Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01505 Биология (1.5) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Альгология
    Несиелер: 6

    Балдырлар морфологиясы мен анатомиясының, онтогенезі мен өмірлік циклдерінің, географиясы мен экологиясының айрықша белгілері мен әртүрлілігін практикалық тұрғыдан шаруашылықтың түрлі салаларында (тамақ, микробиологиялық, фармацевтикалық өнеркәсіп, геологиялық барлау) кеңінен қолданылуы жайлы оқыту.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Медициналық микробиология
    Несиелер: 6

    Медициналық микробиология инфекциялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогендік факторларын, олардың жасушалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде іске асырылуының механизімін зерттеп және де болашақтағы диагностика, емдеу және алдын алу тәсілдерін жетілдіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 2

    Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шетел тілі (кәсіби)
    Несиелер: 2

    Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жануарлар мен өсімдіктердің алуантүрлілігін сақтау
    Несиелер: 6

    Жануарлар әлемінің алуантүрлілігі: өткені мен бүгіні, сақтау мәселелері. Жер бетіндегі жануарлар әлемінің таксаномиялық алуантүрлілігі. Өсімдіктердің алуантүрлілігі, теориялық және практикалық маңызы. Балдырлар, саңырауқұлақтар, қыналар,мүктер, плаундар, тұқымды өсімдіктер. Биологиялық алуантүрлілікке әсер етуші факторлар. Қазақстан жануарлары мен өсімдіктерінің биологиялық алуантүрлілігі. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау бойынша ҚР заңдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Мәдени өсімдіктер
    Несиелер: 6

    Мәдени өсімдіктердің таралу орталықтары (Қытай, Үнді, Үнді-Малая ,Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы). Орыс ғалымы П.М. Жуковский (1888-1975) жіктемесі; (Қытай, Жапония, Индонезия, Үндіқытай, Австралия, Үндістан, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі маңы, Африка, Еуропа,Сібір, Орталық, Оңтүстік, Солтүстік Америка).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Санитарлық микробиология
    Несиелер: 6

    Микробтар мен вирустар экологиясына, сыртқы ортаны микробиологиялық және вирусологиялық бағалау әдістеріне, жалпы экология, микробиоценоз. Геосфера, гидросфера, атмосфера қойнауларының зардапты және санитарлық көрсеткіш микроорганизмдермен ластануын айқындайтын әдістер зерттелінеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Менеджмент
    Несиелер: 2

    Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Дәрілік өсімдіктер және олардың қоры
    Несиелер: 4

    Қазақстан Республикасының дәрілік өсімдіктері туралы негізгі ережелерімен, Қазақстан аумағында кездесетін тұқымдастардың және сол тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің ботаникалық сипаттамалары, негізгі ерекшеліктері, дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың қазіргі заманғы озық бағыттарымен таныстырады. Отандық медицинада қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатарын жинау, кептіру және пайдалану әдістерімен таныстыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Фитоценология негіздері
    Несиелер: 4

    Өсімдіктер қауымдастық топтарының құралуы себептері, заңдылықтары, оларды басқара білу, өнімділігін арттыру жолдарымен оңтайлы пайдалану жолдарын үйрену. Табиғат және адамдар қолымен жаратылған өсімдіктер. Фитоценоздың құрамын анықтау. Фитоценоздардың флоралық құрамын, құрылысын анықтау. В.В.Докучаев, Г.Ф.Морозов, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев еңбектері, олардың ғылымның дамуындағы ролі. Биосфера концепциялары. Тірі организмдердің планетарлық ролі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әлем фаунасы мен флорасының қазіргі мәселелері
    Несиелер: 6

    Қазіргі ХХІ ғасырда елеулі экологиялық проблемалар флора мен фаунаның жойылуы; ормандарды кесу; орман өрттерінің себептері; пайдалы қазбалардың сарқылуы; қоспалардың кез келген түрі мен зиянды затсыз оттегімен қаныққан таза ауаның тапшылығы; біздің планетамыздағы барлық тірі организмдерді ғарыш сәулесінен және радиациядан қорғайтын озон қабатының бұзылуы; жер ландшафтының ластануы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Биоэнергетикалық процесстердің эволюциясы
    Несиелер: 5

    Экологиялық факторлардың энергетикалық алмасуға әсері. Биоэнергетика және зат алмасудың бұзылуы. Биоэнергетика деңгейлері. Биоэнергетика және экологиялық апаттар. Биологиялық бос энергияның маңызы. Тірі ағзалардың энергиясы, жұмысы. Өсімдіктердегі энергия түзілу процесінің негізгі этаптары. Тотығу тотықсыздану кезіндегі энергияның бөлінуі. Кребс циклі. Анаэробты тыныс алу механизмінің энергетикалық тиімділігі. Фотосинтез процесіндегі энергетикалық коэффициент.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биоинформатика
    Несиелер: 5

    Биоинформатиканың биология, математика, химия, физика және компьютерік технологиялармен біртұтастығы. Тірі табиғатты жүйелеу және талдау туралы ақпараттарды анықтау. Биометриялық есептеу әдістерін қолдану, тірі организмдердің арасындағы өзара байланыстарды, маңызды белгілердің гомологияларының эволюциясын зерттеу, іздестіру, анықтауда математикалық тәсілдермен талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі
    Несиелер: 5

    Педагогикалық білім, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру тәсілдері (тұжырымдаманы құрастыру), жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту жүйесін қайта құру немесе жетілдіру үшін тәжірибеде қолданудың құралдары мен процедурасы туралы. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және реттеудің тәсілдері мен жолдарының реттелген жиынтығы, белгілі ғылыми мақсатқа жетуде алынған нәтижелерді қолдану және интерпретациялаудың тәртібі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Геномика
    Несиелер: 6

    Прокариоттардың геномы. Прокариоттар молекулалық-генетикалық зерттеулердің нысаны ретінде. Прокариот геномының структурасы-мөлшері және оларға сипаттама. Ішек таяқшасы (Ech. Coli). Эукариоттардың геномы. Нан ашытқысының геномы, жеміс шыбыны (Drosophila melanogaster). Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің геномының ерекшеліктері. Адам геномы. Адамның геномының картасын жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эволюциялық биология
    Несиелер: 5

    Микро және макро эволюциясы ұғымдарын және олардың перколяция механизмдері, өмірдің пайда болу проблемасы.Бірінші эволюциялық ілімдерді зерттеу, ғылымның одан ары даму үшін олардың прогрессивті маңыздылығын түсіну, тіршілік дамуының параллелизмін және олармен байланысты ілімдерді көру. Осы ғылымдардың негізінде оннан астам қазіргі эволюция теориясы құрылды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен технологиясы
    Несиелер: 5

    Әдіснамалық білімнің құрылымы мен қызметі; психологиялық-педагогикалық зерттеу және оның ғылыми аппаратының жүйелілік құрылымын; зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық әдістерін; эксперименттің орындалу тәртібі және негізгі сипаттамасын, психологиялық-педагогикалық эксперимент барысында алынған мәліметтерді дәлелдеу. Ғылыми зерттеуді талдаудағы ептілік, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламаларының дербес құрастыра білу, түсіндіру, қорытындылау және зерттеу нәтижесін меңгеру тәсілдері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биологиялық зерттеулердің әдіснамалық аспектілері
    Несиелер: 5

    Тарихи ретроспективадағы биологияның әдіснамалық аспектілерін, қазіргі биологияның әдіснамалық және дүниетанымдық мәселелерін, биологиядағы ғылыми таным әдіснамасын, эксперименталды әдістерді, сипаттау әдістерін, салыстырмалы әдістерді, статистикалық әдістерді, үлгілеуді, Тарихи әдістерді зерттейді. биологиялық объектілерді бақылау, сипаттау, сәйкестендіру, жіктеу, өсіру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Эксперименттік деректерді биометриялық өңдеу
    Несиелер: 6

    Математикалық есептеулер арқылы тәжірибе қою кезінде алынған деректерді өңдеу әдістерін, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдануды, эксперименталды деректерді өңдеу мен интерпретациялауды, әр түрлі бағдарламаларды пайдалана отырып статистикалық өңдеуді жүргізу әдістерін, заманауи ғылымның әдіснамалық жетістіктері мен өзекті мәселелерін зерттейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биологиялық білім берудің заманауи тұжырымдамалары
    Несиелер: 5

    Негізгі білім беру мен кадрларды кәсіби даярлаудың оңтайлы үйлесуі мәселесі. Адам эволюциясының және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу мәселелерін көрсететін биологиялық білімнің негізгі түсініктері: антропоцентризм, экология, экологиялық тұтастық, биоцентризм. «Негізгі оқыту» және арнайы оқыту. Ғылымның, білімнің, өндірістің және басқарудың белгілі бір саласында магистранттардың білімінің бірдейлігі мен қолдануының мәселесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Код ON1

    заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді;

  • Код ON2

    білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды;

  • Код ON3

    заманауи биологиялық білімнің микро, макроэволюциямен, биоэнергетикалық процестердің эволюциясымен пәнаралық байланысын, жаратылыстану-ғылыми мәнін жүйелейді

  • Код ON4

    заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып микробиологияны дамыту саласындағы қолданбалы зерттеулер мен теориялық негіздерін анықтайды

  • Код ON5

    биология және жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту саласындағы инновациялық технологияларды, әдістер мен құралдарды, принциптер мен заңдылықтарды бейімдейді

  • Код ON6

    ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып, тәжірибелік деректерді өңдеу және интерпретациялау арқылы методологиялық жетістіктер мен биологияның өзекті мәселелерін жобалайды

  • Код ON7

    дәрілік және мәдени өсімдіктер, балдырлардың биологиялық ерекшеліктерін, топтастырылуын, заңдылықтарын, басқарудың және тиімді пайдаланудың әдістерін зерттейді

  • Код ON8

    жануарлар мен өсімдіктердің таксаномиялық әртүрлілігін, биоэнергетиканың және әлемдік кеңістіктегі экологиялық апаттардың өзара ықпал ету процесін санаттандырады

  • Код ON9

    эволюциялық үдерістегі адам эволюциясының мәселелерін, қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді көрсететін биологиялық білімнің негізгі ұғымдарын бағалайды

  • Код ON10

    биологиялық катализаторлар, прокариоттар мен эукариоттар гені және тірі ағзалар арасындағы өзара әрекеттесу, гомологияның негізгі белгілерінің эволюциясы туралы түсінік қалыптастырады

7M01505 Биология
Магистратура

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
7M01505 Биология
Магистратура

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01505 Биология (бейіндік)
Магистратура

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01505 Биология (1)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология педагогін даярлау
Магистратура

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология (1.5)
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология педагогтарын даярлау 2
Магистратура

Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01505 Биология
Магистратура

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология
Магистратура

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01505 Биология
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология
Магистратура

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология
Магистратура

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
7M01505 Биология педагогтарын даярлау 2
Магистратура

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
7M01505 Білім берудегі биология
Магистратура

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

БББТ: M014 Биология педагогтерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top