Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01504 Биология в Шымкент университеті

Пәндер

  • Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы

    Ғылыми жетекшінің көмегімен магистрлік диссертацияның тақырыбын анықтайды, дербес жоспар түзіледі. Әр семестрде жүргізілген эксперименттік-зерттеу жұмыстары бойынша есептер дайындайды. ЭЗЖ қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жариялайды. Инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және тиісті қызмет салаларындағы ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өтеді. Алынған нәтижелер бойынша диисертациялық жұмысына мәлеметтерді жинап, өңдейді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 13
  • Микроағзалар биологиясы мен экологиясы

    Табиғаттағы микроағзалардың алуантүрлілігін игеру арқылы олардың жүйелену түрлерін анықтау мен жинау әдістерін меңгереді. Микроағзалардың морфологиялық, физиологиялық топтарын ажырата біледі, олардың пайдалы және зиянды қасиеттерімен күресуде заманауи әдістерді қолданады. Микроағзалардың биологиясы мен экологиясын меңгеру барысында, заманауи биологиялық және биотехнологиялық үрдістерді пайдалану арқылы табиғат пен қоршаған ортаны сақтау жолдары туралы білімді игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Биологияны оқытудың интербелсенді әдістері

    Психологиялық және педагогикалық диагностика негізінде комплексті педагогикалық мониторинг жүргізуге қабілеттілік, анализдеу және синтездеу алынған қорытындыларға интерпретация жасау, адекватты өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға талпыну. Биологияны оқытудың деңгейлері және оның кезеңдерінің жұмыс тәртібіне сәйкес оқытудың құралдарын, тәсілдерін және оқу материалдарын үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) таңдап алуға қабілеттілік. Биологияны оқыту әдістемесі аумағында экспериментальді ғылыми жұмыстың жағымды нәтижелерін оқу процесіне ендіре білу. Биологиялық пәндер аймағында оқытудың инновациялық әдістерімен жаңа технологиялары туралы білімді пайдалана білу. Оқу-тәрбие процесіне енгізілген жаңа оқыту технологияларының нәтижелерін бағалай және сараптама жасай білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Салыстырмалы генетика

    Генетикалық заңдылықтар туралы көзқарастың дамуы мен негізгі генетикалық бірлік- гендердің табиғаты қарастырылады. Генетикалық проблемаларды зерттеуде биохимияның, биофизиканың, математиканың, цитологияның, эмбриологияның ғылымдарының әдістерін қолданады.Теориялық матеиалдарды меңгере отырып, генетикалық эксперимент жасап оны талдау барысында,генетикалық есептер шығару жолымен бекітуге бағытталады. Генетика тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Цитогенетика

    Цитогенетика - бұл хромосомалардың құрылымы, репликациясы және ұйымдастырылуының теориясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Генетика селекция негіздерімен

    негізгі ерекшелігі биология ғылымының салалары генетика және селекция негіздері бойынша білімдерін, толықтыруға мүмкіндік береді. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт бере алады. Курс генетика және селекция ғылымдарының жаңа жаңалықтарын білуге негізделген. Биология сабақтарында алған білімдерінің яғни, тірі ағзаларға тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын және генетика ғылымы мен селекция ғылымының арасындағы байланысты зерттеп, зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мектепте биологиялық экспериментті жүргізу әдістемесі

    Заманауи зертханалық құралдарды қолданып, өзіндік педагогикалық технологияларды зерттеу деңгейінде жүзеге асыру және қалыптастыру. Зертханалық жұмыстардың барысындағы эксперименттің көрсеткіштеріне интерпретация және синтезін тәуелсіз бағалау қабілеттілігі және оны сәйкес теориямен байланыстыруға қабілетті болу. Мектепте биологиялық эксперимент жүргізу және даярлауда биология практикумының негіздері бойынша есептерді шығаруда білімдерін қолдана білу қабілеттілігі. Зерттеу мақсаттарын сауатты түрде қойып оны орындау, ғылыминегізделген шешімдерді қабыл дай білу, педагогикалық эксперименттің нәтиже лерін есепке алып алынған қорытындыларды нақты түрде пайымдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жоғары оқу орнында биологияны оқыту әдістемесі

    Жоғарғы оқу орнында – оқытылатын биологиялық пәндердің мазмұны мен әдістемелік білім мен біліктік жүйесін игереді. Өз бетінше шығармашылыұпен еңбек ете алуға және сабақта ұйымдастырып өткізудің әр түрлі жолдарын үйретеді. Сабақтан тыс жұмыстарды үйымдастыруды ұғындырады. Биология пәндерін оқыту әдістемесі бойынша теориялық және практикалық негіздерді игеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Микробиологияға кіріспе

    Микробиология - өте ұсақ тірі организмдер – микроптар, вирустар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің, вирустардың құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестерді олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым-қатнасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Микроағзалар систематикасы

    Микрофлоралар мен зиянды бактериялардың өкiлдерiн ажыратады. Микрофлораның классификациясын, морфология, физиология, биохимия ерекшелiктерiмен толық танысады. Метаболизм жүйесiн практикалық маңызымен байланыстырып, дайын өнiмдi талапқа сай сақталған жөнiнде тексеру iс-шараларын жүргiзеді. Ауыл-шаруашылық өнiмдерiнiң сапасын анықтау үшiн зертханалық әдiстемелердi толық меңгерiп, зерттеуге арналған жұмыстарды жүргізуге және препаратттардың түрлерiн жасау техникасын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи молекулалық-генетикалық және клеткалық технологиялар, бөгде байланыстардың биотрансформациясы механизмдері туралы түсінікті біледі; негізгі клетка компоненттері мен тұтас клетканың, қызметі және құрылымының жан-жақтылығын, клеткааралық, молекулалық өзара әсерлесу формаларын, эукариоттар, прокариоттар, вирустар геномының ұйымдасуының, генетикалық процестердің механизмдерінің негізгі сипатын біледі; алған теориялық білімдерін селекция, медицина, экология, биотехнология міндеттерін шешуде қолдана біледі; нуклеин қышқылдары мен белоктарды зерттеудің заманауи әдістерін меңгерген.
  • ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді;
  • білім алушылардың кәсіби әлеуметтенуі, кәсіби тұрғыда өз таңдауын жасауы, жылдам өзгеріп жатқан ортада бағдар алуы үшін қажетті базалық құзіреттерді қалыптастырады.
  • биологияны оқытудың қазіргі заманғы әдістемелігін, ақпарат технологиясын және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді;
  • әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулықты есепке алып, өз бетімен семинарлық, практикалық, зертханалық сабақтарды өткізеді;
  • ғылыми-зерттеу және эксперименттік зерттеу жұмыстарын енгізеді, жоспарлайды және басқару зерттеу қызметтерін атқарады;
  • жоғарғы оқу орнында сабақ бере алады және шығармашылық стилде ойлауды қалыптастырады;
  • заманауи бағдарламалық өнімдер, техникалық құралдарды және технологияларды кәсіби салада пайдаланады;
  • Мамандандыру шеңберіндегі негізгі ғылымдардың негіздерін; тірі организмдердің тіршілік процестерінің сипаты, механизмдері мен заңдылықтарын; қазіргі биология дамуының негізгі жетістіктері мен бағыттарын; қазіргі заманғы зертханалық және өндірістік жабдықтардың құрылғысы және жұмыс принциптерін; тірі ағзалардың маңызды қосылыстарын талдау әдістері және олардың тіршілік әрекетінің процестерін зерттеу әдістерін.
Top