Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01901 Арнайы педагогика (1 ) в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, оқыту әдістерін басқару және меңгеру үрдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын ұсынады;
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, болжамдарды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау мен интерпретациялауды жүзеге асырады;
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда коммуникацияны іске асырады;
  • Сандық зерттеу дағдыларын меңгереді;
  • Жаңартылған арнайы білім беру жүйесі жағдайында оқу-тәрбие, әдістемелік, зерттеу, әлеуметтік коммуникативтік үдерісті жүзеге асыру дағдыларын көрсетеді;
  • ОЕҚ бар балаларға білім беруде оқу-әдістемелік құжаттарды талдап, критериалды бағалау техникасын меңгереді;
  • Білім берудің барлық сатыларын оқытудың ықпалдастығы мен сабақтастығын ескере отырып, арнайы және инклюзивті білім беру саласында педагогикалық және әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады;
  • Инновациялық технологиялар, АКТ негізінде жалпы және ерекше заңдылықтарға және ОЕҚ бар баланың даму ерекшеліктеріне сәйкес оқу - педагогикалық, түзету, әдістемелік қызметті ұйымдастырады.
Top