Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04207 Бәсекелестік құқығы в M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «Бәсекелестік құқығы» білім беру бағдарламасының мақсаты картельдік келісімдер, бәсекелестікке қайшы келісілген әркеттер, үстемдік етуші компаниялардың әрекеті, компаниялардың бірігуі сияқты мәселелерде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша өкілеттіктері бар маманның жаңа моделін қалыптастыру болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

  • ЕАЭО құқығы: ортақ нарықтар және бәсекелестік ережелері

    Курс барысында магистранттар ЕАЭО құқығының қайнар көздерін, ЕАЭО органдарының өкілеттіктерін, ортақ нарықтардың құқықтық негіздерін және ортақ нарықтарда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды оқитын болады. Курстың екінші бөлігінде магистранттар ЕАЭО-тың бәсекелестік құқығының қайнар көздерін оқиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заңгерлерге арналған тәжірибелік ағылшын тілі

    Курстың мақсаты магистрантқа ағылшын тілінде хат жазу, сөйлеу және презентациялау дағдыларын үйрету болып табылады. Оқу барысында магистранттарға құқықтық мәселелер бойынша электронды хаттарды грамматикалық тұрғыдан дүрыс жазуға да назар аударылады. Сонымен қатар, дискуссиялар мен әр түрлі ойындар арқылы коммуникативтік дағдылар жетілдірілетін болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Нарықты басқару және нарықтағы бәсекелестіктің жағдайын талдау

    Курс барысында магистранттар келесілерді оқиды: тауар нарығын талдау әдістері; талдау ақпаратының қайнар көздері; тауар нарығын зерттеудің уақыт интервалдары; тауар нарығының азық-түлік шеңбері; тауар нарығының географиялық шеңбері; тауар нарығындағы компаниялардың құрамы; тауар нарығының көлемі және концентрациясы; тауар нарығына кірудегі шектеулерді анықтау әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Еуропалық Одақтың және АҚШ-ның Бәсекелестік құқығы

    Курс барысында магистрнаттар Еуропалық Одақ пен АҚШ-ның бәсекелестік құқығының негізгі нормаларын оқиды. Нақтырақ айтқанда, картельдерге, монополисттердің өз жағдайларын теріс мақсатта пайдалану, вертикалды шарттық шектеулерге тыйым салу сияқты құқықбұзушылықтар. Курс барысында Еуропалық Одақтың бәсекелестік құқығына баса назар аударылатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Компаниялардың бірігуін бақылау құқығы

    Курс барысында магистранттар компаниялардың бірігуін әлем елдерінде қалай құқықтық реттейтіндігін оқытады. Курс барысында келесі тақырыптарға арнайы назар аударылады: компаниялардың бірігуі мәселелеріне мемлекеттің араласуы; практикалық тұрғыдан алғанда конгломераттардың салдарын жою; бірігуден қорғанудың құралдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстанның монополияға қарсы құқығы: бәсекелестікке қарсы келісімдерді тергеу

    Курс барысында магистранттар монополисттердің өз жағдайларын теріс мақсатта пайдалану, бәсекелестікке қарсы келісімдерге және келісілген әрекеттерге, адал емес бәсекелестікке тыйым салу саласындағы қазақстандық құқық нормаларын оқиды. Курс сонымен қатар бәсекелестік ережелерін бұзу фактілерін тергеудің ерекшеліктерін де оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Корпоративтік құқық

    Курс барысында магистранттар келесіні оқиды: заңды тұлғалардың құқықтық табиғаты; компаниялардың құрамы; компания атынан шарттар жасау мәселелері; корпоративтік басқару принциптері; жалпы жиналыс пен директорлардың ролі. Курс сонымен қатар компания акционерлеріне туындауы мүмкін проблемаларды және ол проблемалардан қорғану үшін құқықтық құралдарды да қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Бәсекелестік құқығы және желілік салалар

    Курс барысында магистранттар әртүрлі секторлар бойынша құқық пен экономиканың және ex post пен ex ante ережелерінің теориялық және практикалық тұрғыда балансы қалай қамтамасыз етілетіндігін оқиды. Ондай секторларға электронды коммцникация, БАҚ, әуе көлігі және энергетика және т.б. жатады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • бәсекелестік құқығы мен оның компоненттерін түсінетіндігін көрсету
  • құқықтық зерттеулер мен құқықтық проблемаларды шешуде өз білімін қолдана алу
  • бәсекелестік құқығы саласындағы зерттеулерде критикалық талдау, бағалау және синтездей алу мүмкіндігі
  • бәсекелестік құқығы саласында арнайы білімі жоқ жеке және заңды тұлғаларға консультациялық қызметтер көрсету
  • жоғары автономдық деңгейде өзін өзі оқу және білімін ары қарай жалғастыру мүмкіндігі
  • коммуникативті байланыс пен бизнес-процестерді ұйымдастыру мүмкіндігі
Top