Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M04117 Менеджмент в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Этикалық нормалар мен әлеуметтік жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттерге ие, жиі өзгеретін бизнес ортада компания стратегиясын жасау және стандартты емес кешенді шешімдер қабылдауға қабілетті жоғарғы және ортаңғы буын менеджерлерін дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
-
Білім беру саласы 7M04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Білімді басқару тәжірибелері
Ғылым тарихы мен философиясы
HR және бизнес стратегия
Сыни ойлау және шешім қабылдау
Педагогикалық практика
Ақпаратты басқару
Бизнес-үдерістерді басқару
Ілгерілемелі стратегиялық менеджмент
Корпоративтік басқару
Ғылыми зерттеу әдістемесі
Дағдарысқа қарсы басқару
Басқарушылық маркетинг теориясы
Шетел тілі (кәсіби)
Басқару психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
-
2 Оқу жылы
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Ұйымдағы өзін-өзі басқару
Әлеуметтік даму және этика
Консалтинг менеджментіне кіріспе
Жобаларды басқару тәжірибесі
Зерттеу практикасы
Компанияның бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік басқару
Тиімділікті диагностикалаудың құралдары мен әдістері
Халықаралық бизнес
Оқыту нәтижелері
- Топ құрады және олардың жұмысын стратегиялық мақсаттарға жету үшін басқарады, ұйымда жаңа процестерді әзірлейді және енгізеді.
- Ауызша және жазбаша түрде кәсіби және кәсіби емес аудиторияға негізделген өзіндік қорытындылар/пікірлер ұсынады және оларды негіздейді.
- Белгісіздік пен тәуекел жағдайында стратегиялық талдау әдістерін қолдана отырып бизнес-үрдістерді жобалайды және жүзеге асырады.
- Ұйымдағы өзгерістерге деген қажеттілікті анықтайды және адам ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану арқылы өзгерістерді қабылдауға қатысты персоналдың мінез-құлқын жобалайды.
- Мәселелерді кешенді анықтау үшін білімдерін, түсініктері мен қабілеттіліктерін қолданады және оларды белгісіздік жағдайы мен/немесе жаңа ортада шешу жолдарын ұсынады.
- Әлсіз және күшті байланыстарды анықтап, ақпараттарды синтездеу мен талдау үшін, сонымен бірге менеджменттегі өзекті ғылыми міндеттерді шешіп, әлеуметтік, этикалық және ғылыми түсініктерді есепке ала отырып өз пікірін қалыптастыруда ғылыми зерттеу әдістемелерін қолданады.
- Көшбасшылық қабілеттер мен қызметкерлердің әлеуетін дамыту арқылы инновацияларға, оның ішінде білімді басқаруға ықпал ететін корпоративті мәдениетті қалыптастырады.
- Оқу үдерісін ұйымдастырудың заманауи технологиялары мен әдістемелерін таңдай отырып, ұйымды басқару аясында білім беру әдістемесі мен жұмыс тәжірибесін пайдаланып, өзінің зерттеу нәтижелері мен практикалық тәжірибесін шығармашылық негізде өзгертіп, өзіндік жүйелендірілген білімдерді баяндау арқылы білім беруді басқарады.
- Ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сақтау үшін ішкі ресурстарды тиімді басқарады (және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге).
- Көшбасшылық дағдылар негізінде менеджмент, маркетинг және деректерді талдаудың функционалдық салаларындағы жаңа тұжырымдамаларды қолдана отырып, тиімді стратегияны әзірлейді, қойылған мақсаттарға қол жеткізу процесінде ахуалдың өзгеруіне орай стратегияларды реттейді.