Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 География-Тарих мұғалімін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Алғашқы қоғам және ежелгі дүние тарихы

    Түрлі теориялар мен деректер негізінде адамның пайда болуын, адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттейді, жер бетіндегі алғашқы адамдардың рухани мәдениеті, дүниетанымдық көзқарастары мен ғылыми білім көздерінің қалыптасуы туралы білім беріледі, адамзаттың тіршілік әрекеті бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жалпы жертану

    Геосфераның құрамдас бөліктері, құрылымы, даму заңдылықтары, динамикалық ерекшеліктері іс әрекеті мен дамуы, біртұтас ғаламдық табиғат кешені ретінде қарастырылады. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы мен өзара үйлесімділігін, физикалық географияның теориялық тұжырымдарын, заңдылықтарын, географиялық қабықшаның дамуын, табиғатты тиімді пайдалану мәселелерін талдайды. Күнделікті өмірде жаратылыстану-ғылыми білімді пайдалану, ғылыми ұғымдарды меңгеріп, жаратылыстану-ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Картография, топография негіздерімен

    Географиялық карта туралы жалпы түсінікті, масштабты, карталардың математикалық негізін, картографиялық проекциялар, карталардың жіктемесін, географиялық картадағы жазулар, тақырыптық карталар, атластар, ұсақ масштабты карталарды пайдалануды, топографиялық карта және оны пайдалану, топографиялық картадағы географиялық және тік бұрышты координаттарды, топографиялық карталар бетінде географиялық объектілерді кескіндеуді, географиялық картамен жұмыс жасауды меңгертеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Орта ғасырлар тарихы

    Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы

    Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және Алдыңғы Азиядағыорны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Геология, геоморфология негіздерімен

    Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы, геохронологиялық кесте, геологияның салалық құрылымы, геологиялық процесстер жайлы терең және жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды, рельефтің қалыптасуында эндогендік және экзогендік үрдістердің ролін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы

    Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді. Әлемдік және еуразиялық тарихи үдерістер бастауларында тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу алғышарттарын, кезеңдері мен олардың тарихи негіздерін білуге жол ашады. Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жасерекшелік психологиясы

    Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Метеорология, климатология және гидрология негіздері

    Атмосфера мен гидросферада болып жатқан процесстермен, атмосфералық құбылыстар мен су объектілерінің ерекшеліктерімен, олардың қоршаған ортамен өзара байланысымен таныстырады. Атмосфералық процестерді, радиациялық және жылу балансын, ылғал айналымын, циркуляцияны қарастырып, метеорологиялық бақылау әдістерін қолдана алады. Жер бетінің климатын, климат түзуші факторларды, географиялық таралу ерекшеліктерін және климаттық белдеулер сипаттамаларымен танысады. Жер бетіндегі су қоры, құрлық сулары, мұхит сулары, олардың ерекшеліктері, гидрологиялық режимін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Дүниежүзінің жаңа заман тарихы

    Жаңа дәуірдегі мемлекеттердегі экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау жолдарына сипаттама береді. Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіреді. Еуропа елдерінің әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөліне сипаттама береді. XVII ғасырдың ортасынан бастап ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі Азия және Африка елдерінің және халықтарының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуын зерттеуді қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ландшафттану және геоэкология

    Жердің ландшафттық сферасы, геоэкологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беретін пән болып табылады. Табиғи жүйелердің құрылымын, эволюциялық дамуы мен өзгерістерін, қоныс және фация, биіктік белдеулер мен ендік зоналылық туралы түсінік береді. Қазақстанның жеке аймақтарының геоэкологиялық мәселелерін, табиғатты қорғау міндеттерін және геожүйенің антропогендік өзгерісі қарастырылады. Экожүйе мен геожүйе арасындағы географиялық айырмашылықтарды, ландшафттардың экологиялық қасиеттерін, Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық болжам, геожүйенің экологиялық деңгейін қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі

    Педагогика ғылымының метапәндік идеяларына негізделген оқу-тәрбие процесінің білімі мен түсініктерін, оқу-тәрбие жұмыстарының формалары, әдістері, құралдарын практикада қолданылуы қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзінің қазіргі заман тарихы

    Тарихи деректер мен тарихшылардың ғылыми еңбектері негізінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезеңге дейінгі әлемнің жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттейді. Әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық дамудың негізгі тенденцияларымен, дүниежүзі елдерінің қазіргі кезеңдегі географиялық кеңістіктегі рөлімен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шетелдер тарихының деректемесі және тарихнамасы

    Деректанудың ортақ заңдылықтары, теориясы, тарихы және әдіснамасы, негізгі принциптері, кезеңдері, деректермен жұмыс істеудің проблемалары мен әдісі, деректерді сыныптау проблемасы, жекелеген дәуiрлердегi тарихшылардың, елдердің тарихи мектептері мен ағымдарының концепциялары қарастырылады. Тарихнамалық зерттеудің негізгі аспектілері, деректанулық, тарихнамалық еңбектердің модельдері оқытылады. Ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заман тарих бойынша пәнаралық білім интеграцияланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Географияны оқыту әдістемесі

    Географияны оқыту әдістемесінің негізгі ұғымдары, проблемалары, географияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен: география, педагогика, дидактика, психологиямен байланысын, географияны оқытудың әдістері мен зерттеудің теориялық және эмперикалық зерттеу әдістерін, мультимедиялық құралдармен жұмыс істеуді біле отырып практикамен байланыстырып оқиды. Командада жұмыс істеу дағдыларын, оқушы бойында көшбасшылық қасиетті дарытуды түсіндіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі

    Тарих пен қоғамдық пәндерге қатысты нормативті құжаттармен таныстырады. Дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды, мультимедиялық құралдарды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың нысандары мен әдістеріне, критериалды бағалау технологияларын, қысқа мерзімді оқу жоспарларын әзірлеуді оқытады, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Географиялық зерттеу әдістері

    География ғылымында ақпарат алудың әртүрлі тәсілдері, олардың ерекшеліктерін қарастырады. Географиялық зерттеу әдістері - табиғат пен қоғамдағы процестер мен құбылыстардың аймақтық ерекшеліктерін және кеңістіктік-уақыттық үлгілерін анықтау үшін географиялық ақпаратты талдау әдістері. Жалпы ғылыми және пәндік-географиялық, дәстүрлі және заманауи әдістер.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар

    Инклюзивті білім беру бағдарламаларын іске асыруда ЕБҚБ балаларды сүймелдеу қызметі, әдістері мен формалары, принциптері мен факторлары, оқыту-дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері туралы білімдерін дамытуға бағытталған. Жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалау; ББ әзірлеу технологиялары; инклюзивті білім беру кеңістігінде педагогтің практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамытуды көздейді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи білім беруде дизайн ойлау технологиясын қолдану әдістемесі

    Проблемалық аймақтарды мұқият зерттейді, негізгі мәселені тұжырымдайды, оны шешу жолдары, жаңа идеялар жасайды, оның әртүрлі нұсқаларын ұсынады, проблемаларды шешу моделінің прототиптерін жасайды және әртүрлі форматтағы идеялардың, әдістердің, техниканың және құралдардың ауқымы мен маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдерді сынайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның және дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік географиясы

    Қазақстанның және дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік географиясы пәні еліміздің, дүние жүзі елдерінің географиялық орны, шекарасы, әкімшілік-аумақтық бөлінуі, табиғи ресурстық әлеуеті, халқы және ұлттық құрамы, шаруашылық кешенінің құрылымымен оның салаларын оқытады. Елдің экономикалық аудандары мен негізгі даму бағыттарын, сыртқы экономикалық байланыстары мен ішкі айырмашылықтарын, геосаяси жағдайларын, өзекті мәселелермен таныстырады. Қазақстанның және Дүние жүзінің экономикалық, саяси және әлеуметтік географиясы қоғамдық географиялық ғылымдар арасындағы маңызды курстардың бірі болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Жаңа заман дәуіріндегі халықаралық қатынастар

    Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде мемлекеттер, жаңа замандағы мемлекеттік жүйелер, халықаралық деңгейде әрекет ететін ұйымдар мен қозғалыстар, әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер арасындағы дипломатиялық, саяси, құқықтық, идеологиялық, мәдени, шаруашылық байланыстарды сипаттайды. Әскери-саяси одақтардың құрылуын және олардың тарихтағы рөлін бейнелейді. Еуропалық отарлық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына әсерін сипаттайды

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Геоэкономика және интеграциялық процесстер

    Әлемдік экономикалық жүйе бірлігі. Геоэкономикалық кеңістіктегі тауарлық өндірістің өзгеріс бағыттары. Интерұлттық және ұлтттық экономика түсінігі. Геоэкономикалық жүйедегі әлемдік еңбек бөлінісінің қазіргі құрылымы. Олардың көптүрлілігі және стратегиялық тұрғыдан әрқилы әрекеті. Интеграциялық процесстер мен халықаралық экономикалық байланыстармен таныстырады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы

    Жер шары қабықтарының жалпы заңдылықтарын зерттеу, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктерінің географиялық орны мен табиғат жағдайлары, материктер мен мұхиттар табиғатының кеңістіктікте жіктелуі мен физикалық географиялық аудандастырылуы сипатталады. Түрлі аумақтардың ашылу және зерттелу тарихын, жердің аумақтық жіктелу заңдылықтарын, табиғат объектілерінің географиялық сипаттамасы мен орнын, материктер мен мұхиттардың номенклатура жиынтығын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)

    Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістіктік (географиялық) деректер мен нысандарды ақпаратты графикалық визуализация жүйесі, географиялық мәліметтерді жинап, деректерді бағдарламалық – техникалық кешенде сақтап, өңдеп, қайта қолдану, тұжырым жасау, ақпараттарды шығару үшін қолданылады. Қоршаған ортада табиғи құбылыстармен қатар антропогендік процестерді зерттеуде автоматтандырылған программалық өнімдер арқылы зерттеп, болжам жасап, алдын алуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өлкетану

    Өлкетану методологиялық жағынан әлеуметтік-мәдени пәндердің жиынтығы.Өлке туралы шетелдік және отандық саяхатшылар, жиһангездер, ақын-жазушылар қалдырған шығармалары оқытылып, оқиғаның дұрыстығын белгілеу үшін деректерді интерпретациялайды; қорытынды мен тұжырымдамаларды дәйектейді, пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақстанның физикалық географиясы

    Қазақстанның физикалық географиялық жағдайын алуан түрлі екендігін, оларды қалыптастырудағы географиялық заңдылықтарды, табиғи ерекшеліктерін қарастырып, республикамыздың табиғат кешендерінің таралу заңдылықтарын зерттейді. Жекеленген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін, табиғат кешендерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен процестерді, Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеуге үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері

    Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі халықтарының тарихы

    Түркі халықтарының тарихы дүниежүзілік тарихтың біртұтас үдерісі мен құрамдас бөлігі ретінде, олардың мәдени байланыстары қарастырылады. Проблемалар бойынша ғылыми әдебиеттер мен деректер, кезеңдеу қөрсетіледі. Ежелгі және орта ғасырлардағы түркі мемлекеттілігінің мәселелері, олардың өзара байланысы мен сабақтастығы талданады. Қазіргі заман әлемінде түркітілдес елдердің этно-геосаяси жағдайы, демографиялық проблемалары мен рөлі анықталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Географияны оқытудағы инновациялық технологиялар және бағалау әдістері

    Мектепте географияны оқытудағы инновациялық технологиялар мен бағалаудың жаңа тәсілдері пәні оқыту процесінде білім алушылардың білім мен білік, дағдыларын қалыптастыру үшін қолданылатын оқытудың инновациялық технологиялары мен бағалаудың жаңа тәсілдерін қарастырады. Курс студенттердiң педагогикалық ғылымға, методикалық ойлауға, оқыту мен бағалаудың жаңа тәсілдері бойынша әдiстемесi педагогикалық еңбектi дұрыс ұйымдастыра бiлуге қызығушылығын қалыптастыруға және география мұғалімінің болашақ кәсіби қызметіне дайындауға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    «Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің әдістері

    Пәнді оқытудың мақсаты білім алушылардың өз идеяларын құрылымдық баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әртүрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық көздермен жұмыс істей білу болып табылады. Пән студенттерде жазу мәдениетін, сыни ойлау дағдыларын және лингвистика - прагматикалық құзыреттіліктерді қалыптастырады, жазбаша тіл мәдениетін өзі ұстанатын тіл арқылы жетілдіреді, академиялық адалдықтың принциптері мен мәдениеті туралы түсінік береді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін тәжірибеде қолданады.
  • әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарға толеранттылық білдіреді, академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып, командалық және жеке жұмыста коммуникативтік, көшбасшылық, креативтілік көрсетеді;
  • отандық және дүниежүзілік тарих кезеңдерін, тарихи оқиғаларды, үрдістерді, әлемдік және отандық тарих құбылыстарын ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін сипаттайды;
  • Қазақстан мен басқа елдердің тарихи дамуын зерттеу үшін тарихи деректер мен еңбектерді талдайды;
  • пәндер бойынша таңдалған мақсаттарға, оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқу жетістіктерін критериалды бағалау мен диагностикалауды қолданады;
  • зерттеудің әртүрлі әдістерін қолданады; деректерді жинайды, өңдейді және пайдаланады; пайымдауларды қалыптастыру және дербес шешімдер қабылдау үшін әртүрлі географиялық және тарихи ақпарат көздерімен (АКТ және т. б.) жұмыс істейді;
  • білім берудің жаңартылған мазмұнының мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің инновациялық технологияларын (соның ішінде ҚОТ) қолданады;
  • тәжірибеде географиялық және тарихи білімді, кеңістіктік ойлау мен картографиялық, геоақпараттық дағдыларды қолданады;
  • кәсіби саладағы мәселелер мен қорытындыларды шешуде білім беру концепцияларын талдайды, ғылыми зерттеулер әдістерін мен академиялық хат қолданады, рефераттау және өмір бойы білім алу дағдыларын тәжірибеде қолданады;
  • тарих және география саласындағы білім мен дағдыларды көрсетеді; ұғымдарды, терминдерді, оқиғаларды, фактілерді, құбылыстар мен процестерді тұжырымдайды, түсіндіреді;
Top