Білім беру бағдарламасы өзекті емес

6B01511 География-Тарих в Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаратылыстану және гуманитарлық саладағы озық білімдерге негізделген ғылыми бағыттардың іргелі мәселелеріне қатысты теориялық білімдер жүйесін қалыптастырады, география мен тарихтың жалпы ғылымдардағы орны мен рөлін көрсетеді.
  • Географиялық және тарихи үдерістер мен құбылыстардың мазмұнына қатысты білім мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолданады, география мен тарих ғылымдарының заңдылықтарын түсінеді, осы салаларға қатысты өзекті мәселелерді шешеді.
  • Философиялық-этикалық және мәдени құндылықтарды меңгере отырып тұжырымдар жасайды, қоғамның саяси-әлеуметтік құрылысын талдайды, құқықтық білімін жетілдіреді, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар тұжырымдамаларын ескере отырып, географиялық және тарихи үдерістерді сыни талдайды, баға беруге негізделген пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
  • География және тарих ғылыми бағыттары бойынша алған теориялық білімдерін және зерттеу әдіс-тәсілдерін өңірлер мен аймақтардың тарихи географиялық бейнесін жасауда ГАЖ технологиясы әдістерін қолдана отырып, табиғаттану және өлкетанудың мәселелерін зерттеуде пайдаланады; педагогикалық қызметінде өз саласына қатысты алған теориялық-практикалық білімдерін кәсіби қолданады.
  • Көшбасшылық дағдыларын арттыру және одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін ғылыми зерттеу аппаратын, педагогикалық, географиялық және тарихнамалық талдау әдістерін меңгереді; пікірлерді сыни бағалайды және қорытынды жасайды, өз пікірін білдіреді.
  • География және тарихтың ғылыми бағыттарының ғылыми-зерттеу әдістерін игеріп, зерттеу жұмысының бірлескен іс-әрекетін жүйелі үйлестіреді, география және тарих ғылымы саласындағы жаңа жетістіктерді, ғылыми-әдіснамалық білім мен білікті пайдалана отырып, академиялық жазу дағдыларын жүзеге асырады.
  • Адамзат қоғамының, географиялық және тарихи процестің даму заңдылықтарының айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ажыратады, жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымның дамуына қатысты теорияларды сыни талдайды, жаhандану үдерістеріне өзіндік баға беруге дағдыланады.
  • Академиялық адалдық ұғымдары мен принциптерін, оларды қолдану мақсаттары мен міндеттерін айқындай отырып, өзінің қызметі мен өмір жолында академиялық адалдық қағидаларын ұстанады
  • Географ-тарихшының құзыреттілігі аясында көптілді және көпмәдени қоғамда коммуникация үшін орыс және шет тілдерін меңгерген, іс қағаздарын жүргізеді, кәсіби қызметте тілді қолдану дағдыларын дамытады.
  • Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер туралы білімді игереді, компьютерлік желілермен жұмыс жасайды, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, тарату үшін интернет-ресурстары және мобильді сервистерді тарата біледі.
  • Инклюзивті және жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұны шеңберінде және қазіргі қоғамға кіруге бағытталған іргелі педагогикалық, психологиялық білім мен дағдыларды меңгереді. Білім мекемелерінде оқу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, дәстүрлі педагогикалық мәдениет тарихымен танысады, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарлайды және жүзеге асырады.
Top