Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01505 Биология (1) в QYZPU

Пәндер

  • Басқару психологиясы

    Басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері. Басқарудың психологиялықтеорияларының дамуы. Басқару психологиясының жалпы теориялық мәселелері. Басқарушылық ісәрекетті талдау. Менеджердің тұлғалық ерекшеліктері. Басқару міндеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Меншік психологиясы. Басқарушының кәсіби іс-әрекеті. Басқару субъектісінің қызметтері. Басқарушылық қарым-қатынас психологиясы. Қызметкерлердің психологиялық сипаттамалары. Қызметкерлерді ынталандыру психологиясы. Ұйымның адам ресурстарын басқару технологиясы. Ұйымның кадрлық саясатын психологиялық қолдау. Ұйымдағы дау-дамалар психологиясы. Тұлғаның кәсіби деформациясының алдын алу технологиялары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Медициналық микробиология

    Медициналық микробиология инфекциялық аурулар қоздырғыштарының биологиялық қасиеттерін, патогендік факторларын, олардың жасушалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде іске асырылуының механизімін зерттеп және де болашақтағы диагностика, емдеу және алдын алу тәсілдерін жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Меңгерілген тілдік білім мен сөйлеу біліктерін жүйелеу. Шет тілінде ауызша қарым-қатынас формаларының дағдыларын жетілдіру, баяндамалар мен хабарламалармен таныстыру, кәсіби қарым-қатынасты жүзеге асыру. Жазбаша дағдыларды жетілдіру. Қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби саладағы коммуникативтік міндеттерді шешуді жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Менеджмент

    Курс менеджменттің мазмұнын ашып, қазіргі заманғы басқарудың негізгі принциптері мен әдістерін, сондай ақ ұйымның өмір сүруін және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі рөлін, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдыларын, басқару жүйелерін және жобалық талдауды қалыптастырады, сондай-ақ басқарудың даму тарихын қарастырады. болашақ менеджерлердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Фитоценология

    Өсімдіктер қауымдастық топтарының құралуы себептері, заңдылықтары, оларды басқара білу, өнімділігін арттыру жолдарымен оңтайлы пайдалану жолдарын үйрену. Табиғат және адамдар қолымен жаратылған өсімдіктер. Фитоценоздың құрамын анықтау. Фитоценоздардың флоралық құрамын, құрылысын анықтау. В.В.Докучаев, Г.Ф.Морозов, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев еңбектері, олардың ғылымның дамуындағы ролі. Биосфера концепциялары. Тірі организмдердің планетарлық ролі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Санитарлық микробиология

    Микробтар мен вирустар экологиясына, сыртқы ортаны микробиологиялық және вирусологиялық бағалау әдістеріне, жалпы экология, микробиоценоз. Геосфера, гидросфера, атмосфера қойнауларының зардапты және санитарлық көрсеткіш микроорганизмдермен ластануын айқындайтын әдістер зерттелінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дәрілік өсімдіктер және олардың қоры

    Қазақстан Республикасының дәрілік өсімдіктері туралы негізгі ережелерімен, Қазақстан аумағында кездесетін тұқымдастардың және сол тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің ботаникалық сипаттамалары, негізгі ерекшеліктері, дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың қазіргі заманғы озық бағыттарымен таныстырады. Отандық медицинада қолданылатын дәрілік өсімдіктер мен олардың шикізатарын жинау, кептіру және пайдалану әдістерімен таныстыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлем фаунасы мен флорасының қазіргі мәселелері

    Қазіргі ХХІ ғасырда елеулі экологиялық проблемалар флора мен фаунаның жойылуы; ормандарды кесу; орман өрттерінің себептері; пайдалы қазбалардың сарқылуы; қоспалардың кез келген түрі мен зиянды затсыз оттегімен қаныққан таза ауаның тапшылығы; біздің планетамыздағы барлық тірі организмдерді ғарыш сәулесінен және радиациядан қорғайтын озон қабатының бұзылуы; жер ландшафтының ластануы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Эксперименттік деректерді биометриялық өңдеу

    Математикалық есептеулер арқылы тәжірибе қою кезінде алынған деректерді өңдеу әдістерін, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерін қолдануды, эксперименталды деректерді өңдеу мен интерпретациялауды, әр түрлі бағдарламаларды пайдалана отырып статистикалық өңдеуді жүргізу әдістерін, заманауи ғылымның әдіснамалық жетістіктері мен өзекті мәселелерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері

    Педагогикалық білім, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру тәсілдері (тұжырымдаманы құрастыру), жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту жүйесін қайта құру немесе жетілдіру үшін тәжірибеде қолданудың құралдары мен процедурасы туралы. Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру және реттеудің тәсілдері мен жолдарының реттелген жиынтығы, белгілі ғылыми мақсатқа жетуде алынған нәтижелерді қолдану және интерпретациялаудың тәртібі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геномика

    Прокариоттардың геномы. Прокариоттар молекулалық-генетикалық зерттеулердің нысаны ретінде. Прокариот геномының структурасы-мөлшері және оларға сипаттама. Ішек таяқшасы (Ech. Coli). Эукариоттардың геномы. Нан ашытқысының геномы, жеміс шыбыны (Drosophila melanogaster). Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің геномының ерекшеліктері. Адам геномы. Адамның геномының картасын жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиялық білім берудің заманауи тұжырымдамалары

    Негізгі білім беру мен кадрларды кәсіби даярлаудың оңтайлы үйлесуі мәселесі. Адам эволюциясының және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу мәселелерін көрсететін биологиялық білімнің негізгі түсініктері: антропоцентризм, экология, экологиялық тұтастық, биоцентризм. «Негізгі оқыту» және арнайы оқыту. Ғылымның, білімнің, өндірістің және басқарудың белгілі бір саласында магистранттардың білімінің бірдейлігі мен қолдануының мәселесі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • заманауи философияның, менеджменттің және жеке тұлғаны психологиялық басқару мәселелерінің теориялық-әдіснамалық негіздерін, шет тілінде сөйлеу кәсіби қарым-қатынас теориясы мен практикасын түсіндіреді;
  • білім беру ұйымдары субъектілерінің қарым-қатынас жүйесін және басқару әдістері мен жеке тұлғаның кәсіби сапаларын бағалау әдістерін меңгереді, шет тілінде зерттеу нәтижелерін баяндайды;
  • заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып микробиологияны дамыту саласындағы қолданбалы зерттеулер мен теориялық негіздерін анықтайды
  • биология және жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқыту саласындағы инновациялық технологияларды, әдістер мен құралдарды, принциптер мен заңдылықтарды бейімдейді
  • ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдана отырып, тәжірибелік деректерді өңдеу және интерпретациялау арқылы методологиялық жетістіктер мен биологияның өзекті мәселелерін жобалайды
  • дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін, топтастырылуын, заңдылықтарын, басқарудың және тиімді пайдаланудың әдістерін зерттейді
  • биологиялық катализаторлар, прокариоттар мен эукариоттар гені және тірі ағзалар арасындағы өзара әрекеттесу, гомологияның негізгі белгілерінің эволюциясы туралы түсінік қалыптастырады
Top