Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01501 Математика педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілі пәні курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, ағылшын тілінде лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамыту, шетел тілін меңгеруін және ағылшын тілде сөйлейтін елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуін қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып, олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Зерттеу бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесін, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйесін, онтогенездің кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуын, психика дамуының заңдылықтарын, қазіргі психологиялық басқарудың бағыттары мен принциптерін, психологиялық білімдер мен іскерліктерді қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математика мұғалімінің шындыққа жанасымды пайымдау қабілетін дамытудағы ашық есептер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты білім алушының шындыққа жанасымды пайымдау құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады Пәннің мазмұнында шындыққа жанасымды пайымдау ұғымы мен заңдылықтары туралы түсініктер, математикалық ашық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері және білім алушылардың шындыққа жанасымды пайымдау құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. "Геометрия" пәні бойынша ашық есептер мысалында шындыққа жанасымды пайымдаулар алгоритмдерін қолдану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән ғылыми жетістіктердің қалыптасу үдерісін және адамзаттың түрлі дәуіріндегі философиялық ойлардың дамуын зерттейді. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі кезеңдегі философиялық түсініктер мен теориялар, сондай-ақ олардың заманауи ғылымға әсері қарастырылады. Пәнді зерттеуде проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау, философия ғылымындағы онтологиялық және эпистемологиялық бағыттарды қамту көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Алгебра, геометрия және логиканың іргелі мәселелері
    Несиелер: 6

    Жиын, группа, сақина, комплекс сандар теориясы, евклидті және есклидті емес геометрияның теориялық мәселелері, логикалық алгебраның пікірлер, предикаттар ұғымдары және олардың математикалық теоремалардың дәлелдеулері мен стандартты емес жағдайларда қолданулары қарастырылады. Математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер ретінде жоғары ретті теңдеулерді шешу әдістері, математикалық индукция әдісін пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінен зерттеулердің әдіснамасы
    Несиелер: 5

    Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми зерттеудің әдіснамалық негіздері мен теориялық тәсілдері, принциптері мен логикасы, ғылыми этиканың негіздері, ғылыми зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістері, пәндік білімдерді интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректерін өңдеу мен презентациялау әдістерін меңгеру, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптарды орындау және нәтижені көпшілік алдында тиянақты баяндау дағдылары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Математикалық анализдің қосымша тараулары
    Несиелер: 5

    Математиканың классикалық математикалық анализ саласының еселі интегралдар теориясы, қисық сызықты интегралдар, стереометрия, механика, физикадағы беттік интегралдар, өрістер теориясының элементтері және олардың практикада қолданулары қарастырылады. Өрістер теориясының гидродинамика мен электродинамикадағы теориялық және практикалық қолдануларын пәндік саладағы дамытылатын білімдер ретінде пайдалану және оларды интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану
    Несиелер: 6

    АКТ-ның жетістктері және оны қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды оқыту, электронды білім беру орталары, ЦБР және олардың түрлері, ЦБР-ды математика сабақтарында пайдалану жолдары, математикадан қолданбалы программалар пакеттері мен Geogebra бағдарламасының мүмкіндіктері қарастырылады. АКТ-ны математиканы оқытуда пайдалану, ЦБР-ды іздеу, таңдау, қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математикалық анализдің іргелі мәселелері
    Несиелер: 5

    Векторлық алгебра негізінде дифференциалдық есептеу әдістерін қолдану арқылы евклидтік кеңістіктегі сызықтар мен беттердің қасиеттері, беттің ішкі геометриясының толық және орташа қисықтығы арқылы геодезиялық сызықтарды зерттеу жолдары, сызықтық беттердің майысу қасиеттері мен олардың қолданулары жайлы білімдер қарастырылады. Гаусс-Бонне теоремасын эллиптикалық және гиперболалақ беттердегі фигураларды зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп математикасы оқулықтарының проблемалары
    Несиелер: 5

    Қазіргі заманауи математика оқулықтарының мазмұны, құрылымы қолданылуы және олардың өзіне тән ерекшеліктері, оқулықтарды салыстырудың әдіс-тәсілдері, оқулықтарды таныстыру, талдау жүргізу арқылы олардың сапасын бағалау мен зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу, әлеуметтік ойлардың неізінде өз пікірін қалыптастыру мәселелері қарастырылады. Мектеп математикасы оқулықтарының мазмұнын талдау, сараптау нәтижелерін көпшілік алдында нақты хабарлауды ұйымдастыру жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп математика курсының ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Математика курсының логикалық құрылымы, математикалық белгілер мен логика тілі, мектеп математикасының негізгі құрылымдарына шолу, теоремалардың түрлері және оларды дәлелдеу әдістері, негізгі математикалық принциптер, орта мектептегі математиканы оқытуда модельдеу, ықтималдықтар теориясы, математикалық статистика және математика тарихының рөлі қарастырылады. Мектеп математика курсының ғылыми негіздерін зерттеулерде пайдалану және пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Мектеп математикасынан элективті курстарды жобалау проблемалары
    Несиелер: 5

    Элективті пәндердің оқу мақсатын, міндеттерін, әдістерін, қалыптары мен мазмұнын анықтау, сабақты ұйымдастыру және түрлі дидактикалық мақсаттарды қамтитын оқу үлгілерін құрастыру, зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу мәселелері қарастырылады. Элективті курсты жасақтауда әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойлардың негізінде өз пікірін білдіру және оны көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлай алу дағдыларын қалыптастыру жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері
    Несиелер: 5

    Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу пәнінің мазмұны, математиканы оқытудың нақты мақсаттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған оқыту мен бағалаудың тиімді әдістері мен ұйымдастырушылық формалары, оқытудың құралдары, оларды практикада қолданудың ғылыми негіздері қарастырылады. Оқытудың түрлеріне салыстырмалық талдау, математикалық әдістерді меңгеру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктер сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қолданбалы есептерді шешуде математикалық пакеттерді пайдалану
    Несиелер: 6

    Математикалық қолданбалы программалар пакеттері, олардың түрлері мен мүмкіндіктері, пайдалану бағыттары және нақты бағдарламалардың жұмыс істеу принциптері мен қолданулары қарастырлады. MatLab, MathCAD, Mathematica, Maple бағдарламаларының мүмкіндіктері, оларды пайдаланып математикалық есептеулер жүргізу алгоритмдері, есептеулердің графикалық безендірулері мен оларды рәсімдеу арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    "Ғылыми зерттеу және Академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық - прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың математикадан білім сапасын бағалау
    Несиелер: 6

    Математикадан сабақ берудің әдістемесіне үйрету кезінде логикалық ойлауды дамыту, оқушылар білімін бақылау мен бағалау нәтижелерін теориялық талдау әдістері қарастырылады. Білім беру ортасы субъектілерінің ұжымдық жұмыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәсілдері, бағалауға қатысты білімін, түсінігін шығармашылықпен қолдана отырып, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық есептерді шешуде цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістері
    Несиелер: 6

    АКТ, электрондық білім беру орталары, математикалық қолданбалы программалар пакеттері, оқытуға және кері байланыс орнатуға арналған веб-саймандар, математикалық есептерді шешуде қажетті ЦБР-ды іздеу, таңдау қолдану әдістері қарастырылады. Стандартты емес есептерді шешуде шығармашылық қабілетін пайдалану және есептің қойылымын, ЦБР-ды таңдау мақсатын, есепті шығару жолын көпшілік алдында нақты және тиянақты көрсете білу жодары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикалық есептерді шешуге оқытуды ұйымдастырудың теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Математикалық есептердің түрлері, оларды шешудің тәжірибелері мен қазіргі ахуалы, жолдары, заманауи технологиялары қарастырылады. Есеп шешуге оқытуды П.Я.Гальпериннің ұғымдар мен ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру теориясына негіздей отырып ұйымдастыру мүмкіндіктері, деңгейлері және стандартты емес есептерді шешуде шығармашылық қабілетін пайдалану, есепті шығару жолын көпшілік алдында нақты көрсете білу жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Математикадан бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 6

    Оқушылардың математикадан алған білімдерін бағалаудың өлшемдік тәсілі, сапалы білім алуға мүмкіндік беретін өлшемдерді құрастыру жолдары, оқу нәтижесіне бағытталған білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бір-бірімен байланысқан бақылау-бағалау әрекеттерінің жүйесі қарастырылады. Бағалауға қатысты білімін, түсінігін шығармашылықпен қолдана отырып, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бүтін функциялардың нөлдерін зерттеу және олардың қолданулары
    Несиелер: 5

    Жартылай шенелген дифференциалдық операторлардың меншікті мәндері, дифференциалдық операторлардың спектралдық есебінің бүтін функциялармен байланысы, бүтін функциялардың нөлдерінің комплексті жазықтықта орналысуын анықтау мәселелері қарастырылады. Бүтін функциялардың нөлдерін және дифференциалдық операторлардың меншікті мәндерін табуды, бүтін функциялардың нөлдерінің асимптотикасын зерттеуді, интеграл түріндегі бүтін функциялардың нөлдерін бағалауды меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін шыңдап, математикалық білімін жалғастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Бүтін функциялар және экспоненталар қатары
    Несиелер: 5

    Комплексті айнымалылы функциялар теориясының дифференциалдық теңдеулермен байланысын айқындау, квазиполином түріндегі экспоненталық қатарларды зерттеу, қатарлар теориясының голоморфты функциялардан тәуелділігін анықтау мәселелері қарастырылады. Бүтін функциялардың түйіндес диаграммасын құруды, квазиполином түріндегі экспоненталық квазиполиномдардың нөлдерін табуды, өлшемді, өлшемсіз көрсеткіштерден тәуелді экспоненталық квазиполиномдардың нөлдерін табуды меңгеру арқылы шығармашылық қабілетін шыңдап, математикалық білімін жалғастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON5

    математиканы оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін педагогикалық және пәндік білімдерін интергациялайды

  • Код ON6

    жоғары оқу орындары мен орта мектептерде математиканы оқытудың дидактикалық принциптері мен әдістерін қолданады.

  • Код ON1

    математика және математиканы оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерін және зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді

  • Код ON8

    әлемнің ғылыми көрінісін тарихи және философиялық тұрғыдан түсінеді және саралайды.

  • Код ON4

    ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және идеяларды, қорытындылар мен проблема шешімдерін көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлау дағдыларын меңгереді

  • Код ON2

    математикалық білімдерін теориялық және ғылыми практикалық есептерді шығаруда қолданады.

  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыруда ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді

  • Код ON7

    математиканы оқытуда, бақылаулар мен эксперименттердің нәтижелерін теориялық талдауда цифрлық білім ресурстары мен компьютерлік технологияны пайдаланады

Top