Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01503 Математика-информатика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Маңызды және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген, өзін өзі рухани және интеллектуалды дамытуға және жетілдіруге қабілетті математика және информатика пәндерінің бәсекеге қабілетті мұғалімдерін дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B009 Математика мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Элементар математика (алгебра)
Абайтану
Ұлттық тәрбие
Математикалық анализ-1
Элементар математика (геометрия)
-
2 Оқу жылы
Программалау технологиясы
Педагогика
Математикалық анализ-2
Құқық негіздері және жемқорлыққа қарсы мәдениет
Адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі
Математикалық анализ-3
Экология және тұрақты даму
Психология
Математиканы оқыту әдістемесі
Физика
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Информатиканы оқыту әдістемесі
-
3 Оқу жылы
Инклюзивті білім беру
Алгебра және сандар теориясы
Арт білім беру
Қазақ (орыс) тілі (В2)
Білім берудегі менеджмент және электронды құжаттандыру
Өзін-өзі тану
Педагогикалық өлшемдер
Білім берудегі цифрлық технологиялар
Математикалық есептерді шығару практикумы
Аналитикалық геометрия
Қашықтан оқытудың әдістемесі мен технологиясы
Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
Ілгермелі шетел тілі (ағылшын тілі)
Оқыту нәтижелері
- ОН6 - математикадан да, информатикадан да күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқу мақсаттарын тұжырымдайды, оқу мақсаттарына сәйкес оқу материалдары мен бағалау құралдарын әзірлейді
- ОН10 - принциптерді түсіне, сақтай отырып және академиялық адалдық мәдениетін қолдай отырып әртүрлі мәдениеттердің көзқарастары мен дәстүрлері арасындағы ұлттық саясат пен арақатынастардың мақсаттарын айқындайды, әлеуметтік басымдықтарды анықтайды және әлемдегі қазіргі жағдайды бағалайды
- ОН3 – ұжымда (команда) жұмыс жасай алады, ғылыми ойланудың мықты жақтарына талдау жасайды, білім мен тәжірибенің ағымдық жағдайына сыни тұрғыдан баға береді, алға қойылған нақты кәсіби мақсаттар үшін қажетті жаңа білім мен дағдыларды игеру жоспарын жасайды, қолданысқа енгізеді және жетілдіреді
- ОН5 - білім беру процесінің барлық субъектілерінің (педагог, білім алушылар және олардың ата-аналары) қызметтеріне талдау жасайды, матматика және информатиканы оқыту процесін жетілдіру мақсатында әріптестерімен ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істейді
- ОН8 – өмір бойы өзін өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өзінің білім алу траекториясын құрады, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін толыққанды атқару үшін дене шынықтыру әдістері мен құралдарының көмегімен салауатты өмір салтын ұстанады
- ОН9 - ғылыми және кәсіби қызметте қазақ, орыс және шет тілдерінде академиялық жазуда ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын қолданады
- ОН2 - басқару және көшбасшылық қабілетке ие: сыни тұрғыдан ойланады, өмірде кездесетін кез келген жағдайға шығармашылық тұрғыдан қарайды және шешім қабылдауға дайын; менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. салалар бойынша алған білімін пайдалана алады
- OН1 – кәсіптік қызметінде цифрлық технологияларды қолданады және мектепте кез келген пәнді оқу процесінде цифрлық технологияларды қолдануды үйрете алады, электрондық көздерден қажетті ақпаратты өз бетінше, тиімді таңдау үшін оқыту әдістерін әзірлейді.
- ОН4 - кәсіби қызмет барысында туындаған мәсілелерді шешеді, математикалық есептерді шешу алгоритмдерін табады, оларға талдау жасайды, бағалайды және практика жүзінде қолданады; мектеп оқушыларының пәндік білімдері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін, математика және информатикаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру және математикадан алған білімдерін және информатика дағдылары күнделікті тіршілікте пайдалану тәсілдерін қолданады
- ОН7 – кәсіби қызметте үнемі өзін-өзі жетілдіру қабілеттері қалыптасады және білімін өз бетінше әрмен қарай жалғастыру дағдыларын меңгереді