6B01403 Бейнелеу өнері және сызу в Шымкент университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты 1.Бейнелеу өнерін оқыту арқылы тұлғаға эстетикалық тәрбие беру, шығармашылық қабілеті мен іскерлік дағдылары қалыптасқан, рухани дамуы адамгершілік қасиеттерімен анықталатын жеке тұлғаны қалыптастыру. 2.Көркем педагогикалық өзекті мәселелерді шешу, бейнелеу өнерін жаңаша оқытудың жолдарын қарастырып, әдістемесін құрастыру. 3.Бейнелеу өнері мұғалімінің көркем-шығармашылық қызметі: кескіндеме, графика, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері салалары бойынша көркем шығармаларды жасай алатын жауапкершілігі мол болуы қажет.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Шымкент университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
Мүсін және адамның пластикалық анатомиясы
Студенттер сәнді барельеф, горельеф, көлемді мүсін жасау арқылы қажетті білім жи-ынтығын алады. Пластикалық анатомия адам денесінің құрылымын зерттеу арқылы су-ретшілердің практикалық біліміне негіз болып, олардың талабы қанағаттандырады. Пласти-калық анатомияның мақсаты-келешек көркемсурет мұғалімдерін кәсіпкерлік, саналы біліммен қаруландырып, нақты бейнелерді шынайы білімділікпен оқу -методикалық жоспарлы, арнайы пәндерде /сурет, мүсін, көркем сурет/ қолданумен қатар, іске асыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сызба геометрия және перспектива
Сызба геометриясы және перспектива пәнінің мақсаты студентке нүкте, түзу, және жазықтықтың проекциясын салуды, нәрсенің перспективасын және аксонометриясын, центрлік проекциялау және қиғаш бұрышты параллель проекциялау әдістерін қолдана білуді үйретеді және сызу негізі тікбұрышты проекциялау әдісімен нәрселердің сызбасын салуды үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Көркем шығармаларын талдау
Студенттердің көркемдік көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық қиялын және образдық ойлауын, көркемдік қадағалауын, көз мөлшерін дамыту. Көркемдік шығармашылық талдау пәнін оқып білу нәтижесінде студенттер кескіндеме түрлерін, суретшілердің көркемдік шығармаларымен танысып, талдау жасай алу керек. Кескіндемелік бейнелерінің жіктелуін біліп, композициялық жұмыс иллюстрациялардауы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Оқу практикасы
Оқу практикасы бүкіл тұтас педагогикалық процеске белсене қатысу, қоғамдық жұмыстарға араласу, сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларға белсенділікпен атсалысу. Пәндер бойынша сабақтардың жеке түрлерін жүргізу дағдысын ұғыну; Мектепте оқу пәндерін оқыту әдістемесін меңгеру, пәндік сабақтарға дайындық жүргізу, сонымен қатар оқушылармен, мұғалімдермен бірге жұмыс істеп, тәжірибелерін алу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 2
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Мектеп жасындағы балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу және даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым – қатынасы, мектеп оқушыларының денсауығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Имиджелогия
Имиджелогия пәні - тұлғаның экономикалық теория, құқық негіздері сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін,кәсіпкер қызметінің тиімділігін, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, экологиялық маңызды шешімдерді қабылдауға, қоршаған ортаға қатысты сот әділдігіне қол жеткізу жолдарын оқытып үйрету, тіршілік қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті лидер тұлғаларды қалыптастыру жолдарын оқыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеке жетістіктер негіздері
Оқу және жеке жетістіктер деңгейінің салыстырмалы сипаттамаларын алу, білім беру мазмұнының сәйкестігін бағалау және оның мақсаты - өміршең тұлғаны дамыту. Адамға өзінің өмірлік мәселелерін шешу үшін білімдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жобалық-бағытталған ойлауды қалыптастыру; тұлғааралық, мәдениаралық, мемлекетаралық деңгейде жағымды қарым-қатынасқа қабілеттілік пен дайындықты, сондай-ақ өзіне, жақын қоршаған ортаға, қоғамға, мемлекетке, адамзатқа, табиғатқа деген әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік дағдылар
Тактикалық әдістерді, стратегияны, кәсіпкерлік бәсекелестікті, тәуекелдер мен іскерлік білімді, құрылымды, бизнес-жоспардың мазмұнын және кәсіпкерліктің теориялық, әдістемелік және практикалық негіздерін ұйымдастыру және ұлттық экономика салаларында бәсекелестіктің күшеюі жағдайында бизнес-жоспар құру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Станокты кескіндеме
Станокты кескіндеме және оның үрдістері туралы мәліметтерді білу. Станокты кескіндеме мен композицияның теориялық негізін білу. Бояумен жұмыс жасау тәсілдері мен көлемдік пішіндер берудегі негізгі заңдылықтарды білу. Практикалық сабақта адам денесін бейнелеудегі композициялық ережені, перспектива заңдылықтары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері
Руханиятқа, білім, ғылымға еліміздің әлеуметтік, саяси мен экономикалық жаңғыруына озық технологиялардың дамуы мен дүниетанымның өсуі негізінде заман талабына сай көзқарастар негізінде адамның ұлттық санасын жетілдіру. Білім алушы рухани жаңғырудың бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы сияқты бағыттарын меңгере алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Педагогикалық практика (үзіліссіз)
Педагогикалық пен жалпы психологиялық білім, іскерлік дағдыларды жетілдіру. Кәсіптік пәндер бойынша меңгерген теориялық білімдерін тереңдету және бекіту.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 8
-
Арнайы сурет
Арнайы сурет теориялық және практикалық негізінде, яғни перспективалық, композициялық заңдылықтарды меңгерумен қатар жарық-көлеңке, материалдық техниканың жасалу жолдарын терең білуімен іске асырылады. Осы білімдерді практика жүзінде қолдана білгенде ғана, оқулық қойылымдарды орындауға дағдыланады. Ой-елес, есте сақтау арқылы нобайлар және эскиздерді орындау ақыл-ойды, сурет салу мүмкіншіліктерін арттырады, және кәсіптік іскерлікке жеткізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Анатомиялық сурет
академиялық суретте натюрморт, майлы бояу техникасы, нұсқа басын бейнелеу туралы бастапқы ұғымдарды меңгеру. Практика барысында академиялық сурет өнерін, майлы бояу техникасын менгеріп, шығармашылық талғамын білімде қолдана алады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Композиция
Композиция теориялық және практикалық негізінде, яғни перспективалық, композициялық заңдылықтарды меңгерумен қатар жарық-көлеңке, материалдық техниканың жасалу жолдарын терең білуімен іске асырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Акедемиялық сурет
практика барысында академиялық суретте меңгерген білімдерін қолдану және жетілдіру.Академиялық суретте гипсті бас салудың әдістерін терең меңгеріп, шығармашылық жұмыста қолдану. Гипсті бас салу барысында әр түрлі материалдармен жұмыс жүргізу, техникалық әдіс тәсілдерді меңгерумен қатар, түрлі-түсті қарындащпен, көмірмен, сангинамен, перомен, пастельмен, соуспен жұмыс атқаруды меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогика
Педагог ғалымдардың ғылыми-теориялық негіздері мен идеяларын зерттейді. Педагогикалық қызмет түрлерін жоспарлайды. Кәсіби қызметте оқыту мен тәрбиелеудің заманауи педагогикалық технологияларын қолданады. Ұжымда тәрбие процесін ұйымдастырады. Жоғары педагогикалық білім беру мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективаларын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Білім беру менеджменті
«Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практи калық дағдылар студенттерді өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Академиялық кескіндеме
Академиялық кескіндеменің негізгі әдістемелік және ғылыми ұғымдарын білу, шығармашылық мән және оның процесстері туралы мәліметтерді білу Мазмұны: Студенттерде эстетикалық талғам қалыптастыру, бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгеру, композициялық- шығармашылық қызметтерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бағалаудың критериалды технологиялары
Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың жаңа жүйесін енгізе отырып, Педагогикалық ұйымның критериалды бағалау технологиясының негіздерін анықтайды . Өзгертілген білім беру платформасын қалыптастыру кезінде "бағалау", "бағалау жүйесі", "бағалау критерийлері"ұғымдарымен таныстырады,қазіргі қоғамның барлық талаптарына жауап беретін әмбебап бағалау жүйесін жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Арнайы кескіндеме
Академиялық кескіндемедегі негізгі терминдер мен түсініктерді білу керек. Көмекші сызықтарды пайдалана отырып, заттардың пішінін бейнелеудің сызықтық-конструктивтік тәсілін меңгеру керек
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Анатомиялық кескіндеме
Кескіндемелік тәсілдермен көлемдік формаларды берудегі негізгі заңдылықтарды білу, практикалық сабақта натюрмортты жазуда композициялық ережені, перспектива заңдылықтарын, бейнелеу әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бұл пән барысында білім алушы кешенді педагогикалық, психологиялық әдістерді пайдаланып, ұжымдағы тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруға бейімделеді. Мектеп ұжымындағы сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар жүйесін жоспарлайды. Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің түрлі формалары мен әдістерін пайдалана алады. Мұғалімдер, ата-аналар, бала тәрбиесіндегі қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерін бағыттайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Мектепті көркем безендіру
Мектепті көркем безендіру жұмыстарын білу, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын сауатты білу, көркемдік суреттің бейнелеу материалдарын пайдаланудағы дағдылар
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұйымдарды көркемдеп сәндеу
Бұйымды көркемдеп безендіру прициптері, стиль және сән түсінігі, көзбояушылық, түйреу әдісі кәсіби білімді түсіну және интеграциялауды көрсете білу негізінде қарастырылады. Берілген ақпаратқа сыни тұрғыдан қарау және көркемдік білімін практикада қолдану, АКТ-ны пайдалану арқылы бұйымды көркемдеп безендіру, командада жұмыс істеу дағдыларын арттыру негізінде сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Түр түстану
Түстер үйлесімділігі қарастырылады. Тірі табиғатқа бағытталған қолөнер түрлерін және сұлулықты, әдемілікті практикада қолдану, түстердің үйлесімділігін жасау дағдылары және ақпараттық мәдениет арқылы сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалдарды көркемдеп өңдеу
Студенттерді материалдарды көркемдеп өңдеу теориялық және практикалық дағдыларымен қамтамасыз ету. Қазақ қол өнерінің даму тарихынан және өзіндік ерекшеліктерінен мағлұмат беру. Болашақ мұғалімдер қазақтың қолданбалы қол өнеріндегі ағаш өңдеу өнерін, метал өңдеу өнерін, кесте тігу, кілем тоқу, ши гобелен тоқу, өнерлерінің өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Сурет салу, құрастыру мүмкіншіліктерін арттырады және кәсіптік іскерлікке жеткізеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сәнді қолданбалы өнер негіздері
Көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнындағы сәндік қолданбалы өнер түрлері, ұлттық нақыштар, өрнектер, батик, гжель, хохлама, қазақ халқының ұлттық ою-өрнегі, көркем күйдіру, композиция құрастыруға қажетті материалдары жайлы білімдері қарастырылады. Өнер туындыларын жоба жұмыстарының практикалық бөлімінде қолдану, мәдениет концепциялары негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдау, коммуникативтілік, ақпараттық мәдениетін көрсету, критериалды бағалау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Дизайн және технология негіздері
Көркем еңбек және сызуды оқытуда тігін ісін жеңілдететін АКТ негізінде автоматтандырылған заманауи өндірістік, арнайы тігін машиналарының негізгі жұмысшы органдары, механизмдері, базалық, кіші механизация бөлшектері, майлау жүйелері, тігіс түрлері қарастырылады. Тігін бұйымдарын трансформациялау бойынша пәнаралық білімді интеграциялай білуі, тігін саласындағы түрлі технологиялық операцияларды практикада қолдану, дизайнерлік қабілеттерін арттыру, критериалды бағалау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өндірістік дизайн
Өндірістік дизайнның даму тарихын білу, дизайнның негізгі әдістемелік және ғылыми ұғымдарын білу Мазмұны: Кілем тоқу, ши гобелен тоқу, өнерлерінің өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Сурет салу, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ұлттық киім тарихы
Ұлттық киімінің тарихы, даму кезеңдері, ұлттық мәндері, этностық үлгілері, өрнектері, түстері, бас киімдері кәсіптік оқыту саласының ерекшеліктері негізінде қарастырылады. Берілген тарихи ақпараттарды практикада қолдану, ұлттық киімнің адам өміріндегі рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігімен сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Графика үйірмесінің жұмысын ұйымдастыру
Графика үйірме жұмысын ұйымдастыру әдістемесі пәні кәсіптік педагогикалық іс-әрекетте бейнелеу өнері шығармаларын қабылдау ерекшеліктерін жоғары дәрежеде ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы, графиканың көркем орындау негіздерін үйрету, осы салада білім, іскерлік, дағдымен қаруландыру
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Киім дизайны мәдениетінің тарихы
Киім мен оның бөлшектері дизайнның объектісі болып табылады. Киім – ол адамның денесін жауып тұрған жамылғы.Киім дитзайны –ол дизайн ісінің бірде бір бағыты. Оның мақсаты қоршаған ортаға сай киімді жобалап, адамның материалдық және рухани қажеттілігін қанағаттандыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі міндеті жеке тұлғаны рухани жағынан жан жақты жетілдіру, олардың ақыл ойын терең дамыту, өмірдің барлық жағдайында көркем шығармашылық тұрғысынан танымдық дағдыларын игерту болып табылады. Бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетті дамыту, жеке тұлғаның өнерге деген белсенділігін арттыра отырып, қоғамда болып жатқан қарқынды да, үнемі өзгерістерде, әртүрлі жағдаяттарда педагогикалық мәселелерді барынша жүзеге асыра алатын, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім берудің қағидалары, философиялық және әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отыратын кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи модельдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірбие аймағында ұйымдастыру мен басқару құзіреттіліктеріне ие болу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Костюм тарихы
Костюмнің шығу тарихы мен даму кезеңдері, стильдері, түстері, әшекейлерінің сән бағытына қарай тасымалдануы және тарихи дамуына байланысты маталарын таңдау ерекшеліктері, сыни бағалау қарастырылады. Тарихи мәліметтерді практикада қолдану, костюмнің адам өміріндегі орны мен рөлін дәйектеу және оларға қатысты жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау білігі сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
ЖиҺаз дизайны
Жиһаз дизайны мен интерьер дизайнын әзірлеуге арналған, жұмыс істеп тұрған өндірісте жасалған және белсенді қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің толық шешімі. Бұл бағдарламадағы жиһазбен жұмыс параметрлік модель бойынша жүзеге асырылады.Бұл дегеніміз, ішкі кітапханадағы оған қолмен қосылған немесе нөлден жасалған әр элементті стандартты құралдардың көмегімен оңай өңдеуге болады. Кеңістіктегі жағдайды, бұрыштарды, жалпы, құрылымдық және басқа көптеген параметрлерді өзгертуге болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Заманауи Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы
Заманауи Қазақстан суретшілерінің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің кескіндеме, графика, мүсін, зергерлік, сәндік қолданбалы өнері, композициялық ерекшеліктері, түстік үйлесімі көркем еңбек және сызуды оқыту мазмұнында қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялау идеяларын, форманың құрылымын орындау техникасын, стильдік жүйелерін практикада қолдану, танымдық және жалпы мәдениет мәселелерін шешу жолдарын талдау, оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыруды ұйымдастыру негізінде сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шрифт
Печатные, түсті живописті және т.б. шрифті класификациялауды оларды сызып шрифттік композициясының жұмысына пайдалана білу. Студенттер бойында көркемдік дүниетанымды қалыптастыру, кең сапты қауырсын қылқаламмен жұмыс. Гректік капиталды әріптер. Готикалық жазбаның негізгі түрлері композиция құрастыру туралы бастапқы ұғымдарды меңгеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Сызуды оқыту әдістемесі
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты студенттерге болашақта педагогикалық оқу орындарында оқу әдістемелік жұмыстарды оқу тәрбие үдерісін сәтті жүргізе алатын және оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін ең жоғарғы деңгейге жеткізе алатын, іскерлік қаблеті бар, білікті әрі кәсіби маман дайындау көзделеді. Болашақ мамандардың педагогикалық , оқу әдістемелік жұмыстарға қабілеттерін дамыту, сызуды оқытуды әдістемесі саласында кәсіби педагогикалық және ғылыми техникалық үлкен жетістерге қол жеткізуге үшін іскерлікті қалыптастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Гобелен
Тоқыма техникасында жұмыс істей алатын, тоқыма материалдарын өндеу әдістері мен сапасын білетін мамандарды дайындау. көркемдік-эстетикалық талғамды, текстиль бұйымдармен жұмыс істеуде техникалық дағдыларын дамыту. гобелен пәні бойынша негізгі теориялық және тәжірибелік білімдерді меңгеру,және шығармашылық түрінде жүзеге асыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Визуалды өнер
Бейнелеу өнерінің көркемдік құралдары, классикалық өнердің үздік туындылары, бейнелеу өнері шығармаларын орындауда қолданылатын құралдарды практикада қолдану жолдары қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялаудың көркем еңбек және сызуды оқытудағы рөлі, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасының өмірдегі орны сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Сызу негіздері
Сызу негіздері пәнінің мақсаты студентке нүкте, түзу, және жазықтықтың проекциясын салуды, нәрсенің перспективасын және аксонометриясын, центрлік проекциялау және қиғаш бұрышты параллель проекциялау әдістерін қолдана білуді үйретеді және сызу негізі тікбұрышты проекциялау әдісімен нәрселердің сызбасын салуды үйретеді. Студенттердің салған сызбаларына ауызша теориялық дәлелдеу қабілетін арттыруға және оқу материалды ауызша баяндай білуіне басты назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан қолөнер шеберлерінің шығармашылығы
Қазақстан қолөнер шеберлерінің өмірі, көркем еңбек және сызуды оқытудағы шығармашылығының ерекшелігі, өнертанымы, құрылымдау заңдылықтары, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптын дәріптейтін шығармалары, сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік, образдылық суреттеу барысы қарастырылады. Ақпараттарды визуализациялау идеялары, форманың құрылымдық техникасын, стильдік жүйелерін практикада қолдану, өнердегі танымдық, мәдениет мәселелерін шешу жолдарын талдау, оқушының дизайнерлік қабілеттерін арттыруды ұйымдастыру негізінде сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Станокты графикасы
Станокты графика өнерінің даму тарихын, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу. Материалдар мен орындалу технологиясын білу. Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу. Педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кіші декоративті пластика
Кіші декоративті пластикаға қатысты белгілі дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.Оқу шеберханаларында түрлі материалдармен жұмыс сабақтарын практикалық түрде өткізу. Материалдарды көркемдік өңдеуді меңгеру. Материалдарды білу және үйрену. - әдебиетпен жұмыс істей алады, ақпаратты талдай алады. Кіші декоративті пластика материалдарын пайдалана алады.Кіші декоративті пластиканың негізгі әдістемелік және ғылыми ұғымдарын біледі
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өндірістік (кәсіби)/дипломалды практика
Деректерді жинауды, талдауды және өңдеуді анықтайды. Қаржылық, бухгалтерлік және басқа ақпаратты ажыратады. Ақпараттық шолу мен аналитикалық есепті шешеді. Стандартты теориялық және эконометриялық модельдерді сипаттайды. Алынған нәтижелерді мазмұнды түсіндіреді.Талдау және зерттеу міндеттерін шешу үшін қазіргі заманғы техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын әзірлейді
Оқу жылы - 4
Несиелер - 8
-
Кітап дизайны креативті жобалау объектісі ретінде
Кітап дизайнында, жарнамалық визуалды коммуникацияда, шрифт өнерінде креативті жобалау принциптерін әзірлеу; кітап дизайны саласында ғылыми зерттеу, жарнамалық визуалды өнімдер мен визуалды коммуникация идеяларын жүзеге асыру; дизайн және коммуникацияның әр түрлі салаларында креативті жобалаудың алынған нәтижелерін генерациялау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұлшық ет сурет анатомиясы
Студенттерге бұлшық ет сурет арқылы эстетеикалық талғамдарын қалыптастыру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнерінің арнайы бөлмелерін көрнекілік жабдықтармен безендіру
Бейнелеу өнерінің даму тарихын білу, дизайнның негізгі әдістемелік және ғылыми ұғымдарын білу Мазмұны: Кілем тоқу, ши гобелен тоқу, өнерлерінің өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Сурет салу, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сүйектің құрылысы тарихи таным теориясы
Студенттерге сүйектің құрылысы арқылы теориялық талғамын қалыптастыру негізінде білім беру
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анатомия
Студенттерде эстетикалық талғам қалыптастыру, бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгеру, композициялықшығармашылық қызметтерін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жарнама дизайн
Пәнді оқыту мақсаты жарнама дизайнның негізгі түрлері мен әдістерін зерттеу, оның тұтынушыға психологиялық әсері және оны қажетті ақпарат көзіне тез және қызықты формада жасау, студенттер бойында көркемдік дүниетанымды қалыптастыру, бейнелік ойлау мен шығармашылық қиялды, көркемдік байқағыштықты, көз өлшемі ме көзбен көру арқылы есте сақтауды дамыту болып табылады. «Жарнама дизайн» пәнді оқу нәтижесінде студенттер жарнама өнімінің түрлерін: жазбаша, реңдік, кескіндемелік, теле дидарлық, т.б. ажырата білуі керек. Қарыптар классификациясын, сызбасын білу және оны қарып үйлесімді жұмыстарда пайдалану.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жарық түсіру өнері
Студенттерге жарық түсіру өнері арқылы эстетикалық тәрбие беруді үйрету.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнері бойынша дидактикалық материалдар дайындау
Бейнелеу өнерінің даму тарихын, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу. Мазмұны: Материалдар мен орындалу технологиясын білу. Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу. Педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Графикалық композиция
Графикалық дизайнның кең таралған қолданыстарына журналдар, жарнамалар, өнімнің орамдары және веб-дизайн қамтамасыз етеді. өнім жиынтығында логотип немесе басқа өнер туындылары, ұйымдасқан мәтін және кескінді біріктіретін пішіндер мен түс сияқты таза дизайн элементтері болуы мүмкін. Композиция графикалық дизайнның маңызды ерекшеліктерінің бірі, әсіресе бұрыннан бар материалдарды немесе әртүрлі элементтерді пайдалану кезінде.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Портреттік сурет
Сурет пен композицияның теориялық негідері, сурет тәсілдерімен көлемдік формаларды берудегі негізгі заңдылықтарды білу, практикалық сабақта натюрмортты жазуда композициялық ережені, перспектива заң-дылықтарын, бейнелеу әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі қажет
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Монтаж
Монтаж кино өнерінде, киноэпизод пен жалпы фильм тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында кинофильм кадрларын құрастыру тәсілін үйрету. Монтаждау кезінде фильм мазмұны, бейнелеу құралдарының орнында қолдануды қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шрифт
Печатные, түсті живописті және т.б. шрифті класификациялауды оларды сызып шрифттік композициясының жұмысына пайдалана білу. Студенттер бойында көркемдік дүниетанымды қалыптастыру, кең сапты қауырсын қылқаламмен жұмыс. Гректік капиталды әріптер. Готикалық жазбаның негізгі түрлері композиция құрастыру туралы бастапқы ұғымдарды меңгеру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Операторлық жұмыс ерекшеліктері
Cтуденттерге көркем шығармашылықтың кинематографиялық түрлерін таныстыру кино түсіру әдістері мен құралдары арқылы фильмнің мазмұнын, идеясын ашатын көркем образ жасауды үйрету
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Расскадровка
Анимация түсіруге көмектесу үшін қолданылатын суреттерді уйрету
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кітап графикасы
Графика өнерінің даму тарихын, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу. Мазмұны: Материалдар мен орындалу технологиясын білу. Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу. Педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Анимация
Студенттерге 2D графика және анимация туралы түсінік бере отырып, олардық пайдалану және құру орталарымен таныстыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кейіпкер дизайны
Оқу барысында студенттер геометриялық салуларды қолдана отырып үй жобасын сызбасын салу, өлшем қою, шрифпен керекті жазулар жазу, макет жасау және құрастыру сызбасы бойынша бұйымның эскизін және суретін салу, дизаиннің жаңа элементтерін қолданып салып үйренеді. Жоғары кәсіптік білім жүиесіндегі дизаин негіздеріне үйрету әдісі – негізгі әдіс. Бейнелеу өнері пәнінің болашақ мұғалімдерінің негізгі кәсіптік міндеті дизайн негіздерін проектік оқыту негізде іске асырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Портреттік кескіндеме
Әдебиетпен жұмыс істеуге дағдылану, ақпаратты талдау, бейнелеу өнерінің негізгі ұғымдарын сауатты білу, көркемдік кескіндеменің бейнелеу материалдарын пайдаланудағы дағдылар. Кескіндемелік тәсілдермен көлемдік формаларды берудегі негізгі заңдылықтарды білу, практикалық сабақта натюрмортты жазуда композициялық ережені білу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Үйірме жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Көркемдік суреттің бейнелеу материалдарын пайдаланудағы дағдылар, суреттің бейнелік тәсілдерін білу, сызықтық перспектика негізі мен заңдылықтарды үйрету. Сурет пен композицияның теориялық негізін білу, сурет тәсілдерімен көлемдік формаларды берудегі негізгі заңдылықтарды білу Практикалық сабақта натюрмортты жазуда композициялық ережені, перспектива заңдылықтарын, бейнелеу әдістері мен тәсілдерін қолдана білу Портрет және адам тұлғасын салуды үйретуде жаңа технологияны пайдалану арқылы, олардың іс-әрекет дағдысы мен білімін, біліктілігін жоғарылату.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейнелеу өнері сабақтарында ойын тапсырмаларын пайдалана білуге дайындау әдістемесі
Педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені танымдық, диалектикалық материализм тұрғысынан алғанда дидактикалық принциптер жүйесін анықтайды. Сондықтан тәрбиелей отырып оқыту және идеялық бағыттылық принципі басты орын алады. Балалар өз, білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады. ейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші — заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қол өнер негіздері
Қазақтың қолданбалы қол өнеріндегі ағаш өңдеу өнерін, метал өңдеу өнерін, кесте тігу, кілем тоқу, ши гобелен тоқу, өнерлерінің өзіне тән көркемдік ерекшеліктерімен, тағылымдық мүмкіндіктерін меңгеру. Сурет салу, құрастыру қабілеттерін арттыру және шеберлікті кәсіптік іскерлікке жеткізу. Қазақтың ұлттық қол өнерін мектептердің іс-әрекеттерінде оқушыларға көркемдік тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдалана білуге дағдыландыру. Қазақ қол өнері бұйымдары саласы бойынша студенттерді көркем шығармашылықпен айналысуға бейімдеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік графика
Сызу құралдары. Сызбаларды орындау жалпы ережелері.Форматтар, масштабтар, сызықтардың түрлері, шрифтілер. Сызбаларда өлшемдерді қою. Өлшемдер мен формалардың шекті аутқылары, беттердің кедір-бұдырлығы туралы түсініктемелер.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Графикалық дизайн
Графика өнері. Графика түрлері, тәсілдері туралы ұғымдарын білу. Информатика Мазмұны: Оқу пәнінің өзіндік ерекшеліктерін білу. Педагогикалық процесті ұйымдастыру. Бейнелеудің теориялық және практикалық тәсілдерін меңгеру, композициялық- шығармашылық қызметтерін дамыту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Компьютерлік дизайн
Компьютерлік дизайн пәнін зерттеп, үйрену, композиция жобаларын шығара білу және безендіре білу, интерьер, экстерьер жобаларын, макеттерін қолдана білу. Оқу барысында студенттер геометриялық салуларды қолдана отырып үй жобасын сызбасын салу, өлшем қою, шрифпен керекті жазулар жазу, макет жасау және құрастыру сызбасы бойынша бұйымның эскизін және суретін салу, дизаиннің жаңа элементтерін қолданып салып үйренеді. Студенттердің практикалық жұмысы және өзіндік жұмыстарды орындау кезінде оқу процесіне сәйкес білім қалыптастырады, жаттығулар арқылы жүзеге асырады. Студенттердің өзіндік шығармашылық танымдық ойлау жүйесі арқылы тапсырма орындалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Мектеп жасындағы балалардың шығармашылық және сыни ойларын дамытуға арналған сабақтарды ұйымдастыру және мәселелерді шешу үшін логикалық және сыни ойлауды қолдану;
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинақтауды және түсіндіруді жүзеге асыру. Грамматикалық білімдер жүйесін, белгілі бір тілде ниет білдірудің прагматикалық құралдарын жеткілікті көлемде түсіну негізінде лингвистикалық және сөйлеу ресурстарын дұрыс пайдалана білу. Бейнелеу пәні мамандығының оқу-практикалық маңыздылығын түсіну, кәсіби этика қағидаттарын сақтау, кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану
- Әлеуметтік және өндірістік салаларда болып жатқан барлық құбылыстарға жеке баға беру. Қазақстанның казіргі заманғы оқиғаларының себептері мен салдарын талда үшін тарихи сипаттау әдістері мен тәсілдерін қолдана білу. Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психологияның базалық білімі негізінде түрлі тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым- қатынас салаларындағы жағдайларға баға беру. Жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін таныту. Байланысқа қатысушылардың іс – әрекеттеріне баға беру. Ұлттық мәдениеттің құндылығын тану, тарихи мұраны және мәдени дәстүрді құрметтеу және сақтау қабілеттіліктерін ұлғайту, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешу
- Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғыну. Өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту. Өзін – өзі дамыту және мансаптық өсу үшін өмір бойына жеке білім беру тракториясын құру, дене шынықтыру әдістері мен құралдары арқылы толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану. Интеллектуалдық, моральдық - адамгершілік, коммуникативтік, ұйымдастырушылық - басқару шылық дағдыларын дамыту.
- Бейнелеу өнері және сызу саласындағы озық білімге негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсету. Ғылыми және философиялық таным әдістерімен табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда түсінуді және зерттеуді қамтамасыз ететін философия негіздерін білу арқылы қалыптасқан дүниетанымдық ұстанымдар негізінде қоршаған шындыққа баға беру. Мифологиялық, діни және ғылыми дүниетанымның мазмұнын және ерекшеліктерін интерпрециялау. Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтарын және өзіндік ерекшеліктерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымын көрсете білу. Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынастық мәселелерді шешуде бейнелеу өнерінен шығармашылық қабілеттерін пайдалана отырып жаңа білімдерді өз бетінше қолдану
- Жеке іс – әрекеттерінде түрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды; интернет – ресурстары, ақпаратты іздеу, сақтау,өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді қызметтерді қолдана білу. Коммуникативтілік таныту: кәсіби қызметінде білім алушы әріптестерімен, ата-аналармен диалог жүргізу, әлеуметтік серіктестерімен ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, командада жұмыс істей білу
- Бейнелеу өнері және сызу саладағы одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары. Өзінің моральдық және азаматтық ұстанымын дамыту. Заманауи білім беру және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жаңа білімдерді өз бетінше қолдану
- Бейнелеу өнері және сызу түрлерінің күрделі құрылымдарын ажыратып, кескіндеменің теориялық және практикалық негізінде жасалуын білу; Қазақстандық қоғамның іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларын пайдалану
- Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелері шешу. Өзінің тұлғалық даму мақсаттарын қалыптастыруға және шынайы бағалауға қабілетті, сондай-ақ, оқушылардың зияткерлік даму деңгейін кеңейту
- Білім алушының тәрбиелік және тұлғалық рухани-адами міндеттерін дамыту. Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік ( кәсіби) қарым-қатынас мәселерін шешу мақсатында қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым- қатынас жасай білу.
- Білім алушыларды әлеуметтендіру мен кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісінде педагогикалық сүйемелдеуді іске асыра білу
- Бейнелеу өнері және сызу саласындағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті білу және түсіну. Бейнелеу өнері және сызу саладағы оқу – практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану. Әлемде танылған әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдар саласындағы пәнді практикада қолдана білу. Талдаудың әдіснамасын талдау. Оқу-тәрбие үдерісінде, сабақтан тыс іс-әрекеттерде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге дайындай білу
- Білім беру үдерісінің ерекшелігін, тәрбие міндеттерін және тұлғаның дамуын ескере отырып заманауи педагогикалық технологиялар дайындай білу. Осы ғылымдардағы білімді интеграциялық процестердің қазіргі заманғы өнімі ретінде синтездеу. Нақты ғылымды, сондай – ақ бүкіл әлеуметтік – саяси кластерді зерттеуге арналған ғылыми әдістер мен тәсілдерді қолдана білу. Зерттеудің нәтижелерін жинақтай білу. Жаңа білімді синтездеу және оны гуманитарлық әлеуметтік маңызды өнімдер түрінде ұсыну
- Ғылыми - зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолдану. Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім негізінде түскен студенттерге кредиттердің саны мен орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасының қажетті көлемін орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы алдыңғы білім беру деңгейінің бейінінің және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінің сәйкестігін ескере отырып дербес айқындайды.
- Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан табысты өткен тұлғаларға «бакалавр» дәрежесі және (немесе) тиісті біліктілік беріледі және жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) бірге тегін беріледі