Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01511 География-Тарих в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

  • Экономика және кәсіпкерлік негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің кәсіпкерлік дағдылары мен іскерлік ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер экономиканың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру шарттарын, оның ішкі және сыртқы ортасының заңдылықтарымен жан-жақты танысу арқылы бизнес-жоспар, жеке бизнесті құру және өз бизнесін сәтті жүргізу дағдыларына ие болады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Көшбасшылық негіздері және инновацияларға бейімделу
    Несиелер: 5

    Пәнді игеру арқылы әрбір студент жеке тұлға ретінде көшбасшылық қасиеттерін ашу және дамыту, инновациялық үдерістерден туындаған жаңалықтарға бейімделу дағдыларын дамыту, сонымен бірге ғылыми-техникалық үдерістер нәтижелерін кәсіби қызметінде қолдана алу мүмкіндіктеріне үйренеді. Басқарудағы көшбасшылық қасиеттер мен адами фактордың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын оқып біледі

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Эмоционалды интеллект
    Несиелер: 5

    Эмоционалды интеллект және ұйымдастыру мәдениеті. Эмоционалды интеллекттің топтық көрсеткішітері. Эмоционалды менеджмент. Эмоционалды интеллект және тиімді команда құру. Жеке адамның эмоционалды интеллектін дамыту. Отандық және шет елдік ұйымдарда эмоционалды интеллект енгізудің жүйелі амалдары: жеке адамның мотивациясын орайластыру, топты қалыптастыру тәсілдері, даудамайларды шешу, кері байланыс орнату.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Жаратылыстану және жертану
    Несиелер: 6

    Пән табиғи құбылыстар мен үрдістердің пайда болу себептерін, өзара байланысын және табиғатты біртұтас қарастырады. Сонымен қатар, жердің географиялық қабықшасының жалпы заңдылықтары, оның заттық құрамы, құрылымы, дамуы және аумақтық бөлінуі, зат пен энергия айналымы, адам қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеттесуі туралы білімді қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Құқықтық сауаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
    Несиелер: 5

    Курс өз құқықтары мен міндеттерін білетін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін заңды сауатты, заңға бағынатын адамды қалыптастыруға бағытталған.Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін заңдық жауапкершілік мәселелерін зерделеу арқылы дараланады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қоғамға қызмет көрсету
    Несиелер: 5

    Пән тұлғаның жеке әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға және адамның жеке әлеуетін жандандыруға, ерікті және өтеусіз көмек көрсетуге және өзара көмек көрсетуге, азаматтық қоғамның игілігі үшін кең ауқымды қызмет көрсету, басқа да азаматтық шараларды орындауға үйретуге бағытталған. Пән еріктілер қызметінің маңыздылығын аша отырып, бұл қызметтің Қазақстандағы мәселелері мен даму перспективаларын айқындайды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің заманауи экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырады, өмір қауіпсіздігі үшін техникалық құралдар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану дағдыларын дамытады Пән әртүрлі деңгейдегі ұйымның экожүйелері қызметінің, тұтастай биосфераның негізгі заңдылықтарын, адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында туындайтын қайшылықтарды, сондай-ақ табиғат пен экологияға ұқыпты қарау қажеттігін айқындайды

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Қосалқы тарихи пән
    Несиелер: 5

    Қосымша тарихи пәндерге: тарихи хронология, метрология, нумизматика, палеография жатады. Методиканың жалпы және жекелеген сұрақтары және тарихи зерттеу техникасы. Қосымша тарихи пәндердің практикалық қолданысы. Қазақстанның тарихи географиясы және оның ерекшеліктері. Тарихи үрдістің географиялық факторы: тарихи географияның топонимика, демография және т.б. шекаралардың географиясы; этностар.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Ежелгі дүние тарихы
    Несиелер: 5

    Ежелгі мемлекеттің пайда болуы мен дамуы, құл иеленушіліктің дамуы. Ежелгі шығыстағы жер шаруашылығы ошақтары, ірі өзендер мен суландыру жүйелерінің маңызы, мемлекеттіліктің (шығыс деспоты) ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы орны және мемлекеттер жайлы деректер мен тарихнама, мемлекеттердің тарихын кезеңдерге бөлу. Құл иеленушілік қоғамдар туралы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 2
  • Топырақ географиясы және ландшафттану
    Несиелер: 6

    Топырақ түрлері. Топырақ морфологиясы және құрылымы. Топырақ түзудегі географиялық факторлардың рөлі. Топырақты аймақтар бойынша бөлу және аудандастыру мәселелері. Азональды және зонааралық топырақ. Қазақстан, ТМД және жеке құрлықтардың топырақ жамылғысы. Топырақтың экономикалық маңызы және оларды ұтымды пайдалану. Ландшафттар, табиғи-аумақтық кешен, қоныстар мен фациялар туралы, биіктік пен ендік зоналар туралы, ландшафттардың типтері мен түрлері туралы түсініктер. Қазақстанның ландшафттары. Табиғатты қорғау және физикалық-географиялық аудандастыру мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Археология
    Несиелер: 6

    Пәнді оқу барысында студент адамзат дамуының тарихын археологиялық ескерткіштер арқылы білетін болады. Тас, қола, темір дәуірінің ерекшеліктерімен танысады. Еуразия территориясының қола мәдениетінің даму барысын біледі. Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық археологиясын оқиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Этнология
    Несиелер: 6

    Пән әлем халықтарының этногенезін, этникалық тарихын, дәстүрлі шаруашылығын, материалдық және рухани мәдениетін, қоғамдық және отбасылық тұрмысын, әлем халықтарының этнографиясы ғылымының қалыптасуындағы әлем халықтарының этнографиялық мектептері мен бағыттарының концепцияларын терең оқытады. Пәнде әлем халықтарының салт-дәстүрін, материалдық және рухани мәдениетін, экономикасын жан-жақты қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 6

    Ортағасырлық Қазақстан тарихының нақты тарихи материал бойынша жүруі Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында ортағасырлық мемлекеттердің қалыптасу процесін көрсетеді; тарихи оқиғаларды объективті түрде қарастыра отырып, олардың қарама-қайшылықтарын және дамуын бейнелейді. Нақты материалдарды зерттеу студенттерде тарихи түсініктерді қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының алдында тұрған мәселелерді шешуге белсенді қатысуға ықпал ететін ғылымилық, тарихшылдық қағидаларынан туындайды. Оқу барысында студенттер ұлттық тарих проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі деңгейімен танысады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Геология, геоморфология және гидрология
    Несиелер: 6

    Пән Жер қыртысының құрылысын, құрамын, пайда болуын, даму тарихын, жер беті мен оның қойнауында өтіп жатқан түрлі құбылыстарды қарастырады. Жер бедері және оның пішіндері, эндогендік және экзогендік процестер олардың бедер түзудегі маңызы, Қазақстан аумағындағы қазіргі геоморфологиялық процестер сипатталған. Сонымен қатар, Жердің географиялық қабығындағы су объектілерінің, гидрологиялық және климаттық процестердің таралуы мен рөлін түсінуге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы
    Несиелер: 5

    «Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы» курсы әр түрлі жас кезеңдеріндегі адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызметін, организмнің даму динамикасы мен механизмдерін, ерекшеліктерін зерттейді. Курсты меңгеру барысында студенттің алған білімдері болашақ мамандардың ғылыми ой-өрісін кеңейтуге, педагогикалық іс-әрекетке дайындығының теориялық және тәжірбиелік білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Тарихнама
    Несиелер: 6

    Тарихнама ғылым ретінде. Пән тарихы. Тарихнамалық ғылымның әдістері. Тарихнаманың бастапқы және қайталама көздері. Тарихнамалық зерттеудің аспектілері. Тарихнаманың оқу пәні ретіндегі ерекшеліктері. Басқа әлеуметтік пәндермен байланыс. Тарихнаманы зерттеудің негізгі принциптері Тарихнаманың кезеңдері. Антикалық тарихнама. Ортағасырлық тарихнама. Біздің заманымыздың тарихнамасы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 3
  • Мұрағаттану және мұражайтану негіздері
    Несиелер: 5

    Пән мұрағаттану мен мұражайтануды ғылым ретінде қарастырады. Ұғымдық аппарат. Қор жұмысы экспозициялық жұмыс. Мұражайлардың ғылыми-ағартушылық қызметі. Негізгі ұғымдар. ҚР мұрағат ісін заңнамалық реттеу. Отандық мұрағаттардың құжаттық жинақтарын қалыптастырудың негізгі кезеңдері. ҚР мұрағат қоры. ҚР АФ шегінде құжаттарды ұйымдастыру. Мұрағаттық құжаттар мен істерді сақтауды және есепке алуды ұйымдастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Инклюзивті білім беру
    Несиелер: 5

    Инклюзивті білім беру тұжырымдамасы. Шетелде және Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту. Ерекше білім беруді қажет ететін жандар үшін оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жоспарлау. Ерекше білім беруді қажет ететін жандарды психологиялық-педагогикалық қолдау бойынша жағдай жасау үшін әртүрлі профильдегі мамандар тобында жұмыс істеу дағдылары. Оқу жоспарларын бейімдеу және инклюзивті оқыту жағдайында репетиторлық практиканы ұйымдастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Педагогика
    Несиелер: 5

    Пән студенттердің болашақ педагог мамандығына қызығушылықтарын дамытуға және кейін өзін-өзі жетілдіру мақсатында кәсіби өз бетінше білім алуға ынталандыруға бағытталған. Курс студенттердің педагогикалық үдерісті жоспарлау, болжау, ұйымдастыру, басқару және талдау дағдыларын дамытуға; орта білімнің жаңартылған мазмұны аясында тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен әртүрлі әдістемелерін меңгеруге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Сандық картография және ГАЖ
    Несиелер: 6

    Пән картаны педагогикалық, ғылыми және тәжірибелік жұмыстарда дұрыс пайдалану, әр түрлі деректердің негізінде графиктік редакторлардың, геоақпараттық технологиялардың көмегімен тақырыптық картографиялық өнімдерді құру әдістері туралы білімдерді береді. Сонымен қатар, сандық картаға түсіру технологиясы, картографияның теориялық негіздері, ГАЖ міндеттері, атқаратын қызметі, ГАЖ құралдары арқылы картографиялық және шартты белгілі деректер базасын құруын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Аэроғарыштық географиялық зерттеу әдістері
    Несиелер: 6

    Пән Жерді қашықтықтан зерделеу деректерін алудың негізгі көздерін, өңдеу принциптері мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Курста жердің табиғи ресурстарын зерттеу үшін Жерді қашықтықтан зерделеудің қазіргі заманғы әдістерінің сипаттамасы, қоршаған орта мониторингін жүзеге асыру, төтенше жағдайлар аймақтарының мониторингі қарастырылады. Сонымен қатар, қашықтықтан зерделеу деректерін алуда, өңдеуде және түсіндіруде кәсіби дағдыларды қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
    Несиелер: 5

    Оқу үдерісін ұйымдастыру және әдістемелік материалдарды әзірлеуге арналған цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық курс. Курс білім беруді цифрландырудың барлық бағыттарында: білім беру басқармасы мен мекемелерінде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың цифрлық технологиясы; АКТ дидактикалық мүмкіндіктері; виртуальды орта және қашықтықтан оқыту технологияларында цифрлық бағдарламалар мен техникалық құралдарды меңгеру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Орта ғасырлар тарихы
    Несиелер: 5

    Пән ежелгі дүниеден орта ғасырларға өту кезеңіндегі тарихи оқиғалар: Франция, Англия, Германия т.б. ортағасырлық елдердің пайда болуы мен басқару жүйелерін, мәдениетін, шаруашылығын, әлеуметтік құрылымын оқытады. Орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы, өрлеуі, ыдырауы мәселелерін әлемдік тарих контекстінде қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 2
    Семестр 4
  • Критериалды бағалаудың технологиясы
    Несиелер: 5

    Пән технологияны оқу үдерісінде практикалық қолдануды оқытады. Курс білім беру мақсатындағы таксономияның негізінде және білім алушының білім деңгейіне сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен формативтік және жиынтық тапсырмаларды әзірлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, оқыту нәтижелері мен әдістерінің өзара талаптары мен мақсаттарын үйретеді және бақылаудың рейтингтік жүйесінің тұжырымдамасын ашады

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Тарихты оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Жалпы және өзіндік жұмыс әдістерінің негізгі нысандары мен әдістері бойынша тарихты оқыту және оқытудың нақты әдістері. Инновациялық оқыту әдістері. Шетел тарихшыларының тарихты оқытудағы тәжірибесі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Шоқан Уәлихановтың географиялық зерттеулері
    Несиелер: 5

    Курс мазмұнында Шоқан Уәлихановтың Қазақстан мен Орта Азия, оның ішінде Жетісу, Ыстықкөл, Тянь-Шань және Шығыс Түркістан бойынша географиялық зерттеулері, жүріп өткен жерлерін карта-сызбаға түсіруі, ландшафттық бақылаулары, флора мен фаунаны суреттеуі, өзен жүйелері мен көлдердің сипататамасын беру ерекшеліктері оқытады. Шоқанның халықтарды, елдерді және табиғатты географиялық сипаттауы барысында қолданған әдістері, тәсілдері мен стилистикасы қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Ғылыми зерттеулер негіздері
    Несиелер: 5

    Курс болашақ маманның кәсіби қызығушылықтары саласында ғылыми-зерттеу компоненттерін дамытуға бағытталған. Пән студенттердің ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу (таңдалған облысқа сәйкес), ғылыми эксперименттер жасау, зерттеу нәтижелерін академиялық сипатта сауатты рәсімдеу және оларды көпшілік алдында таныстыра білу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Академиялық мақсаттағы ағылшын тілі
    Несиелер: 5

    Пән ғылыми стильдің жанрлық түрлері туралы білімді, кәсіби қызмет саласындағы ақпарат пен материалдарды жинау, сақтау және өңдеудің заманауи әдістерін меңгеруді, сондай-ақ сөйлеу қызметінің төрт түрін (оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау) академиялық қарым-қатынас жасау мақсатында білігі мен дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
    Несиелер: 5

    Зерттеу нысаны мен пәні. Мұхиттардың пайда болуы туралы гипотезалар. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Құрлықтар табиғатының қалыптасуының негізгі кезеңдері. Беткей құрылымы (ежелгі платформалық аймақтардың морфоструктуралары; эпипалеозойлық платформалық аймақтар және жылжымалы аймақтар; мезозой және кайнозойдың қатпарлы құрылымдары). Экзогендік рельефтің басым түрлері. Климаты. Климат қалыптастырушы факторлар мен процестердің ерекшеліктері. Атмосфералық айналымның негізгі түрлері. Құрлықтардың климаты. Климаттық аудандастыру. Су. Құрлықтардың су желісінің құрылымы. Материктерді физика-географиялық аудандастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Географияны оқыту әдістемесі
    Несиелер: 6

    Пән қазіргі кезеңдегі әдістемелік ғылымның даму бағыттарын, географияның тәрбие теориясы мен дидактикасымен байланысын, орта және арнайы оқу орындарында географияны оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын пайдалану мәселелерін оқытады. Сонымен қатар, географиялық білімнің мазмұнын, оқытудың мақсатын, әдістері мен, оқытуды ұйымдастыру формаларын, оқыту әдістері мен технологияларын, құралдарын қолдануды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы
    Несиелер: 6

    Пән елдің физикалық-географиялық жағдайын және табиғи компоненттерді, табиғи-аумақтық кешендердің ерекшеліктерін, қоршаған орта экологиясының мәселелерін, республиканың жер қойнауын тиімді пайдалануды, табиғат ескерткіштерін қорғауды оқытуға бағытталған. Курс Қазақстанның табиғаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, оның ішкі өзара байланысы мен аумақтық айырмашылықтары туралы терең әрі жүйелі білім негіздерін қалыптастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Геоэкономика және геоурбанистика
    Несиелер: 6

    Пән геоэкономика теориясының негізгі категориялары мен түсініктерін, геоэкономикалық жүйелердің қызмет етуі мен дамуының негізгі факторлары мен бағыттарын зерттеуге бағытталған. Қалалар мен олардың жүйелерінің қасиеттері мен проблемаларын, кеңістікті ұйымдастырудағы қалалардың рөлін, олардың құрылымы мен даму динамикасын, қала құрылысының тарихи кезеңдерін зерттеудегі әдістемелік және теориялық негіздерін, қалалар мен урбанизацияның қазіргі мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Рекреациялық география
    Несиелер: 6

    Пән терминологиялық аппаратты, негізгі теориялық концепцияларды, әлемнің әр түрлі аймақтарындағы туризмді дамыту бағыттарын, табиғи рекреациялық ресурстарды зерттеуге бағытталған. Ғылымның негізгі теориялық концепцияларын салыстыру және талдау, рекреация және туризм сияқты құбылыстарға байланысты негізгі ұғымдар мен терминдерге шолу, халықаралық туристік байланыстардың мәнін талдау және әлемнің жекелеген елдерінде туризмнің тартылуының негізгі аймақтарын анықтау қарастырылады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
    Несиелер: 6

    Пәннің мазмұнында экономикалық аудандастыру негізінде қоғамның өндірістік күштерін тиімді аумақтық ұйымдастыру мәселелерін кешенді зерттеу қарастырылады. Пән: біртұтас, әр түрлі және динамикалық өзгеретін әлем туралы географиялық білім жүйесін, табиғаттың, халықтың және шаруашылықтың барлық аумақтық деңгейлердегі өзара байланысын, адамзаттың жаһандық мәселелерін және оларды шешу жолдарын меңгеруге бағытталған.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша білімді қалыптастыру; Азия және Африка елдерінде Батыс державаларының отарлық саясатын ашу; Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі уақытта әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуын сипаттау; ХІХ - ХХ .ортасындағы Шығыстағы азаттық қозғалыстарды талдау деңгейін қалыптастыру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Еуропа елдерінің орта ғасыр тарихы
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұны феодализмнің генезисі, өркендеуі және құлдырауы тарихымен және Батыс Еуропада, Орталық Еуропадағы славян емес елдермен және Византия империясымен орта ғасырлардағы капиталистік қатынастардың қалыптасуының алғашқы кезеңімен, сонымен қатар Батыс Еуропаның заманауи этно-саяси картасының негіздерінің қалыптасу тарихымен байланысты бірқатар мәселелерді қамтиды.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Шығыс елдерінің орта ғасыр тарихы
    Несиелер: 5

    Қытайдағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Хань әулеті империясының күйреуі. Солтүстік пен Оңтүстіктің мемлекеттік құрылымдары. Қытайды бір орталыққа біріктірілуі. VII-VII ғғ экономикалық өсу. Суй әулетінің империясы. Тан әулетінің империясы. Сыртқы саясат. Монғол дәуіріндегі Қытай. Еуропалықтардың Қытайға енуі. Маньчжудың жаулап алуы. Цин әулетінің жағдайы. Үндістан мен Жапонияның ерте орта ғасырларда. Иран мемлекеті құлдықтан феодализмге көшу жағдайында. Ерте феодалдық араб мемлекетінің пайда болуы және дамуы.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән капитализмнің қалыптасып, жаңа сатыға көтерілуін, индустриалдық өркениеттің қалыптасуын, дағдарысын, өндірістің монополиялануын, постиндустриалдық даму сатысына өтуін; либералдық демократиялық, тоталитарлық қоғамдардың негіздерін, дамыған елдердегі «әл-ауқатты» қоғам, социалистік жүйе, оның ыдырауын, әлемнің екі полюсті жүйеден көпполюсті жүйеге өтуін, әлемдік соғыстарды, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында халықаралық ұйымдардың құрылуы, адамзат әлемінің біртұтастығы мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 3
    Семестр 6
  • Топонимика
    Несиелер: 5

    Курста топонимдер мен топонимика туралы ұғымдар мен түсініктер, топонимиканың теориялық негіздері, географиялық атаулардың негізгі топтары, Қазақстан және Орталық Азияның топонимикалық жүйелері, топономикалық жүйелердің қалыптасуына әсер етуші факторлар қарастырылады. Дүние бөліктерінің, Еуропа, Азия, Америка және Аустралия елдерінің топонимиясы, сирек кездесетін топонимдер, географиялық атауларды стандарттау, тарихи атауларды қалпына келтіру мәселелері көрсетіледі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Түркі елдерінің өркениеті
    Несиелер: 5

    Ғұндардың, түркілердің, моңғолдардың тарихы, олардың этникалық құрылымы, қоныстану аумағы, даму кезеңдері, діни сенімдері, агрессивті жорықтары және олардың себептері, түріктер мен моңғолдардың басқа мемлекеттермен байланысы, исламның таралуы, түркі халықтарының әлемдік өркениетке қосқан үлесі.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Мұғалімнің кәсіби бағдарлары
    Несиелер: 5

    Пән сабақтың 7 модульге сәйкестігін кешенді бағалауға бағытталған. Ол келесі дағдыларды қалыптастырады: - оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану; - сыни ойлау; - оқытуды бағалау; - дарынды және талантты балаларды оқыту; - білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологияларын қолдану; - оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу қызметін модельдеу; - білім берудегі басқару және көшбасшылық.

    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Адам және қоғам
    Несиелер: 5

    Пәннің мазмұнында адам және оның шығу тегі туралы түсініктер, адам, табиғат, қоғамның өзара байланысы, жеке адам, тұлға, адамның іс-әрекеті, қоғам және қоғамдық қатынастар, «мемлекет» пен «өркениет» ұғымдары қарастырылады. Пән Шығыс, Батыс, Көшпенділер өркениеті, индустриялдық қоғам, қазіргі заманғы өркениет, адам және экономика, қоғамның әлеуметтік құрылымы, ұлт және ұлтаралық қатынастар, қоғам және отбасы, қоғам және дін туралы оқытады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Компьютерлік дизайн:карталарды ресімдеу
    Несиелер: 5

    Пән картографиялық туындыларды ресімдеудің ғылыми негіздері, түрлі карталар мен атластарды жобалауда қолданылатын бейнелеу құралдары, олардың қасиеттері, түпнұсқаларды графикалық дайындаудың компьютерлік әдістері жайлы мәліметтер беріледі. Пән техникалық және көркем графиканы қолданудың нақты практикалық әдістерін, географиялық карталарды жаңартудың технологиялық процесі барысында графикалық жұмыстардың автоматтандырылған құралдарын іс жүзінде пайдалана алу дағдыларын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазіргі дүние географиясы
    Несиелер: 5

    Қазіргі әлем елдерінің типологиясы. Әлем халқының географиясы. Әлемдік экономиканың даму заңдылықтары. Әлемдік экономиканың салалық құрылымы. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісі. Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестер. Әлемдік экономиканың табиғи ресурстық әлеуеті. Біздің заманымыздың ғаламдық мәселелері.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Әлем өркениеттері
    Несиелер: 5

    Пән қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізгі бағыттарын студенттерге талдап түсіндіреді. Студенттерді бүкіл адамзат тарихының даму үдерістерімен таныстырып қоймай, сонымен қатар болашық жас мамандарды қазіргі таңда болып жатқан жаһандық-өркениеттік және гуманитарлық дүниетаныммен, сонымен бірге әртүрлі дәуірлердегі мәдени өмірдің жан-жақты құбылыстарымен таныстырып, өз алдына сараптама жасай білуге дағдыландырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
    Несиелер: 5

    Пән адам мен табиғи-ресурстық әлеуетті бағалауды, Қазақстанның экономикалық - географиялық дамуының аймақтық ерекшеліктерін, дүниежүзі елдерімен сыртқы экономикалық байланыстарын оқытуға бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетін, халқын, шаруашылығының құрылымын, өндіргіш күштерді орналастыру қағидаларын, экономикалық-географиялық аудандастыру және оның дамуын болжау, өндіргіш күштерді орналастыру ерекшеліктерін салыстыру және талдау мәселелерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның киелі жерлер географиясы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның өңірлік және жергілікті маңызы бар бірегей палеомәдени, тарихи және табиғи киелі орындардың шығу тарихын, кеңістіктік таралуын, ерекшеліктерін оқытады. Сонымен қатар, Қазақстанның киелі нысандары, киелі жерлерінің табиғаты, органикалық дүниесі, халқы, шаруашылығы, қазіргі экологиялық мәселелері, тарихының негізгі кезеңдері, мәдениет, әдебиет, өнер, сәулет ескерткіштері, өлкетанулық білімнің теориялық, тәжірибелік, қолданбалы, бөліктерін қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Геоглобалистика және табиғатты пайдалану негіздері
    Несиелер: 5

    Курс ғылым ретіндегі геоглоболистиканың ерекшеліктерін, жалпы ғаламшарлық үрдістер мен құбылыстардың кеңістіктік көрністерін, ғаламдық экологиялық, энергетикалық, шикізаттық, азық-түліктіктік, демографиялық міселелерді, адамзаттың басқада келелі мәселелерінің туу себептерін мен шешу жолдарын, қоғам мен табиғаттың дамуының басқада астарларын, адамзаттың ғаламдық келелі мәселелерін шешудегі халықаралық конвенциялардың маңызын қарастырады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
    Несиелер: 5

    Пән Қазақстанның жаңа заман тарихын оқытады. Студенттер Қазақстанның Ресейге қосылуын, ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ қоғамы мен әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістерін, Қазақстанға Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуін, отаршылдыққа қарсы күрес және ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы мен ХҮІІІ-ХХ ғғ. басындағы Қазақстан мәдениетінің тарихын игереді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 4
    Семестр 7
  • Код ON3

    Пәндік салада зерттеу нәтижелері мен академиялық жазбаны, оның ішінде шетел тілінде, таныстыра алатын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын дағдыларды меңгерген.

  • Код ON11

    Ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдай отырып, тарихтың одан әрі дамуын болжайды.

  • Код ON1

    Инновациялық және волонтерлік қызметке дайын, жаһандық проблемаларға бей-жай қарамайтын және икемді дағдылары бар (Soft skills), ұлттық рухта тәрбиеленген іскерлік және құқықтық мәдениетті түсінеді.

  • Код ON7

    Зерттеу объектісінің физикалық-географиялық және экологиялық жағдайын анықтайды және баға бере алады.

  • Код ON8

    Қазақстан мен дүниежүзі елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси географиялық даму үрдістеріне талдау жасайды.

  • Код ON5

    Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қолдана отырып, география мен тарих ғылымдарының саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

  • Код ON10

    Қазақстан мен әлем елдерінің мәдениеті мен өркениетін, этнологиясын, тарихнамасын зерделей отырып, археологиялық зерттеулер жүргізеді.

  • Код ON9

    Тарихи процестегі себеп-салдарлық байланыстарды түсіне отырып, мемлекеттік құрылым нысандарының елеулі белгілеріне сыни талдау жүргізеді.

  • Код ON4

    География және тарих пәндері бойынша оқыту мен білім берудің инновациялық әдістері мен тәсілдерін меңгереді.

  • Код ON6

    Жерді мониторингілеу мен қашықтықтан зерделеудің инновациялық әдістерін және геоақпаратттық жүйе технологияларын меңгере отырып, далалық бақылаулар мен камералдық зерттеулерді ұйымдастырады.

  • Код ON2

    Білім алушылардың жас кезеңдері ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған жүйедегі педагогикалық процессті жүзеге асыра алатын негізгі білім мен дағдыларды, сонымен қатар цифрлық білім беру технологиясын қолдану дағдыларын меңгерген.

6B01511 География және тарих
Бакалавриат

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01511 6B01511-География-Тарих
Бакалавриат

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (ҚарМУ Е.А.Бөкетов)

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01511 География-Тарих
Бакалавриат

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01511 География-Тарих мұғалімін даярлау
Бакалавриат

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
6B01511 География-Тарих
Бакалавриат

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

БББТ: B014 География мұғалімдерін даярлау

Қолданыстағы білім беру бағдарламасы | Оқыту тілі: Русский, Қазақша
Top