6B04201 Құқықтану в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бәсекеге қабілетті құқықтану саласында тілдік құзыреттілікке және жоғары құқықтық мәдениетке ие мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B049 Құқық
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзілік тарих және Құқық негіздері
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B042 Құқық
Пәндер
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
«Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні студенттердің жеке қаржылық шешімдер қабылдау кезінде қаржылық басқару дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады. Курс аясында студенттер әртүрлі қаржылық құралдарды пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгереді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру, жеке қаржыларын үнемдеу және ұлғайту, бюджетті жоспарлау қабілетін дамытады. Оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық ақпаратты талдауға және қаржылық өнімдерді бағалауға ерекше назар аударылады. Пән заманауи қаржылық технологияларды бағалау және тиімді қолдану үшін қажетті дағдыларды және қаржылық алаяқтықты тану қабілетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет және құқық теориясы
Адамзат тарихындағы өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі ретіндегі мемлекет және құқық туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қоғамның даму үрдісіндегі мемлекет пен құқықтың қалыптасуының, қызмет етуінің, құрылымының жалпы заңдылықтары туралы, қазіргі жағдайы мен қоғамдық дамудың болжамды болашағы туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Пән білім алушыларда табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, тұрақты даму негіздері, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жағымсыз әсерлерді болжау және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Курс шеңберінде білім алушылар қоршаған ортаны қорғауға және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешудің жүйелі тәсілін меңгереді. Пән қоршаған ортаны қорғаудың практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануға болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан мемлекеті мен құқығының қалыптасу және даму тарихы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін аумақта болған мемлекеттердің түрлері, нысандары, құқықтық жүйелер туралы объективті көріністі қалпына келтіру, ҚР тәуелсіз мемлекеттің орнығу және даму сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы
Шет елдердің мемлекеті мен құқығын, олардың пайда болуын әртүрлі тарихи дәуірлерде дамуы процесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мемлекеттік-құқықтық институттарды, құбылыстарды хронологиялық ретпен, белгілі бір тарихи кеңістіктегі дамуының процестері туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Мемлекет және құқық, қазақстандық құқықтың негізгі салалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік сектордағы әртүрлі көріністері, кәсіпкерлік қызметті бәсекелестік жағдайда ұйымдастыру, тәуекелдерді бағалау, инвестиция тарту мәселелері, экономика ғылымының әдістері, нарықтық қатынастардың заңдылықтары, халық шаруашылығының негіздері, халық шаруашылығы жағдайындағы экономикалық өсу және тұрақтылық мәселелері, инклюзияның қағидалары мен құндылықтары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Рим жеке құқығы
Рим жеке құқығы және оның маңызы, рим жеке құқығының мазмұны, оның қайнар көздері, тұлғалары, заттық құқықтары, құқықтық субъектілігі, рим отбасының құқықтық белгілері туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ жеке-құқықтық құбылыстарды тарихи-салыстырмалы талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Заңдық мамандықтар, заңдық қызмет түрлері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Құқықтану функциясы, заңдық кәсіптің мәні, заң қызметінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері, заңгер мамандығына қойылатын жеке және біліктілік талаптарына байланысты сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ислам құқығы
Қазіргі заманғы мұсылмандық құқықтық жүйелер, батыстандыру, исламдандыру практикасы, ислам мемлекеттерінің құқықтық жүйелерінде дуализмнің артуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мұсылман құқығының ерекшелігі, қайнар көздерінің мазмұны, мазхабтардың мұсылман құқығын түсіндіруінің маңызы, мұсылман құқығының мемлекеттердің кодификацияланған заңнамасымен байланысы туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақтардың әдет-ғұрыптық құқығы: тарихы және қазіргі заман
Құқықтың дербес нысаны ретіндегі әдет-ғұрыптық құқықтың кейбір теориялық және тарихи аспектілері туралы білімді қалыптастыру, мақсатында оқытылады. Әдет-ғұрыптық құқықтың нормативті-мазмұнды, аксиологиялық, құрылымдық, функционалдық аспектілерінің сұрақтары жүйелік құбылыс ретінде, тарихи дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі орны және рөлі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
Білім алушыларда азаматтық заңнаманы, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негізгі нормалары мен қағидаттарына қатысты теориялық түсініктерді, өкілдік, мәміле, міндеттеме, шарт, меншік құқығы және т.б. сияқты азаматтық құқықтың жекелеген институттарын құқықтық реттеу ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы
Конституциялық құқықтың ғылыми-теориялық ережелері, конституциялық даму кезеңдері, Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі рөлі мен қызметі туралы негізгі идеяларды қалыптастыру мақсатында оқытылады. Адам мен азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының конституциялық жүйесі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адам құқықтары: теория және практика
Адамның негізгі құқықтары, олардың пайда болуы мен дамуы, оларды қазіргі әлемде және Қазақстан Республикасында іске асыру мәселелері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Адам және азамат құқықтарын құқықтық реттеу мәселелері, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет институттары жүйесіндегі тұлғаның құқықтық жағдайы адам құқықтарын қалыптастырудың тарихи және теориялық заңдылықтары туралы білімді қалыптастыру мақсатында қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)
Қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шегін, қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының белгілерін, оларды жасағаны үшін жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды айқындайтын қағидаттар, институттар, ережелер туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы
Мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мемлекеттік басқарудың негізгі институттарын әкімшілік-құқықтық реттеудің мәні мен тетігі, мемлекеттік басқару саласындағы құқықтық нормаларды орындамағаны үшін заңды жауапкершілік, жария сипаттағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді зерттеу туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сайлау құқығы және үдеріс
ҚР конституциясының талаптарына, ҚР конституциялық құқық саласындағы сайлау құқығы институтын бөлуге мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес сайлау процесін ұйымдастыру негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
Азаматтық заңнама туралы білімді, жекелеген міндеттемелер туралы теориялық түсініктерді, мұрагерлік, авторлық, халықаралық жеке құқық нормаларын қолдану дағдыларын, нақты азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуына, іске асырылуына және тоқтатылуына негіз болатын құқықтық фактілерді құжаттау, шарттар жасау бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік құқық
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылына, оның ішінде мемлекеттік реттеуге, кәсіпкерлікті қолдауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрамын құқықтық талдау дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің нақты құрамдарының белгілері заңнамалық, теориялық және сот тәсілдері негізінде ашылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің түсінігі, жалпы сипаттамасы, оларды жүйелеу және аралас құрамдарды ажырату мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу негіздері
Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге дайындығы мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде қоғамдық қатынастар жүйесіндегі ғылымның орны, ғылыми танымның әдістері мен деңгейлері, ғылыми зерттеуді іске асырудың негізгі кезеңдері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Парламент құқығы
Парламенттік құқық, қайнар көздері, ҚР Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Парламентаризмнің теориялық-құқықтық негіздері, шетелдік заң шығарушы органдардың ҚР Парламентімен салыстырмалы талдауы; парламенттің конституциялық дамуы, электрондық ақпараттық сервистерді пайдалана отырып, Қазақстанда парламенттік құқықтың даму сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқықтық антропология
Құқықтық антропология туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Адамның құқықтық болмысының қалыптасу мәселелері, дәстүрлі қоғамдардағы, еуропалық құқық жүйесіндегі тұлғаның құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері; отбасылық өмірдегі жаңа құбылыстарға, қазіргі адамның биологиялық болмысына байланысты туындайтын құқықтық сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Тарихи даму генезисінде, қазіргі заманмен байланысында алынған өткеннің саяси және құқықтық теориялары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Әртүрлі дәуірлердің саяси, құқықтық ілімдері, көрнекті ойшылдар, олардың негізгі шығармалары, құқықтық және саяси ойдың ескерткіштері, қазіргі ғалымдардың еңбектері туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминалистика
Қылмыстық қудалау процесінде іздестіру, реконструктивтік, куәландыру және коммуникативтік міндеттерді шешуге бағытталған техникалық, тактикалық және әдістемелік сипаттағы тиімді құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қылмыс туралы іздер мен өзге де ақпараттың пайда болу заңдылықтары; сот сараптамасының құқықтық, ұйымдастырушылық негіздері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманның құқықтық жүйелері
Әлемнің құқықтық картасында негізгі құқықтық отбасылар туралы білімді қалыптастыру мақсатында, құқық қайнар көздерінің, құрылымының, қалыптасудың тарихи жолының ортақтығына негізделген. Құқықтық жүйелердiң жiктелуi, конвергенциясы, құқық жүйелерiнiң, сот жүйелерiнiң ерекшелiктерi, заң мамандығының құрылымы, қазiргi заманғы құқық дамуының негiзгi үрдiстерi мәселелерi қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
Азаматтық істерді қарау және шешу барысында сот пен процеске қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жүйеленген жиынтығы, сондай-ақ азаматтық процесс ғылымына тән құқықтық категориялар, ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы
ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасы институттары туралы білімді қалыптастыру, қылмыстық іс жүргізу актілерін жасау дағдыларын, сотқа дейінгі және сот ісін жүргізуге қатысудың практикалық тәжірибесін алу мақсатында зерделенеді. Қылмыстық процестің әртүрлі кезеңдерінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді реттейтін нормалар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы әскери қызметті құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасында әскери қызметті құқықтық реттеудің қалыптасуы, дамуы туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. ҚР әскери қызметшілерінің құқықтық және әлеуметтік жағдайы, әскери қызмет түрлері және олардың ерекшеліктері, халықаралық әскери саладағы ынтымақтастық, әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеу және олардың жауапкершілігі сұрақтары қарастырылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру нысандары
Қылмыстық жауапкершілікті іске асыру процесі туралы көзқарасты қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қылмыстық құқықтың аса маңызды және проблемалық институттары – жазаның түсінігі, мәні мен мақсаты, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын қолдану, қылмыстық жауаптылықтан босату және жазалау қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заңдық жауапкершілік–кешенді құқық институты
Құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен мәні және оның мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары жүйесіндегі орны туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Құқықтық жауапкершіліктің мақсаттары, функциялары, принциптері мен түрлері, оның пайда болу негіздері, іске асыру тетіктері сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу нысандары
Азаматтарды мемлекеттік басқаруға тартудың теориялық және құқықтық негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Азаматтардың мемлекеттiк басқару процесiне тиiмдi қатысуы, билiк органдарымен өзара iс-қимыл, құқық шығармашылық қызмет және қоғамдық бақылау үшiн қажеттi мәселелер қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тайм-менеджмент
"Тайм менеджмент" пәні білім алушылардың теориялық және әдіснамалық білімдерін өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттерін, персонал шығындарының бюджетін қалыптастыру және оның орындалуын бақылау, жұмыс уақытын бақылау дағдыларын меңгеру қабілетін қалыптастыратын пән болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Электрондық үкімет
Азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл кезінде ақпараттық технологияларды пайдаланудағы сапалы өзгерістер есебінен мемлекеттік биліктің атқарушы органының жұмыс істеу тиімділігін арттыру саласындағы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Олардың Қазақстан Республикасының цифрландырылған мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік актілерге байланысты сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының отбасы құқығы
Отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағытымен айқындайтын, отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін неке-отбасы қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Неке, туыстық, бала асырап алу кезінде туындайтын жеке, олармен байланысты мүліктік қатынастар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік басқарудағы көшбасшылық және коммуникативті дағдылар
Пән көшбасшылықтың теориялық және практикалық аспектілері туралы идеяларды қалыптастыруды және мемлекеттік және муниципалды ұйымдардың жұмыс істеуіне заманауи тәсілдер жағдайында қызметшінің коммуникативті құзыреттілігін дамытуды қамтиды. Кәсіби қызметтегі көшбасшылық пен коммуникацияның теориялық негіздерін зерттеуге; формалар мен психологиялық мәселелерді қарастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының еңбек құқығы
Еңбек қатынастарын және еңбекпен тікелей байланысты өзге де қатынастарды құқықтық реттеу туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ең төменгі кепілдіктер және еңбек саласында қажетті құқықтық жағдайлар жасау мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық саясаттың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының гендерлік және отбасылық саясатының құқықтық негіздері, оның қағидаттары, қайнар көздері мен негізгі институттары туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Гендерлік теңдікті құқықтық реттеу, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, неке қию және бұзу, балалардың құқықтарын қорғау, отбасылар үшін әлеуметтік кепілдіктер, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шаралар мен гендерлік теңдік және отбасын қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктері мәселелер қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Осы салада қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің құқықтық аспектілері, сондай-ақ осы саладағы азаматтық қоғамның, құқықтық мәдениет пен құқықтық тәрбиенің рөлі мен маңызы қаралады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік басқару теориясы және мемлекеттік қызметті ұйымдастыру туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы мен кәсіби даярлық деңгейі, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметке кіру, қызмет көрсету, босату тәртібі, мемлекеттік органдарда өзге де адамдардың қызметі туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Заңгер қызметіндегі құқықтық деонтология және аксиология
Заңгерлер қызметінде деонтология және аксиология туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мораль мен этика мәселелері туралы философиялық және құқықтық ілімдердің негізгі ережелері, мораль мен құқық нормаларының арақатынасы, кәсіби қызметтің түрлі салаларындағы қызметтік борыштың қайнар көзі болып табылатын инклюзия құндылықтары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқықтық актілерді жобалау
Мемлекетішілік және халықаралық құқықтың құқықтық актілерін жобалаудың (әзірлеудің) нормативтік және заңдық қағидаларын қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Құқықтық актінің стилі мен лингвистикасының ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық актілердің құрылымы, құқықтық актінің жобасын ресімдеу талаптары және т. б. қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Халықаралық жария құқық
Халықаралық құқық ұғымы және оның ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру, халықаралық шарттардың ережелерін, халықаралық әдет-ғұрып нормаларын және халықаралық құқықтың жалпы принциптерін сақтау және қолдану мақсатында оқытылады. Халықаралық жария құқықтың салалық құрылымы сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі жағдайдағы құқықтық реттеу механизмі
Құқықтық реттеу механизмі оның мақсатына жетуге мүмкіндік беретін, табиғаты мен функциялары бойынша әртүрлі заңдық құралдар жүйесі ретінде тиісінше білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Қоғам өміріндегі құқықтық құралдардың орны мен рөлі, олардың әлеуметтік-құқықтық мәселелерді шешудегі тиімділігі туралы мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық жеке құқық
Білім алушылардың халықаралық жеке құқықтың пәні мен жүйесі, халықаралық жеке құқықтағы реттеу және біріздендіру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ: соқтығысу байланыстары мен олардың түрлерін қолдану, шетелдік элементпен күрделенген қатынастар саласында консультациялық сүйемелдеу дағдыларын дамыту мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Криминология
Қылмыстың табиғаты және оның жекелеген түрлері туралы жүйелі теориялық білім алу, алдын алу іс-әрекетінің тиімділігін бағалай білу мақсатында оқытылады. Қылмыс ұғымы, жекелеген қылмыстық әрекеттерді тудыратын факторлар, себептер мен жағдайлар, қылмыскердің жеке басы, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік мәселелерін реттейтін мұрагерлік құқық саласындағы теориялық білімді және оны қолдану практикасын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Мұрагерлік мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілермен, ғылыми және практикалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын игеру, сондай-ақ оны қолдану тәжірибесі, алынған білімді кәсіби қызметте пайдалану дағдылары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көші-қон құқығы
Халықтың көші-қоны, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері саласындағы қоғамдық қатынастар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Көші-қонды құқықтық реттеудің ерекшеліктері, оның түрлері, мигранттардың (босқындар, қоныс аударушылар, заңсыз мигранттар, эмигранттар мен иммигранттар) құқықтық мәртебесі туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адам құқықтарын халықаралық қорғау
Адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен нормаларын, адам құқықтарының өркениеттік ерекшеліктерін, ұлттық және халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін қалыптастыру және дамыту негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың құқықтық негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру принциптері, соларға қатысты жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының салық құқығы
Қазіргі кезеңдегі салық заңнамасының теориялық негіздері, салық салу практикасы және салық заңнамасының, мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің негізгі мәселелері туралы білімді қалыптастыру мақсатында окытылады. Салық құқығының пәні, әдістері, қайнар көздері; салықтар ұғымы, олардың рөлі туралы сұрақтар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адвокатура және заң көмегін ұйымдастыру
Сот төрелігіне қол жеткізу құқығын іске асыру тәсілдерінің бірі ретінде халыққа заң көмегін көрсетудің құқықтық, ұйымдастырушылық, процестік, психологиялық және этикалық негіздері туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палаталарының қызметі, адвокат пен заң консультанттарының құқықтық мәртебесі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық құралдары
Студенттердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл саласындағы білімі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Курс шеңберінде білім алушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу дағдыларын меңгереді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды әзірлеу, Құқықтық сараптама жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды түсіндіру және қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытыладыі. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың себептері мен жағдайлары, сыбайлас жемқордың жеке басы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес шаралары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық процесс бойынша практикум
Құқықтық және қылмыстық іс жүргізу құжаттарының түсінігі мен түрлерін, қылмыстық процестегі заң техникасының ережелері мен құралдарын, алдын ала тергеу актілерін, прокурорлық қадағалау актілерін, сот актілерін жасау техникасының ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Студенттерді практикалық құқықтық қызметке дайындау үшін ситуациялық міндеттер сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заңдық құжаттарды жасаудың теориясы мен тәжірибесі
Теориялық және қолданбалы білімнің синтезі ретінде заң техникасының негізгі ұғымдары, ережелері, әдістері, тәжірибеде заң техникасы ережелерін қолдану дағдылары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Құқықты іске асыру барысында заң құжаттарын жасау, оларды тиімді қолдану талаптарына жауап беретін жекелеген құқықтық нормаларды, құрылымдық жүйелік нормативтік құқықтық актілерді жобалау бойынша дағдыларды игеру сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Заңгер қызметіндегі сандық технологиялар және жасанды интеллект
Заңгердің кәсіби қызметінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқытылады. Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, ҚР Жоғарғы сотының қазіргі заманғы электрондық ақпараттық платформаларында және ресми сайттарында заңгерлер үшін пайдалы опцияларды пайдалану туралы мәселелер қаралуда.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізуінде цифрлық технологияларды қолдану
Қазіргі жағдайда атқарушылық іс жүргізуді құқықтық реттеу туралы және сот шешімдерін орындау процесінде цифрлық технологияларды қолдану туралы білімді қалыптастыру мақсатында зерттеледі. Цифрландыру жағдайында құқықтық реттеудің ерекшеліктері, сондай-ақ соттар мен басқа органдардың шешімдерін орындау рәсімін жеңілдету және жеделдету үшін қолданылатын технологиялар қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау теориясы мен практикасы
Қылмыстың кез келген түріне қатысты маңызы бар әрекеттерді құқықтық бағалаудың жалпы ережелері мен қағидаттары туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оның санатына қарамастан, нақты іс бойынша қолдануға жататын қылмыстық заңның бабын таңдаудың негізі мен тәртібі сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы
Жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті әрекетті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттесу саласы, табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқару негіздері қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау
Прокуратура органдарының, прокурорлық қадағалау саласының ұйымдастырылуы мен қызметі, прокурордың қылмыстық қудалауды жүзеге асыру ерекшеліктері, прокурорлық-қадағалау қызметінің тактикасы, әдістемесі туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Прокурорлық ден қою актілерінің, заң бұзушылықтарды жою және алдын алу жөніндегі прокурорлық ықпал ету құралдарының мазмұны қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздерін қалыптастыратын озық білімге негізделген гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндерді түсінуді көрсетеді. Құқық пен заңға, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетіне құрметпен қарайды, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілік танытады. Қазақстандық құқықтың негізгі қайнар көздері мен негізгі ережелерін біледі, өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру бойынша дағдыларды меңгерген. Кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу үшін бизнес-идеяларды әзірлеу дағдыларын игереді, қаржы өнімдері мен инвестициялық құралдарды тиімді пайдаланады, биологиялық және экологиялық жүйелердің жұмыс істеуі туралы білімі бар, адамның табиғатпен өзара іс-қимылы туралы пікірлер қалыптастырады.
- Заңдық қайшылықтарды шешу кезінде қолданыстағы заңнаманың нормаларын және құқық қолдану практикасының материалдарын талқылайды, қолданады. Іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ресми мемлекеттік, орыс және шет тілдерін, академиялық жазу дағдыларын еркін игереді.
- Жүйелі құбылыстар ретінде мемлекеттің, құқық пен қазіргі заманғы құқықтық жүйелердің тарихи, нормативтік-мазмұндық, аксиологиялық, құрылымдық-функционалдық білімдері мен ғылыми зерттеу әдістерін меңгерген. Болашақ кәсібінің әлеуметтік маңыздылығы, заңдық қызметтегі дене шынықтырудың рөлі туралы нақты түсінігі бар.
- Кәсіби қызметте құқықтық ақпараттың сандық көздерін, жасанды интеллект технологияларын, деректерді талдау және басқару құралдарын қолданады. Әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін электрондық үкіметпен, электрондық сот ісін жүргізумен және анықтамалық құқықтық сервиспен жұмыс істеу дағдыларына ие.
- Көшбасшылық, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетінше білім алу және жұмыс уақытын бақылау негіздерін қалыптастыру үшін қажетті тұлғалық және коммуникациялық қасиеттерді дамытады және тиімді пайдаланады. Зерттеулердің инновациялық әдістерін қолданады және инклюзия құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді. Кәсіби қызметте шығармашылық қолдану үшін құқықтық сана мен құқықтық мәдениет деңгейін арттырады.
- Сандық кеңістікте қалыптасатын құқықтық қатынастарды анықтайды. Сандық ортадағы әрекеттер мен құбылыстарды және олардың заңдық салдары туралы әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, ақпаратты саралайды, жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
- Объектінің ерекшелігін, пәнін және реттеу әдісін ескере отырып, белгілі бір салалық құқықтық норманы таңдайды, дәлелдейді. Жария және жеке-құқықтық институттар арасындағы айырмашылықты белгілейді.
- Құқық жүйесінің әртүрлі салаларындағы материалдық және іс жүргізушілік рәсімдерді түсінеді. Құқық қорғау, құқық сақтау және ұйымдастырушылық-басқару функцияларын орындайды.
- Азаматтық-құқықтық қатынастарды, кәсіпкерлік қызметті, гендерлік теңдікті реттеу және отбасын қолдау саласындағы мемлекеттік саясаттың түрлі бағыттарын іске асырады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік саласындағы практикалық мәселелерді, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетігіндегі тараптардың құқықтық мүдделерін айқындайды.
- Қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтарды, экстремистік және террористік қылмыстарды саралайды, олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлейді. Сотқа дейінгі және сот ісін жүргізу барысында техникалық, тактикалық және әдістемелік құралдар мен тәсілдерді қолданады.
- Ұлттық құқық пен заңнама теориясы мен практикасын жетілдіру жолдарын, заң қызметіндегі, мемлекеттік басқарудағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі құқықтық тәуекелдерді талдайды. Заңды құжаттарды жасау кезінде тұжырымдамалық-категориялық аппаратты тиімді пайдаланады.
Ұқсас БББ
6B04201 Құқықтану
M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti
6B04201 Құқықтану
Торайгыров университеті
6B04201 Құқықтану
Халықаралық білім беру корпорациясы
6B04201 Құқықтану
Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті (АГЭУ)
6B04201 Құқықтану
«Тұран-Астана» университеті
6B04201 Құқықтану
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
6B04201 Құқықтану
«Bolashaq» академиясы (Болашақ)
6B04201 Құқықтану
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
6B04201 Құқықтану: құқық қорғау қызметі
Q UNIVERSITY
6B04201 Құқықтану
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B04201 Құқықтану: сот- прокурорлық қызмет
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
6B04201 Құқықтану
Қонаев университетi
6B04201 Құқықтану
Жұмабек Ахметұлы Тәшенов атындағы университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University)
6B04201 Құқықтану
«Тұран» университеті
6B04201 Құқықтану
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
6B04201 Құқықтану
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B04201 Құқықтану
Еуразия Технологиялық Университеті (ЕТУ)
6B04201 Құқықтану
Қызылорда "Болашақ" университеті
6B04201 Құқықтану
Инновациялық Еуразия университеті
6B04201 Құқықтану
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
6B04201 Құқықтану
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
6B04201 Құқықтану
Қазақстан-Американдық еркін университеті
6B04201 Құқықтану
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B04201 Құқықтану
Алматы менеджмент университеті (AlmaU)
6B04201 Құқықтану
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті