Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология в ҚарМУ Е.А.Бөкетов

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты кәсіби құзыреттілік пен әлеуметтік ұтқырлықты қамтамасыз ететін филологиялық іргелі теориялық-әдістемелік, іргелес ғылымдар саласы бойынша түбегейлі дайындықтың болуы; зерттеуге қажетті ғылыми әдістерді игеру, нақты филологиялық зерттеудің міндеттерін шешу үшін Интернет электронды қоры мен қазақ/орыс тілінің Ұлттық корпусы мәліметтерін іске қоса отырып, бұрыннан бар әдістерді жаңарту және жаңа әдіс-тәсілдерді зерттеп дайындау біліктілігін қалыптастыру; ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешуге және түсіндіруге, өзіндік ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық қызмет дағдыларын меңгеруге қажетті жағдайды қамтамасыз ету; лингвистикалық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызметтің түрі мен сипатының өзгерісіне, пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге бейімділікті дамыту
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет
  • Мәдениаралық қарым-қатынас теориясы
    Несиелер: 5

    Мәдениетаралық коммуникация саласына қатысты жаңа терминдер мен сөздерді меңгереді. Мәдениеттер сұхбатына қатысушы белгілі бір мәдениеттің атынан сөйлейтін тілдік тұлға тіл, мәдениет, мәдениет¬аралық коммуникация мәселе¬леріне қатысты көптеген беймәлім мәселелерден хабардар болып, олардың ерекшеліктері мен маңызын түсінеді. Білімдер: Мәліметтерді дұрыс түсіну, мағынасына дұрыс интерпретация жасай алу, оларды өз сөзінде дұрыс қолдана алу – мәдениетаралық коммуникацияның дұрыс жүруін қалыптастырады

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвоконтактология
    Несиелер: 5

    Құзіреттілігі: Лингвоконтактологияны қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде түрлі тілдердің байланысы және өзара ықпалы туралы ілім ретінде біледі. Білімі: Үш концентрлік шеңбер теориясын, плюрицентрлік тілдердің варианттарыбар екенін біледі. Білігі: Ана тілін үш концентрлік шеңбер теориясы тұрғысынан сипаттай алады. Дағдысы: Алған білімін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуда қолдана алады және нақты шешімдерді қарастыруға, оқу-әдістемелік құралдар жасауда пайдалануға дағдыланады

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ұлттық әдебиет пен мәдениет
    Несиелер: 5

    Қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы және оның дамуы, қазақтың ұлттық мәдениет ерекшеліктерін саралап, ұлттық әдебиетпен байланысы туралы айтылады. Ұлттық әдебиеттегі түрлі терминдерге тоқталып, салыстырмалы түрде талданады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Әдебиеттегі постмодернизм
    Несиелер: 5

    Қазақ прозасынағы жаңа әдеби ағымдар мен көркемдік әдістерді оқып-үйренуге арналған. Посмодернизм табиғаты, ол туралы теорияларды, басқа әдеби ағымдар аясындағы жақындық пен даралықты қарастырады. Қазақ әдебиетіндегі посмодернистік процестің сатыларын ажырату, оларды талдау. Посмодернизмдегі өмір құбылыстарының көркем пішінге көшу процесін танытуда жазушының көркемдік әдісі ерекшеліктерін тану. Әдеби ағым, шығармашылық әдіс пен стиль, әдеби шығарма және шығармашылық шеберлік туралы толымды мағлұмат беру.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Лингвомәдениеттану
    Несиелер: 5

    Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің арақатынасын сипаттап, зерттеп, зерделейді. Лингвомәдениеттану және этнолингвистиканың қалыптасуы, зерттелу тарихы, пәні, зерттеу нысаны жайында жан-жақты мағлұмат беріледі. Отандық және шетелдік ғалымдардың ұсынған тұжырымдарымен таныстырып, антропоцентристік бағыттағы зерттеулерге шолу жасау. Қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан когнитивтік, динамикалық бағыттағы зерттеулер жайында жалпы мағлұмат алады.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Академиялық жазылым (ағылшынша)
    Несиелер: 5

    Курстың мақсаты – ағылшын тілінде ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын жетілдіру, ағылшын тілінде мәтіндерді жазбаша интерпретациялаудың практикалық дағдыларын дамыту, ағылшын терминологиялық «глоссарий» құра білу, академиялық жазбада практикалық дағдыларды дамыту, ағылшын тілінде өзіндік ғылыми мәтіндерді құру.Ғылыми қарым-қатынас ерекшеліктері. Ғылыми мәтін, оның мақсаты, авторы, адресат. Ғылыми стильдің ерекшеліктері. Тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеудің негізгі принциптері мен әдістері. Академиялық жанр

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Когнитивтік лингвистика
    Несиелер: 5

    Тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидаларымен магистранттардың ой-өрісін кеңейту. Тіл арқылы қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді және тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгертеді. Тіл мен таным, тіл мен ойлау, тіл мен сөйлеу, тіл мен сана байланыстары арқылы дүние танымын кеңейтеді.

    Селективті тәртіп
    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Ғылыми зерттеу әдістері
    Несиелер: 5

    Докторантурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы қазіргі ғылымның өзекті бағыттары саласында кәсіби, зерттеу құзыреттілігін, теориялық және қолданбалы білімдерін қалыптастыруға бағытталады. Білімі: Докторантурада білім алушының ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуінің нәтижесінде докторлық диссертацияда қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасы бойынша білімі болады Білігі: ғылымн бағыттың өзекті болуы, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы бойынша білігі қалыптасады. Дағдысы: ғылымның, техниканың жән

    Оқу жылы - 1
    Семестр 1
  • Код ON2

    Білім беру саласында және практикалық кәсіби қызметте мәселелерді шешу үшін өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану

  • Код ON4

    Филология ғылымы саласында әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті білім, білік және дағды кешенін меңгеру

  • Код ON13

    Өз бетінше шығармашылық, зерттеу жұмысының дағдыларын, өз қызметін тиімді және нәтижелі ұйымдастыра білу, өзінің ғылыми жұмысының нәтижелерін коммерциализациялау мүмкіндіктері туралы түсініктері болу

  • Код ON14

    Ғылыми мәтіндерді ағылшын тілінде жазу дағдыларын жетілдіру, ағылшын тіліндегі мәтіндерді жазбаша түсіндіру бойынша практикалық дағдыларды дамыту

  • Код ON1

    Филологиялық ғылым саласындағы тұрақты білім мен дағдыларды меңгеру және оларды диссертациялық зерттеуді жүргізу барысында қолдану

  • Код ON15

    Мамандықтың негізгі проблемаларын ескере отырып, сәйкес ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу, ғылымның қазіргі жетістіктеріне сүйене отырып, тақырыптың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын көрсете білу.

  • Код ON3

    Диссертацияның зерттеу тұжырымдамасын қалыптастыру үшін ақпарат жинау және оны өңдеуді жүзеге асыру

  • Код ON11

    Қазіргі инновациялық білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқытушылық қызметті жүзеге асыру, түрлі аудиториялар үшін филологиялық және арнайы тілдік пәндерді оқытудың оқу бағдарламаларын іске асыру

  • Код ON10

    Өзге тілді аудиторияда қазақ тілін оқытудың инновациялық технологияларын, әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана алу, сыни тұрғыдан баға беру, өзіндік тұжырымдар жасай алу

  • Код ON6

    Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудегі барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру, білім беру стекхолдерлерін біріктіретін инновациялық идеяларға бастамашылық жасап, заң-құқық органдарында қазақ-орыс-ағылшын тілдерінде лингвистикалық сараптама жасай алу

  • Код ON12

    Аналитикалық жұмысқа қабілетті болу, жаңа білім алу мақсатында ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыра білу және осы білімді нақты басқарушылық жағдайларды сараптамалық бағалау үшін қолдана білу

  • Код ON5

    Қазіргі филология ғылымының жалпы және арнайы әдістерін тереңдете білу, филология ғылымының әдіснамасын қолдану дағдыларын жетік меңгеру

  • Код ON9

    Жаңартылған білім мазмұны аясында заңнамалық құжаттарды білу; сыни тұрғыда ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруда базалық білімдерін жетілдіру

  • Код ON8

    Дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін, орыс және ағылшын тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды игеруге жағдай жасау

  • Код ON7

    Қазіргі филология ғылымының өзекті мәселелері бойынша ғылыми пікірталастар өткізуге қабілетті болу

Top