Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05109 Биотехнология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастырады, қазіргі ақпараттық қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен маңызын түсінеді, оқушылардың зерттеу және жобалау қызметінде ақпаратты іздеудің қазіргі заманғы компьютерлік технологияларын, білім беру үдерісінде (SMART және STEM технологиялары) заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданады.
  • базалық биологиялық пәндер саласында білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын, оларды Профильді биотехнологиялық пәндерді оқытуда қолдану және практикалық қызметте пайдалану мақсатында қолданады.
  • биотехнологиялық зерттеулер контекстіндегі мәселелерді дәйекті және сауатты шешеді, экологиялық проблемаларды анықтайды; ана және шет тілдерінде өз ойларын тұжырымдайды және айтады, ғылыми және арнайы мәтіндермен жұмыс істеу үшін қазақ (орыс), шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын меңгерген және көпшілік алдында сөйлеу,
  • Конституцияның, ҚР қолданыстағы заңнамасының негізгі ережелерін тұжырымдайды; органдар жүйесінің жұмысын, нормативтік құқықтық актілерді сыни талдайды, этикалық және құқықтық нормаларды бағалайды.
  • негізгі химиялық заңдарды, заңдылықтарды және теорияларды сипаттайды және жіктейді, биотехнологиялық процестерде қолдану үшін қазіргі заманғы химиялық технологияларды меңгерген.
  • - өндірістің әртүрлі салаларында биотехнологиялық міндеттерді шешуге бағытталған іргелі зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелерді жинақтайды.
  • кәсіптік білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік негіздерін, ғылыми-өндірістік және білім беру ортасында биотехнологиялық қызметті ұйымдастыру тәсілдерін меңгерген.
  • әлеуметтік-философиялық және дүниежүзілік - тарихи даму заңдылықтарын жинақтайды және әлеуметтік және кәсіби міндеттерді шешуде Гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдар білімін пайдаланады;
Top