Жаңа білім беру бағдарламасы

8D02301 Филология в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Терең білімі бар, сыни тұрғыдан ойлай білетін, қазіргі тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті де өткір проблемаларымен жан-жақты таныс, қазіргі замандағы білім мен ғылым саласындағы бәсекелестікке төтеп бере алатын өзіндік азаматтық көзқарасы айқын, ғылыми және практикалық, педагогикалық, әкімшілік проблемаларды еркін шеше алатын білімді докторантттар дайындау.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D060 Филология
  • Дайындық бағыты 8D023 Тілдер және әдебиет

Пәндер

  • Академиялық хат

    Академиялық хат пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлемдік лингвистикалық парадигмалар

    Әлемдік тіл білімінің даму басымдықтары мен зерттеу әдістері арқылы шығармашыл ізденістерді меңгертеді. Тіл біліміндегі лингвистикалық парадигмалардың теориясы, қалыптасу тарихы және дамуы. Тілдік зерттеу жүргізудің әдістері мен тәсілдері. Тіл мен сөйлеу лингвистикаларының ерекшеліктері. Тіл білімінің жаңа бағыттары мен аспектілері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Роман жанрының поэтикасы

    Роман жанрының ерекшеліктерін таныту, романның негізгі компоненттерін және олардың мәтіндегі өзара әрекеттесу принциптерін түсіндіру, көлемді формадағы прозалық шығарманың поэтикасын талдаудың негізгі принциптерін игертеді. Роман жанрын анықтаудың негізгі тәсілдері, отандық және шетел әдебиетіндегі жанрдың дамуындағы негізгі кезеңдері, роман поэтикасына тән теориялық ұғымдар. Жанр теориясын және оны филологиялық талдау әдістері арқылы талдауды, мәтінді талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Мақсаты: докторанттардың ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту. Мазмұны: ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, кезеңдері, тұжырымдамалық аппараты және жіктелуі. Жеке және арнайы әдістер, ғылыми зерттеулердің қателіктері. ҒЗЖ жоспарлау. Ғылыми ақпарат жинау. Ғылыми зерттеу этикасы. ҒЗЖ құрылымы. ҒЗЖ бағалаудың аналитикалық әдістері мен құралдары: ақпараттық технологиялар мен ресурстарды пайдалана отырып ҒЗЖ ұйымдастыру және басқару. Құзіреттілігі: ғылыми мақалаларды, докторлық диссертацияны дайындау дағдылары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Филологияны оқытудағы педогикалық инновациялар

    Мақсаты:Заманауи педагогикалық инновациялар туралы теориялық және практикалық білім беру, инновациялық әдістерді тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру. Мазмұны: Білім беру жүйесіндегі инновация ұғымы және түрлері. Филология пәндерін оқытудағы инновациялық әдістер. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ). Сандық білім беру ресурстарымен жұмыс. Құзіреттілігі:Заманауи білім беру талаптарына сәйкес білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыра алуы үшін қажет білім, білік, дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Жоғары оқу орындарында кәсіби оқытушылық қызметті оқыту мен бағалаудағы құзыретті, студентке бағдарланған тәсілдер негізінде жүзеге асырады; ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалар арқылы білім беру үдерісін тиімді ұйымдастырады.
  • ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту, әріптестерімен және қызметкерлерімен командада жұмыс істеу; өзінің кәсіби құзыреттілігі саласындағы міндеттерді шешу және оқытылатын пәндер бойынша педагогикалық қызметке әсер ететін факторларды анықтай білу.
  • Филология саласының отандық және халықаралық стандарттары, нормативті-құқықтық құжаттарды пайдаланады.
  • Белгілі ғалымдар мен жеке тұлғалардың ғылыми нәтижелерін лингвистикалық немесе әдеби аспектілерде қолдануға арналған нақты ұсыныс түрінде ұсынады, зерттеліп отырған тілдің немесе әдеби құбылыстың пәндік терминдері арқылы қолданбалы зерттеу немесе ойын түрінде жүзеге асырады.
  • Филология бойынша теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде әдеби және лингвистикалық модельдеу әдістерін қолданады.
  • Гуманитарлық ғылымдар мен лингвистика, филологияның іргелі бөлімдері саласында терең білімді көрсету, филологияның эксперименталды және теориялық филологияның таңдаулы саласында өзіндік ғылыми зерттеулер жүргізеді.
  • Қазіргі заманғы білім беру және ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жаңа білімді өз бетімен меңгереді.
  • Оқу пәндерінің бөлімдері бойынша дәрістік және практикалық сабақтардың жоспарын әдістемелік тұрғыдан сауатты жоспарлайды және теориялық әрі практикалық мазмұнды бекітілген оқу-әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес көпшілік алдында түсіндіреді.
Top