Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01905 Арнайы педагогика: Мектепке дейінгі дайындық в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттейді және қолданады, педагогикалық іс-әрекетке жоғары мотивацияға ие, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады. 5 дескриптор
  • білім алушылардың психофизикалық, жас ерекшеліктері мен жеке білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру процесін жобалайды, іске асырады, жалпы педагогикалық және вариативтік, арнайы оқыту әдістерін, коммуникацияның балама жүйелерін қолданады, білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, дидактикалық материалдарды іріктейді және әзірлейді. 4 дескриптор
  • арнайы педагогика мен психологияның негізгі категориялары мен түсініктерін біледі, арнайы және инклюзивті білім берудің мазмұнын, әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын дамытудағы заманауи үрдістерді талдайды 1,2 дескриптор
  • оқыту дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді, пәндік ортада психологиялық-педагогикалық импровизацияны жасайды; өз қызметінің нәтижелерін болжауға қабілетті; кәсіпкерлік дағдыларды меңгерген
  • білім алушылардың дамуының өзекті деңгейінің кешенді диагностикасын жүргізеді, білім беру ортасын дамытатын жеке білім беру маршруттарын (бағдарламаларын) жобалайды, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіби өзін-өзі айқындауын қамтамасыз етеді. 2 дескриптор
  • ата-аналармен және жұртшылықпен педагогикалық өзара іс-қимылды ұйымдастырудың, отбасын білім беру процесіне тартудың және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен білім беруге педагогикалық жәрдемдесудің әдістері мен тәсілдерін қолданады. 4 дескриптор
  • зерттеу жүргізуді жоспарлайды, ғылыми ақпаратты жинау, талдау және өңдеудің заманауи әдістерін қолданады, байқау, эксперименттік –тәжірибелік жұмыс бағдарламаларын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістемесін оңтайландыру, оларды зерделеу бойынша практикалық ұсынымдарды әзірлейді. 6,7 дескрипторлар
  • азаматтық-дүниетанымдық және кәсіби ұстанымды және цифрлық сауаттылықты көрсетеді; инновациялық ойлау және сыни ойлау қабілеттерінде комбинаторлыққа ие; психологиялық-педагогикалық бақылау, Диагностика нәтижелерін жинау және өңдеу әдістерін біледі және қолданады.
  • мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін көрсетеді; құндылық-мағыналық деңгейде субъект-субъектілік қатынастар мен ақпараттық байланыс жасайды; академиялық жазудың негіздерін меңгерген; Академиялық адалдық қағидаттарын ұстанады
  • білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи әдістері мен технологияларын, білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау мен бағалауды, білім беру бағдарламаларын меңгерудің педагогикалық мониторингін жүргізуді қолданады. 2,4 дескрипторлар
  • жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті проблемалары мамандығының әлеуметтік маңыздылығы мен нормативтік - құқықтық негіздерін зерделенетін пән саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсетеді
  • арнайы педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінеді, кәсіби этика қағидаларын сақтайды, қоғамда инклюзивті білім беру қағидаттары мен құндылықтарын бекітуге жәрдемдеседі. 3 дескриптор
Top