6B02201 Тарих в Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тарихи білімге негізделген, қоғамның даму үдерісінің заңдылықтарын талдауда ұтымды анализ әдістерін қолдана алатын, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайшылықтардың шығуының тарихи себептерін анықтай алатын және дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуде кәсіби тарихи білімі мен біліктілігін практикада қолдана алатын маман дайындау. Сонымен қатар әлеуметтік- гуманитарлық салада жүйеленген білімді қалыптастыру барысында жаңа технологияны қолдана отырып, кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары, ғылыми ойлау мен зерттеу барысында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды жаhандық құндылықтармен ұштастыра білетін білікті мамандар дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Сулейман Демирель атындағы университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B034 Тарих
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Түрік тілі 1 (А1 деңгей)
Курсты аяқтағаннан кейін жазу, сөйлеу, оқу дағдылары, қабілеттерімен бірге түрік тілінің грамматикалық ерекшеліктерін игеріледі, фразеологиялық, терминологиялық сөздер мен сөз тіркестерінің көмегімен тілдік сөздікқорын кеңейтіледі, білімгердің жоғары біліктілігіне оң септігін тигізеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ мемлекеттілігінің тарихы
Курс аясында білімгер «мемлекет», «мемлекеттілік» ұғымының пайда болуы мен даму тарихы, мемлекеттердің саяси басқару жүйесі туралы мағлұматтарды үйреніп шығады. Ежелгі түркілердің мемлекеттік тарихы - қазақ жеріндегі мемлекеттік тарихтың бастауы. Бұл курста Қазақстан территориясында өмір сүрген мемлекеттер тарихы мен олардың басқару жүйесі талданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ежелгі дүние тарихы
Білімгерге бұл дәуірді жеке пән ретінде оқыту арқылы, тарихи құбылыстарды түсінуге, болашақ тарихшы маман ретінде теориялық көзқарасты қалыптастыруға, ежелгі дүние тарихының жалпы адамзат тарихындағы орны және ролін көрсетуге; Білімгерлерді ежелгі дәуірдің негізгі кезеңдері мен даму ерекшеліктері, қоғамдық формация ұғымымен және түрлерімен таныстыра отырып, олардың тарихи ойлау қабілеттерін арттыру көзделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік тілі 2 (А1 деңгей)
Пәннің мақсаты түрік тілінің грамматикалық білім жүйесін, тілдік коммуникацияның прагматикалық құралдарын меңгертуді, сөйлеу этикасы мен сөйлеу нормасын қалыптастыруды, түрік тілінде еркін сөйлесуді, пікірталасқа, көпшілік алдында сөйлеуге баулу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі халқының мәдениеті тарихы
Түркі тарихын дүниежүзі тарихының негізгі бөлігі ретінде зерттеу. Түркі халқының шынайы тарихын түсіндіруге мүмкіндік туғызу. Түркі халқының бірлігі мәселесін ұғындыру. Ежелгі және орта ғасырдағы түркі мемлекеттілігі мәселесін және олардың байланысы мен сабақтастығын түсіндіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Тарих және мәдениет
Тарих болған оқиғаларға фактілік және себеп-салдарлық негізде баға берсе, мәдениет оқиғалар желісіне өркениеттік, танымдық, өнер тұрғысынан әспеттейді. Кешенді түрде саяси және мәдени қырларын бірізділікпен саралау осы аталған пәннің өзіндік ерекшелігі болмақ. Тыңдаушылар тарихи үдерістердің тарихи да, мәдени де ерекшеліктеріне терең бойлай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Экономика
Микро және макро халықаралық экономикалық қатынастар деңгейінде нарықтық экономиканың әрекет ету заңдарымен принциптері туралы білім алу, экономикалық ситуациларды талдау, мемлекеттің экономикалық саясат салдарын алдын алуда экономикалық үлгілерді пайдалана білуі, Қазақстанның экономикалық тарихы, оның даму үлгісін зерттеу қыр-сырын игеріп, тұжырымдарын экономикалық сауатты жеткізу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы
Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің негізгі кезеңдері мен оқиғалары туралы жүйелі білімді игеруге, себеп-салдарын түсінуге, ұлттық тарихтың негізгі мәселелерін талдай білуге, өз көзқарасын айқындауға, әлеуметтік тәжірибеде тарихи білімдерін қолдана білуге үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі жазулар тарихы
Тұран территориясында түркітілдес тайпалар өзіндік мәдени тұрғысынан ерекше өркениет қалыптастырды. Орхон-Енисей, Талас және Алтайдағы ескерткіштермен танысу, төл жазуымыздың мәнін түсіну, мағынасын ашу, тарихи дереккөзді тікелей оқып көне түркі жазбаларына талдау жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түрік тілі 3 (А2 деңгей)
Білімгер кәсіби қызмет саласында стильдік сауаттылықты меңгере алады, ғылыми, іскерлік, баспа мәтіндерін жаза алады, кәсіби деңгейде түпнұсқа дереккөздерден оқи және аудара алады, тілдік қарым-қатынастың прагматикалық құралдарын меңгере алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ортағасырлар тарихы
Курс қазіргі әлемге бағытталған тарихи қозғалыстың негізгі мәселелерін қарастырады, әр түрлі кезеңдердің бүгінгі күнмен қалай байланысқанын, Шығыс пен Батыстың тарихи мұрасының қазіргі күнде көрініс тауып отырғандығын түсіндіреді. Тарихтың «адами келбетін» көрсетеді. Негізгі «әлемнің картиналарын», әр түрлі кезеңдердегі менталдық түрлерін сипаттайды; адам мен қоғамның билік саласы, әлеуметтік-саяси үдерістер, экономика, күнделікті өмір т.б. сияқты әр түрлі аспектілер бойынша өзара әрекеттестігін көрсетеді; Әр түрлі халықтар мен өркениеттердің әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ хандығының дипломатиялық тарихы
Тарихшы білімгер бұл пәнді оқу барысында көпшілікке таныс болмаған құжаттарды талдау арқылы, самодержавиялық және кеңестің кезеңде қалыптасқан сыңаржақ пиғылмен көзқарастан арыла отырып, Қазақ хандығының сыртқы байланыс тарихындағы шет мемлекеттермен дипломатияның қарым-қатынас жүргізгендігін тарихи дәлелдермен айқындауды үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Азия және Африка елдерінің ортағасыр тарихы
Ортағасырлардағы Азия және Африка мемлекеттерінің саяси жүйесінің, әлеуметінің қалыптасуын қарастыру арқылы тарихи оқиғаларға, мемлекеттердің қалыптасуына байланысты анализ жасай білу. Азия мен Африка елдерінде феодалдық қатынастардың дамуы. Азия мен Африка елдеріндерінің ортағасырлардағы даму ерекшеліктері. «Азиялық өндіріс тәсілі». Тарихнама. Ертефеодалдық араб мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің тарихы
Индустриялық қоғамның дағдарысы және постиндустриялық өркениет негіздерінің қалыптасуы. Буржуазиялық революциялар. Еуропа мен Америка елдерінің әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуы. Әлемдік капиталистік жүйе дамуының альтернативтік жолдары, империялардың құлауы, дүниежүзілік соғыстар аралығындағы экономикалық, саяси және қоғамдық дамуыдың негізгі тенденцияларын игеріп іске асыруға дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстан және Тәуелсіз түрік республикалары тарихы
КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздіктерін алған түрік мемлекеттері мен автономды түрік республикалары өзара мәдени байланыстарға ашылды. Қазақстанның бастамасымен ТҮРК ПА, Түрік Акедемиясы, Түрік Консейі, ТҮРІКСОЙ сынды мәдени құрылымдардың түрік әлемінде атқаратын қызметтерін ашып, бауырлас елдердің туысқандығын арттыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс Еуропа түркі мемлекеттері тарихы
Батыстық тарихшылардың еңбектеріне негізделген Қара теңіз жағалауындағы түрік халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеу, мәнін ашу, даму заңдылықтарын анықтау. Шығыс Еуропа халықтары тарихына қосқан үлесін түркілік тәсіл тұрғысымен зерттеуді айқындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Алғашқы мұсылман түрік мемлекеттері
Қарахан мемлекеті басқару жүйесіне түркілік дәстүрмен Исламның жаңа жүйесін синтездеп енгізген алғашқы мұсылман түрік мемлекеті. Газнауи, Салжұқ мемлекеттерінің құрылуы Исламның кең таралуына септігін тигізді. Мемлекеттердің қоғамдық саяси өмірін, мемлекетті басқарудағы заңдылықтарын қазіргі таңдағы басқару формасымен салыстыра анализ жасау басты нысан.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Түрік тілі 4 (А2 деңгей)
Түрік тілінде кәсіби қызмет саласында еркін қарым-қатынас жасау, сөйлеу және коммуникациялық құзыреттіліктерді алуға, логикалық дәлелдер келтіруге, заманауи ғылыми материалдарды сыни тұрғыдан талдап бағалауға және пәнаралық салада жаңа идеяларды игеру қабілеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Түркі мемлекеттерінің дипломатиялық тарихы
Әрбір мемлекеттің тарихында сыртқы қатынастар маңызды, ежелгі замандағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасуы, дипломатия тарихының зерттеу обьектісі, заңнамалық актілер және дипломатиялық материалдар, мемлекеттердің Егемендігін құруымен нығайтудағы дипломатиялық қызмет рөлін, осы білім негізінде пән ауқымында іскерлік дағдыларын толық игеріп зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мұрағат және мұражай ісі
Мұрағат пен мұражай халықтың тарихи құнды жазбасымен жәдігерлерін сақтап болашақ ұрпаққа жеткізеді. Мұрағаттық зерттеулер нақты білімді, ғылыми дағдыларды, мұрағат материалдарына сүйенуге, мұражай қорларының жинағы, мұражай экспозициясы, мақсатты түрде ақпарат алмасуға, мұрағаттың барлық қырларын таныстыруға үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Өндірістік тәжірибе (Архив)
Қазақстан республикасының ұлттық мұрағат қорымен таныстыру, оның жүйелерін үйрету. Қазақстан Республикасындағы мұрағат және мелекеттік мұрағаттану функцияларымен таныстыру. Мұрағат құжаттарын пайдалану. Мемлекеттік қордың катологтар жүйесін зерттеп меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 1
-
Еуразия көшпенділерінің рухани мәдениетінің тарихы
Еуразияның Сайын Даласын ерте кезден көшпенділер мен отырықшы халықтар арагідік бірге мекендеген. Батыстық бірқатар зерттеушілерінің көшпенділер өркениеті мен мәдениеті болмады деген тұжырымдарына қарамастан, көшпенділердің Байкалдан Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Шығыс Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр аймақта көптеген көшпенді өркениетке тән мәдени рухани ескерткештерін қалдырғанына тарих куә. Әлем өркениетіне өзіндік үлес қосқан көшпенділердің рухани мәдениетін дұрыс бағамдау мақсатын түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Еуразия өркениетінің тарихы
Қазақстанның Еуразия құрлығының жүрегінде орналасуы тарихтың әрбір кезеңдегі мемлекеттер мен өркениеттердің арасындағы транзиттік «коридор» болуына септігін тигізді. Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне айналды. Шығыс пен Батыс өркениетін синтездеп өзіндік дала немесе жылқы мәдениетін қалыптастырды. Білімгер Қазақстанның өркениетке қосқан үлесімен танысып тарихын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлемдік өркениеттер және діндер тарихы
Өркениет пен дін адамзат тарихының ажырамас бөлігі, олардың ежелгі формасы мен құрлымы, ерекшеліктері, мәндік сипаттары, тарихи қалыптасулары, Ислам өркениеті мен дінінің даламызға жетуі, атеизмнің шарықтауы, шетелден түрлі конфессиялардың ағылуы, олардың идеологиялық және дүниетанымдық көзқарастарын болашақ жоғары білімді маман игеруі тиіс.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дүниежүзілік барлау ұйымдары тарихы
Дүниежүзілік барлау ұйымдарының құрылуы, саяси қоғамда алатын орны, қызмет категориялары, барлау қызметтерінің қазіргі цифырлық жағдайы, халықаралық аренадағы рөлі, күш қолдану аясы, даму үрдістері мен мемлекетіміздің барлау қызметінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін жетілдіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның жаңа заман тарихы
Пән XVIII-XІX ғғ. тарихының өзекті проблемаларының тарихнамасы мен дереккөздері, теориялық-әдіснамалық көзқарастары, Ресейдің отарлауы, билік жүйесінің құрылуы, бодандық қамыты, әскери-казак және орыс шаруаларының қоныс аударуы, Қазақстанның мемлекеттілігінен айырылуы, Қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, аграрлық саясат, ХІХ ғ. өнеркәсіп саласындағы фактілерге тарихи тұрғыдан анализ жасау туралы білімді қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Бағдарламада Еуропа мен Америка заманауи тарихының негізгі мәселелері, өңірлердің саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық даму проблемалары, Еуропа және АҚШ аумағында демографиялық үдерістер, жаңа отарлық жерлер үшін тартыс, империализм, саяси идеологиялар, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі процестері, қоғамдық қозғалыстар, І Дүние жүзілік соғыс, әлеуметтік саясат, мәдениет және өмір салты мәселелері туралы түсінікті қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркістандағы жәдитшілдік ағартушылықтың тарихи кезеңдері
Исмаил Гаспралы бастамасымен жаңа көзқарасқа негізделген «жәдитшілік» идея қалыптасты. Жәдитшілік идея самодержавияның құлауымен Түркістанда құрылған автономиялардың тұсында жанданыс көрсетті. Жәдитшілік идеяны зерттеуде әлемдік өркениеттілік тәсілдерді қолданып тұлғаның жеке көзқарасын қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарих социологиясы
Курсты оқу барысында тарихи-социологияның негізгі даму кезеңдері, оның негізгі заңдылықтары, құрлымы, функциялары, қазақ халқының әлеуметтік ойының ерекшеліктері, рухани-адамгершілік мүмкіндіктері, социологиялық ой мәселелері және категорияларына бейімдейтін кешенді білік қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этнология
Пән этностардың (этногенез) қалыптасу, даму процестерін, олардың ұқсастығын, мәдени өзін-өзі ұйымдастыру формаларын, олардың ұжымдық мінез-құлқы, өзара іс-қимылының заңдылықтарын, жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара байланысын, "Континентальды" жіктеу, Австралия және Мұхит халықтары, Азия халықтары, Америка халықтары, Африка халықтары және Еуропа халықтарын зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Орталық Азия және Қиыр Шығыс елдерінің тарихы
Орталық Азияның көшпелі түркі тайпалары мен Қиыр Шығыстың отырықшы халықтарының саяси, әлеуметтік, шаруашылық, мәдени, қоғамдық қатынастарын қарастырады. Аталмыш елдердің индустрияланған өркениеттің дамуы кезеңіндегі экономикалық, саяси және әлеуметтік нысаналарының сипаты, Шығыстағы дәстүрлі қоғамды, отарлаудың әсері, шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси хал-ахуал және мемлекетаралық қатынастарын талдап, әлем тарихының бөлінбес бөлшегі екендігі, адамзат дамуына қосқан үлес мүмкіндіктерін игеруге жетелейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тарихының дерек көздері
Қазақ тарихының деректанулық-тарихнамалық негіздерін, қытай, араб және парсы түп деректемелерімен таныстыру, қолданыстағы аударылған дереккөздерге сыни талдау, әртүрлі мәліметтерді салыстырып тұжырымдау, ғылыми ойларды дамыту перспективаларын анықтау, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми айналысқа енгізу мәселелерін талдауды меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстанның тарихи географиясы
Тарихи-географиялық статистикалық фактілер, туған жердің өткені, бүгінгі күнгі деректерінің үйлесімін зерттеу арқылы отанға деген сүйіспеншілікті арттырады. Курстың мақсаты белгілі өңірдің тарихын мен Қазақстанның тарихи-өлкетану тарихын, географиялық, топонимикалық, экологиялық факторларын зерделеуде оқу экскурсиялары басты әдіс екендігін жеткізу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археология
Археология ғылымы тарихты оқуда өте маңызды сала. Археология адамзат тарихын зерттеуде қолданылады. Қазақстан археологиясы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қалыптасып үлгерген. Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте. Орта ғасырлар кезеңінде тарихшылар мен географтар, саяхатшылар, ғалымдар ескі қоныстар мен қалалардың орны туралы мәліметтер қалдырғаны белгілі. Қазақстанның қолданбалы археологияны игеруі, жойылып кеті қаупі бар ескерткіштерді сақтауы, ашық аспан астындағы музейлердің құндылығын түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
Курс қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар және механизмдерін зерттеу, Қазақ қоғамының құрылымы мен тарихи даму динамикасын, Қазақ қоғамның еңбек бөлінісін, өндіріс құрал-жабдықтары және өнім меншік қатынастары, әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмірін игере отырып теориялық/практикалық білім алады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихы (XVIII-XX ғ.ғ.)
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістен бастап, ХХ ғасырға дейінгі қазақ даласында отарлық саясатқа қарсы азаттық көтерілістердің арасындағы тарихи сабақтастықты анықтау, ұлт-азаттық көтерілістердің тарихнамасы және оның зерттелу деңгейі туралы мағлұмат беру. Білімгердің тарихи оқиғалар туралы жүйелі білім алуымен қатарғ сыни ойлау мен тархи талдау қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тарихы батыс және шығыс деректерінде
Қазақстанның тарихын зерттеуде археологиялық ескерткіштерден бөлек, батыс және шығыс тарихшыларының тарихи еңбектері маңызды. Дереккөздер мен тарихи білімдер ғылыми пән ретіндегі деректану мәселелерін, Орталық Азия тарихының тарихнамасы мен деректануы туралы дерек көздерін, сыни талдаудың әдістерін, зерттеушінің дерекпен жұмысының негізгі кезеңдерін, Орталық Азия тарихындағы тарихи сипаттамасына, сыни талдаудың әдістері үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғамдық ғылымдарда зерттеу әдістері
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде теориялық білімді қолдану, ғылыми маманның кәсіптік ерекшелігін түсіну, зерттеу жұмыстарымен жұмыс үрдісін меңгеру, құжаттама ережелерін ісжүзінде қолдану, ғылыми әдістеме мен тұжырымдамасын құру, зерттеу әдістерін игеру, бастысы осы қасиеттерді университетте қалыптасуы, зерттеу теориясын тәжірибе жүзінде мақала, дипломдық жұмыс жазу барысында қолдануға талпындыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Османлы мемлекетінің панисламдық және пантүркішілдік саясат тарихы
Османлы мемлекеті Батыстың экономикалық саяси ықпалын әлсірету, мұсылмандар арасында «Иттихад-ы ислам» қозғалысы Панисламизмді насихаттаса, ғасыр басында «Бірлік және даму» партиясы Түрікшілдік идеясын ту етті. Батыстың Османлы мемлекетінің ішкі істеріне, мұсылмандарға көрсеткен қысым озбыр саясатына қарсы тұру. Курс пән аясында Батыстың «Шығыс» мәселесінде жүргізген саясатын шетелдік ізденістердің көмегімен түсіндіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы
Буржуазиялық революциялар, капитализмнің қалыптасуы мен нығаюы, Еуропа мен Американың жаңа тарихы әлемдік тарихтың бөлінбес бөлшегі, батыстағы капиталистік қатынастардың генезисі, АҚШ-тың құрылуы, Ұлы француз революциясы, индустриалдық өркениет кезеңіндегі экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдістердің сипаты. ХҮІІ-ХІХ ғғ. халықаралық қатынастардың дамуы жайлы білім алушыны дағдылыққа дайындайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстанның Орталық Азиядағы геосаяси және аймақтық интеграциясы
Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстанның орны мен рөлін анықтау. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік үдерісін зерттеу, Еуразияның орталығы ретінде Еліміздің Орталық Азиядағы стратегиялық маңыздылығын талдау, айқын бағыттар мен тұжырым көзқарастары мен Қазақстанның жүргізіп отырған мемлекетаралық бейбіт қарым-қатынас саясатын ұғындыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ресей және Кеңес мелекетінің тарихы
Патшалы Ресейдің түрік елдерін жаулап отарлауы, орыс-түрік соғыстары, Наполеонға қарсы отан соғысы, Балқан саясаты, орыс-жапон соғысы, Ақпан және Қазан революциялары, КСРО-ның құрылуы, Сталиндік тоталитаризм, ЖЭС және аштық, ІІ. Дүниежүзілік соғыс және Қазақстандықтар, Хрущевтің «жылулығы», Тың-тыңайған жерлерді игеру, Экологиялық дағдарыстар, Брежневтік «тоқырау», Горбачевтің «қайта құру» саясаты, КСРО-ның тарқауын зерттеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түркі халықтарының әскери өнерінің тарихы
Тарих ғылымында халықтардың дәуірлеуі мен құлдырауына баға бергенде алдымен әскери күшіне тоқталады. Тарихта түріктер секілді ұланғайыр аймаққа билік жүргізген халықтар аз. Күннің шыққан жерінен батқан жеріне дейінгі аймақта әскери жүйе орнатқан түріктердің әскери тарихында қолданған «Қасқыр ойыны», «Барысша құсу», «Тұран тактикасы» т.б. әскери өнер мен құпия барлаудың стратегиялық және тактикалық озық үлгісін таныта білген әскериленудің тарихын таныту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алаш зиялылары және Ұлттық Рух тарихы
Қазақ интеллигенциясының пайда болуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерінің зерттелуі, қазақ интеллигенциясы өкілдерінің шығармаларының негізгі тақырыптарының өзектілігі, ұлттық саяси элитаның ел тағдырына байланысты ұстанған позициясы, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрылуы, Алаш қайраткерлерінің идеясын қазіргі заманғы бағдарламамен біріктіріп, «бірегейлікте» және «Ұлттық рухқа» жетелейтін саналы ұрпақ жетілдіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өркениет тарихындағы саяси ойдың даму кезеңдері
Қазақстан, тарихты оқытуда жаңа білім мазмұнына көшуде, дала өркениетінің ядросын құраған халқымыздың әлем классиктерінің құнды еңбектерімен танысуы, Орта Азиялық және әлем ойшылдарының еңбектерімен жас ұрпақты таныстыру арқылы мемлекеттің дамуына үлес қосатын шынайы ойшыл азаматтардың тәрбиеленуін қамтамассыз ету
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарих ғылымын зерттеудің методологиясы
Білімгерлерғылыми таным мен шығармашылықтың әдіснамалық негіздерін оқып-үйренеді; ғылыми ақпараттарды іздестіруді, жинақтауды және өңдеуді, зерттеу жұмыстарының құрлымын құрастыру мен зерттеу нәтижесін жазып шығуды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отарлар және отарлық саясат тарихы
Ұлы Географиялық ашулар, өңдірістік төңкерістің ортаға шығуы әлем картасын өзгертті. Еуропа өзінің билігін орнатуға күш салды, Африка аз уақытта Еуропалық империалист елдер тарапынан бөлінді, кейін тұрақсыз Азия жеріне көзін тікті. Ең алдымен сауда жасау мақсатымен келген Еуропа кемелері, уақыт өте өзінің империалистік, отаршылдық саясатының нағыз келбетін көрсетті. Африка Азия кеңістігінде еуропалық отарлау саясатының мәнін, себебін, мақсатын түсіндіру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Түрік ислам тарихы
Түркі-мұсылман мемлекеттерінің тарихының ең маңызды да жарқын кезеңдерінің бірі Ислам дінін қабылдауларымен бастау алды. Түріктердің жартылай көшпелі дала мәдениетінен шығыстың исламдық ұстанымдар негізінде қалыптасқан қала мәдениетіне бейімделу процесін талқылау, түркі-мұсылман әлемінің тарихына байланысты тарихи материалдарды табу және зерттеу, тарихи маңыздылығы, интерпретация, түркі тарихын зерттеудегі тарихи дереккөздерді қолдану, талдау және синтездеу мақсат етіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Империалистік және диктаторлық режим тарихы
Батыстық мемлекеттерде отаршылдық саясат әсерінен империалистік көзқарастар туындады. Саяси, экономикалық және соғыс мәселелер, әскери күштерге негізделген империалистік мемлекеттер. Империялардың жұмыс істеу тұрғысынан салыстырмалы түрде талқылануы олардың концептуализациясы, жүйенің теңселуі, диктаторлық режимнің қалыптасуы. Мақсат империалистік, диктаторлық, милитаристік режимдерді салыстырмалы талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Дипломалды тәжірибе
Пән бітіруші курс білімгерлерінің дипломдық жұмысын жазу тәжірибесіне бағытталған. Диплом алды тәжірибе жеке жұмыс және ғылыми жетекшімен дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша атқарылатын жұмыс кіреді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 8
-
Өндірістік тәжірибе
Пән білімгерлерді кәсіби қызметке даярлауда көмектесетін өндіріс орнында және әртүрлі жергілікті ұйымдарда практикадан өту арқылы тәжірибелік дағдыларды алуға бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 10
Оқыту нәтижелері
- Тарихи білімін қолдана отырып, қоғамдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестерді жүйелі түрде талдау қабілетіне ие болады.
- Еуразия құрлығында орналасқан мемлекеттердің саяси және әлеуметтік тарихын ХХІ ғасырдың ғаламдық мәселелері тұрғысынан түсінеді және талдайды
- Қазақстан аймағындағы көне мемлекеттердің қоғамдық жүйесі мен тарихи ерекшеліктері туралы деректерді түп нұсқадан оқи және тарихи талдау жасайды
- Қоғамдық ғылымдардағы өзекті мәселелерді анықтайды және пәнаралық зерттеуге біртұтас концептуалды көзқарас қалыптастыру жолдарын үйренеді
- Қоғамдық құрлымның даму кезеңдері туралы теориялық білімі негізінде тарихи үдерістер туралы салыстырмалы-сыни көзқарас қалыптырады.
- Қазіргі заманғы қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды меңгереді
- Әлемдік саяси аренадағы оқиғаларды және мемлекеттің ішкі саясатындағы үдерістерді түсінуде, талдау мен синтездеуде объективті өлшемдерді үйренеді.
- Тарихи сананы қалыптастыру және тарихи-мәдени дәстүрлерді насихаттауда зерттеуші ретінде ғылыми ақпаратты жинауға, талдауға үйретеді.
- Мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы өз ойы мен пікірін жеткізе білу, диалог құрудың дағдыларын қалыптастырады.
- Қазақ ұлтының түркі халықтарымен тарихи сабақтастығын, ХХ ғасырдағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы түркі дүниесінің алатын орнын, Қазақстанның геосаяси мүдделерін анықтауды үйренеді.
Ұқсас БББ
6B02201 Тарих
Торайгыров университеті
6B02201 Тарих
Астана халықаралық университеті
6B02201 Тарих
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B02201 Тарих
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
6B02201 Тарих
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
6B02201 Тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
6B02201 Тарих
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B02201 Ғылыми тарих
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi