Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M04203 Европалық және халықаралық бизнес құқық в Нархоз Университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарлама Еуропалық Одақта заңгерлік кеңес беру, корпоративті құжаттарды құқықтық қарау және соттық қорғауды басқару арқылы корпоративтік ұйымдардың іскери қызметіне құқықтық қолдау көрсету үшін заңгерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама магистранттарға коммерциялық пен корпоративтік құқықтың практикалық маңыздылығына баса назар аудара отырып, еуропалық және халықаралық коммерциялық құқықтың тәжірибелік білім беруге арналған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Оқыту нәтижелері

  • Сын тұрғысынан ойлау, сандық және квалиметриялық талдау, алдыңғы қатарлы пәнаралық зерттеулер негізінде олардың салдарын бағалай отырып, стандартты емес басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Тиісті сандық технологияларды, құралдар мен теорияларды пайдалана отырып, ұйымды тиімді басқаруға қабілетті
  • Кәсіби және кәсіби емес аудиторияда ауызша және жазбаша түрде негізделген дербес бір мағыналы ұғынылатын қорытындылар/пайымдаулар ұсынуға және ақпаратты өз бетінше жинай және түсіндіре отырып, өз бетінше оқытуды жалғастыра отырып, оларды дәлелдей алады
  • Дамудың баламалы мүмкіндіктерін, құқықтық тәуекелдер мен сәйкестік тәуекелдерін назарға ала отырып, болашақты болжай отырып, сондай-ақ негізгі тұжырымдамаларды, парадигмалар мен құқықтану және кәсіпкерлік құқықтың функционалдық салаларындағы теориялық әзірлемелерді қолдана отырып, дамудың тиімді стратегиясын құруға қабілетті.
  • Ішкі корпоративтік құқықтық құжаттарды әзірлеу арқылы тәуекелдерді алдын ала болжайтын және олардың алдын алатын корпоративтік мәдениетті құруға қабілетті.
  • Белгісіздік жағдайында құқықтық тәуекелдерді жеңілдету үшін стратегияларды болжауға және жасауға қабілетті.
  • Экономикалық қызмет саласындағы халықаралық және еуропалық заңнама нормаларын шығармашылықпен түсіндіре алады және осы нормаларға түзетулер жобаларын дайындауға қабілетті.
  • Сыбайлас жемқорлыққа, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті қоса алғанда, қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға үлес қосуға қабілетті (AML/CTF).
  • Әртүрлі және толық емес ақпаратты талдау және синтездеу үшін, күшті және әлсіз байланыстарды анықтай отырып, сондай-ақ юриспруденциядағы өзекті зерттеу міндеттерін шеше отырып және әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды тұжырымдай отырып, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын қолдануға қабілетті.
  • Оқу үрдісін ұйымдастыру қабілетін, оқыту әдістемесін және құқықтық саладағы жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, өзінің практикалық тәжірибесі мен зерттеу нәтижелерін шығармашылық түрде өзгерте отырып, оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын таңдай отырып, дербес жүйеленген теориялық білімді анық, бір мәнді және дәйекті түрде баяндай алады.
Top