Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01504 Химия педагогін даярлау в Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

  • Басқару психологиясы
    Несиелер: 3

    Психологиялық феномендер, категориялар және психиканың қызмет етуі мен дамуының заңдылықтарын зерттеу әдістері туралы ғылым ретіндегі психологияны білу, еңбек ұжымдарындағы әрекеттесу формаларын талдау, өндірісті оптимизациялауға ықпал ететін психологиялық ахуалды қалыптастыру, қызметкерлердің жетілуіне және жеке тұлғалар мен топтардың денсаулығын қорғауға бағытталған интерактивті әдістер мен психологиялық технологияларды жүзеге асыру, магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жоғары мектептің педагогикасы
    Несиелер: 3

    Жоғары мектеп педагогика негіздерін, педагогикалық ғылымның мәнін және негізгі категорияларын, әлемдік білім беру дағдарысы мәселелерін, қазіргі білім берудің дамуының мегатенденцияларын, жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану және жоғары мектеп оқытушыларына негізгі кәсіби-педагогикалық мәдениетті меңгерту жолдарын, әлемдік білім беру кеңістігін, жоғары кәсіби білім берудің реформаларын, жоғары оқу орнының оқыту және тәрбие теориясын, басқару, жоғары мектеп ғылыми іс-әрекеті теориясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қолданбалы химия негіздері
    Несиелер: 5

    Қазіргі қоғамның, жеке тұлғаның қажеттіліктері мен проблемаларын көрсету, фундаментальды химияның заңдарын, химиялық әдістері мен химиялық заттарды өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ күнделікті өмір жағдайында қолдану тәсілдерін қарастырады. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария етуді және проблемаларды шешуді ұйымдастыра отырып, білімді жетілдіреді;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылым тарихы мен философиясы
    Несиелер: 4

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Шет тілі (кәсіби)
    Несиелер: 5

    Шетел тілі пәні курсы магистранттардың мәдениетаралық, коммуникативтік және функционалды құзыреттілігін қалыптастыру, ағылшын тілінде лексикалық және тілдік ерекшеліктерін дамыту, шетел тілін меңгеруін және ағылшын тілде сөйлейтін елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуін қарастырады. Туындаған проблемаларды шешу үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдалану, пән аралық білімдерді интеграциялау көзделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жалпы және бейорганикалық химияны оқыту әдіснамасы мен заманауи технологиясы
    Несиелер: 6

    Жалпы және бейорганикалық химиядан ЦБР пайдаланып, білім берудің мазмұнының ерекшіліктерін, ғылыми дүниетанымын, экологиялық, ақпараттық мәдениетін іс жүзінде қалыптастыруын, заманауи әдіснамалық әдістерін, оқу материалдарының құрылым-логикалық байланысын белгілі ретпен берілуін қарастырады. Оқытудың әдіс-тәсілдері талданып, кәсіби білімдері, шығармашылық қабілеттері шыңдалады. Оқытудың ұйымдастыру формалары мен нәтижеге бағытталған білім беруді жүзеге асыру механизмі сарапталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи бейорганикалық химияның теориялық аспектілері
    Несиелер: 5

    Заманауи бейорганикалық химияның соңғы жүзжылдықтағы дамуының негізгі кезеңдерін, химиялық процестердің басымдықтарының пайда болуын, химияның қазіргі заманғы өзекті мәселелерінің шешімін талдауын, химиялық реакциялардың жаңа аспектілерін, өндіріс пен тұтынудың әртүрлі салаларындағы нақты мүмкіндіктерін қарастырады. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін жария етуді және проблемаларды шешуді ұйымдастыра отырып, білімді жетілдіреді;

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Заманауи аналитикалық химияның теориялық негіздері
    Несиелер: 5

    Заманауи аналитикалық химияның ғылыми зерттеу әдістерін әзірлеу, қолданыстағы әдістерді жетілдіру, жаңа аспаптарды құрастыру, жаңа реактивтерді синтездеу тәсілдері қарастырылады. Талдау әдістеріне өзіндік пікір қалыптастыру үшін қазіргі құрал-жабдықтармен АКТ қолдану және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жасыл химия процестерін жүзеге асыру және лабораториядан тыс анализ жүргізу әдістері
    Несиелер: 5

    Химиялық процестерді жүргізудің шарттарын құрастыру, таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін іргелі білім беру жүйесі, химиялық реакцияларды, процестерді құрастырудың негізгі тәсілдерін зерттеуге, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды, жоюды қамтамасыз ететін химиялық процестерді қарастырады. Заманауи ғылыми принциптермен, эксперименталдық, технологиялық амалдардың экологиялық проблема шешімдерін көпшілік алдында таныстыру жолдары сипатталады. Пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Жоғары оқу орнында химияны оқытудың өзекті аспектілері
    Несиелер: 5

    Химиялық білім беру теориясының, әдіснамасы мен практикасының өзекті аспектілері қарастырылады. Заманауи талаптар контексінде химияны оқытудың дидактикалық, әдістемелік және технологиялық негіздеріне ерекше көңіл бөлінеді. Стандартты емес жағдайларда кәсіби міндеттерді шешу үшін білімді шығармашылық қабілетімен, идеяның проблемалық шешімдерін талдау және көпшілік алдында жариялымға ұсыну жолдарын көздейді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Қоршаған ортаның химиясы мен токсикологиясы
    Несиелер: 5

    Атмосфераның, судың, топырақтың құрамындағы химиялық процестерді, химиялық ластану жолдары мен алдын алу, қалдық газдар, ағынды сулардың шығарындыларын тазарту әдістері, органикалық, органикалық емес, элементорганикалық токсиканттардың адам денсаулығына теріс әсер ету мәселелері қарастырылады. Заманауи ғылыми принциптермен, эксперименталдық, технологиялық амалдардың экологиялық проблема шешімдерін көпшілік алдында таныстыру жолдары сипатталады. Пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Элементорганикалық қосылыстардың химиясы
    Несиелер: 5

    Жаңа элементорганикалық қосылыстар химиясын синтездеудің құрылысы, реакциялық қабілеті, реакциялар механизмдерін анықтауда эксперименталды нәтижелерді интерпретациялауда элементорганикалық қосылыстардағы молекулалардың құрылымы және реакцияларды зерттеудің физикалық әдістерінің негіздері қарастырылады. Талдау әдістеріне өзіндік пікір қалыптастыру үшін қазіргі құрал-жабдықтармен АКТ қолдану және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Заманауи физикa-химиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Заманауи физика-химиялық әдістердің мәні, аспаптар, схемалар, аппараттардың жұмыс тәртібі, жарықтың жұтылу заңы, хроматография әдісі, ИК-, ЯМР-спектроскопия, фотоэлектроколориметр, аспап жұмысының схемасы, сипаттамасы және принциптері, градуирленген графиктерді құрудың тәсілдері қарастырылады. Заманауи зерттеулерде физика-химиялық әдістерді, химиялық талдау мәселелерінің шешімі, қорытындыларын рәсімдеуі және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары көзделеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химиядан эксперименттік есептер шығару технологиясы
    Несиелер: 5

    Пәнді оқу барысында жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін, шығармашылық тапсырмаларды шешуін, магистранттардың химия ғылымында интеллектуалды қабілеттерін дамытады, химиялық эксперименттік есептерді шығару дағдысын қалыптастырады, қиындығы әр түрлі есептерді құрастыру тәсілдерін жетілдіреді. Химиялық жобаларды даярлап, жариялымға ұсыну тәсілдерін анықтайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Органикалық қосылыстарды зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Органикалық қосылыстарды зерттеудің негізгі әдістеРассматривает рінің іргелі білімін, органикалық қосылыстарды химиялық талдауды зерттеудің өзекті мәселелерін, органикалық қосылыстардың сипаттамалары мен аспаптар жұмысының принциптерін қарастырады. Органикалық қосылыстарды заманауи зерттеуде физика-химиялық әдістер мен химиялық талдау мәселелері шешіліп, қорытындылары жариялымға ұсынылады және пәнаралық білімдер интеграцияланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Химиялық технологияның теориялық және қолданбалы аспектілері
    Несиелер: 6

    Химиялық-технологиялық процестердің негізгі дамуының қолданбалы аспектілерінің заңдылықтары, процестерді ұйымдастырудың əдістері, химия өнеркəсібінің шикізаты, су, ауа жəне энергия көздері туралы мəліметтер қарастырылады. Бейорганикалық, органикалық синтездің негізгі өнімдерді өндіруде кәсіби проблемаларды шешу үшін, білімді, шығармашылық қабілетті пайдалана біледі, пәнаралық білімдер интеграциялаланады, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Заманауи органикалық химияның теориялық негіздері
    Несиелер: 6

    Органикалық химиядағы реакциялардың механизмі мен әдістерін, органикалық қосылыстардың стереохимиясының проблемалық мәселелерін, электрондық ығысу заңдылықтарын, органикалық реакциялардағы функционалдық топтарды қорғау және регенерациялау әдістерін қарастырады. Қазіргі органикалық химияның теориялық және синтетикалық мәселелерін шешу үшін білімді, шығармашылық қабілетті пайдалана біледі, пәнаралық білімдер интеграциялаланады, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Химиялық процестердің кинетикасы мен термодинамикасы
    Несиелер: 5

    Химиялық процестердің кинетикасы, макроскопиялық жүйелердегі химиялық, фазалық айналуларды талдау үшін негізгі кинетикалық әдістер қарастырылады. Қолданатын білім негізінде көп компонентті, көпфазалы жүйелердегі процестердің кинетикалық моделін құру, стандартты емес жағдайларда кәсіби білім, түсінік пен шығармашылық қабілет практикада қолданады. Пәнаралық білімдерді интеграциялау, мәселелік шешімдер сыни тұрғыдан талдау жолдары жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Химия және ерітінділердің термохимиясы
    Несиелер: 6

    Ерітінділердің термохимиясы – химиялық реакциялардың жүру барысындағы жылу эффектісін және элементтердің физико-химиялық параметрлеріне тәуелділігін, жылудың фазалық өтулерін, ерулерін, қосылуын, жылу сыйымдылықты және заттардың энтальпиясы мен энтропиясын тағы басқа процестерді қарастырады. Кәсіби проблемаларды шешу үшін білімді практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәнаралық білімдерді интергациялау жолдары жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат
    Несиелер: 5

    "Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Заманауи физикалық химияның өзекті мәселелері
    Несиелер: 5

    Заманауи химиялық процестердің бағыттылығына, ағымына, жылдамдығына, ортаның, қоспалардың табиғатына, сәулеленудің және т.б. әсерін, реакциялық өнімдерді анықтайтын негізгі заңдылықтарын зерттеуі мен тұжырымын қарастырады. Стандартты емес жағдайларда кәсіби білім, түсінік пен шығармашылық қабілет практикада қолданады. Пәнаралық білімдерді интеграциялау, мәселелік шешімдер сыни тұрғыдан талдау жолдары жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Заманауи коллоидты химияның өзекті мәселелері
    Несиелер: 6

    Заманауи коллоидтар химиясында электрокинетикалық құбылыстардың және коллоидтық химияның өзекті мәселелері, жоғары дисперсті жүйелердің әртүрлі қасиеттері мен беттік құбылыстары қарастырылады. Коллоидтық химияның жетістіктерін өндірістің әртүрлі салаларында кәсіби проблемаларды шешу үшін білімді практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәнаралық білімдерді интергациялау жолдары жүзеге асырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Код ON2

    барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда кәсіби және басқарушылық проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдалана білу;

  • Код ON1

    зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде химияны оқыту саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, сондай-ақ зерттеу әдістерін және академиялық хатты білу және оқытылатын салада қолдану;

  • Код ON4

    идеяны, қорытындылары мен проблема шешімдерін нақты және тиянақты көпшілік алдында хабарлауды ұйымдастыру;

  • Код ON3

    әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыру үшін командада жұмыс істеу дағдыларын және академиялық адалдық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсете білу;

  • Код ON5

    химияны оқыту саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәнаралық білімдерін интеграциялай білу.

Top