Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M03202 PR-журналистика в Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметті сапалы және тиімді жүзеге асыруға, стандартты және стандартты емес кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғаммен байланыс саласында әлеуметтік және кәсіби ортада еркін бағдар алуға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкер мен PR-журналистерді қалыптастыру
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M067 Журналистика және репортерлық іс
-
Білім беру саласы 7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 7M032 Журналистика және ақпарат
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Академиялық жазылымның мәдениеті мен этикасы
Жоғары мектептің педагогикасы
РR тарихы мен әдіснамасы
Тарих және философия ғылымы
Жарнама және қоғаммен байланыс саласындағы социологиялық және маркетингтік зерттеулер
Басқару психологиясы
БАҚ-тағы ақпараттық қауіпсіздік
Журналистикадағы көркем-публицистикалық құралдар
Медиаменеджмент және PR
Дата журналистика зерттеу әдіснамасы
Заманауи коммуникациялық үдерістегі баспасөз қызметі
Медиабілім беру және медиасауаттылық
Қазіргі PR-журналистикадағы медиа жоспарлау
-
2 Оқу жылы
Конвергентті журналистиканың өзекті мәселелері
Бала құқықтары және журналистика
Қоғаммен байланыстың интерактивті түрлері
Тікелей эфир
Теледидардағы дискуссиялық хабарларды ұйымдастыру
Заманауи медиа технологиялар
Бизнес коммуникациясындағы медиамәдениет және медиаэтика
Медиа конвергенциясы жағдайында цифрлік контент
Оқыту нәтижелері
- Теледидарда, оның құрамында тікелей эфирде, аймақтық теледидар жанрының ерекшелігін ескере отырып, мәнерлі құралдарды пайдалана отырып, дискуссиялық бағдарламаларды ұйымдастыру үшін білімді синтездеуге; БАҚ-та шығармашылық медиалық өнімді ұсынуға; массмедиа материалдарын жасауға қабілетті.
- Жаһандану және интернационаландыру жағдайында Отандық ғылымның дамуының қазіргі үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын түсіндіруге, алынған зерттеу нәтижелерін ресімдеумен ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, арнайы саладағы гуманитарлық және әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары саласында жоспарлауды жүзеге асыруға және зерттеулер жүргізуге, Ғылыми зерттеулер әдіснамасы саласында құзыретті болуға қабілетті
- Жарнамалық іс- шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыруға, журналистің этикалық кодексінің нормалары мен құқықтарын сақтай отырып, алынған ақпаратты сын тұрғысынан ұғынуға қабілетті
- Білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз етумен, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша өзін-өзі тану және кері байланысты жүзеге асырумен жоғары мектепте арнайы пәндерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, оқу ақпаратын таратуға қабілетті, оның ішінде педагогикадағы және кәсіби саладағы ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерімен сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыруға қабілетті, командада жұмыс істеуге, шешімдер қабылдауға, даулы жағдайларды шешуге қабілетті.
- Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас дағдыларын меңгерген, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қабілетті, академиялық адалдық ережелеріне сәйкес өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдеуге қабілетті
- Медиа саласындада, әлеуметтік желілерде программалаудың заманауи тілдерін пайдалана отырып, БАҚ үшін журналистік медиаөнімді жасау кезінде креативтілігін, кең ой-өрісін, коммуникативтік дағдыларын, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын көрсете алады.
- PR даму үрдістерін талдауды жүзеге асыруға, ақпараттық PR-стратегияларды, ұйымның имиджін, медиа саласында жүргізілген әлеуметтік және маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін ілгерілетумен жоспар-жобаларды, медиаөнімнің деректерін талдауды болжауға және әзірлеуге қабілетті
- Медианың әр түрлі жанрларында журналистік материалдар жасауға, PR құралдарын қолдануға (мақалалар, баспасөз-релиздер жазу, блогтар жүргізу және т.б. ); талдау жүргізу әдіснамасын қамтамасыз ете отырып, өзекті тақырыптар, мәселелер табуға, ақпаратты жинау және талдау, верификация, баспа, теледидар, интернет-журналистика әдістерін меңгеруге қабілетті.
- Ақпараттық, жарнамалық, консалтингтік агенттіктермен, жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктермен, баспалармен, басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен, қоғамдық құрылымдармен және қоғамның әртүрлі топтарымен байланыс жасауды және қолдауды жүзеге асыра алады.