Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01501 Математика мұғалімдерін даярлау в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

  • Сызықты алгебра‘
    Несиелер: 6

    Пәнінің мақсаты - матрицалар мен анықтауыштардың теориясының негізгі ұғымдарын, комплекс сандар өрісін, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің негізгі әдістерін зерттеу. Матрицалар және оның түрлері. Матрицаға амалдар қолдану. Анықтауыштар. Қасиеттері және есептелуі. Кері матрицаны табу формуласы. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдістері. Меншікті векторлар, матрицаның меншікті мәні және оларды табу. Көпмүшеліктер. Сызықты кеңістік туралы түсінік. Сызықты бейнелеу. Сызықтық операторлар және операторларға амалдар қолдану. Сызықты және бисызықты формалар.Квадраттық форманың канондық түрі Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер негізгі әдістерді біледі және сызықтық алгебра есептерін шығара алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – педагогиканың әдіснамалық негіздері және зерттеу әдістерін ашып көрсету; білім алушыларда тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру және басқару дағдыларын қалыптастыру.Білім берудің заманауи жүйесін ғылыми негіздеу; әлеуметтік және мәдени құндылықтарды толықтыру және сақтауда білім берудің рөлі; тұтас педагогикалық процестің мәні, құрылымы, қызметі және оны жүзеге асыру технологиялары; мұғалімнің тұлғалық сапалары, кәсіби құзыреттілігі, шеберлігі оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Білім ортасы мен білім алушының үндесуі (Құқық негіздері, Коррупцияға қарсы мәдениет, Ұлтаралық келісім, 1 курс семинары)
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты студенттердің оқытудың кредиттік технология негіздері, оқу үдерісін ұйымдастырудың кредиттік технологиясы және Қазақстанның құқықтың жүйесінің негіздері бойынша білімін қалыптастыруға бағытталған. Оқу барысында құқықтық және демократиялық мемлекет құндылықтары, ұлтаралық қатынастардың егеменді елдің қалыстасуындағы орны мен этномәдени сауаттылық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың табиғаты мен оның пайда болуы себептері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер құқықтық қатынасқа түскен субъектілер мен объектілердің құқықтық мәртебесі, жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлық бойынша жасалған құқықбұзушылық пен аталған әрекет үшін жауапкершілікке тарту шараларын айқындай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Психология негіздері
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттерде психикалық әрекеттің жалпы заңдылықтары, негізгі категориялары, іргелі теориялар мен психологиялық ғылымның негізгі әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пән қазіргі психологияны сыни талдауға бағытталған. Келесі мәселелер қарастырылады: психологиядағы міндеттер мен әдістер; психологияның қалыптасу кезеңдері; психика, сана және өзіндік сана; жоғары психикалық функциялар; психикалық танымдық процестер; тұлғаның мінез-құлқын реттеудегі психикалық күйдің рөлі; жеке-типологиялық қасиеттер мен категориялар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Сандар теориясы’
    Несиелер: 6

    Пәнінің мақсаты – сандар теориясының негізгі түсініктерін меңгеріп мамандық бойынша арнайы пәндерде қолдану. Сызықтық операторларды, өрісті, бөлінгіштік белгілерін, сандық функцияларды оқып үйрену студенттердің логикалық-математикалық ойлауын дамытуда пән негізгі құралдардың бірі болып табылады. Сандар теориясының негіздері: модульдер, реттер, топтар, сақиналар, денелер, өрістер, қалдық кластары, идеалдар. Евклид алгоритмі: ЕҮОБ және ЕКОЕ табу. Бүтін сандар класы. Ферма теоремасы. Эйлер теоремасы. Жай сандар. Бөлінгіштік теориясы. Комплекс сандар өрісі. Комплекс сандардың алгебралық және тригонометриялық жазылуы. Түбірді табу. Салыстыру және оның қасиеттері. Алгебралық сандардың қарапайым қасиеттері. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер негізгі әдістерді біледі және сандар теориясы бойынша есептерді шығара алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Элементар математика'
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты – студенттердің алдағы уақытта келесі оқылатын пәндер үшін қажетті мектеп бағдарламасы бойынша математика курсында алған негізгі ұғымдары мен әдістерін оқып және ары қарай кеңейту, себебі математиканың барлық дерлік тараулары элементар математикадағы әдістер мен тәсілдерге негізделген. Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру. Алгебралық және трансцендентті теңдеулер. Теңсіздіктерді шешу және дәлелдеу. Математикалық анализге кіріспе. Геометриядағы жазық фигураларға кіріспе. Жазықтықтағы геометриялық фигураларды салу сұрақтары. Кеңістіктегі геометриялық фигураларды салу сұрақтары. Стереометрияға кіріспе. Математикалық есептерді құру және шешу. Қызықты математикаға кіріспе. Курсты меңгеру нәтижесінде оқушылар мектептегі математика курсының есептерін шығара алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Бауыржантану
    Несиелер: 3

    Пән мақсаты студенттердің бойында ұлттық, патриоттық қасиеттерді қалыптастырып, дамыту мақсатында, Б. Момышұлының шығармашылық жолын оқыту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: Б. Момышұлының шығармашылық жолы мен өмірі, күнделіктері мен естеліктері, мақал – мәтелдері мен афоризмдері, публицистика мен әңгімелері, қазақ сөз өнері тарихындағы бірегей жаңалықтары, хаттары. Ұлы Б.Момышұлының «Восхождение к отцу», «Во имя отца» шығармалары мен онда құрылған батыр бейнесінің ерекшеліктері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өзін-өзі тану
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты– «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының негіздерімен таныстыру, болашақ педагог тұлғасының рухани-адамгершілік өзгеруіне, ішкі әлеуетінің ашылуына ықпал ету.Осы пән аясында келесі сұрақтар қарастырылады:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздері, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері, біртұтас педагогикалық үдерісіндегі өзін-өзі тану интеграциясы

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математика тарихы мен методологиясы’
    Несиелер: 5

    Курс мақсаты - негізгі математикалық ұғымдардың қалыптасу кезеңдерін және жолдарын ашу және көрсету, әсіресе, математиканың өзінің негізін, мазмұнын; болашақ математика пәні мұғалімі бойында практикалық және қолданбалы математикалық есептерді тиімді шеше білу біліктілігін және машығын қалыптастыру. Арифметика, геометрия және математиканың әр түрлі жеке теорияларының пайда болу тарихы. Математиканың эволюциясы. Ежелгі математика. Орта ғасырлардағы математика. Қайта өрлеу дәуірінің математикасы. Математиканың шартты белгілерінің, терминдері мен ұғымдарының пайда болуы. Ұлы ғалым-математиктер: шетелдік, отандық. Қазіргі кездегі математик ғалымдар және олардың еңбектері. Математиканың қазіргі мәселелері және олардың мазмұны Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер негізгі математикалық ұғымдар мен теориялардың пайда болуымен және дамуымен таныс болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Қазақстанның сакралды географиясы
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін сипаттау қабілетін қалыптастыру және қазақстандық мәдениетті насихаттау, оның рөлін анықтау. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: негізгі ұғымдар, Қазақстанның киелі жерлерінің орналасуы, Қазақстанның аномалды және жұмбақ орындары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, діни және діни объектілер, тарихи тұлғалармен байланысты қасиетті орындар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Рухани сабақтастық (Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі)
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты: Қазақтың рухани әлемінің біртұтастығы жөніндегі түсініктерді көрсете отырып, ұлттық тарихтың руханилық мәніне түбегейлі жаңаша көзқарасты қалыптастыру. Пәнді оқыту юарысында жастарды өзінің ұлттық бастауларын іздеуіне, оларды халықтың генетикалық жадына, оның дамуының ұзақ тарихында қалыптасқан мәдени кодына бағыттау. Өскелең ұрпақты қазақтың рухани-философиялық тарихымен қауыштырып, «Ұлттық кодты сақтау» талабына сай білім беру. Ұлы тұлғалардың рухани мұрасымен таныстыра отырып, студенттерді өз Отанын сүюге, халқының мәдениетін қастерлеуге тәрбиелеу қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – болашақ педагогтерді сынып жетекшісінің оқушылар ұжымы,тәрбиесі қиын және дарынды балалармен жұмыс жүйесі, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі, оқушылардың ата-аналармен ынтымақтастығының технологиясымен таныстыру. Тәрбиелеу процесі тұтас педагогикалық процестің ажыратылмас бөлігі ретінде; сыныптың, мектептің тәрбие жүйесі; заманауи білім беру процесіндегі тәрбие технологиялары; тәрбиелеу жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің диагностикасы оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Аналитикалық геометрия‘
    Несиелер: 5

    Пәннiң мақсаты – бiлiмгерлерге негізгі түсініктерді және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргiзуiне қажеттi математикалық мәдениетін, логикалық ой-өрiсін, аналитикалық геометриядан есеп шығару әдiстерiн үйрету, оның жолдарын табуға сезiмталдық пен бейiмдiлiкті қалыптастыру. Векторлық алгебраның элементтері. Декарттық және аффиндік координаталар жүйесі. Полярлық координаталар. Геометрия есептерін шешуде координаталар әдісін қолдану. Жазықтықтағы түзулер. Екінші ретті қисықтарды канондық теңдеулері арқылы зерттеу. Кеңістіктегі декарттық координаталар жүйесі. Кеңістіктегі нүктелер, түзулер және жазықтықтар. Кеңістіктегі аналитикалық геометрия. Екінші ретті беттер. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер аналитикалық геометрияның негізгі тарауларымен таныс болады және аналитикалық геометрияның жазықтықта және кеңістікте есептерін шығара алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Дулатитану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты –тарихшы, дипломат, қоғам қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметінің прогрессивті, адамгершілік сипаты туралы білімді қалыптастыру; "Тарих-и-Рашидидің" тәрбиелік рөлін түсіну. Курс ұлы ғалымның шығармашылық мұрасы мен рухани құндылықтарының негізгі аспектілерін талдау қабілетін қалыптастырады; М.Х. Дулатидің "Тарих - и – Рашиди" еңбегінің Қазақ хандығының құрылу тарихындағы тарихи маңызы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Ұлт дәстүрлері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты студенттерді елеміздің, оқытылатын шет тілі елдерінің мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен, негізгі мемлекеттік және халықтық мерекелерімен таныстыру. Қарастырылып оқытылады: ұлттық дәстүрлердің тәрбиелік құндылығы мен маңызы, ұлттық дәстүрлерді зерттеу орны, ұлттық дәстүрлердің қоғамдағы рөлі және олардың қоғамдық қатынастарды реттеуге әсері, дәстүр түрлері, ұлттық дүниетанымдағы дәстүрдің орны, ұлт, этникалық топ, адам туралы түсінік пен дәстүрлердің өзара байланысы, ұлттық әдебиеттегі салт-дәстүрлердің көрінісі, ұлттық дәстүрлердегі Түрік өркениетінің интеграциялық әлеуеті, заң шеңберіндегі ұлттық дәстүрлер және Заң Үстемдігі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математикалық есептерді шешу практикумы'
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – математикалық есептерді шешудің әртүрлі әдістерін қолдана білу қабілетін қалыптастыру, оларды шешу әдістері мен тәсілдері туралы білімдерін кеңейту және тереңдету негізінде математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету. Бөлінгіштік. Жай және құрама сандар. Теңдеулерді математикалық модельдеу әдісі ретінде құру. Өрнек. Теңдеулердің классификациясы. Теңдеулер мен теңсіздіктер. Комбинаториканың элементтері. Планиметрия. Жазық фигуралар және оның элементтері. Стереометрия. Кеңістіктегі денелер және оның элементтері Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер практикалық есептерді шешуде қарапайым математиканың есептерін шешудің негізгі әдістері мен жолдарын пайдалана алады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері’
    Несиелер: 6

    Пәннiң мақсаты – бiлiмгерлерге негізгі түсініктерді және ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргiзуiне қажеттi математикалық мәдениетін, логикалық ой-өрiсін, есеп шығару әдiстерiн үйрету, оның жолдарын табуға сезiмталдық пен бейiмдiлiкті қалыптастыру. Сонымен қатар, шексіз аздарды талдаудың негізін құрайтын дифференциалдық және интегралдық есептеулер арқылы, айнымалы шамаларды зерттеудің фундаменталдық әдістерімен білімгерлерді таныстыру. Математикалық анализге кіріспе. Негізгі сандық жиындар. Бір айнымалы функциялар. Элементар функциялар. Шектер теориясы. Бір айнымалы функцияның шегі. Бір айнымалы функцияның үзіліссіздігін зерттеу. Бір айнымалы фунцияның туындысы.Дифференциал. Орта мән туралы теорема. Бір айнымалы функцияларды дифференциалдық есептеулердің көмегімен зерттеу.Бір айнымалы функцияны толық зерттеу және оның графигін салу. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде математикалық талдау есептерін шығару дағдысы қалыптасады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Өлкетану
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - өлкетанудың мәні мен мағынасын сипаттау қабілетін қалыптастыру; өлкетану жұмысының негізгі нысандары мен әдістері. Курс өз өлкесінің табиғатын, халқын, тарихы мен мәдениетін; өлке тарихының географиялық, этнографиялық және демографиялық ерекшеліктерін, қоғамдық өмірі мен даму келешегін; туған өлке тұрғындарының шаруашылық - тұрмыстық өмірін; аймақтың археологиялық ескерткіштерін жан-жақты білуді қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Математика сабағындағы математика тарихының элементтері’
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математика пәні бойынша орта мектептің тарихи материалдарымен таныстыру, Негізгі математикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдарын және ғалымдардың ғылымның дамуына қосқан үлестерін көрсету. Орта мектептердегі математика сабағындағы тарихи материал. Математика адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде. Ең қарапайым математикалық түсініктер және олардың пайда болуы. Тарихи міндеттер. Өткен және қазіргі ғалым-математиктер. Біздің заманымыздың атақты математиктері: шетелдік және отандық. Қазақстандық математиктердің ғылымның дамуына қосқан үлесі Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер негізгі математикалық ұғымдар мен теориялардың пайда болуымен және дамуымен таныс болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 1
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында математикалық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі‘
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты: Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және дамыту. Математикалық сауаттылықты қалыптастыру технологиясының әдістерін меңгеру. Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін қолданылатын есептеулер мен жаттығулар жүйесі, PISA, TIMSS және PRILS халықаралық зерттеулерінің материалдарына талдау жасау. Сын тұрғысынан ойлау негізінде математикалық сауаттылықты бағалау әдістемесі мен критерийі. Математикалық сауаттылық есептерін шешудің негізгі тәсілдерін меңгеру Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру дағдылары қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Білім берудегі менеджмент
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты – білім алушыларда басқару дағдыларын қалыптастыру: жоспарлау, ұйымдастыру,ынталандыру,талдау және бақылау. Басқару объектісі, субъектісі және қызметтері; мектептік жүйені басқарудың формасы мен бағыттары; білім беру мекемелеріндегі инновациялық процесті басқару және диагностикалау; білім басшыларының, мұғалімдердің және сынын жетекшілерінің технолологиялық деңгейлері және кәсіби шеберлігін арттыру жүйесін басқару; басқару және білім берудегі менеджерлердің көшбасшылығы оқытылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикадағы физика'
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты болашақ мамандарға ғылыми-техникалық ақпаратты бағдарлауға, физикалық принциптер мен заңдарды, сондай-ақ олар жұмыс істейтін техниканың сол салаларындағы физикалық жаңалықтардың нәтижелерін пайдалануға мүмкіндік беретін іргелі физикалық дайындықты қамтамасыз ету болып табылады. Олар: механика, кинематика және материалдық нүктенің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының динамикасы, механикалық сұйықтық, арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері, молекулалық физика, молекулалық физика және термодинамика негіздері. Электростатиканың электр және магнетизмі. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Тұрақты және ауыспалы электр тогы. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер физиканың негізгі ұғымдары мен заңдарымен танысып, қолданбалы есептерді шығаруда қолдана алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бір айнымалы функцияның интегралдық есептеулері’
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты студенттерді курстың өзін терең зерттеуге, сондай-ақ жалпы математикалық мәдениетті тәрбиелеуге қажетті интегралдық есептеудің негізгі ұғымдары мен әдістерімен таныстыру; болашақ кәсіби қызметтің негізі ретінде іргелі математикалық даярлықты қамтамасыз ету; дүниетанымды қалыптастыру және болашақ педагогтың тұлғасын дамыту болып табылады. Анықталмаған интегралдар және оның қасиеттері. Анықталмаған интегралды табудың негізгі әдістері. Рекуррентті формула. Элементар және трансценденттік функциялар класын интегралдау. Риман бойынша анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы. Анықталған интегралды табу әдістері. Меншіксіз интегралдар Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде математикалық талдау есептерін шығару дағдысы қалыптасады

    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Математикалық логиканың негіздері’
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математикалық ойлауды дәлелдеу және математикалық белгілер туралы толық түсінік беру. Математикалық белгілеулер. Формальді жүйелер. Математикалық пайымдардың дәлелділігі. Дәлелдеудің дедуктивті әдісі. Математикалық дәлелдеулер. Математиканың негіздері. Формальді логиканың негізгі заңдары. Мысалдар. Семантикалық толық және семантикалық жарамды есептеулерге ие болатын математикалық логика тілдері. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер математикалық сөйлемдер мен дәлелдемелердің құрылымымен таныс болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 2
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - формативті және жиынтық бағалаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын қарастыру, жоғары сапалы нәтиже алуға ықпал ететін студенттердің оқу әрекетінің нәтижелерін бағалау критерийлерін әзірлеу. Қалыптастырушы бағалау әдістері, бағалау құралдары, дескрипторлар, жиынтық ішкі бағалау, жалпы бөлімді бағалау, жалпы сыртқы бағалау, оқушының үлгерімі туралы есеп, портфолио, модерация, ата-аналармен жұмыс, оқушының жеке үлгерімі. оқушының жеке даму траекториясын түзету, оқушының мотивациясын, рефлексиясын, рефлексиялық есеп беруін, қашықтықтан оқытуда бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану қарастырылатын болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Тіршілік әрекеттері қауіпсіздігінің негіздері
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттерде «Адам-тіршілік ортасы» жүйесіндегі қауіпті анықтау (тану немесе айқындау) дағдыларын қалыптастыру. Мыналар зерделенетін болады: адам қызметіне қарамастан және/немесе антропогендік факторлардың тікелей әсер етуі нәтижесінде техносферада туындайтын қауіпті және зиянды факторлар; азаматтық қорғау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының рөлі мен маңыздылығы, сондай-ақ тіршілік ету ортасында (техносферада) адамның қолайлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында халықты әртүрлі төтенше жағдайлардан қорғаудың жүргізілетін негізгі ұйымдастырушылық қағидаттары қаралады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Анықталған интегралдың қолданылуы және қатарлар теориясы’
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты математикалық білімнің іргелі саласы ретінде математикалық талдау туралы түсінікті қалыптастыру; математикалық және компьютерлік циклдердің пәндерін әрі қарай оқу кезінде алынған білімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Анықталған интегралдың геометриялық қолданылуы: аудан, доғаның ұзындығы, көлем, беттің ауданы. Анықталған интегралдың физикалық қолданылуы: жұмыс, ауырлық центрі, инерция моменті. Сандық қатарлар. Жинақталу белгілері. Таңбалалры ауыспалы қатарлар. Функционалдық қатарлар. Дәрежелік қатарлар. Қасиеттері. Дәрежелік қатардың жинақталуы.Жинақталу аралығы және радиусы. Тейлор, Маклорен және Фурье қатарлары. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде математикалық талдаудың қолданбалы есептерін шығару дағдылары қалыптасады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қазақ тілі (Латынша жазу)
    Несиелер: 2

    Пәнді оқыту мақсаты: оқыту үрдісінде латыннегізді қазақ әліпбиін және емле ережесін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: Жазудың жалпы даму тарихы және қазақ жазуы. Латын графикасына көшу туралы көзқарастар, оны зерттеудің теориялық және практикалық мақсаттары. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің жобасы мен графика мәселесі, оны оқытудың әдістемесі мен теориялық негіздері. Латын әліпбиінің негізгі принциптері және оны оқытудың педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық негіздері. Әріптер мен түбір сөздердің емлесі. Бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесі. Бас әріп пен күрделі сөздердің емлесі. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі және сөздердің тасымалдануы. Кейбір кирилл әріптері мен шеттілдік сөздердің емлесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математикалық логика және дискретті математика‘
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математикалық логика әдістерін, сөйлеу теориясы және сөйлеу әрекеттері, сөйлеу теориялары, тұжырымдарды есептеу теориялары, нақты функция және Буль функциясы теориясы, предикаттар теориясы туралы толық таныстыру. Жиындар теориясы және оларға амалдар қолдану. Комбинаторика. Пікірлер туралы түсінік және оларға амалдар қолдану. Пікірлер алгебрасының негізгі формулалары. Предикат туралы түсінік. Предикаттар алгебрасының формулалары. Дедукция теоремасы және оның салдары. Қайшылықсыздық, пікірлердің есептеу теориясының, толықтығы. Есептер мен алгоритмдер. Дискретті математика пәні. Графтар теориясы. Ағаштар және олардың қасиеттері. Буль функциялары. Кодтау теориясының элементтері. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер математикалық логика және дискретті математика есептерін шығара алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Дифференциалдық теңдеулер‘
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - дифференциалдық теңдеулер теориясының негізгі ұғымдарын зерттеу және пән тақырыптары бойынша практикалық есептерді шешудің негізгі тәсілдерін меңгеру. Бірінші ретті сызықтық жай дифференциалдық теңдеулер. Жоғары ретті жай дифференциалдық теңдеулер. Коэффициенттері тұрақты біртекті және біртекті емес сызықтық жай дифференциалдық теңдеулер. Жай дифференциалдық теңдеулер жүйесі. Шешімдердің бар болуы және жалғыздығы туралы теоремалары Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер дифференциалдық теңдеулер теориясының әртүрлі қолданбалы есептерін шығара алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Математиканы оқыту әдістемесі'
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты - студенттерге осы пәннің маңыздылығын түсінуге көмектесу және осы курсты олардың кәсіби дайындық жүйесіндегі орталық ретінде тағайындау; мүмкіндігінше Математиканы оқыту пәні мен әдістері туралы тұтас түсінік беру. Математиканы оқыту әдістемесінің жалпы негіздері. Математиканы оқыту әдістерінің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, мәселелері мен әдістері. Математикалық білім берудің міндеттері, функциялары мен мазмұны.Математиканы оқыту принциптері мен әдістері және олардың классификациясы. Ойлау мен оқу формалары.Түсінік, анықтама, теоремалар. Сабақтың түрлері: талаптар, ұйымдастыру, талдау. Білімді бақылау. Есеп және оның классификациясы. Алгоритмдеу. Сыныптан тыс және факультатив жұмысы.Оқыту технологиясы. Дербес әдістеме. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер оқу үрдісінің заманауи технологияларымен таныс болады және оларды кәсіби іс-әрекетіне енгізе алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Еңбекті қорғау
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 1
  • Қолданбалы экономика
    Несиелер: 3

    Пәннің негізгі мақсаты – студенттердің бүкіл оқу курсының әртүрлі пәндерін оқуда алған білімдерін одан әрі пайдалануға мүмкіндік бере отырып, экономика теориясының негіздерін меңгеру. Шаруашылық жүргізуші субъектілер экономикасының концептуалды негіздері, экономиканың микро және макродеңгейдегі қызмет етуінің негізгі категориялары мен заңдылықтары, кәсіпкерлік құрылымдардың қызмет етуінің экономикалық механизмі, сұраныс пен ұсыныс, икемділік, бәсекелестік және нарық түрлері, мемлекеттің нарыққа араласуы, өндірістің экономикалық негіздері мен кәсіпорын ресурстары, өндіріс және шығындар, экономикалық тиімділік зерттелетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Экология және тұрақты даму
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – студенттерде табиғаттың тұрақты дамуының негізгі заңдылықтарына біртұтас көзқарас пен тірі ағзалардың қызмет ету заңдылықтарының негізгі кезеңдерін талдау дағдыларын. Тірі организмдердің қауымдастықтары және жалпы биосфера, экологиялық процестерді талдау, табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының нақты міндеттері мен басымдықтарын белгілеу дағдыларын қалыптасытыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика‘
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерде кездейсоқ оқиғалармен жұмыс істеу және кәсіби қызметке дайындалу бойынша жалпы ғылыми және жалпы мәдени дағдыларды дамыту. Комбинаторика. Ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары. Ықтималдықтың негізгі теоремалары. Сынақтарды қайталау. Дискретті, үзіліссіз кездейсоқ шамалар және үлестіру функциясы. Кездейсоқ шамалардың сандық характеристикалары. Үлкен сандар заңы. Кездейсоқ шамалардың ықтималдылығының функциялары мен үлестіру тығыздығы. Математикалық статистика элементтері. Варианта. Таңдамалық жиынтық. Курсты меңгеру нәтижесінде оқушылар мектеп математикасының оқу бағдарламасына енгізілген ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика бөлімдеріндегі есептерді шығара алады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Компьютерлік графика
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – компьютерлік графиканы құрудың заманауи әдістерін оқу және оларды кәсіби қызметте қолдану дағдыларын қалыптастыру. Қарастырылып оқытылады: AutoCAD компьютерлік бағдарламасы ортасында конструкторлық құжаттаманың графикалық бөлігін дайындаудың негізгі әдістері; сызбаларды кеңістіктік елестетуді жетілдіру және дамыту; 2D сызу және 3D модельдеудің негізгі қағидаттарын меңгеру; машина бөлшектері мен буындарының жұмыс сызбаларын дайындау және ресімдеу дағдыларын игеру және олардың 3D модельдерін жасау.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикадан конкурстық және олимпиадалық есептер
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттерді мектеп математикасының кейбір стандартты емес міндеттерімен таныстыру, математикадағы күрделі мәселелерді өз бетінше шешу дағдысын қалыптастыру. Конкурстық және олимпиадалық есептердің түрлері. Стандартты және стандартты емес тапсырмаларды шешу. Әр түрлі деңгейдегі олимпиадалық есептерді шешу. Мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы әйгілі әлемдік математикалық олимпиадалар мен жарыстардың есептері мен жаттығулары. Олимпиада мен конкурстық есептерді шешуде қолданылатын негізгі әдістер мен тәсілдер.Математикалық есептерді шығаруда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты-планетаның экожүйелерін сақтау және жасыл экономикаға көшу туралы білімді қалыптастыру. Оқыту процесінде мыналар қаралатын болады: қоршаған орта өзгерісінің жай-күйі мен сипаты, техногендік және антропогендік факторлардың әсері, табиғат қорғау және ресурс үнемдеуші өнеркәсіптік технологияларды құру қағидаттары, парниктік газдар және олардың климатқа, энергетикаға және жанғыш пайдалы қазбаларға әсері, жаңартылатын энергия түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері, орман және оның "жасыл" экономикаға әсері, шөлейттену және шөлейттену және топырақтың тозуы, климаттың су ресурстарына өзгеруінің салдары, электрондық қалдықтар олардың оң және теріс әсері, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, автокөлік және қоршаған орта.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру: құралдары мен технологиялары
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты – студенттердің цифрлық білім беру ресурстары мен анимациялық өнімдерді жасау дағдыларын қалыптастыру, осы білімді заманауи ақпараттық ағындарда қолдану. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру классификациясы мен түрлері , қашықтықтан оқыту нысанында оқытушы жұмысының ерекшеліктері, интерактивті тақталар мен панельдерде сабақтар құруға арналған бағдарламалар сондай-ақ сызықтық емес презентациялар жасау, электрондық оқытуды қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру, жаппай ашық онлайн курстар, оқыту нәтижелерін бағалау құралдары, бейнедәрістерді жасау тұжырымдамасы, бейнемонтаж элементтері, архиваторлар және түрлендіргіштер зерттелетін болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Бірнеше айнымалы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері’
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - білім алушыларды бірнеше айнымалылардың функцияларын дифференциалды және интегралдық есептеудің негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру Бірнеше айнымалы функциялар. Бірнеше айнымалы функцияның шегі мен үзіліссіздігі. Бірнеше айнымалы функциялардың дербес туындылары мен дифференциалдары. Толық дифференциал, берілген бағыт бойынша туынды және функцияның градиенті. Екі және бірнеше айнымалы функцияның экстремумы. Еселі интеграл:екі еселі, үш еселі интегралдар. Бірінші және екінші типті қисық сызықты, беттік интегралдар. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде математикалық талдау есептерін шығару дағдысы қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Еселі интегралдар’
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - еселі интегралдар туралы әдістерді, есептер мен теоремаларды зерттеу, математикалық есептерді шешу тәсілдері және оларды практикалық қызметте қолдану туралы білімді қалыптастыру болып табылады Қос интеграл және оның қасиеттері. Есептелуі, ретті өзгерту, айнымалыларды өзгерту, қос интегралды қолдану. Үш еселі интеграл және оның қасиеттері. Үш еселі интегралдағы айнымалылардың өзгеруі. Үш еселі интегралдың геометриялық және физикалық есептерді шешуде қолданылуы. Параметрге тәуелді интегралдар. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттерде математикалық талдау есептерін шығару дағдысы қалыптасады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 2
  • Математикалық физика теңдеулері‘
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - математикалық физика теориясының (анықтамалар, теоремалар, тұжырымдамалар) іргелі түсініктерін беру, Негізгі әдістерге оқыту және оларды қолдануға үйрету; әртүрлі жеке мұғалімдермен зерттеулерді жүйелеу нәтижесінде тұрған нақты есептерді шешу қабілетін арттыру; математика мен физиканың басқада математикалық әдістерін, салаларын зерделеуге дайындау. Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, олардың классификациясы. Математикалық физика теңдеулерін шешу әдістері. Коши мәселесі. Даламбер, Пуассон және Кирхгоф формулалары. Жылудың шексіз түзу бойымен таралуы. Ішектің тербеліс теңдеуіне, жылуөткізгіштік және Лаплас теңдеуіндегі айнымалыныажырату әдісі. Потенциалдар теориясы Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер дербес туындылардағы дифференциалдық теңдеулер және осы теорияның математикалық физика есептерін шешу әдістері туралы түсінікке ие болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат'
    Несиелер: 4

    Пәннің мақсаты студенттерді ғылыми мақалаларды қалыптастыруға, авторлық куәліктерді алуға үйрету болып табылады. Келесі мәселелер қарастырылады: академиялық мәтіндерді, ғылыми мақалаларды, дайындау бағыты бойынша есептерді, ғылыми жобалар мен конкурстарға өтінімдерді әзірлеу мен олардың жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары; авторлық куәлік алу; жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың негізгі ережелері; стартап құру; ҒЗЖ коммерцияландыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Оқытудың инновациялық әдістері‘
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, математиканы оқыту процесінде және одан әрі кәсіби қызметте цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану. Жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытудың құрылымы мен технологиясы. Мектептегі математика курсының білім мазмұны. Математиканы оқытудағы инновациялық технологиялардың элементтері. Орта мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары. Математиканы оқытудағы оқу нәтижелерін бағалаудағы жаңашылдық. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер оқу үрдісінің заманауи технологияларымен таныс болады және оларды кәсіби іс-әрекетіне енгізе алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Комплексті анализ’
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - комплекс айнымалы функцияның аналитикалық функцияларын, ең алдымен Коши интегралының теориясын, Тейлор мен Лоранның ыдырауы, аналитикалық жалғасы, қалындылар теориясы және оны интегралдарды есептеуге қолдану. Комплекс айнымалы функциялардың дифференциалдануы және интегралдануы. Аналитикалық функция. Конформдық бейнелеулер. Тейлор мен Лоран қатарлары. Қалыңдылар теориясы Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер математикадан сайыстық және олимпиадалық есептерді шешу әдістерін біледі және шығара алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Сала экономикасы
    Несиелер: 3

    «Сала экономикасы» пәнін оқудың мақсаты салалық нарықтардың дамуы мен қызмет етуінің проблемалары мен механизмі, экономикалық қызметтің осы саласының тиімділігін арттыруға ықпал ететін факторлар туралы іргелі білімдерді алу болып табылады. Экономикалық теорияның жалпы ережелері, өндірісті және технологиялық процестерді ұйымдастыру, өнімге (қызметтерге) баға белгілеу механизмдері, қазіргі жағдайда еңбекақы төлеу нысандары, сала мен ұйымның материалдық-техникалық, еңбек және қаржылық ресурстары, оларды тиімді пайдалану көрсеткіштері; бизнес-жоспар құру әдістері зерттелетін болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік құқық
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты студенттердің іскерлік қарым-қатынастар саласындағы қажетті білімдерін және оларды құқықтық реттеу механизмін, нормативтік құқықтық актілерді қолдану және құқықтық нормаларды практикалық қызметте қолдана білу дағдыларын дамыту. Қарастырылып оқытылады: Берілген пәннің шеңберінде кәсіпкерлік құқық түсінігі, принциптері және пән жүйесі қарастырылады. Кәсіпкерлік құқық субъектілері санаттарының мазмұны және олардың формалары ашылады. Кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға анықтама беріледі; мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен мемлекеттік тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы беріледі. Кәсіпкерліктегі банкроттық; кәсіпкерлік міндеттемелердің түрлері. Лицензиялау, салық салу, кәсіпкерлікті техникалық, антимонополиялық реттеу.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дифференциалды оқыту
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты - деңгейлік саралаудың технологиялық идеяларын пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту үшін жағдай жасау. Білім беру ұйымдарында саралап оқытуды ұйымдастырудың технологиясы мен принциптері, дифференциалды оқыту түрлері, білім алушыларды топтарға бөлу критерийлері, саралап оқыту сабағында топтық және жеке жұмыс түрлері, оқытушының рөлі, оқушылар мен мұғалім үшін артықшылықтар мен негізгі қиындықтар, саралап оқыту сабағының құрылымы, дидактикалық материалдың деңгейлері меңгеріледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Кәсіпкерлік іс
    Несиелер: 4

    «Кәсіпкерлік іс» пәнін оқудың мақсаты студенттерге бәсекелестік ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын үйрету болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің теориялық және әдістемелік негіздері; кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және оның тиімділігін бағалау мәселелері; кәсіпкерлікті дамытуды реттеу мен қолдаудың мемлекеттік тетіктері зерттелетін болады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер’
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – дербес туындылары бар теңдеулерге арналған есептерді зерттеудің негізгі әдістерімен және олардың физикалық мағынасымен таныстыру; студенттердің қарапайым табиғи-физикалық құбылыстардың математикалық модельдерін құру және алынған математикалық есептерді шешу дағдыларын дамыту. Бірінші және екінші ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер. Штурм-Лиувилль мәселесі. Толқындық теңдеулер, Пуассон теңдеулері және жылуөткізгіштік теңдеулер. Шекаралық есептердің қойылуының қисындылығы. Фурье әдісі Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер дербес туындылардағы дифференциалдық теңдеулер және осы теорияның математикалық физика есептерін шешу әдістері туралы түсінікке ие болады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 3

    Курстың мақсаты - студенттерді білім берудегі инклюзивті процестерді басқару және ұйымдастырудың базалық ережелерімен таныстыру болып табылады. Осы пән шеңберінде мынадай мәселелер қаралатын болады: инклюзивті білім беру процесінде денсаулығында айқын бұзылулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін игеру, ерте, мектепке дейінгі және кіші, жасөспірім мектеп жасындағы балалардың дамуындағы күрделі бұзылуларды диагностикалау, жоспарлау және түзету дағдыларын меңгеру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Қазақстандық құқық
    Несиелер: 3

    Пәннің мақсаты – қазақстандық құқық жүйесінің негізгі салаларымен, конституциялық, азаматтық, қылмыстық, отбасылық, еңбек қатынастарының ерекшеліктерімен таныстыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: Қазақстан Республикасы құқығының жеке салалары институттарының негізгі ережелері, конституциялық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық, сонымен қатар белгілі бір саладағы процессуалдық құқықтық қатынастарға түскен субъектілер мен объектілер.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары‘
    Несиелер: 6

    Пәннің мақсаты - болашақ мұғалімдердің қосымша білім мен дағдылар көлемін кеңейту, қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу, әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерді қолдану. 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы түлектеріне арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының негіздері.Сыни тұрғыдан ойлауға, бағалауға, АКТ -ны қолдануға, талантты және дарынды оқушыларды оқытуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, оқыту мен оқудағы көшбасшылық пен көшбасшылыққа негізделген жаңа тәсілдерге негізделген жеті модуль. Математика мұғалімдерінің ұйымдастыру -әдістемелік жұмысы. Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер оқу үрдісінің заманауи технологияларымен таныс болады және оларды кәсіби іс-әрекетіне енгізе алады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Функционалды анализ‘
    Несиелер: 5

    Пәннің мақсаты - студенттердің функционалдық талдау теориясының негіздері туралы терең білімдерін дамыту; нақты жағдайларда теорияның негізгі ережелерін қолдану және білу қабілетін дамыту. Негізгі функционалдық кеңістіктер: метрикалық, сызықтық, евклидтік, топологиялық, нормаланған, Гильберт, Банах және түйіндес кеңістіктер. Соболев кеңістіктері. Сызықтық функционалдар мен операторлар. Компакт жиындар мен толығымен үздіксіз операторлар. Өлшем, өлшенетін функция. Сызықтық операторлардың спектрлік теориясының элементтері. Қосындалатын функциялар кеңістіктері. Нақтыанализ элементтері. Тригонометриялық қатарлар. Фурье түрлендіруі. Сызықтық интегралдық теңдеулер Курсты меңгеру нәтижесінде студенттер функционалдық талдаудың негізгі ұғымдарымен танысады және оларды зерттеу іс-әрекетінде қолданады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 1
  • Код ON2

    Ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату, мәліметтерді өңдеу құралдары мен әдістерін, цифрлық байланыс процестерін жүзеге асыру жолдарын талдау мақсатында компьютерлік технологиялар мен желілердің бағдарламалық құралдарын пайдалана отырып, негізгі қызмет бойынша диагностикалық және деректерді басқару құралдарын әзірлеу.

  • Код ON6

    Қазіргі білім берудің практикалық және қолданбалы мәселелерін шешуде іргелі пәндер бойынша жинақталған білім, білік және дағдыны қолдана отырып, әртүрлі құбылыстары мен фактілерін сипаттау үшін түрлі математикалық модельдер құру, олардың сапалық және сандық талдауын жүргізу.

  • Код ON4

    Білім берудегі инклюзивті процестерді ұйымдастыру және басқару әдістерін пайдалана отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру

  • Код ON7

    Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың өзекті міндеттеріне жауап беретін инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы бойынша практикалық және теориялық іс-әрекеттердің нақты эмпирикалық және теориялық білімдерін, дағдыларын мен қабілетін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.

  • Код ON8

    Математика ғылымының негізгі іргелі бағыттарына сәйкес мектеп математикасы курсында оқушылардың өзіндік және өздігінен білім алу жұмыстарын ұйымдастыруға

  • Код ON10

    Жаңартылған білім беру бағдарламасы шеңберінде орта білім беру және ТжКБ ұйымдарында математикалық пәндерді оқытуды жоспарлау

  • Код ON3

    Педагогикалық қызметте жұмысты ұйымдастыру барысында, сонымен қатар жеке және қоғамдық құндылық ретінде денсаулыққа, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында өмірге және денсаулыққа қауіпті жағдайларды бағалау.

  • Код ON5

    Кәсіптік қызметте soft-skills-ті одан әрі дамыту мақсатында ғылыми зерттеулер мен экономикалық есептеулер әдістерін, стартап құру тәсілдерін қолдану, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін анықтау

  • Код ON1

    Қазақстан халқының материалдық-рухани мұрасы мен ұлттық образына деген сыйластық, ұқыптылықты қалыптастыру мақсатында ұрпақтар сабақтастығының рөлін анықтай отырып, халықтың негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын, қоғамдағы моральдік-адамгершіліктік және құқықтық жауапкершілікті, мәдениетаралық диалогтің практикалық әлеуетін сипаттау.

  • Код ON9

    Үздіксіз білім алу қажеттілігі мен кәсіби қызметте өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу қабілетіне әсер ететін, дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін іргелі математиканың өзекті мәселелеріне талдау жасау.

  • Код ON11

    Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысын жүргізу технологияларын қолдану

Top