашылықтың дамуының институционалдық теориясын оқып үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жоспарлаудың заманауи әдістері
Басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі жоспарлау субъектілері мен объектілері: микро-, мезо-және макро-деңгей. Жоспарлау және басқару жүйесінің маңызды элементі ретінде. Жоспарлауда қолданылатын әлеуметтік экономикалық дамудың ӛлшемдері мен кәрсеткіштері. Жоспар түрлері. Жоспарлаудың негізгі әдістерінің түсінігі, олардың мазмұны және шаруашылық жүргізудің әртүрлі деңгейлерінде қолдану ерекшеліктері. Жоспарлаудың жалпы, жалпылама және арнайы функциялары. Ұйым қызметін жоспарлау технологиясы. Бизнес жоспарлау: кәсіпорынның бизнес жоспарының негізгі бӛлімдері мен мазмұны.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Экономиканы әртараптандыру теориясы мен практикасы
Экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртудың теориялық және практикалық негіздері туралы түсінік.Экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртудың мақсаты, міндеттері мен қағидаттарын, экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуды іске асырудың негізгі бағыттары, экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуды іске асырудың мақсаты, міндеттері, бағыттары. Экономиканың басым секторларын, экспорттық әлеуеті бар ішкі сұраныс негізінде салаларды, болашақ экономикасының секторларын дамыту, басым секторларды дамытуды қолдау шаралары. Экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инновациялық дамудың экономикасы
Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы. Инновациялар, инновациялық қызмет, инновациялық үдерістер . Инновациялық экономиканы қалыптастыру жөніндегі өңірлік инновациялық саясатты жүзеге асыру. Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикадағы орны мен маңызын анықтау Инновациялық белсенділіктің молықтырылуы. Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негіздері . Инновациялық салада қызмет етуші құрлымдардың көптүрлілігі және инновациялық бизнестің түрлері. инновациялық жобалар қызмет етуінің экономикалық механизмін оқытуда магистранттардың экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық өсу және оның модельдері
Жаңа экономикалық саясаттың мазмұны. Жаңа экономикалық саясатты қабылдау. Экономикалық саясаттың басты бағытын анықтау. Экономикалық процесстердің халықаралық нарықтағы орны, оның ұлттық дүниежүзілік экономикаға ықпалы, нарықтық экономиканың макро жəне микро деңгейінің даму тенденцияларын сипаттайтын саяси экономикалық категорияларды, заңдылықтар мен заңдарды жүйелі оқыту арқылы олардың жаңа, қазіргі сипаттағы экономикалық,саяси ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнесті зерттеу
Бизнес зерттеудің теориялық негіздері. Ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және ӛңдеу. Кәсіпорынды басқарудағы бизнес зерттеудің мәні мен маңызы. Бизнес зерттеудің рӛлі, тәжірибесі және пайдаланылмайтын мүмкіндіктері. Жеткізушілер мен тұтынушыларды зерттеу. Зерттеудің теориялық деңгейі: идеализация, формализация, гипотезаны қабылдау, теорияны құру. Зерттеудің эмпирикалық деңгейі. Ғылыми зерттеу тақырыптарын таңдау және бағалау әдістері. Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістемесін әзірлеу. Эксперимент әдіснамасы эксперименттің жалпы құрылымы. Экспериментті метрологиялық қамтамасыз ету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес процестерді басқару
Бизнес-үдерістердің нақты жағдайларында бағдарлануға дағдылану; кәсіпорынға қауіп-қатерлерді бағалау және мүмкіндіктерді анықтау бойынша білім мен дағдылар, нақты ӛндірістік-шаруашылық жағдайларды шешудің теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру; Бизнес үдерістердің түсінігі және жіктелуі; кәсіпорында үдерістерді бӛлу ережесі, ерекшеліктері және әдістемесі; бизнес-үрдістерді құжаттау әдістемесі; бизнес-үрдістері моделдеу және сипаттамасы; бизнес-үрдістерді талдау талдау және олардың кӛрсеткіштерін ӛлшеу; үдеріс параметрлерін мониторингілеу және бақылау; бизнес-үрдістерді жoбалау; бизнес-үрдістерді жетілдіру; бизнес-үрдістер сапасын басқару
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Компанияның қаржы-экономикалық қызметін басқару
Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлау, есепке алу және талдау бойынша заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер. Шарттық жұмыс. Персоналды басқару әдістері. Жоспарлау-экономикалық бӛлімінің жұмысын құру. Компанияның әлеуметтік-экономикалық кӛрсеткіштер жүйесі; Компания қызметін басқару және мониторинг жүйесі. Қаржылық-экономикалық есеп және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау. Қаржылық активтерді бағалау. Қаржылық болжау және қаржылық-экономикалық жоспарлау жүйесі. Компаниялардың даму стратегиясын қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Фирманың экономикалық қауіпсіздігі
«Фирманың экономикалық қауіпсіздігі» курсының пәні, әдістері және міндеттері Экономикалық қауіпсіздіктің мәні және қағидалары Экономикалық қауіпсіздіктің қалыптасуы мен даму негіздері. Экономикалық қауіпсіздік индикаторлары мен көрсеткіштері Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдері Фирма қауіпсіздігінің техника-технологиялық негіздері. Экономикалық мүдделерді қорғау және коммерциялық құпияны сақтау Фирма қауіпсіздігінің инновациялық-инвестициялық механизмдері Экономикалық қауіпсіздікті қолдаудың мемлекеттік механизмдері Фирманың экономикалық қауіпсіздігін бағалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Оқыту нәтижелері
- мәселені шығармашылықпен шешу мақсатында негізгі концепциялары мен зерттеу құралдарын айқындай алады;
- экономикалық саланың озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсете алады және кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолданып, дәлелдерді қалыптастыра алады;
- ортақ мақсатқа жету үшін командада, көшбасшылықта креативтілік көрсете алады;
- экономика саласында АКТ-ны және цифрлық ресурстарын пайдалана алады;
- экономика саласындағы мәселелердің шешімін және қорытындылардың тұжырымдарын талдай алады;
- өзінің және басқалардың идеялары, әрекеттері мен пайымдауларына қызығушылық таныту негізінде сыни және жүйелі ойлауын дамыта алады;
- берілген ақпаратқа сүйене отырып, теориялық және практикалық білімді қолдана алады;
- экономикалық есептеу әдістерін кәсіби салада қолдана алады және басқару шешімдерді қабылдай алады.
- экономикалық зерттеулерде логикалық және сандық тәуелділіктерді анықтау үшін экономикалық үдерістерді, құбылыстар мен міндеттерді математикалық құралдармен сипаттай алады;
- командада, тұлғааралық қарым-қатынаста, тиімді жұмыс істеуде коммуникативтілік көрсете алады;
- экономика саласында кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдана алады;
- экономикалық динамиканы және статиканы зерттеуді ұдайы өндірістік бағытта жүргізеді және байланыстар мен тәуелділіктерді экономикалық өсу бағытынан зерттеу жасай алады;
Ұқсас БББ
7M04101.1 Экономика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M04101 Экономика
«Тұран» университеті
7M04101 Нақты сектор экономикасы
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (ХИТУ)
7M04101 Экономика
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M04101 Экономика
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M04101 Инновацияның экономикасы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)
7M04101 Экономика
Esil University
7M04101 Өнеркәсіп экономикасы
Астана халықаралық университеті
7M04101 Экономика мен басқарудағы бизнес-аналитика
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
7M04101 Экономика
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
7M04101 Экономика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M04101 Әлемдік экономика
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
7M04101 Экономика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M04101 Экономика
Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты
7M04101 Экономика
Торайгыров университеті
7M04101 Экономика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M04101 Экономика
Орталық Азия Инновациялық Университеті (ОАИУ)
7M04101 Экономика (бейіндік)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M04101 Экономика
Алматы технологиялық университеті (АТУ)
7M04101 Экономика
Инновациялық Еуразия университеті
7M04101 Экономика
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
7M04101 Экономика
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
7M04101 Экономика
Қызылорда "Болашақ" университеті
7M04101 Экономика
Шымкент университеті
7M04101 Экономика
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)
7M04101 Экономика
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
7M04101 Экономика
«Тұран-Астана» университеті
7M04101 Экономика
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
7M04101 Экономика
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті