Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05208 Экология және табиғатты пайдалану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

  • Мамандыққа кіріспе
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Экологиялық пәндерді түсіну, экологиялық мәселелерді шешу және бағалау үшін білімді қалыптастыру. Пәннің мақсаты мен міндеттері, ережелері, заңдары, ағзадан бастап биосфераға дейінгі биологиялық жүйелердің қалыптасуы мен қызметі, олардың қоршаған ортамен өзара әсері туралы білім беру, студенттерді химия, биология, физика негіздері, жаратылыстану ғылымдары концепциясының теориялық негіздерімен таныстыру. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары арқылы экологиялық пәндер жүйесіне бағыттау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Химия
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қоршаған ортаны жаратылыстану ғылыми негізде түсінуге бағытталған химия саласындағы білімді қалыптастыру. «Химия» оқу пәні химияның негізгі заңдары мен ұғымдарын зерттейді, атомның құрылысын, химиялық байланыс түрлерін, ерітінділерді қарастырады. Химиялық тепе-теңдік, химиялық реакциялардың термодинамикалық және кинетикалық параметрлері туралы ілімнің негізін баяндайды, қоршаған ортаның органикалық және бейорганикалық ластаушылары мәселелерін қарастырады. Алынған білімдер зертханалық жұмыстарда қоданылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Биоценоздардың биоалуантүрлілігі
    Несиелер: 5

    «Биоценоздардың биоалуантүрлілігі» курсының мақсаты студенттердің өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер таксономиялық әртүрлілігінің иерархиялық деңгейлері туралы терең білім беру. Олардың морфо-физиологиялық құрылымы, систематикасы, бір-бірімен туыстық байланысы және географиялық таралуын сипаттауға үйрету. Зертханалық және практикалық жұмыстар арқылы биоалуантүрлілікті бағалау әдістерін және алған білімдерін бірлестіктердің экологиялық сипаттамаларын жасау үшін қолдануға үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоршаған ортаның биологиялық компоненттері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: тірі ағзалардың жіктелуі, тіршілік формалары туралы базалық білім беру, олардың қоршаған ортада таралу заңдылықтарын түсіну, биоценотикалық рөлін бағалауға үйрету. Биология саласындағы негізгі ұғымдардың теориялық білімі практикалық сабақтарда бекітіледі және жаратылыстану-ғылыми дүниетанымы қалыптасады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Экологиялық метрология және биометрия
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Студенттерді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және қоюға, ақпаратты жинау, өңдеу және талдау, шешім қабылдауға үйрету. Курс келесі сұрақтарды қамтиды: биологиялық зерттеулерде тәжірибелік жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру мен мәліметтерді жинақтау және оның нәтижелеріне статистикалық өңдеу әдістерін қолдануды меңгеру. Биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық өңдеу әдістерімен танысу; - арифметикалық ортаны, оның қателігін негізгі квадраттық ауытқуды студент критерийлері, ANOVA тест, регрессия, корреляцияны анықтауға арналған есептер шығару.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Сандық экологиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: экологиялық зерттеулерді одан әрі жетілдіру және шешім қабылдау үшін сандық өңдеу тәсілдерін ақпараттарды талдау үшін қолдану. Курс келесі сұрақтарды қамтиды: қоршаған ортадағы экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық, радиобиологиялық жағдайларды сандық өңдеу, ықтималдықты бағалау, және оларды талдау статистикалық әдістерді және өндірістік практика базасында қолдануды талап етеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экологиялық геология
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын сәйкестендіруді үйрету; табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығын және орнықтылық шектерін талдау. Жер туралы мәліметтер, геологияның бөлімдері, жер қыртысының құрамы, құрылымы және дамуының заңдылықтары, геодинамикалық үрдістер, эндогендік, экзогендік геологиялық үрдістер, техногендік процестер, табиғи-антропогендік геожүйелерді қалыптастыру, динамика және дамыту принциптерін оқыту. Білім алушыларды студенттердің өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, өндірістік практика арқылы ғылыми зерттеулерге ынталандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биогеохимиялық мониторинг
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Студенттерге биогеохимияның негізгі ережелері туралы білім беру және биогеохимиялық мониторингті жүргізудің біліктерін қалыптастыру. Курс жер биосферасында жүретін геохимиялық процестерді, оған қатысатын тірі ағзалардың химиялық құрамын және экотоксиканттардың қоршаған ортаға түсу, таралу, айналу жолдары мен зиянды әрекеттері оның алдын алу жолдары жөніндегі сұрақтарды қамтиды. Табиғи жүйелердің геохимиялық процестерін талдаудың алынған дағдылары студенттердің өзіндік жұмысы арқылы практикалық қызметте бекітіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Биоэкология
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты: студенттерге биоэкологияның негізгі ережелері туралы базалық білім беру және биоэкологиялық мониторинг жүргізу біліктерін қалыптастыру. Курс экологияның қалыптасу кезеңдері, модельдері,заңдылықтары, организм мен орта, тірі ағзалардың бейімдеушілік механизмдері, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экологияның мәселелері мен оның дамуын қарастыру Алынған білім мен әдістерді экологиялық мониторингтің өндірістік практикаларында қолдана білу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Зерттеудің биондикациялық әдістері
    Несиелер: 6

    Биоиндикаторларды қолдау арқылы алынған қоршаған ортаға техногенді әсерлер туралы ақпаратты талдау және экологиялық тәуекелді бағалау біліктілігін қалыптастыратын білім беру. Курс келесі сұрақтарды қамтиды: қоршаған ортаның күйін тірі объектілер көмегімен бағалау. Тірі объектілерге – клеткалар, организмдер, популяциялар жатады. Олардың көмегімен абиотикалық факторларға да, биотикалық факторларға да бағалау жүргізіледі. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, зертханалық сабақтардағы практикалық жұмыстар, өндірістік практика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Экологиялық токсикология
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаның ксенобиотиктерін анықтауға, экожүйелерге келетін зардаптарды түсінуге, экожүйелердің динамикасын бағалауға және экотоксикологиялық сараптама жүргізуге үйрету. Экотоксикология курсы улы заттардың таралуын, миграциясын, трансформациясын, биосферадағы қоректік тізбектердегі айналымын зерттейді; ағзалық, популяциялық, биоценотикалық денгейде болатын механизмдерді қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, өндірістік практика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Этологияның маусымдық ерекшеліктерін, дарақтардың өзара қарым-қатынасын, тіршілік ету жағдайларын оқытады. Жануарлар мен өсімдіктердің қоршаған орта жағдайына бейімделуі; экологиялық өзара байланысы; түрлі экологиялық факторларға байланысты тірі организмдердің экологиялық топтары; олардың тіршілігіндегі ең маңызды қоршаған орта факторлары жарық, температура, ылғалдылықтың маңыздылығын зерттеуге арналған. Алынған білім практикалық сабақ және өндірістік тәжірибе негізінде бекітіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Әлеуметтік экология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: әлеуметтік-табиғи жүйелердің жұмыс істеуімен, адам, қоғам және табиғат өзара әрекеттесуімен танысу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сұрақтар: адам мен табиғат, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың эволюциясы және заңдары; қазіргі әлемнің жаһандық трансформациясын талдау, қоршаған ортаның сапасын әлеуметтік басқарудың саяси және экономикалық механизмдері; экологиялық дағдарыстың шешімдерін талдау; экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған орта этикасы. Мақсатқа жету үшін құралдары: зерттеулерді ынталандыру, СОӨЖ, практикалық жұмыс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Цифрлық технологияларды салалар бойынша қолдану
    Несиелер: 5

    Пән қолдану салалары бойынша Қазақстан Республикасының «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын ендіру және жүзеге асырудың негізгі кезеңдерін, электрондық қызметтерді көрсетудің сандық платформаларын, әртүрлі кәсіби салаларда цифрлық ақпаратты өңдірудің түрлі әдістерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Рухани жаңғыру
    Несиелер: 5

    Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қоғамның рухани дамуының басымдықтары айқындалып, бағдар берілді. Рухани жаңғыруды жедел жүзеге асыру міндеті қойылды. Қазіргі заманның талабына сәйкес қоғам дамуының іргелі қағидасының бірі жастардың білімге, прагматизмге, бәсекеге қабілеттілікке деген ұмтылыс болуы қажет. Білім алушылардың зердесі мен санасының ашықтығы – рухани жаңғыруды тиімді жүзеге асырудың басты шарты болып табылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Қоршаған орта туралы ілім
    Несиелер: 5

    Мақсаты: бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын анықтауға, табиғи жүйелердің тұрақтылығы шеңберінде экологиялық сыйымдылығы туралы білімдерді талдауға үйрету. Студент білуі керек: ҚО объектілерін, биотикалық, абиотикалық және әлеуметтік ортаның құрамдас бөліктерін, табиғатты қорғау мақсатындағы ролін, мәнін. Адам мен ҚО өзара әсерінің заңдылықтарын түсіну; -табиғатты тиімді пайдалану негіздерін білу; антропогенді іс-әрекеттің экологиялық салдарын бағалау, экологиялық бұзылулардың алдын алу және орын алғандарын шешу жолдарын табуды меңгеру. Студенттерді экологиялық мәселелерді зерделеп, талдауға ынталандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биогеохимиялық провинциялар
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: студенттерді географиялық ортаның ерекшеліктерінің адам денсаулығына әсерін, сонымен қатар аурулардың географиялық таралу заңдылықтарын және басқа да патологиялық жағдайларды анықтауға үйрету. Курс студенттерді экология және халық денсаулығының аймақтық мәселелерін зерттеуге ынталандырады. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, зертханалық сабақтардағы практикалық жұмыстар, өндірістік практика.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Биосфераның эволюциясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: биосфераның эволюциясының экологиялық заңдарын, өркениеттің даму стратегиясын, тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында көзқарас қалыптастыру. Курстың сұрақтары: Білу: Жердің пайда болуы мен биосфера түсінігі, тіршілік эволюциясының кезеңдері, биосфераның қызмет заңдылықтары, организмдердің негізгі топтарының биосфералық рөлі. Дағдысының болуы: биосфераның тұрақтылық жағдайын негіздеу; биосфераның эволюция кезеңдерін талқылау; биосфераның даму заңдылықтарын қолдану. Меңгеру: антропогенез теориясы, қоғамның орнықты дамуға көшуі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қоршаған ортамен қауіпсіз өзара әрекеттесу, адамның қоршаған ортасының қауіпсіздігі, қоршаған орта факторлары және қоршаған орта сапасының жаһандық өзгеруі және олардың салдары туралы білім беру. Сұрақтар: су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігі, әуе бассейні, жер ресурстарының сарқылуы, экологиялық тәуекелдер, азық-түлік қауіпсіздігі, адамның қызметімен байланысты табиғи және техногендік апаттар және олардан қорғану жолдары.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
    Несиелер: 5

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» пәні «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағыты бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды зерделеуге бағытталған. Биологиялық және сабақтас ғылымдар, қоршаған орта саласында және физика-химиялық ғылымдар саласында, сондай-ақ математика және статистика саласындағы барлық нормативтік актілер қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Кәсіпкерлік және бизнес
    Несиелер: 5

    Теориялық, ғылыми және практикалық білім арқылы «Кәсіпкерлік және бизнес» пәні студенттерге бизнес жоспар жасауға, оны ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүйесінде нақты және туындайтын мәселелерді шешу үшін құқықытық, экономикалық, басқару мен ұйымдастыру мәселелрін шешудің ғылыми – перактикалық ойлау жүйесін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Экологиялық биогеография
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Аймақтардың қазіргі заманғы физико-географиялық және палеографиялық сипаттамаларын ескере отырып, биогеография әр түрлі түрлердің экологиялық сипаттамаларын, организмдер мен қауымдастықтардың географиялық таралу үлгілерін, тірі планетаның құрылымдық, функционалдық және тарихи ерекшеліктерін оқытады. Қорларды қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырады. Мақсатқа жету үшін құралдары: зерттеулерді ынталандыру, СОӨЖ, практикалық жұмыс.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Іскери риторика
    Несиелер: 5

    Курс кәсіби-тәжірибелік бағытта құрастырылған. Оны оқу арқылы кәсіби маңызды жағдайларда риторикалық іс-әрекет технологиясын игеру көзделген. Білім алушылардың сөздік білімділігін арттыру, тиімді іскерлік қарым-қатынас қағидалары, жұрт алдында сөйлеудің ұтымды ықпал етуін қамтитын негізгі факторлар мен үдерістері, шешен мен аудитория ынтымақтасуының формалары мен құралдары туралы білім алу курстың міндеттеріне кіреді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Медициналық экология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: қоршаған ортаның халық денсаулығына әсер ету аспектілерін анықтауға үйрету. Студент білуі керек: -тұрғындардың денсаулық көрсеткіштері, адам денсаулығын қалыптастырушы факторлар; климаттық әсерлердің қолайсыздығымен, әлеуметтік факторлармен байланысты ауырулар; профилактикалық медицина негіздері. Меңгеру: -тұрғындардың денсаулық жағдайын бағалау диагностикасының комплексті әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауды. Студенттерді экология және халық денсаулығының аймақтық мәселелерін зерттеуге ынталандырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Су экожүйелерінің экологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: бұзылған гидроэкожүйелерді қалпына келтірудің ықтимал жолдарын сәйкестендіруге үйрету, су жүйелерінің экологиялық сыйымдылығын, олардың орнықтылық шектерін талдау, гидроценоздардың динамикасын, дамуын бағалау. Пән су экожүйелерінің тіршілік шарттары, олардың құрылымы, тіршілік заңдары туралы түсінік береді. Гидробионттардың, олардың популяциясы мен қауымдастықтарының өзара әрекеттесуі туралы, бұзылған су экожүйесінің мәселелерін шешудің жолдарын біледі. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Табиғи ресурстарды қорғау
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтірудің ықтимал жолдарын анықтау, табиғатты қауіпсіз тиімді пайдалану принциптерін білу. Сұрақтары: табиғи ресурстар мен табиғи қоршаған ортаны сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми шаралар кешені, түрлік әр түрлілік фаунасы мен флорасы, жер қойнауының байлығы, су тазалығы, ормандар мен жер атмосферасы. Табиғатты қорғаудың экономикалық, тарихи, әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Топырақ экологиясы
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты: табиғи және адам қалыптастырған топырақ экожүйелерінің құрылымы мен қызметі туралы базалық білім беру. Курсы келесі сұрақтарды қарастырады: топырақ құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралуы, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалану мен жақсарту жолдары. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, зертханалық сабақтардағы практикалық жұмыстар, оқу практикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геоэкологиялық зерттеулер әдістері
    Несиелер: 5

    Мақсаты. бұзылған аумақтарды қалпына келтіру әдістерін қолдануға үйрету, табиғи жүйелердің экологиялық сыйымдылығын және олардың орнықтылық шектерін талдау. Табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасын, дамуын бағалау. Географиялық ортаны, табиғи, табиғи-антропогендік, әлеуметтік-экономикалық аумақтық геожүйелерді зерттеу әдістерін қарастырады. Ақпараттық технологиялардың көмегімен бұзылған геожүйелерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін талдау. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Геоэкология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:табиғи-антропогендік географиялық жүйелердің кеңістіктік дифференциациясының заңдылықтары туралы терең теориялық білімді меңгерген мамандарды даярлау. Курс студенттерде біртұтас экосфера, атмосфераның, гидрофераның, литосфераның және биосфераның өзара байланысы туралы түсініктерді, оларға адами қоғамның әсерін есепке ала отырып көзқарастар қалыптастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық жұмыстар, оқу практикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Урбоэкология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: урбандалған аумақтарды қалпына келтірудің жолдарын анықтау мүмкіндігін қалыптастыру, урбандалған аумақтардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды ұйымдастыру. Курс «урбанизм», «урбанизация» түсінігі арқылы қалалардың тез өсу факторларын қарастырып, қалалардың экологиялық жүйеге түсіретін нақты ауыртпалықтармен таныстырады. Қалалардың экологиялық маңызды мәселелерін және олардың қоршаған ортаға әсерін талдауды қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық семинарларға қатысу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Макроэкожүйелер экологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Жаһандық экологиялық мәселелер, ҚОҚ саласындағы халықаралық заңнама талаптары туралы білімді қалыптастыру; табиғи ортаға техногендік әсер ету туралы ақпаратты қорытуға үйрету. Макроэкожүйелер экологиясы - биосфераны тұтастай зерттейтін кешенді ғылыми пән. Ғаламдық экологияның негізін биосферадағы заттардың айналымының басты мәселесі деп есептейтін М И Будыко ойлап тапты. Алынған білімді практикада және өндірісте қолдана білу. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Республикалық және халықаралық ауқымдағы табиғатты тиімді пайдаланудың стратегиялары мен әдістері туралы білу, жағдайды талдау және еңбек ресурстарын тиімді қалыптастыру технологияларын таңдау. Курс экономиканың өндіруші секторында табиғатты ұтымды пайдалану және тұрақты даму тәсілін талдауды қарастырады. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы. .

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Популяциялық экология және биоценология
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Мақсаты: популяцияның қоршаған ортамен өзара әсерінің экологиялық заңдылықтарын зерттеумен байланысты аймақтық және жаһандық экологиялық проблемаларды түсіну. Сұрақтары: биоценоздың күрделі ішкі қатынастары; биоценоз мүшелерінің табиғи іріктеу нәтижесінде бірге өмір сүруге бейімделуі; ағзалардың ең маңызды абиотикалық қоршаған орта жағдайларына қойылатын талаптарының ұқсастығы; популяциялық процестерінің динамикасы; биотикалық және абиотикалық қоршаған орта факторларының тығыз байланыстылығы. Алынған білім мен дағдыларды тәжірибеде бекіту және қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Өнеркәсіп экологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қазіргі заманғы бизнестің даму үрдістерін түсінуді қалыптастыру, аймақтың экологиясы үшін маңызы; экономика мен өндірісті басқару саласындағы экологиялық мәселелерді талдай білу, бағалау, табиғи ортаға техногендік әсері туралы ақпаратты талдау. Өндірістік кәсіпорындардың қоршаған ортаға техногенді әсерлерінің сұрақтарын, ластаушы көздерін, ластаушы заттардың құрамы, сандық бағасы туралы сұрақтарды қарастырады. Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды есептеуді үйрету. Мақсатқа жету құралдары: студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, практикалық семинарлар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Экологиялық аудит
    Несиелер: 6

    Мақсаты:Экологиялық өндірістің тиімді жолдарын таңдау, ҚОӘБ негіздерін, әдістерін меңгеру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеуді үйрету. Сұрақтары: кәсіпорын жұмысының, табиғат пайдаланушылардың, экологиялық аудит объектілерінің қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық заңнамаға, НҚА, әдістемелік және нормативтік құжаттарға сәйкестігін анықтауға арналған тәуелсіз, объективті, ведомстволық емес бағалау. Сандық технологияны қолданып экологтардың практикалық қызметінде ҚОӘБ негіздерін үйрену. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Тіршілік ортасы және адам экологиясы
    Несиелер: 5

    Мақсаты: тіршілік ету ортасын сақтау саласындағы аймақтық және жаһандық экологиялық мәселелер, халықаралық және республикалық заңнама туралы білу; табиғи ортаға техногендік әсер ету туралы ақпаратты жинақтау, адам денсаулығы үшін экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін қолдану. Сұрақтары: тіршілік ортасы туралы нақты көзқарастарды, адам-табиғат және қоғам арасындағы өзара әсерлер туралы білімдер жүйесі. Табиғи ортаға техногендік әсер ету мәселелері, экологиялық тәуекелді бағалау әдістері. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экологиялық нормалау және сараптама
    Несиелер: 5

    Мақсаты: өндірісте, технологиялық жобаларда экологиялық нормалаудың принциптерін, әдістерін, табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасын, дамуын бағалауды үйрету. Сұрақтар: экологиялық нормалар, ережелер, принциптер, сапа стандарттары. Шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беру, зиянды экологиялық салдарды болдырмаудың принциптері, жолдары, ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары, қоршаған ортаның сапасын бақылау құралдары туралы білім береді. Практикалық сабақтарда нақты міндеттерді шешуде дағдыларды қолданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экологиялық мониторинг
    Несиелер: 6

    Мақсаты: Экожүйе қызметі туралы білім беру, экологиялық мониторингті ұйымдастыру үшін білімді қолдану, бақылауларды бағалау негізінде тиімді шешімдерді таңдау. Сұрақтары: тіршілік ортасын, экожүйе көрсеткіштерін бағалау, көрсеткіштердің өзгеруін, табиғи апаттар салдарын анықтау, қалпына келтіру шараларын қарастыру, өзгерістердің алдын алу жолдарын бағалау, келтірілген шығындардың орнын толтыру жолдарын анықтау, су, ауа, топырақ, биологиялық қорлар, геологиялық орта жағдайын бағалау. ЭМ негізгі параметрлері, бақылау әдістері бойынша жинақталған білімді қолдану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қалдықтарды басқару
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Қалдықтарды басқару, азайту саласындағы әлемдік шаруашылық салаларының қызметі туралы білу, экожүйелер үшін жаһандық және аймақтық тәуекелдерді бағалау. Курс қалдықтардың қалыптасуы, қозғалысы туралы түсінік береді, өндіріс, тұтыну қалдықтары ресурстар көзі ретінде қарастырылады. ҚО шығарындылар, олардың ерекшеліктері, әсері, проблемалары, технологиялары, дезактивация саясаты туралы білім. Қалдықтарды кәдеге жарату және басқару саласындағы ұлттық және халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білім береді. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Парниктік газдардың шығарындыларын басқару
    Несиелер: 6

    Мақсаты:Жергілікті, өңірлік, жаһандық парникті процестерді сәйкестендіру және сипаттау, экожүйелер қызметінің бұзылуын жоюды шешудің жолдарын таңдау, парниктік газдардың ҚО әсерін бағалау әдістерін меңгеру. Сұрақтары: ПГ шығарындыларының түгендеуін зерттеу, ПГ мониторингі жоспарын әзірлеу, ПГ шығарындыларын азайту бағдарламасын әзірлеу, ПГ шығарындыларын азайту бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуге арналған. ПГ шығарындыларын басқару саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қоршаған ортаны қорғауды институционалдық қамтамасыздандыру
    Несиелер: 5

    Мақсаты: ҚО саласындағы халықаралық, республикалық заңнама талаптары, қазіргі заманғы бизнестің даму үрдістері, оның аймақтың экологиясына маңызын түсінуді үйрету, экономика мен өндірісті басқару саласындағы экологиялық проблемаларды талдау, бағалау, табиғи ортаға техногендік әсер ету туралы ақпаратты жинақтау, экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін қолдану. Сұрақтары: Қоршаған ортаны қорғауды институционалдық қолдау ҚР экологиялық құқық жүйелерін, басқару және маркетинг саласындағы экологиялық құқық негіздерін білу. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экологиялық ресурстану
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Табиғи ресурстарды сақтау, көбейту жолдарын сәйкестендіру, табиғи ресурстарды экологиялық сараптау принциптерін білу. Сұрақтары: табиғи ресурстарды тиімді пайдалу, қоршаған ортаны, биоалуантүрлілікті сақтау, экологиялық мониторингтің әдістерінде төлемдерді есептеудің сызба нұсқасын қолдануға икемді болу. Оқу-зерттеу қызметінде мәселелік жағдайларды шешуде әртүрлі болжамдар жасау, экологиялық сараптаманың жаңа дәстүрлі әдістерін, нормаларын, іргелі экологиялық білімді қолдану. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қоршаған ортаны инженерлік қорғау
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Жергілікті, аймақтық экологиялық мәселелерді сипаттау, экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын жою, қорғаудың тиімді жолдарын таңдау, инженерия әдістерін меңгеру, ақпараттық технология негіздерін меңгеру. Сұрақтары: Қоршаған ортаны жақсарту үшін ғылыми, инженерлік қағидалардың жиынтығын қамтиды. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың экологиялық-экономикалық негіздерін, бұзылған құрылымдар мен экологиялық жүйелердің функцияларын жою жөніндегі ұтымды шараларды қолданып, негізгі өңірлік және экологиялық проблемаларды шешу. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Жүйелік экология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Адам санының өсуі байланысты жаһандық, аймақтық мәселелерді, урбанизация процестерін бағалауға, экожүйелерді табысты сақтау, табиғатты пайдалану үшін білімді синтездеуге, экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеуді, қолдануды үйрету. Сұрақтары: экологиялық мәселелерді жүйелік талдау, экожүйедегі компонентердің бір-бірімен, ортамен байланыс жүйесі, организмнің ерекшеліктері туралы білімдер. Ағзаның ҚО бейімделуін зерттеудің жүйелік әдістері. Цифровизация көмегімен экологиялық ақпаратты өңдеу, сақтау тәсілдерін қолдану. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қорық ісі
    Несиелер: 6

    Мақсаты:Республикалық және халықаралық ЕҚТА қызметі туралы білу, түрлер санының динамикасын талдау, оларды жекелеген өңірлерде орналастыру, түрлерді сақтау жөніндегі жаһандық, аймақтық іс-шараларды бағалау, биологиялық ресурстарды табысты көбейту үшін білімді синтездеу. Оқу курсы табиғатты қорғау проблемаларының кең спектрі туралы білім беруді және оларды жергілікті, өңірлік, ұлттық және жаһандық деңгейлерде шешу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Палеоэкология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Палеонтологиялық материалдар негізіндегі негізгі тарихи жаһандық экологиялық проблемаларды сәйкестендіру, сипаттау, палеоэкологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеуді қолдана білу. Сұрақтары: Жер эволюциясы мен оның теориялық және практикалық қалыптасу аспектілері.. "Палеоэкология" курсы азия климатының, оның бедері, флорасы және фаунасы туралы ақпаратты қамтиды. Экологиялық ақпаратты жинау ,сақтау және өңдеу әдістері қолданылады. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экологиядағы климатология және метеорология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Аймақтық, жаһандық климаттық құбылыстарды сәйкестендіру, сипаттау, экожүйелер мен шаруашылық қызметке климаттық факторлардың әсерін талдау, ақпараттық технологиялардың көмегімен климат туралы ақпаратты алу, өңдеу дағдыларын меңгеру. Оқу курсы метеорология және климатологияның негізгі ұғымдар жүйесімен, терминдерімен таныстыру, атмосфера, климат жайлы түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен байланысын анықтауды қамтиды. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстанның экологиясы/Экология Казахстана/ Ecology of Kazakhstan
    Несиелер: 6

    Мақсаты:Ұлттық экологиялық проблемаларды сипаттау, ҚР экожүйелердің құрылымы мен функцияларын бұзуды жоюдың тиімді жолдарын таңдау. Талдау, бағалау, шешім қабылдау үшін экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу. ҚР экологиялық мәселелерді, экологиялық мониторингінің ерекшеліктерін, табиғат ресурстарының кадастрының сипаттамасын білу, Қазақстан деңгейінде экологиялық өзгерістерді айқындау, бағалау, болжау, процестердің салдарын жою, мемлекеттік ресурстар кадастрын ақпараттық қамтамасыздандыру, ұтымды пайдалану, қорғауды бағалау бойынша жұмысты жүргізу әдістемесін оқытады. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экологиялық биотехнология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Биотехнология арқылы шешуге болатын экологиялық проблемаларды анықтау. Сұрақтар:экологиялық биотехнологияның бағыттары. Биотехнологияның ғылыми негіздерінің жалпы мәселелері – ғылымның дамуы мен тарихы, биотехнологиялық процесстердің мүмкіндігі, спецификасы, биологиялық агенттер, субстрат, аппаратура және алынған өнімдер сипатталады. ҚО қорғау саласындағы халықаралық, өңірлік ұйымдардың қызметіне қатысу, биотехнология әдістерінің көмегімен экологиялық проблемаларды шешу. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қоршаған ортаға әсерді бағалау
    Несиелер: 5

    Мақсаты: Жергілікті, өңірлік, жаһандық экологиялық жағдайларды сәйкестендіру экологиялық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау негізінде қоршаған ортаға әсерді экологиялық-экономикалық бағалаудың әдістерін меңгеру. Сұрақтар: ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға және адам денсаулығына жоспарланған шарушылық экономикалық әрекеттердің салдарлары, қолайсыз әсерлерді болдырмау үшін шараларды әзірлеу. Білім алушыларды СОӨЖ арқылы ғылыми зерттеулерге ынталандыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экологиялық аудандастыру және қашықтықтан зондтау
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Ақпараттық, аэроғарыштық технологиялар негізіндежергілікті, аймақтық экологиялық көрсеткіштерді сипаттау, экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу жолымен аудандастыру жүргізу. Сұрақтары: экологиялық аудандастырудың қағидалары, қашықтықтан зондтаудың әдістері бойынша білімдер. Экологиялық деректерді өңдеу бойынша геоақпараттық жүйелермен жұмыс жасау ережелерін, ArgGIS Desktop бағдарламасының мүмкіндіктерін меңгереді. Мақсатқа жету жолдары: Білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Рекреациялық экология
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Жергілікті, аймақтық рекреациялық ресурстарды анықтау, сипаттау, оларды пайдаланудың жолдарын таңдау, рекреацияда ҚОӘБ экологиялық-экономикалық негіздерін және әдістерін меңгеру. Курс қоршаған табиғи ортаны қорғаудың мәні мен бағыттарын, қоршаған ортаның ластану түрлері, оны қорғау бағыттарын, қоршаған ортаны қорғау объектілері мен принциптері, экологиялық туризм мен қорық ісін дамыту үшін алғышарттар, кәсіпорындардың табиғатты қорғау қызметін қарастырады. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Табиғатты тиімді пайдалану механизмдері
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Табиғатты тиімді пайдаланудың дұрыс технологияларын анықтау және дұрыс таңдау экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын жою, ҚОӘБ-ның экологиялық-экономикалық негіздері мен әдістерін меңгеру. Курс қоршаған ортаның экологиялық менеджментін, тұрақты даму теориясы мен тәжірибесін, басқару принциптері мен экологиялық аспектілерді қамтиды, бірегей білім саласы ретінде түсіндіріледі. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Климаттың өзгеруі және «жасыл» экономика
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Аймақтық, жаһандық климаттық процестерді идентификациялау және сипаттау, климаттық факторларға байланысты экологиялық проблемаларды шешудің тиімді жолдарын таңдау. Оқу курсы климаттың өзгеруі, оның зардаптары, орнықты даму мәселелері, ҚР «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасының қағидалары, климаттың өзгеруімен күрес жөніндегі халықаралық келісімдер, климаттың өзгеруі туралы халықаралық келісімдерге сәйкес ҚР міндеттемелерін оқытады. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Экологиялық қауіпсіздік және болжау
    Несиелер: 5

    Мақсаты:Жергілікті, аймақтық, ғаламдық экологиялық қауіптіліктің көздерін анықтау, экологиялық жүйелер үшін қауіпті жою бойынша шешудің тиімді жолдарын таңдау, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың экологиялық-экономикалық әдістерін меңгеруге, экологиялық ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу негізінде болжам жасай білуге үйрету. Пән ҚО жай-күйін болжау әдістерін және қоршаған ортаны әртүрлі компоненттерінің сапасын бағалау кезінде болжау, бағалау әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Мақсатқа жету жолдары: студенттерді ғылыми зерттеулерге ынталандыру, СОӨЖ.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мутагенез және қоршаған орта
    Несиелер: 5

    Мақсаты:ҚО факторларының генотоксикалық әсерімен байланысты экологиялық проблемаларды анықтау, организмдердің бейімделуі мен эволюциясындағы мутациялық процестердің рөлін түсіну, ескеру. Мутагенездің экологиялық факторларының қауіптілігі, механизмі, зардаптары, экологиялық-генетикалық мониторинг жүргізудің принциптерін, генетикалық токсикология негіздері, физикалық мутагендер туралы теориялық білімдеді қамтиды. Мақсатқа жету құралдары: білім алушыларды ғылыми зерттеулерге ынталандыру, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы, дағдыларды бекіту үшін зертханалық жұмыстар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON6

    экологиялық пәндерді түсінуге, тұтастай экожүйелердің және биосфераның қызметінің негізгі заңдылықтарын түсінуге, қоршаған ортаны бақылауды ұйымдастыруға, білімдерін экологиялық мониторингті ұйымдастыруға қолдануға, бақылауларды бағалауға негізделген тиімді шешімдерді таңдауға бағытталған білімдерді қолдану

  • Код ON8

    бұзылған аумақтарды қалпына келтірудің мүмкін жолдарын анықтау; табиғи жүйелердің экологиялық әлеуеті және олардың тұрақтылығы туралы білімдерін талдау; аумақтардың, өндірістік және технологиялық жобалардың экологиялық сараптамасын ұйымдастыру қағидаларын білу; әртүрлі дәрежедегі табиғи-антропогендік геожүйелердің динамикасын бағалау және қалыптасу қағидаларын білу

  • Код ON1

    жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.

  • Код ON2

    ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.

  • Код ON9

    қоршаған ортаны қорғау саласындағы республикалық және халықаралық ұйымдардың қызметі туралы білу, халық санының динамикасы және оның жеке аймақтарда орналасуын талдау, жаһандық және аймақтық урбанизация процестерін бағалау, еңбек ресурстарын табысты қалыптастыру үшін білімдерді синтездеу

  • Код ON10

    негізгі жергілікті, аймақтық, жаһандық экологиялық проблемаларды анықтау және сипаттау, экожүйелердің құрылымы мен функцияларының бұзылуын тиімді шешу жолдарын таңдау, қоршаған ортаға әсерді бағалаудың жеке әдістері мен бағалаудың экологиялық және экономикалық негіздерін таңдау; қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негіздерін меңгеру; экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қолдану

  • Код ON3

    әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.

  • Код ON7

    аймақтық және жаһандық экологиялық проблемалар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық және республикалық заңнамалардың талаптары туралы білу; қазіргі заманғы бизнестің даму тенденцияларын, оның аймақтар үшін экологияның маңыздылығын түсіну; экономикалық басқару және өндіріс саласындағы экологиялық проблемаларды талдау және бағалау; қоршаған ортаға техногенді әсер туралы ақпаратты жинау, экологиялық тәуекелді бағалау әдістерін қолдану

  • Код ON5

    құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.

  • Код ON4

    дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, эколгиялық қауіп көздерін талдау мен бағалау және тіршілік қауіпсіздігі шарттарын ұйымдастыруды білу.

Top