Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01514 Информатика в "Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

  • Жоғары математика
    Несиелер: 3

    Жоғары математика» пәні жалпы білімдік пән болып табылады. Инженерлік-техникалық зерттеулерде ӛте маңызды қызмет атқарады. Ол тек сандық есептеудің ғана емес, сондай-ақ дәл зерттеулердің және ұғымдар мен мәселелерді мейлінші айқын сипаттаудың да құралы болып табылады. Математика қолданбалы есептерді шешудің қуатты құралы, ғылымның әмбебап тілі болуымен қатар, жалпы мәдениеттің де бір бӛлшегі болып табылады. Математикалық әдістер әрбір техникалық пәннің құрамдас бӛлігіне айналды. Бұл курс математика ғылымының жалпы теориялық аспектілерінен құралады: «Сызықтық алгебра», «Векторлық алгебра», «Аналитикалық геометрия», «Бір айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеуі», «Бір айнымалы функцияларды интегралдық есептеуі», «Кӛп айнымалыдан тәуелді функциялар», «Еселі интегралдар», «Дифференциалдық теңдеулер», «Қатарлар»бӛлімдерінің анықтамаларынан, формулаларынан, теоремаларынан және инжененерлік есептерді шешу болып табылады.Бұл пән базалық пәндердің циклына кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 6

    Педагогикалық мамандық қызметінің мәні мен құрылымымен және педагогикалық қызметтің заңды негіздерімен таныстырады. Болашақ педагогтың кәсіби мәдениетінің негізін қалауға деген, кәсіби қызметке деген қызығушылығын танытуға деген, тұлғалық кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Программалау
    Несиелер: 4

    Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз ету. Берілгендер құрылымы мен бағдарлама құруда көп кездесетін алгоритмдер және оларды бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру және машықтандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және өмір қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    «Экология және өмір қауіпсіздігі» курсында білім алушыларға табиғатты қорғау мақсатында жүргізілетін іс-шаралардың теориялық және экологиялық білімін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
    Несиелер: 4

    «Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау» пәні С/C++ тілдерін негізге ала отырып алгоритм құру және программалау тәсілдерінен теориялық мағлұматтар беруге арналған. Программалау тілдері, деректер түрлері, деректер құрылымдардың, олардың ерекшелігі және жүзеге асыру, алгоритмдер және деректер құрылымдардың жіктелуін, бағдарламалау тілі C + сипаттамаларын, Алгоритмдер күрделілігін бағалау саласындағы теориялық білім мен практикалық тәжірибе алуға бағытталған. Пәннің міндеттері: алгоритмдер мен бағдарламалау негіздеріне оқыту, бағдарламаларды тестілеу және жөнге келтіру әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Болашақ кәсіби маманның мәдениеті, өмір сүру тәсілі, адам дамуындағы кәсіби қызметтің этикасы, мұғалімнің зерттеу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби дағдылар, білік, қабілеттердің қоғамдық орындарға сәйкестігі жайлы білімдерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Операциялық жүйелер
    Несиелер: 2

    Операциялық жүйе — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі
    Несиелер: 3

    Cтуденттердің шет тілін жетік біліп шығуы – жоғары оқу орны түлегінің болашақта білікті маман ретінде шетелдік серіктесімен іскерлік қарым- қаты насты жүзеге асыра алатын, кәсіби білікті маман иесіне қойылатын талаптың негізгі бір шарты болып табылады. Тағы бір шарты шет тілінде берілген ақпаратты іздеп табу немесе жеткізе білу мен оны өңдеу де, кәсіби қызметін ойдағыдай атқаруға қажетті негізгі коммуникативтік ептілік пен дағдыны дамыту болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін және түсінігін ашу. Міндеттері: - Сыбайлас жемқорлықтың түсінігін және сыбайлас жемқорлықтың таралу себебін қарастыру; - Сыбайлас жемқорлыққа карсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу; - Сыбайлас жемқорлықпен байланыс- ты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен заңды жауапкершілікті ашу; - Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің түсінігін ашу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
    Несиелер: 3

    Жазба жəне аузекі сөздің дағдылары, қазақ (орыс) əдеби тілдің барлық шамаларының сақталуын игеру; -білім туралы мəтіннің мағыналы- құрлымдық өзгешеліктеріндегі түрлі функциялық стилін игеру; -сөздің жəне əдеби тілдің жүйедегі шамалық дұрыстығы жайлы мінезде-месін білу; -меншіктік сөздің қателерін саралауды білу; -Коммуникативты дағды жəне сөздің ұсталықтарының мəтіннің мамандыққа сайлығын білу, моноло-гикалық/диалогикалық сөздің дағдыларын меңгеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медиапедагогика
    Несиелер: 4

    «Медиа» термині біздің елімізде қолданыста жиі аталмағанымен, өміріміздің ең маңызды бөлігіне айналып кетті. Ол қазіргі «жаһандық ақпарат ғасырында» қоғамымыздың дамуына, тұлғаның қалыптасуына зор әсер етуші қару болып отыр. Медиа-білім беру - педагогикадағы білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті - жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде, техника құралдар мен қазіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету. Медиабілім ХХ ғасырдың 60-жылдарында Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Канада және әлемнің тағы басқа да алдыңғы қатарлы елдерінде пайда болды. Басты мақсаты – жас ұрпақты медиамәдениет әлеміне бейімделуге, БАҚ тілін игеруге, медиамәтіндерді талдай білуге көмек көрсету болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 4

    Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні қазіргі уақытта барлық мамандықтарға міндетті өткізілетін пән. Себебі тәрбие арқылы әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Информатиканың теориялық негіздері
    Несиелер: 3

    Информатиканың ғылым ретінде, оның қазіргі замандағы және ғылым жүйесіндегі орны туралы біртұтас түсінік болуы; Ақпаратты өрнектеу, түрлендіру және өлшеу жолдарын білу; Ақпаратгық жүйелер және технологиялар туралы түсінік болуы; Цифрлы автоматтардың ішкі құрылымы және ұйымдастырылуы туралы ұғымдарды қалыптастыру; Ақпараттық модельдерді кұру методологиясын және оларды компьютерде жүзеге асыруды игеру; Алгоритмдердің формальды сипаттамасын білу; Ақлараттық модельдермен жұмыс істеудің машығы болу; Алгоримдердің күрделілігі және тиімділігін бағалай білу; Информатиканың семантикалық негіздерінен түсінік болу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • SMM ортасымен жұмыс
    Несиелер: 5

    SMM (Social Media Marketing - әлеуметтік медиа маркетин) ортасымен жұмыс пәнінің мақсаты – бұл әлеуметтік желілерде маркетингпен қабылданатын тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік желілерде жылжыту SMM - бұл мақсатты пайдаланушылар тобын қамтитын қауымдастықтардағы тікелей жұмыс. Әлеуметтік медиа платформалар - мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесудің заманауи құралы. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің аудиториясын телеарналардың аудиториясымен салыстыруға болады, тек ол мұқият әрі белсенді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Ықтималдық теориясы және математикалық статистика
    Несиелер: 5

    Ықтималдылық теориясы – кездейсоқ бір оқиғаның ықтималдығы бойынша онымен қандай да бір байланыста болатын басқа бір кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтауға мүмкіндік беретін математика білімі. Ықтималдылық теориясында кездейсоқ құбылыстардың заңдылығы зерттеледі. Кездейсоқ құбылыстарға анықталмағандық, күрделілік, көп себептілік қасиеттері тән. Сондықтан мұндай құбылыстарды зерттеу үшін арнайы әдістер құрылады. Ол әдістер мен тәсілдер ықтималдылық теориясында жасалынады. Мысалы, біркелкі болып келетін кездейсоқ құбылыстарды жан-жақты бақылай отырып қандай да болмасын бір заңдылықты (тұрақтылықты), яғни статистикалық заңдылықты байқаймыз. Ықтималдылық теориясының негізгі ұғымдары элементар ықтималдылық теориясы шегінде қарапайым түрде анықталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Тиімділік әдістері және операцияларды зерттеу
    Несиелер: 4

    Тиімді шешімді табу үшін алдымен алдымызға мақсат қоюымыз керек. Бұл мақсатты математика тілінде жазу үшін мақсат функциясы деген ұғым енгізуге тура келеді. Сонымен, әр түрлі вариантқа сәйкес мақсат функциясының мәнін тауып, оларды салыстыра отырып, ішінен ең кішісін таңдау. Бұл сияқты біртіндеп таңдау әдісін қарастыратын варианттардың өте көптілігіне байланысты олар әр уақытта ең 29 тиімді шешім болмауы да мүмкін. Өйткені ең жақсы деп тапқан шешімнен де жақсы шешім табылып қалуы мүмкін. Міне, осындай жағдайлардан құтылу үшін берілген есепті математикалық программалау әдісімен шешу қажет. Себебі, бұл салада табылған шешімнің тиімді шешім беретіндігі математикада дәлелденген.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Робототехника негіздері
    Несиелер: 4

    Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда студенттердің тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Интернетте программалау
    Несиелер: 3

    Бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жағдайы ақпараттық технологияны өмірдің әрбір саласында жаппай пайдаланумен сипатталады. Оқушылардың танымдық іс - әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артты. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. HTML – документтері HTTP (Hyper Text Transfer Protocol – гипертекстті беруді жүзеге асыратын протокол) протоколын қолданып жібереді. Бұл протокол жоғарғы дәрежедегі протокол. Өте көп мәліметтер структурасын басқарады. Бұл протоколдың көмегімен Web – көрсеткіштер мен Web – серверлер бір – бірімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Web – көрсеткіштер қолданушылардан документті алатын Web – сервердің адресін қабылдайды, содан соң серверге HTTP – сұраныс жібереді. Web – сервер дисктерден сұраныс бойынша тапсырманы іздейді және ол мәлімет табылса сол адрес сұраныс берушіге жібереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық жабдықтар
    Несиелер: 4

    Ақпараттық жабдықтар пәнін оқытудың негізгі мақсаты студенттердің ақпаратты алу, сақтау, түрлендіру туралы алған білімдерін сапалы түрде меңгеруін қаматмасыз ету. Пәнді оқытудың негізгі міндетті ақпаратты қорғау әдістері, ақпараттық процесстер және жаңа технологиялар жайында білім алу болып табылады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Оптимизация әдістері
    Несиелер: 3

    математикалық моделдеу әдістерін, қате көздерін, алынған нәтижелерді талдай алуды жүйелі түрде қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар студенттерді әртүрлі пәндік салалардағы нақты құбылыстарды математикалық моделдеу үрдісінде туындайтын есептерді ЭЕМ көмегімен шығарудың есептеу алгоритмдерін жасау мен қолдануға дайындау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер
    Несиелер: 4

    Пəндерді зерттеу нəтижесінде студенттер білу керек: - Ақпараттардың ағымдарын анықтайды; - Ақпараттық жұйелер объектілерін қалыптастырады; - Ақпараттық жұйелер ж»не мәліметтер қорын жобалайды..

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 4

    Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолдану. Оқу жұмысын тиімді түрде жүзеге асыруға мұғалімдердің инклюзивті құзыреттілігін дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Информатиканы оқыту әдістемесі
    Несиелер: 4

    бастауыш мектептегі пропедевтикалық, негізгі мектептегі базалық курстарда және жоғары сыныптардағы кәсіби курстарда қазіргі информатиканы оқыту саласында студенттерді теориялық және практикалық даярлау және де жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқу және тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізудің практикалық дағдыларын қалыптастыру; мектептегі саралау жағдайында информатиканы оқыту үшін қажетті шығармашылық потенциалын дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
    Несиелер: 5

    Ақпаратты қорғау, ақпаратты бағдарлама-аппараттық қорғау құралдары, криптографиялық қорғау, желілер мен жүйелер қауіпсіздігі саласында мамандар даярлайтын бағдарлама. «Ақпараттық қауіпсіздік» бағдарламасы 3 бағыттан тұрады: Желілер мен жүйелер қауіпсіздігі, Ақпаратты криптографиялық қорғау және Ақпаратты техникалық қорғау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру
    Несиелер: 5

    Бейіндік оқытуға көшу процесінің негізгі бағыттарын, оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін диагностикалау негізінде бейіндік топтарды жинақтауды меңгеру; -оқушылардың бейіндік оқыту әдістемесін ұйымдастыруды меңгеру; -оқу жоспарын модельдеу, бейіндік оқыту бағдарламаларын жасау және сараптауды меңгеру; -бейіндік оқытуды таңдау және оқушылардың жеке оқу жоспарларын құруды меңгеру; -бейіндік оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игеру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Кәсіби оқытудағы заманауи технологиялар
    Несиелер: 5

    Кәсіптік даярлық, кадрларды кәсіптік даярлау – білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша біліктіжұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 – 3 жыл, кәсіптік лицейде – 3 жыл, ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша – 4 жыл. Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Конструктивтік оқыту әдістері
    Несиелер: 5

    Конструктивті оқыту әдістемесі пәні педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың үшінші деңгей бағдарламасының басымдықтары негізінде әзірленген. Үшінші деңгей бағдарламасының негізгі зерттеушілік идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Компьютерлік графика негізіне жататын математикалық әдістер; айналу қағидалары және кескіндерді түрлендіру; кескіндерді перспективада салу әдістерін оқып білу

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • 3ds Max ортасымен жұмыс
    Несиелер: 5

    3D Studio Max үш өлшемді графика және анимация пакетінің 1.0 нұсқасы 1995 жылы америкалық Autodesk компаниясында алғаш рет жасалды.Сол уақытта 3D-анимацияның ең танымал пакеті Alias Power Animator болып табылатын. Пакет С++ тілінде өңделген және плагиндер деп аталған қосымша модульдермен кеңею мүмкіндігі бар.Character Studio кейіпкерлердің анимациясына арналған 3ds max қолданылған плагиндердің алғашқысы болып табылды. 1998 жылы мөлдір және айналы беттерге еліктеу мүмкіндігі бар 2.5 нұсқасы шықты,торлы объектілер мен NURBS-модельдеумен жұмыс жетілдірілді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Ақпараттық жүйелерді салаларда қолдану
    Несиелер: 5

    Ақпараттық технологиялар жүйелер, техникалық операциялар деректер жиынтығы ретінде қарастырылады, жергілікті және ғаламдық мақсаттарына қол жеткізу үшін әр түрлі процестер ұйымдастырылуы және сіз құрылған және ақпараттық технологиялар тұрады, ол үшін жүйенің тиімді жұмыс істеуі бағытталған. әдістемелік IT қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, сондай-технологиялық Rassmotrivayutsya қосалқы жүйесі: сценарийлер мен диаграммалар ережелер; мақсаты, apparatnonoпрограммалық кешендер мен жеке процесс қадамдар эргономикалық сипаттамасы арнайы және жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі; технология нысандары мен әдістері. Негізгі компоненттері болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Интеллектуалды робототехникалық жүйелер
    Несиелер: 5

    Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда студенттердің тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Графтар теориясы
    Несиелер: 5

    Графтар ғылым мен практиканың турлі салаларындағы математикалық модельдердің маңызды элементтері болып саналады. Графтың көмегімен автоматика, электроника, физика, химия жэне т.б. сияқты білімм аймақтарында жинакталған мәселелерді шешуді жеңілдетуге болады. Пәнді графтар теориясының негізі мен қолдану мәселелері қарастырылған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Білім берудегі IT
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманғы ақпараттық және компьютерлік технологияларды оқытудың негізгі бағыттары туралы, цифрлық білім беру технологияларын қолдану және енгізу негіздерін біледі және түсінеді

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Жасанды интеллект негіздері
    Несиелер: 5

    Қандай да бір проблемаларды автоматты түрде шешу, сонымен қатар осы проблемаларды шешу әдістерін қарастыру және түзету. Жасанды интеллект жүйелері келесідей міндеттерді қарастырады: образдарды тану есептерін (мысалы: табиғи дауысты тану) құру; теоремаларды дәлелдеу және оқыту есептерін (мысалы, қандай да бір ойынның дағдысын) құру; сарапшы ретінде шешім қабылдауға мүмкіндігі бар сарапшылық жүйелерді – программалық жүйелерді құру (мұндай жүйе деректер базасы білімін қамту керек).

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Оқытудағы интербелсенді әдістер
    Несиелер: 5

    Интербелсенді оқыту оқушының тәжірибесі тұрғысынан жасаған белсенді қарым-қатынасқа негізделеді. Ал үйренушілердің тәжірибесі дегеніміз олардың өзіндік пікірлері мен көзқарастары, ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен пайымдаулары,тұжырымдары мен қорытындылары, дәлелдері мен уәждері деп айтуға тұрарлық. Оқушылар таным процесінде бір-бірімен осы тәжірибиесімен бөліседі, міне осындай байланыста, қарым-қатынаста жаңа білім құрастырылып, саналы түрде игеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Білім берудегі бұлттық технологиялар
    Несиелер: 3

    Бұлтты технологиялар қарапайым пайдаланушыларға функционалдық бойынша шамамен бірдей қызмет ұсынады: шағын бағдарламаны жүктеу және орнату, бұлтты сақтау орнына орналастырғыңыз келетін файлдарды сақтау үшін папка жасау. Ол үшін пайдаланушыға жергілікті компьютерде немесе «Бұлтта» орналасқан файлдар мен папкалардың синхрондау параметрлерін реттеу керек болады. «Бұлтта» сақталатындардың барлығы web-интерфейс арқылы кез келген құрылғыдан қол жетімді болады. Оған электронды пошта арқылы сәйкес сілтеме жіберу арқылы кез келген адам папкаға немесе файлға еркін түрде қол жеткізе алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Білім берудің онлайн платформалары
    Несиелер: 3

    Білім беру онлайн платформасында математика, физика, информатика сияқты ірі ғылым салаларымен бірге, бизнесті жоспарлау мен басқару, web-бағдарламалау, автоматтандырылған құрылғылар жасау, бағдарлама тілімен күрделі технологияларды моделдеу және құрастыру сияқты ІТ саласының кәсіби мамандарына арналған дәрістерді табуға болады деген құрастырушылар 80 пайызға жуығы қазақ тіліндегі бірегей онлайн-контенттің тіркелген тыңдарманы көп дәрістері қатарында «Java тіліндегі компьютер ғылымдарына кіріспе», «Web-бағдарламалау негіздері», «Робот техникасы» курстарын атап өтті.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 2
  • Код ON2

    Жоғары математиканың негізгі ұстанымдарымен танысу, заманауи бағдарламалық құралдарды қолдана отырып статикалық, динамикалық модельдерді және компьютерлік математикаға сүйеніп, компьютерлік модельді де құруды меңгереді. Программалаудың екінші кезеңіне өту арқылы алгоритмде бағдарламалауды және интернетте программалауды меңгереді.

  • Код ON8

    3dx MAX ортасының барлық мүмкіндігі арқылы көптеген анимациялық видеороликтер жасап үйренеді. Компьютерлік графикалық бағдарламаларды және үш өлшемді баспа құралдарымен жұмыс жасауды меңгереді.

  • Код ON3

    Студенттер көшбасшылық қасиеттерді, кәсіпорын, білім беру және жалпы ел деңгейінде әсер ету әдістерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың, адамдардың мінез-құлқын, өзара әрекеттесуін тиімді менеджменттеу мен оның практикасын және оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыруды меңгереді. Инклюзивті білім берудің тиімділігі мен құндылықтарын түсінеді. Мектептегі, жоғары оқу орнындағы информатиканың теориялық негіздерін, информатиканы оқыту әдістемесін, ақпараттық жабдықтар құрылымдарын және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін меңгереді.

  • Код ON7

    Кәсіби оқытудағы заманауи технологиялар, робототехника негіздері мен интеллектуалды робототехникалық жүйелерді үйренеді, білім берудің IT технологиясын меңгереді. Ағымдағы әлеуметтік желілерде маркетингтік коммуникация тұжырымдамасын қалыптастыра келе SMM ортасымен жұмысты біледі.

  • Код ON4

    Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен педагогикалық қызметтің мәнін, құрылымын, педагогикалық қызметтің әдістемесін меңгереді. Оқытудың интербелсенді әдістерінің ерекшеліктерін, оқушылардың бейіндік оқуын ұйымдастыруын, жасанды интеллект негіздерінің құрылымын меңгереді.

  • Код ON5

    Мәліметтер қорымен және ақпарттық жүйелердің жұмыс жасау технологиясын меңгеріп, ақпараттық жүйелерді салаларда қолдануды меңгереді. Сонымен қатар, операциялық жүйелер негіздерімен, графтар теориясыныңы көптеген мүмкіндіктерін меңгереді.

  • Код ON1

    Шетел тілінде білім берудің халықаралық үлгісі, жоғары мектеп педагогикасы, медипедагогиканы әлеуметтік ортада психологиялык ерекшеліктерін талдау, экологияның негізгі ұғымдарын анықтау, зерттеу нәтижелері мен қорытындыларын талдау, сараптау туралы білімі қалыптасады.

  • Код ON6

    Тиімділік әдістері және операцияларды зерттеу әдістерімен, оптимизация әдістері сондай-ақ ықтималдық теориясымен және математикалық статистикамен таныстыру. Білім берудің онлайн платформаларының көптеген мүмкіншіліктерін меңгереді. Сондай-ақ білім берудегі бұлттық және смарт технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту технологиясын конструктивті түрде оқытуды үйренеді.

6B01514 Информатика (Английский)
Бакалавриат

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01514 Информатика
Бакалавриат

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
6B01514 Информатика
Бакалавриат

"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институты

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Қазақша
6B01514 Информатика және робототехника
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
Top