Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01905 Олигофренопедагогика сурдопедагогика негіздерімен в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құқықтық және экономикалық білімді пайдалана отырып бизнесте және күнделікті өмірде сауатты шешімдер қабылдау мақсатында, негізделген қаржылық шешімдер қабылдау, жеке және корпоративтік қаржыны тиімді басқару,
  • Деректерді жинау, өңдеу және талдау, сонымен қатар кәсіби қызметтегі қолданбалы мәселелерді шешумақсатында жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізеді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру идеяларын тұжырымдау және негіздеу кезінде академиялық мәтіндерді сауатты пішімдейді. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтай отырып, қызмет пен технологиялық қызмет өнімдерінің, ғылыми жаңалықтардың қоршаған ортаға әсерін ескереді.
  • Педагогика мен білім беру психологиясының теориялық негіздеріне сәйкес инклюзивті білім беру ортасын, сондай-ақ психологиялық жайлылық пен білім алуға тең қолжетімділікті ескере отырып, оқу жетістіктерін объективті және ашық бағалаудың тиісті технологияларын қолдану.
  • Анализаторлардың патологиясын, бастапқы және екіншілік бұзылыстың құрылымдық компоненттерін анықтау, интеллектуалды жеткіліксіздіктің ұқсас формаларын ажырата отырып, балалардың дамуындағы тежелулерді, бұзылыстарды диагностикалау және баланың анамнезін жинақтау.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде кәсіби қызметті жүргізу барысында, арнайы білім берудің негізгі нормативтік құқықтық актілер туралы білімдерін көрсету, этикалық ұстанымдар негізінде педагогикалық-психологиялық дамуының теориялық-заңнамалық негіздерін айқындай отырып жүзеге асыру.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу және түзету жұмыстарында заманауи интерактивті технологиялармен қатар естуді қабылдау дағдыларын дамытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды түзетуде ерте диагностика жүргізуді ұйымдастыру, теориялық білімі мен практикалық бағыт-бағдарды меңгерту арқылы білім беру мекемелерінде оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу әдістерін қолдану.
  • Дактилологияның ерекшеліктерін білу, ымдау тілін қолдана отырып, балалармен сөйлесу қабілетін көрсету және бастапқы ым-аударма дағдыларын қолдану.
  • Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізе алады, оқу іс-әрекетін ұйымдастыра алады, интеллектуалдық, сөйлеу және есту қабілетінің бұзылуымен байланысты және алдын алуға, емдеуге және түзетуге жататын бұзылулардың көріністерін тани алады.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, оңалту және түзету жұмыстары бойынша іс-шараларды жоспарлау, математика әдістерін қолдану.
  • Арнайы ұйымдарда білім беруді ұйымдастыруда кохлеарлық имплантациядан кейінгі есту-сөйлеуді оңалтудың, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жүзеге асырудың, тілге оқытудың, пән аралық білімнің педагогикалық-психологиялық байланыстары мен қиындықтарын саралау және түзету.
  • Арнайы мекемелерде білім алушылар мен есту қабілеті бұзылған балаларға бейнелеу, еңбек және кәсіби қызметті қалыптастыру дағдыларын қолдана отырып, сабақтан тыс оңтайлы коммуникациялық жұмыстарды жүзеге асыру.
Top